kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Нарыз мерекесі "Әжелер сайысы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Нарыз мерекесі "Әжелер сайысы"»

Тақырыбы: «Ал, қанекей Әжелер!» сайысы.
Мақсаты: Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.


I. Жүргізуші:

Армысыңдар халайық, 
Бармасыңдар халайық! 
Келді наурыз сағынтып, 
Қыздарға алқа тағынтып. 
Наурыз келсе құт келгені халайық, 
Ұлысты қарсы алайық! 
Жүргізуші: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз –қазақ халқы үшін ежелден –ақ береке –бірліктің , ел-жұрт , ағайын –туыс арасындағы татулықтың , ерен еңбектің , жаңарған тіршіліктің ұлы символы.
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.

Наурыз тойымыз құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!


2. Жүргізуші: Здравствуйте уважаемые родители, гости! Вот и настал тот день, когда старый год по восточному календарю по праву передает свои права новому году. Веселый праздник наурыз сегодня мы встречаем. И дверь в весну, в который раз мы снова открываем! 

Снова тихим и солнечным утром , 
Когда дремлют метели зимы.
Из веков седовласых и мудрых,
К нам пришел Наурыз Мейрамы.
Посмотри в просветленные лица,
И ты сердцем уверишься вновь .
Это праздник народных традиций,
Это вера в мечту и любовь.

1-ведущий Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат 3 - те даланы Қыдыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас»деп, қос шырақ жағылып қойылады Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды Жыл бойы дән тасқын - тасқын, ақ мол, жауын - шашын көп болсын деп тілейді

2-ведущий Как многие народные праздники, праздник наурыз имеет свои традиции и обряды
В народе существует поверье, что эту ночь землю посещает Қыдыр ата тот, кто с ним встретится, того ждет удача и счастье. А қыдыр ата может увидеть только те, кто чист душой и сердцем, предан своей земле и народу. Чтобы встретится с Қыдыр ата народ выходит на улицу в ночь на 22 наурыза, обнимаясь друг с другом, прощают обиды и ссоры: из дома выносят старые вещи, чтобы в доме было чисто и накрывают стол из зерновых и молочных продуктов, чтобы год был урожайным и был достаток, зажигают две свечи, означающие, что одна свеча это не свет, накрытый стол означает, чтобы в этом доме был достаток.

Ал енді қыдыр атадан бата алайық.
Ата болып киінген бала:

Сұрасаң бата берейін,

Ақ тілекті төгейін.

Еліме берсін берекет,

Қашсын сырқат-бәлекет!

Кірсін дәулет есіктен,

Кетсін бейнет тесіктен,

Ескі жылым есірке,

Жаңа жылым жарылқа!

Дастарханың мол болсын!

Абыройың зор болсын!

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Әумин!


Жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып

Ел болып қарсы алайық!
Шашу шашылады.

Жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!- деп жырдан шашу шашайық.

Ән: «Қазақстаным» орындайтын Сералы Аружан


Жүргізуші:Құрметті қонақтар енді бүгінгі мерекеміздің негізгі бөліміне көшейік.

Жүргізуші: Ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Ал, қанекей, Әжелер!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:

Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі - дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелерімізді ду - қол шапалақпен ортамызға шақырайық!
1. Тұрмағанбетова Алма Уәлиқызы

2. Кобенова Гүлнар

3. Канафина Людмила Степановна

Ал,халайық, ықыласпен демелік
Аналардың бүгінгі сайыстарын көрелік.
Әжесі мен немересіне қарап біз
Әділдікпен бағаларын берелік- деп бүгінгі сайысымызды әділ бағалайтын әділ-қазыларымызбен танысайық.

  1. Мектебіміздің басшысы – Кыршмарь Н.Л.

  2. Ауылымыздың әкімі- Бердіғали Нұрқан Қартанұлы

  3. Ауылымыздың үлкен әжесі – Әубәкірова Жаңыл әже

  4. Жас әжеміз – Ошақбаева Бақытжан Құлтасқызы

Жүргізуші: Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы. Олай болса, аналарымыз өздерін таныстырсын.

  1. Таныстыру. Әжелер өздерін таныстырады.



