kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мемлекетті? тірегі -тіл" та?ырыбында интеллектуалды ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Мемлекетті? тірегі –тіл

Ма?саты:  Ана тілінде  сауатты с?йлеу, ?аза? тіліні? м?ртебесін к?теру,  тіл байлы?ын арттыру.С?йлеу м?дениетін жетілдіру, тіл т??ірегіндегі білімдерін шешен с?йлеуге ?штастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шы?армашылы? ізденіске ба?ыттау, ізденімпазды? ?асиеттерін арттыру.Патриотты?  сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін с?юге, салт-д?ст?рін, тарихын ??рметтеуге т?рбиелеу

Сайысымызды? кезе?дері:

  1. «?аза? тілі -?азына» б?лімінде ?р топтан бір о?ушы шы?ып, ?аза? тілі п?ні бойынша ?яшы?тарда берілген с?ра?тар?а жауап береді.
  2. «Бабалар с?зі –на?ылды? к?зі» б?лімінде ?р топтан бір о?ушы ?аза? ?дебиеті п?нінен берілген с?ра?тар?а жауап береді.
  3. «С?з атасы -ма?ал» б?лімінде топ болып а?ылдасып, берілген с?ра?тар?а ма?алмен жауап беру (?р д?рыс жауап 5 баллды? ж?йемен ба?аланады)
  4.  «?аза?ы?ны? тарихын  білесі? бе?» б?лімінде та?тада берілген с?ра?тар?а топтан бір ?атысушы жауап береді, жауап беруге ?инал?ан жа?дайда топ к?мектессе болады.
  5. ?й тапсырмасы. «Таза мінсіз асыл с?з, ой т?бінде жатады» б?лімінде ?р топтан бір о?ушы тіл туралы ой ?оз?айды. (5 баллды? ж?йемен ба?аланады)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мемлекетті? тірегі -тіл" та?ырыбында интеллектуалды ойын»



Алматы облысы Қаратал ауданы

М. Горький атындағы МДШО орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Л.Ғ. Мұсабекова



Интеллектуалды ойын жоспары

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттің тірегі –тіл

Мақсаты:

1. Білімділік:Ана тілінде сауатты сөйлеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тіл байлығын арттыру.

2.Дамытушылық:Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, тіл төңірегіндегі білімдерін шешен сөйлеуге ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру,

3. Тәрбиелік:Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: слайд, қанатты сөздер

Барысы:

«Жаса, қазағым!» әні орындалады

Фанфар

Жүргізуші:

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Армысыздар, құрметті оқушылар, қымбатты қонақтар, аяулы ұстаздар, тіл жанашырлары.Елбасының «Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді орындау, қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жастар арасында тілге деген құрметті күшейту, қазақ тілін үйренуге, дамытуға, оның қанат жаюына үлес қосумен бірге, мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру мақсатында, Тілдер мерекесі аясында өткізгелі отырған «Мемлекеттің тірегі -тіл» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!

Қазақ тілі - құнарлы да шұрайлы, оралымды да өрнекті,  теңеу мен бояуға  аса бай, теңдессіз сұлу да сырлы,  тереңдігі түпсіз  тұңғиық. Қазақ тілі мұншалықты жатық әрі анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе. Мағжан атамыз: «Жан көріністерінің ең қымбаты –ой, ой тілі –сөз. Тіл –адам жанының тілмашы. Тілі кем болса, адамның қор болғаны...»деген екен.Олай болса, бүгінгі ұрпақ осындай қанатты сөздерді жүрегіне сеуіп жүргені абзал.


Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!-дей отырып, бүгінгі сайысқа түсетін командаларды қол соғып қошеметтеп қояйық!(әр команданың аты, эмблемасы болады, орындарына отырады)


Құрметті көрермендер, сайысқа қатысушы командалар, сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар:

Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

  1. «Қазақ тілі -қазына» бөлімінде әр топтан бір оқушы шығып, қазақ тілі пәні бойынша ұяшықтарда берілген сұрақтарға жауап береді.

  2. «Бабалар сөзі –нақылдың көзі» бөлімінде әр топтан бір оқушы қазақ әдебиеті пәнінен берілген сұрақтарға жауап береді.

  3. «Сөз атасы -мақал» бөлімінде топ болып ақылдасып, берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру (әр дұрыс жауап 5 баллдық жүйемен бағаланады)

  4. «Қазағыңның тарихын білесің бе?» бөлімінде тақтада берілген сұрақтарға топтан бір қатысушы жауап береді, жауап беруге қиналған жағдайда топ көмектессе болады.

  5. Үй тапсырмасы. «Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады» бөлімінде әр топтан бір оқушы тіл туралы ой қозғайды. (5 баллдық жүйемен бағаланады)

Бір топтың жауабы болмаған жағдайда келесі топ жауап берсе болады. Әр сұрақтың жауабы таңдаған ұяшықтарының баллдық жүйесімен бағаланады.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, командаларға сәттілік тілей отырып, дайындала берулеріңізді сұраймыз.

Ал мен сіздерді бүгінгі сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1....................................................................................................................................

2....................................................................................................................................

3...................................................................................................................................

Ән:

Жүргізуші:

Қазақ тілі –саялаған нұр бағым,

Қазақ тілі –ана тілі, ардағым.

Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,

Жан сырларым, тілегім, бар арманым.

Сайысымыздың бірінші «Таныстыру» кезеңін бастаймыз.Әр топ өздерін таныстырады.

Құрметті әділ қазылар алқасы, таныстыру кезеңі 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Жүргізуші: Сайысымыздың екінші бөлімі бойынша бір топтан бір оқушы қазақ тілі пәні бойынша ұяшықтарда берілген сұрақтарға жауап береді.Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

Жүргізуші:

Жүрегімде болса намыс  жойқын ары,

«Ана тілім- арым» деген ой туады.

Ана тілім  ұлт тірегі ұйтқысы,

Алла берген  қазағыма  бой  тұмар –дей отырып, сайысымыздың «Бабалар сөзі –нақылдың көзі деп аталатын 3 кезеңін бастаймыз.


Жүргізуші: Сайысымыздың «Сөз атасы -мақал» кезеңінде мақалдардың бірінші бөлімі беріледі, сендер екінші бөлімін жаслғастыру керексіндер.

Жүргізуші: Сайысымыздың«Қазағыңның тарихын білесің бе?» бөлімінде тақтада берілген сұрақтарға топтан бір қатысушы жауап береді, жауап беруге қиналған жағдайда топ көмектессе болады.

Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің, тілім менің-тірлігім.

Жүргізуші: Сайысымыздың «Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады» бөлімінде әр топтан бір оқушы тіл туралы ой қозғау үшін 3 минут уақыт беріледі. Бұл үй тапсырмасы болатын. Бірінші ортаға «Дарын» командасын шақырамыз.

Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы бүгінгі интеллектауалды ойынымыздың жеңімпаз командасын анықтағанша кезекті әнге береміз

Бейне таспадан ән тыңдалады.

Жүргізуші:

Дәулет деген ұғыңдар,

Кеше бар да, бүгін жоқ.

Тілің болса, үнің бар,

Тіл болмаса, түгің жоқ.

Ортаға қатысушы командаларды шақырамыз. Сөз кезегі әділ қазыларда.

Жүргізуші: Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

   Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.

Мемлекеттік тілді жоғары дәрежеде меңгерейік. Тек қазақ тілінде сөйлесейік.

Алтын бесік, ағайын –жұрт, туғаным!

Дос бөліссе қыза түсер думаның.

Барлық ұлттың өкілдері жарасып,

Асырайық іс жүзінде Тіл Заңын

-дей отырып, М. Шахановтың «Рух пен тіл» әнін барлығымыз бірге орындайық. Сайыскерлерімізге, қонақтарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Қош, сау болыңыздар!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Мемлекетті? тірегі -тіл" та?ырыбында интеллектуалды ойын

Автор: Мусабекова Ляззат Галимжановна

Дата: 09.03.2016

Номер свидетельства: 303464


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства