kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??а?али МА?АТАЕВ. А??улар ?йы?та?анда (Поэма)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушыларды? танымды?, шы?армашылы? ?абілеттерін жетілдіре отырып, М.Ма?атаев туралы білімдерін ке?ейту, о?ушыларды сыни т?р?ыда ойланта отырып поэма та?ырыбы мен идеясын ашу 
Саба?ты? міндеттері: 
1. Поэманы? мазм?нын ашу ар?ылы о?ушылар ойын бір ж?йеге келтіріп, поэманы? негізгі т?йінін, астарын аша отырып, ??ндылы? ретінде ?абылдау?а жетелеу. Ана ?рекетіне т?рлі к?з?араста ба?а беру 
2. ??ндылы?ты-ба?дарлы, м?дениеттанымды?, т?л?алы? ?зін-?зі дамыту ??зіреттіліктері ар?ылы ?о?ам ?мірінде ?зіні? р?лін білетін саналы, дарынды жеке т?л?а болу?а жетелеу. Поэмада?ы кейіпкерлер іс-?рекеті ар?ылы адамгершілікке, мейірімділікке, таби?атты с?юге, ?ам?орлы? жасау?а, ту?ан жерді ?адірлеуге, хал?ымызды? салт-д?ст?рін са?тай отырып, с?лулы? тал?амын байыту?а т?рбиелеу
3. Сыни т?р?ыда шы?армашылы? ж?мыстар ар?ылы о?ушыларды? таным белсенділігін, ?зіндік ізденісі мен ой ?орыту ?абілеттерін дамыту, ?з ойын еркін, д?лелмен ?деби тілде жеткізе білуге т?селдіру, с?йлеу м?дениетін жетілдіру 


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??а?али МА?АТАЕВ. А??улар ?йы?та?анда (Поэма) »

Сабақ жоспары 
Пәні: Қазақ әдебиеті 
Сынып: 8
Тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 
Мақсаты: Оқушылардың танымдық , шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отырып, М.Мақатаев туралы білімдерін кеңейту, оқушыларды сыни тұрғыда ойланта отырып поэма тақырыбы мен идеясын ашу 
Сабақтың міндеттері: 
1. Поэманың мазмұнын ашу арқылы оқушылар ойын бір жүйеге келтіріп, поэманың негізгі түйінін, астарын аша отырып, құндылық ретінде қабылдауға жетелеу. Ана әрекетіне түрлі көзқараста баға беру 
2. Құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық, тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттіліктері арқылы қоғам өмірінде өзінің рөлін білетін саналы, дарынды жеке тұлға болуға жетелеу. Поэмадағы кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, табиғатты сүюге, қамқорлық жасауға, туған жерді қадірлеуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, сұлулық талғамын байытуға тәрбиелеу
3. Сыни тұрғыда шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың таным белсенділігін, өзіндік ізденісі мен ой қорыту қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін , дәлелмен әдеби тілде жеткізе білуге төселдіру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру 
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту 
Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы 
Сабақтың әдісі: АКТ, СТО жобасының стратегиялары: «Джиг-Со» әдісі, ой қозғау, топтастыру, 5 минуттық эссе, «Кубизм» әдісі, «Шығарма кестесі», «Автор орындығы», пікірталас, сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу, топтық, ұжымдық жұмыстар 
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, жаратылыстану 
Сабақтың көрнекілігі: плакат-постер, компьютер, тақырыптық слайдтар, сызба-кестелер, ақылдың 6 қалпағы, 6 қырлы кубик 
Сабақ барысы: 
I. Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, сабаққа зейінін аударту) 
II. Үй тапсырмасын сұрау 
III. Жаңа тақырып 
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру 
2. Қызығушылықты ояту 
Мұғалімнің кіріспе сөзі. 
-Балалар, бүгін біз сендермен «Мен XX ғасыр ұрпақтарының құрдасымын, 
Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың құрдасымын да...» -деп өзі жайында айтып кеткен қазақтың біртуар ақиық ақыны, мұзбалақ ақын, қазақ поэзиясының қанатын кеңге жаюға үлкен үлес қосқан Мұқағалидай ақынның өмірі мен шығаршылығына шолу жасап, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен танысамыз. 
Ақын туралы қысқаша бейнебаян. Ақынның «Сәби болғым келеді» өлеңі оқылып тұрады. Бер жағында мұғалім ақынның Хан Тәңірі тауының етегінде Қарасаз ауылында дүниеге келгенін, ақын өзінің 30 жылдан астам уақытын кіндік қаны тамған Қарасазында өткізгенін, жас ақынның алғашқы өлеңдері 1948 жылы жарық көргенін, өзінің аз ғұмырында талай құнды шығармаларды жазып кеткенін, сондай-ақ ақынның туған жерінде ақынға арналып мұражай ашылғаны жөнінде қысқаша мәлімет беріледі. 