Жүргізуші:

Ана дейміз бэріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Жүргізуші:

Ана деген — асыл жандар болаттай,

Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
2. Үй тапсырмасы. Аналарымыз үйлерінен жасап келген қолөнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші: Немере үшін ең мейірімді жан – әже. Ақ сүт берген аналардың анасы – әже. «Жан жүрегім, жарығым» деп немересін, шөбересін  жүрегіне теңейтін де әже.  Сол әжелердің жолын біздерге берсе екен деп тілек айтамын

3. Немерем менің -алтыным. Немерелері өнерлерін көрсетеді.


Жүргізуші: Ал, аналар ,қалыспа
Бүгін енді жалықпа,
Саусақтарың майысып
Шеберлік көрсет халыққа

4.Ою ою.

Би: Қаңтарбаева Жарқын Сералықызы мен орындауында өзбек биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған
Сағынышым - сары ормандай самсаған
Әке болып жүргенімді ұмытып
Әлі күнге еркелеймін мен саған

Жүргізуші: Иә, анасы бар адамдар қартаймайды ,-деп бекер айтпаған. Аналарымыздың арқасында әлі бала болып жүрміз.

Жүргізуші: 5. Келесі сайыс «Келінім, күйеу балам мақтанышым» Келіндері мен күйеу балалары өнерлерін көрсетеді.

6. Мақал -сөздің мәйегі. Мақал –мәтел қысқа болғанмен, мағынасы терең. Әжелеріміз мақал-мәтелдерді құрастырып, түсіндіреді.


  1. Балаға пышақ бермесең бір жылар, Берсең екі жылар.
    2. Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің,

Кімнің жақын-алысын іс түскенде білерсің.
3. Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.
4.Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.
5.Ағайының барда дұшпаным жоқ деме, Абысының барда күндесім жоқ деме.

6.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.

7.Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.

7.Ән: «Әке» орындайтын Хасенова Айнұр

Жүргізуші:

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2 - жүргізуші:
8. Келесі сайыс «Салт- дәстүрді білеміз бе?»

  1. Ат қою

  2. Бесікке салу

  3. Тұсау кесу


9.«Бармағынан бал тамған» Әжелеріміздің өздері дайындаған дәмді тағамдарымен танысайық.

Жүргізуші:

Әже біздің күніміз
Әжемнің біз гүліміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз,-
10. Өнер сайысы. Аналарымыздың өнерін тамашалайық.


Қорытынды бөлім.
Әділ қазылар алқасына сөз беріліп,
Әжелерімізге сыйлар, номинациялары беріледі.


Жүргізуші:

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Қош ,сау болыңыздар, халайық!

Көріскенші күн жарық болсын! 
Қадірлі қауым ! Сіздерді наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз. Әрбір шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!


















  1. Балаға пышақ бермесең бір жылар, Берсең екі жылар.

    2. Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің,

Кімнің жақын-алысын іс түскенде білерсің.
3. Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.


Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Ағайының барда дұшпаным жоқ деме, Абысының барда күндесім жоқ деме.

Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.

Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.





















































































































































Сұрақтар; 1 - билет
1. «Тілашар» қай кезде жасалады.
2. Дастархан басында қандай ескертулер жасалады.
3. Ұйқасын тап: Өзінше ноян, қорқақ кім?....
2 - Билет
1. Жеті ата қалай аталады?
2. Немерелеріңізге ертегі айтып бересіз бе?
3. Ұйқасын тап: Үні ғажап дүлдүл, бақта сайрар....
3 - билет
1. Үш арсыз қалай аталады?
2. Қазақ халқы баласын қалай тәрбиелеген?
3. Ұйқасын тап: Тұмсығымен шымшып, құрт тереді....
4 - Билет
1. Бес парыз қалай аталады?
2. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай?
3. Ұйқасын тап: Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен,
Теріп - теріп алайық.
Қалтамызға......
5 - билет
1. Базарлық деген не?
2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата
3. Ұйқасын тап: Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Ұйықтап қалды........
Енді ортаны ашайық
Інжу маржан шашайық
Ән мен биді шалқытып.
Айнелдің биін тамашалайық!
Жиналған халық таңғалсын
Өнерден күмбез жасайық!- деп Айнелдің орындауында қазақ биі.
7 - кезең. Ұлттық тағам көрмесі.
Әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығарып таныстырайық.


Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/scenarii/2842-meyram-mereke-22-nauryz-balabaksha.html
© www.ZHARAR.com


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Нарыз мерекесі "Әжелер сайысы"

Автор: Түсіпова Эльмира Болатқызы

Дата: 04.03.2018

Номер свидетельства: 460603


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства