Просмотр содержимого документа
«Махамбет Өтемісұлына арналған поэзиялық кеш»
Тақырыбы: Өлең - жырды серік еткен ер Махамбет
Мақсаты: 1.Ұлы күрескер бабамыз Махамбеттің тарихи тұлғасы, дауылпаз ақындығы мен сазгерлік қабілет-
қасиеті, киелі аруақ иесі екендігін таныту.
2.Қазақ тарихына жаңаша көзқарас қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, тарихи деректер бойынша
тұжырым жасай білу дағдысын үйрету.
3.Туған жерді сақтай отырып, оны аянбай қорғау сезімдеріне баулу. Бабалардың ерлік рухын
сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, поэзияны сүюге баулу, ұлттық сананы қалыптастыру.
1. Күй «Махамбет толғауы»
2. Ф.Оңғарсынова « Махамбет аудармашысымен әңгіме » атты өлеңінен үзінді оқу
Махамбет!
Махамбет...
Білмеймін жел ме, сел ме,
Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме...
Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме...
Әділетсіз дүниенің қабырғасын
Махамбетше сөгер жан кездесер ме...
1-жүргізуші
Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар оқушылар!!! Бүгінгі « Өлең - жырды серік еткен ер Махамбет» атты кешімізді бастаймыз.Дауылды жылдардың жалынды жыршысы болған, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлына арналады. Өздеріңіз естігендей «Махамбет толғауы» күйінен басқа «Жорық», «Жайық асу», «Тарланым», «Жауға шапқан», «Өкініш», «Жұмыр -қылыщ» секілді көптеген күйлері бар.
Уа,бабам,екі ғасыр жасқа жеттің,
«Өмірден,-деп өкінді ел,-жастай кеттің»
Халқыңның тарихында дара тұлға
Даңқыңды жас кетсең де асқақ еттің!
Біліне бес қаруын тағы асынып,
Жүргендей жортуылдан бағы ашылып.
Шұлғытып үй сыртына қойғандайсың,
Тарланды сынық құйрық таң асырып.
Елестеп ерлігің мен сөзің егіз,
Дем берген аруағыңды сезінеміз!
Нұсқасын тірлігіңнің оймен шолып,
Боламыз кездескендей өзіңе біз.
Десек те,жыр дестесін ағыталық,
Не үлгі сізден артық танытамыз?!
Ой менен өнегеңді жорамалдап,
Көңілге жүрсек дейміз шабыт алып.
2-жүргізуші
Махамбет өмірі мен балалық шағы
Махамбет 1804 жылы Орда ауданында, Нарындағы Бекетай құмында туған. Өтемістің он баласы болған: солардың ең үлкені Бекмахамбеттен кейінгісі Махамбет еді. Ол жас кезінде хан ордасында болады. Арабша, орысша хат білген . Хан ордасында болуының екі түрлі себебі бар. Біріншісі: Бекмағамбет ағасы Жәңгірдің 12 биінің бірі болған. Екіншісі: ол кезде ха\н-сұлтандар қолдарына өзін мақтайтын ақындар ұстаған. Бірақ Махамбет Жәңгірдің бұл ойынан шықпайды.
Махамбет көтеріліс кезінде
Қолына қарулы найза алып асқақ әуенімен Исатай басшының соңынан ерген, ереуіл ақыны Махамбет болды. 1829 жылы ол түрмеге қамалды. Оның ханға деген өшпенділігі өрши түсіп, қарулы айқасқа әзірленеді. Үлкен айқас 1836 жылы 14 сәуір күні Қиялымола деген жерде болады. Хан жасағын Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған. Қан майдан. 1837жылы 2 қараша күні Исатай мен Махамбет бастаған 3 мыңдай адам хан ордасына екінші рет аттанады. Мол қарулы жасақ.1838 жылы шілденің 12-сі күні Исатай қаза табады. Махамбет бірнеше жолдастарымен әскердің шебін бұзып шығып құтылады.
1-жүргізуші
Қазақ тарихында отты жырлармен, ерен ерлігімен өшпес із қалдырған ақын өлеңдерінен көтеріліс күндерінің әрбір оқиғасы ақын өлеңдерінен көтеріліс күндерінің әрбір оқиғасы айқын аңғарылады. Жәңгір мен Баймағамбетке деген ыза-кек, Орданы қамау, Тастөбе шайқасы, халық батыры Исатайдың асқақ бейнесі, батыр өлімінен кейінгі көңіл-күйлері, хан-сұлтандарға деген бітпес күрес- бәрі-бәрі көз алдымыздан өткендей әсер береді. Махамбеттің өзі туралы, ақын, шешен, батыр туралы өлеңдерінен дайындаған үзінді оқытылады
1.Өзім туралы
2.Ақындар туралы
3.Шешендер туралы
4 Батырлар туралы
2-жүргізуші
Қабырғасын қаусатып,
Бір-біріндеп сөксе де,
Қабығын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске... деген жолдар Махамбеттің нағыз патриот екенін көрсетеді.
Патриоттық ән-
1-жүргізуші
Қанша оқысаң да тұла бойды өрттей қыздырып, талмай өзіне тартатын өлең қуаты бар. Қайталанбас бітімді Махамбет өлеңдері де сол ұлы қуатқа ие. Енді назарларыңызға белгілі сыншы ақын Альберт Устиновтың Махамбетті орыс тілінде сөйлетуін ұсынып отырмыз. Аударма ерекшелігі-аудармашы дәстүрлі жолма жол көшіруді ұстанбай, ақынның ішкі логикалық ой желісін қатаң сақтай отырып, қазіргі орыс тілінің бай қорын сарқа Махамбетті орысша сөйлетуді мақсат етеді.
Мен едім
Боз ағаштан биік мен едім-
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Ел құтқарар ер едім-
Жандаспай ақыры бір тынбан.
Томағалы сұңқар мен едім-
Толғамалы найзамен
Толықсып жауға шапқанда,
Бір озғанмын жұртымнан.
Ер дұшпаны көп болар,
Қатын дұшпан,жігіттер,
Не демес дейсің сыртымнан?»
Я-это я
Враг мой сплетни разносит в бессилье,
Разболтался он хуже бабья,
Что мне в этой пустой говорильне?
Ведь всегда буду я – это я!
Стройный тополь небесной породы
Не сломить,пока сам не умрет
Не уронят героя в народе,
Пока сам не умрет за народ.
Раньше всех,как стремительный сокол,
На врага я кидаюсь,кипя.
Он страшится уже из далека
Вознесенною мною копья
Потому как врагов много...
Пусть болтают!
А я – это я!
2-жүргізуші
Махамбеттің өмірінің өзі өлең еді. Қолымыздағы аз-кем өлеңдерінің өзі оның рухани бостандық жолында күрескен жан дүниесін ашып береді. Келесі тыңдайтындарыңыз бастауыш сынып оқушыларының Махамбет өлеңдерінен үзінді
1.Ереуіл атқа ер салмай
2.Біздің анау Нарында
3.Қызғыш құс
4.Мінгені Исатайдың Ақтабаны-ай
5.Жалғаны дүние
6.Исатай деген ағам бар
7.Аспандағы бозторғай
8.Ұл туса
9.Күн қайда?
10. Желп-желп еткен ала ту
1-жүргізуші
Исатай қайтыс болғаннан кейінгі Махамбеттің қайғысы
Махамбет қуғын-сүргінге ұшырайды. Жәңгір де, Орынбор генерал-губернаторы да оның соңынан қуғыншылар жібереді. Ақыры, үйінде қаннен-қаперсіз отырған ақынды ойда жоқта патша жендеттері қамап алады. Махамбет жалғыз еді. Жендеттер жабыла бас салып, оның қол-аяғын байлап алады да, Орынбор түрмесіне айдайды. Махамбеттің ісі әскери сотқа беріледі. Бірақ батыр мұнан ақталып шығады. Себебі-1837 жылы соғыс кезінде Исатайдың үй-іші патша әскерінің қолына түседі. Сол кезде патша офицері Шустиков өзінің солдаттарымен батыр Есет Көтібаровтың қолында екен. Осы екі арадағы келіссөзге Махамбет араласып, патша әкімдерін босатуға қызмет көрсетсе керек.
Баймағамбет сұлтан: «Махамбетті ұстап берген жанға 1000 сом беремін»,- деп жар салады. Ашық айқаста емес, адал дастарқаны үстінде дәм-тұзын татып отырған шақта, жалған досы Ықылас сырт жағынан кеп, басын шауып алады. Сөйтіп, ардагер ақын 1846 жылы 42 жасында дүние салады. Зираты Атырау облысы, Махамбет ауданындағы Қарой деген жерде. Қазір ол жер «Махамбет ойы» делінеді. Махамбет зираты сол Қаройда. Сол жердегі колхоз Махамбет атымен аталады.
2-жүргізуші
« Я памятник воздвиг себе нерукотворный» деп орыс замандасы Пушкин айтқандай, Александрия бағытынан да заңғар тұрмақ. Горацийді Август императордан, Пушкинді Александр патшадан, Махамбетті Жәңгір ханнан биікке қоятын өлшем-бірінші кезекте ақындық қуат.
Жылдар, ғасырлар алмаса келе талай оқиға комескі тартқанымен, Махамбеттің ісі мен жырына ондай қауіп төнген емес, төнбейді де. Өйткені, Махамбеттің жыр-толғауы- бір кезеңнің баяны емес, күллі адамзатқа тән азаттық пен теңдіктің өшпейтін ұраны. Махамбет сонысымен мәңгілік!