а) Осыдан кейін оқушылардың ақын өмірі мен шығармашылығына байланысты дайындап әкелген постерлері тыңдалып, қорғалады. 
1-топ Ақынның өмірбаяны туралы хронологиялық мәлімет береді 
2- топ Ақынның шығармалары мен аудармалары жайлы түсінік береді 
3- топ «Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді», ақынға байланысты естеліктер мен мұрағаттар жайлы баяндайды 
4- топ Ақынды зерттеген зерттеуші ғалымдар туралы ақпарат береді 
-Рахмет, балалар! «Мұқағалидай ақыны бар халық-бақытты халық» деп Ф.Оңғарсынова айтқандай, шынында біз бақытты халықтың ұрпағымыз. Ендеше, Мұқағали ақын поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік. 
ә) «Есіңе мені алғайсың» өлеңін өз даусында тыңдату. Видеослайд. 
б) -Балалар, бүгін біз сендермен ақынның тамаша поэмасымен танысамыз. 
-Поэма дегеніміз қандай әдеби жанр? (Оқушылардың жауабы тыңдалады) 
-Жақсы, балалар, ендеше біз сендермен бүгін ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен танысамыз. Слайд қосу. 
в) -Балалар, аққу қандай құс? Аққу құсы туралы не білеміз? (Ой қозғау) 
Жалпы қазақ халқы наным-сенімге, ырымға сенетін халық. Сол себепті аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады, әрі оған ешқашан оқ атпаған. Аққу турасында ел аузында аңыз-әңгімелер көп. С.Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы» поэмасы, Қорқыт бабаның, Ықыластың, Н.Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Б.Аюхановтың «Аққу» биі халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігі мен құрметінің дәлелі. 
Қазір біз сендермен Н.Тілендиевтің тамаша «Аққу» күйін А.Үлкенбаеваның орындауында тыңдайық. («Аққу» күйін тыңдау. Видеослайд. Уақыт тығыз болмаса «Аққу» биі мен Р.Рымбаеваның орындауындағы «Аққу» әнінен қысқаша үзінді көрсетуге, тыңдатуғаболады.) 
3. Мағынаны тану. 
а) «Джиг-Со» стратегиясы бойынша поэманы оқыту. 
ә) -Енді, балалар, экранға назар аударамыз. Экранда аққулар бейнеленген ұяшықтар бар, ұяшықтарда белгіленген сандарды таңдау арқылы поэмаға байланысты сұрақтарға жауап бересіңдер. (Сұрақ-жауап әдісі) 
Әр топ кезекпен ұяшық таңдайды. Барлық сұрақ саны- он алты. 
Ұяшық астындағы сұрақтар: 
1. Қаруы бар кәззапқа құрықпенен..., 
Поэмада кездесетін «Кәззап» сөзі қандай мағынаны білдіреді? 
2. Поэманың шарықтау шегі? 
3. Ананы қасиетті аққуды атуға не итермеледі? 
4. Поэменың идеясы не? (Ақынның айтайын деген ойы?) 
5. «Кие» сөзінің мағынасы қандай? Аққудан басқа қандай құстар, жануарлар киелі деп саналады? 
6. Ақынның поэмада қозғаған мәселесі: 
-экология мәселесі 
-наным-сенім 
-ананың баласына деген махаббаты 
7. Баланың әкесі Жетімкөлге не себепті бармады? 
8. Мең-зең болған ана қолындағы қаруын қайда жібереді? 
9. Жетімкөлді аққулардан басқа қандай құстар мекен етті? 
10. Поэмада қандай қалыптасқан дәстүр туралы айтылады? 
11. Қалжыраған ана мен әке бейнесі қалай сипатталады? 
12. «Өңім бе, түсім бе деп таңданады, ...» Кімнің ойы? 
13. Поэмадағы ана монологы 
14. Қайғысын айтқан анаға жылқышы қандай кеңес береді? 
15.Аққуды атқан ана қандай қасіретке душар болады? 
16. Мөлдіреген «Жетім көл» көкке қарап, 
Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр. Қандай көркемдегіш құрал? 
б) Келесі кезекте экранда ана суреті. Ананың екі жақты жан күйзелісі. 
Киелі аққу мен өлім аузында жатқан сәби фотосуреті. 
Ана әрекеті дұрыс па, бұрыс па? Пікірталас. Дебат. 
( Шляпа таңдап, ана әрекетіне байланысты пікір айту, көзқарастарын білдіру, ішкі сезімдерін, эмоциясын білдіру, негативті ойлар айту) Әр шляпа шарты экрандағы слайдта көрсетіледі. 
Сергіту сәті. Ақынның «Есіңе мені алғайсың» өлеңінің 1 шумағы тыңдалады. 
3.Ой- толғаныс. 
Келесі кезекте топ жетекшілерін ортаға шақырамын. Экранда 1,2,3,4 сандары берілген. Сандардың астында тақырыптар жасырылған. Санды таңдау арқылы өзіне тақырып таңдайды. 
1.БАЛА 2. АНА 3. АҚҚУ 4. НАНЫМ-СЕНІМ 
Тақырыптарға байланысты әр топ 5 минуттық эссе (ой толғау, шығармашылық жұмыс) жазады. 
Оқушылар ойы тыңдалады. 

IY. Сабақты бекіту. 
а) Мұғалім әр топтың қасына барып, кубик лақтырады, сұрақ қояды. (Ақын өмірі мен шығармашылығына және поэмаға байланысты) Оқушылар жауабы тыңдалады. 
ә) Автор орындығы. Ортаға бір оқушы шақырылады. Оқушылардың қойған сауалдарына жауап береді. 
Үй тапсырмасы: 
СТО жобасының « Шығарма кестесі » стратегиясы бойынша жұмыс 
Бағалау. Топ бағалаушыларын тыңдау 
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
М??а?али МА?АТАЕВ. А??улар ?йы?та?анда (Поэма)

Автор: Азимжанова Жанатк?л Ж?ма??л?ызы

Дата: 02.03.2015

Номер свидетельства: 180945


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства