Просмотр содержимого документа
«Мектепішілік іс - шара "Қорқыт - абыз"»
Қорқыт – абыз
(Сахналық қойылым)
Қайғылы қобыз үні,жылан,қамыс,тон,табиғат үні,сәби үні, арнайы киімдер. Қатысатындар: Әйел Әйел Қария Автор Әулие Қорқыт Дерсе хан Бұқаш Шәкірттер
Халық өкілдері 1 – бөлім
(Сахна ашылады) 1.Үрейлі музыка үні 2.Шыр етіп жылаған сәби үні Әйел қолында жаңа туылған нәресте 1- Әйел: -Қария,дүниеге ұл бала келді. 2- Әйел: -Есімін қойыныз, ата. Қария: -Бұл бала бізді қорқытып туылғаны үшін аты - Қорқыт болсын. Халқының ұлы болсын !
(Сахна жабылады) Автор: Қорқыттың дүниеге келуі қандай өзгеше болса ,оның бүкіл өмірі де сондай ерекше болды.Бала жасынан ұшқан құспен,жүгірген аңмен,соққан желмен,жауған жаңбырмен қоса жарысты,айнала қоршаған ьабиғат пен ортақ тіл тауып,сонымен бірге өсті. Жылдар өтіп,ер жетіп,тепсе темір үзетін жігіт жасына жеткенде ол бір түс көреді.
(Сахна ашылады, Қорқыт ұйқыда)
Әулие: -Ей,Қорқыт,тұр орныңнан! Менің айтқанымдай саз аспабын жаса.бұл аспаптың үлкендігі алты жасар түйенің асықты жілігіндей болсын.аспабынның аты-Қобыз. осы қобыз сенің шабытынды қияға самғатады,сапар шексен жолына жарық түсіріп,өзінді пәле-жаладан сақтайтын желеп-жебеуші серігің болады. (Әулие кетеді,Қорқыт ұйқыдан тұрады) Қобыз жасайды,қобыз тартып отырады. (Сахна жабылады) 2 - бөлім (Сахнада ашылады, Қорқыт, Дерсе хан хан сарайында әңгімелесіп отыр) Қорқыт: - Хан ием,Алла,Алла демейінше іс өңбес,қадір тәңірі демейінше ер болмас.Әзелден жазылмайынша,құл басына қаза келмес.Ажал уақыты жетпейінше ешкім өлмес.Өлген адам тірілмес,шыққан жан кері келмес.Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас,ұл атадан көрмейінше қонақасы бермес,хан ием. (Шулаған халық,бұқа даусы) Сырттан шәкірттер кіреді. Шәкірт: -Дедем Қорқыт,мына оғланға ат қойыныз,Бабасына айтып бектік әперініз,тақты алып берсін. Қорқыт: -Ей,Дерсе хан, Бектік бер бұл оғланға, Тақ бер астына, Өнерлі екен. Қаз мойынды бедеу ат бер бұл оғланға,мінер болсын,өнерлі екен! Алтын баулы отау бер бұл оғланға, Көлеңке болсын басына,өнерлі екен! Құс иінді торқа тон бер оғланға, Киер болсын үстіне ,өнерлі екен! Баяндыр ханның ақ аланыңда ерлік көрсетті ол.сенің ұлынның аты Бұқаш болсын.Атты мен бердім,жасты тәңірім берсін! Әумин! Автор: Қорқыт ажалдан қырық жыл бойы қашып жүріп,ақыры Сырдария толқындарынан сая тапты.Дарияның толқындары түйе жабуына жайғасқан ұлы күйшіні әлдебір кереметпен желеп-жебеп сақтады.Қорқыт осы
толқындардың үстінде отырып,қобызын толассыз тарта берді.сөйтіп,күйден үркіген ажал Қорқытқа жолай алмай қойды.Ақыры,жүз жыл бойы Қорқыттың ізіне түскен ажал жылан кейпіне еніп,оны қолға түсіріп тынды. Қорқыт: -Қанша қашсам да,қанша сақтансамда,ажалдың өзімді қапияда соққанына өкінемін. -Қасиетті Сырдарияның жағасында менің қабірім қазылып,дайын тұрған шығар деп ойлаймын. -Жерлеген кезде өмірде жұбымыз жазылмаған қобызымды қасыма қойындар.Өзім өлсем де,менің есімім ұрпақтардың есінде сақталып қалады.Қош бол,өмір!