kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Оралхан – Алтайдың Кербұғысы" атты әдеби кеш.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдеби-сазды кеш. Жоғары сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Оралхан – Алтайдың Кербұғысы" атты әдеби кеш.»

Тақырыбы: Оралхан – Алтайдың Кербұғысы

Мақсаты: оқушылардың жазушы жайлы ұғымдарын қалыптастыру, көркем сөз оқу шеберліктерін дамыту, әдебиет өнерін қадірлеуге баулу.

Әдеби кеш барысы:

1-жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші: - Жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н.Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейге арналған «Оралхан – Алтайдың Кербұғысы» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

1-ж: - Көрінуші ең көнелердің көзіндей,

Жазғандарың қара өлеңнің сөзіндей.

Асқақ едің, атақты едің, нар едің,

Туған өлкең – өр Алтайдың өзіндей!

2-ж: - Бүгін, міне, жиырма үшке толыппын,

Талай жырға, талай сырға жолықтым.

Шыным осы, ақ тілеуші достарым,

Мен анамның жалғыз ұлы болыппын.

Дастарханым тарлау болса, құрбылар,

Пейілімнің кең екенін ұғыңдар.

Ақ жүректің ақ батасы секілді,

Махаббатым сендерменен туғандар.

Сондықтан да, уа, достарым, түсінші,

Осы кештің мәңгіліктік құны бар! – деп осыдан 47 жыл бұрын Оралхан Бөкей ағамыз жырлағандай биыл жазушымыздың туғанына 70 жыл толды!

1-ж: - Қазақтың көрнекті қаламгері, сырлы сөздің сардары атанған

Оралхан Бөкейге өзінің жыр-шашуын арнаған 11-сынып оқушысы Болат Ақтолқынды арнау өлеңімен ортаға шақырамыз.

2-ж: - Жазушы, драматург Дулат Исабеков: «Оралхан – бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер» деп жазушы шығармашылығына жоғары баға берген.

1-ж: - Ал, Қазақстанның Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов: «Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді. Заңғар таулардан құлап аққан өзендердей тасқын еді. Таулардың сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді» деген екен.

2-ж: - Оралхан Бөкейдің өмір жолының тарихи тізбесін дайындап келген 11-сынып оқушысы Есенғалиева Айымның «Оралхан – Алтайдың ақиығы» атты баяндамасын назарларыңызға ұсынамыз.

1-ж: - Оралхан ағамыздың естіген құлаққа жағымды, әдемі, қоңыр даусы болған екен, сонымен қатар гармонда жақсы ойнаған. Балетті өте қатты ұнатқандығы сонша, «Би тілі», «Шара» атты мақала жазған екен. Көңілденген кезінде, әсіресе, үйінде туыстары бас қосқанда ән айтады екен. Ағамыздың «Бесқарагер», «Ағажан, Алтайдай жер қайда», «Қайықта», «Құстар қайтқанда», «Жастық вальсі» сияқты жақсы көрген әндері болған.

2-ж: - Олай болса, ағамыздың сүйікті әндерінің бірі «Құстар қайтқанда» әнімен ортаға 8-сынып оқушысы Зейнолла Нұржанды шақырамыз.

1-ж: - Оралхан Бөкей – азғантай ғұмырында асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерген жазушы.

2-ж: - Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетіндегі, қазақ журналистикасындағы, қазақ публицистикасындағы қайталанбас құбылыс. Қазақ көркемсөзінің көкжиегін кеңейткен, аспанын биіктеткен қаламгер. Оның өзіне ғана тән ерекшеліктерінің күшті болғаны соншалықты, кезінде көп жастар Оралхан Бөкейге еліктеп, қалам тербеген екен. Әлі де еліктегісі, ұқсағысы келетіндер аз емес. Ең басты ерекшелігі – кербез еркіндігі мен оралхандық ой құнарлығы.

1-ж: - Ағамыздың шығармашылығымен толық танысу үшін сөз 10-сынып оқушысы Мұратханова Махаббатқа беріледі.

2-ж: - Оралхан ағамыздың тағы бір ерекшелігі – сөзге шешендігі. Қара сөзбен сөйлесе де төгіп-төгіп салған сөйлемдері өлең секілді ұйқасқа толы болған деп еске алады танымал жазушы Дидахмет Әшімханұлы.

1-ж: - Төрт аяғы тең жорғадай көсілген жазушының ауызекі сөйлегеннің өзінде де бұрын естіп-білмеген көптеген образды сөздерді жиі пайдаланған екен. Ағамыздың өзі де «Мен – журналистпін, одан кейін ғана жазушымын» дейді. Соның бір дәлелі ретінде ағамыздың күнделігінен алынған үзінділерді назарларыңызға ұсынайық. (10-сынып оқушылары күнделіктен үзінді оқиды)

2-ж: - Оралхан Бөкей 70-жылдары драматургияға да қадам басқан. Драматург пьесаларына өз заманының шындығын, жастардың ішкі жан-дүниесін, замандастарының адамдық қасиеттерін, арман-қиялы мен ұмтылыс-құлшыныстарын арқау етті.

1-ж: - 1974 жылдың күзінде М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында режиссер Қадыр Жетпісбаевтың сахналауымен «Құлыным менің» атты спектаклінің премьерасы өтіпті. Сондай-ақ, «Қар қызы», «Текетірес», «Зымырайды поездар», «Жау тылындағы бала», «Мен сізден қорқамын» т.б. пьесалары бар.

2-ж: - Ендігі кезекте Оралхан ағамыздың «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасынан оқушыларымыз дайындап келген көріністі тамашалаңыздар.

1-ж: - Тағы да бір ағамыздың айта кететін ерекшелігі – бойында баяғы би-шешендерден қалған арқалы болмыстың бар болуы.

2-ж: - Иә, ағамыз көркемсөз оқығанда тыңдап отырған ортаны жандырып жібереді екен. Әсіресе, Бейімбет Майлиннің «Шұғасын» оқығанда арқасы ұстап, әруақ қысқандай орнынан атып тұрады екен.

1-ж: - Біздің бүгінгі кешімізге Оралхан ағамыздың осы бір қасиетін жалғастырушы мектебіміздің көркем сөз шеберлері келіп отыр.

2-ж: - Олай болса, 11-сынып оқушысы Мұхтар мен 10-сынып оқушысы Талшынға сөз кезегін берейік.

1-ж: - Өр едің, өр Алтайдың, тірегім ең,

Айрылды қазақ сендей түлегінен.

Өзіңді қастерлеген туған елдің,

Жатырсың орын алып жүрегінен.

2-ж: - Жататын араласып үміт-қайғы,

Қапыда тағдыр жолы тұйықталды.

Оралхан деген аттың орны бөлек,

Ел-Ана! Сені ешқашан ұмытпайды!

1-ж: - Осыменен бүгінгі кешіміз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!

2-ж: - Келесі кеште кездескенше сау-сәлемет болыңыздар!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Оралхан – Алтайдың Кербұғысы" атты әдеби кеш.

Автор: Мусатова Альбина Ерболовна

Дата: 09.12.2016

Номер свидетельства: 367818


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства