kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ЫТУ МЕН О?У ?ДЕРІСІН ЖА?САРТУ МА?САТЫНДА LESSON STUDY-ді ?ОЛДАНУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Lesson Study – м??алім т?жірибесі саласында?ы білімді жетілдіруге ба?ыттал?ан, саба?та?ы іс-?рекеттегі зерттеуді? ерекше ?лгісі болып табылатын педагогикалы? т?сіл [4,21]. Lesson Study циклін ?ткізу кезінде м??алімдер о?ыту т?жірибесіне жа?а ?дістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашы? Lesson Study ?ткізу немесе ж?мыс сипаттал?ан ??жатты жариялау ар?ылы ?ріптестеріне таратады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ЫТУ МЕН О?У ?ДЕРІСІН ЖА?САРТУ МА?САТЫНДА LESSON STUDY-ді ?ОЛДАНУ»

Тусупбекова Ж.К.,

1 ЖОББМ, Осакаровка кенті



ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА

LESSON STUDY-ді ҚОЛДАНУ


Жаңа қоғамға жаңа адам керек. Мұндай адамды қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет. Мұғалім еңбегінің бүгінгі нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ. Елбасымыздың жолдауындағы «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің рөлін, оқытуға және үйретуге байланысты қағидаларын, оқыту әдістемесін өзгертеді, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады [2,8]. Тәлім алушылардың бойындағы осындай дағдыларды арттыру үшін Lesson Study тәсілін пайдалануға болады. Осы тұста «Lesson Study-ді қолданудың оқыту мен оқу үдерісін жақсартудағы тиімділігі неде?» деген сұрақ туындайды.

Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл [4,21]. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Lesson Study өткізу барысында топта жұмыс істейтін мұғалімдер:

• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады.

• Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды.

• Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан.

• Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.

• Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес.

• Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады.

• Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.

Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық тәжірибемде Lesson Study тәсілімен өткізген сабақтарымнан дәстүрлі сабақта көрініс бермейтін көптеген жағдаяттарды байқай алдым. Мәселен, 5-сынып оқушыларымен өткен 3-циклдегі «Ақырғы бәйге» сабағында оқушылар жылқы малының түсіне байланысты топтарға бөлінді. Кейбір оқушылардың бет-әлпетінен наразылық байқалды, демек оқушылар өздері жақын араласатын балалармен бір топта болуды көбірек қалайды. Оқушылардың шағын топта және бір-біріне жақын отыруы ескерілді, себебі балалар бір-біріне жақын отыру арқылы тығыз қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігіне ие болады. Бақылаудағы А, В деңгейіндегі оқушылар өз топтарын бірден тауып отырса, С деңгейіндегі оқушы тобына баяу барып қосылды. Осы көріністен бұл деңгейдегі оқушылардың топтық жұмысқа әлі де дайын еместігі анықтала түсті, яғни оқушыны әуелі жұптық жұмысқа тарту қажеттілігі көрінді.

«Миға шабуыл» стратегиясын қолдану арқылы интерактивті тақтадан бейне ресурс арқылы Абай Құнанбаевтың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңіне түсірілген аттың сипаты берілген видео көрсетілді. Оқушылар мұғалімнің қойған түрткі сұрақтары арқылы сабақтың тақырыбын шығарды. Тақырыптың мақсатын қоюда А, В деңгейіндегі бақылаудағы екі оқушы белсенділік танытып, мынадай мақсаттар қойды:

  • Құлагердің сипатымен танысқым келеді?

  • Құлагер қалай мерт болғанын білгім келеді.

Оқушылардың ой қорыту дағдыларының қалыптасқандығы байқалды.

«Үнсіз оқу» стратегиясында ДЖИКСО әдісі арқылы оқушыларға шығармадан үзінділер таратылды. Оқушылар берілген үзіндідегі мәліметтерді үнсіз, түсініп оқып шықты. А деңгейіндегі оқушы мәтінді 1 минутқа жетпей оқып шықса, В деңгейіндегі оқушы 1 минуттан артық оқыды, С деңгейіндегі оқушы үзіндіні 2 минут ұзақ оқыды. Үнсіз оқуда оқу дағдысы ескерілуі қажет.

«Әлемді шарлау» стратегиясы бойынша әр топқа тапсырма беріліп, оқушылар берілген тапсырмалар бойынша постер толтырды. Топтық жұмыс түрі І, ІІ, ІІІ, Y топта жақсы көрінді, баяндаушы топтың шешімімен анықталды. YІ топта отырған төрт оқушының екеуі ғана жұмыс істеді. ІY топқа түскен А деңгейінің бақылаудағы оқушысы бар жұмысты өзі орындап, басқалардың пікірін есепке алмай, көшбасшылыққа өзі шықты. Осының нәтижесінде бір топқа түскен С деңгейіндегі бақылаудағы оқушы жұмыстан қалыс қалды, өзі де ойын айтуға құлшыныс білдірмеді. В деңгейіндегі бақылаудағы оқушы постерді топ мүшелерінің мәліметтері мен ойлары негізінде өзі толтырғанмен, баяндауға басқа оқушыны шығарды. Бұл оқушының топ мүшелерінің ойымен санасып, басқа балалардың пікіріне құрметпен қарайтындығы байқалды.

Әр топтың баяндаушысы басқа топтарға өз жұмыстарын түсіндірген кезде де А деңгейінің оқушысы басқа топтарға түзетулер мен толықтырулар қостырмауға тырысты, кейбір топтар бұл оқушының жұмысын бірден дұрыс деп есептеп, «5» деген баға қойып жіберді. Бұл жайт оқушыны барлық сынып ұжымы көшбасшы деп танып, қандай мәлімет айтса да, дұрыс деп қабылдайтыны байқалды. Бұл әрекет мұғалім тарапынан оқушымен жекелеген түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін анықтайды. ІІ топтың баяндаушысы басқа топтың қосқан қате мәліметін теріске шығарып, өзінің ойын дәлелдеп бере алды. Оқушының өз ойын қорғай білу қабілетінің дамығанын байқауға болады.

Сабақта қолданылған «Топтық жұмыс», «Өзін-өзі бағалау», «Әлемді шарлау» стратегиялары, бейнекөрсетілім материалдары оқушының өздігінен білім алуын ғана емес, топта жұмыс істей білу дағдылары мен көшбасшылық қабілеттерін арттыра түседі.

Lesson Study арқылы өскелен ұрпақта келесі өмірлік дағдыларды қалыптастыруға болады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой-өрісінің кендігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.

Топтағы оқушылардың мүмкіндік деңгейі ұстаз тарапынан үнемі бақылауда болғаны абзал. Себебі кей жағдайда көшбасшылық бір ғана беделді оқушының тізгінінде кетеді де, қабілеті төмен оқушы қалыс қалуы мүмкін. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында оқушыларды топтық жұмысқа бейімдеп, ұжымдық жұмыс талаптарын меңгерту бірінші кезекке қойылу тиіс. Оқытудың осындай тәсілдерін қолдануда оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, материалдарды талдап үйренеді, өз ойын ауызша, жазбаша көпшілік алдында білдіреді, сыни пікір айта алады. 

Lesson Study тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі. Оқушының терең ойлануына, оқушыны тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек. Демек, бұл тәсілдің оқытуда және оқуда ілгерілеушілік болдыра алатындай екендігіне ешқандай күмән жоқ.







Пайдаланылған әдебиеттер


    1. Alexander R. (2001). Culture and pedagogy (Мәдениет пен педагогика).

    2. Құсайынов А. «Білім реформасы – дамыған елдер тәжірибесі». Этнопедагогика, 2007 ж., №1, 8-13б.б.

    3. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бейінді оқытудың әдістемелік ерекшеліктері». Әдістемелік құрал, Астана, 2014 ж.

    4. Пит Дадли «Lesson Study: нұсқаулық», 21б.

    5. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 1-деңгей.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
О?ЫТУ МЕН О?У ?ДЕРІСІН ЖА?САРТУ МА?САТЫНДА LESSON STUDY-ді ?ОЛДАНУ

Автор: ТУСУПБЕКОВА ЖАНАР КУАНЫШЕВНА

Дата: 07.12.2015

Номер свидетельства: 263265


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства