kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ызы?пай байлы??а да, мансап?а да, ?мірден ?тсем деп ем ?н сап ?ана » атты (?бен Д?уренбеков )?деби кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы   «?ызы?пай байлы??а да, мансап?а да,

                      ?мірден ?тсем деп ем ?н сап ?ана » атты

(?бен Д?уренбеков )?деби кеш

Ма?саты : а) О?ырмандар?а Жетісуды?  ж?йрік а?ыны  ?бен Д?уренбековті?  ?мірі мен шы?армашылы?ын ме?герте отырып, а?ынны? бар ?мірі, арман-м?ддесі, азаматты? бейнесі оны? шы?армашылы?ында екенін естеліктер ар?ылы  таныту;

                       ?) ?нерге айнал?ан ?мірді танып білуді? ?зіндік т?жырым - пікір жасау да?дыларын ?алыптастыру ар?ылы с?з ??діретіне бас иетін, хал?ыны? біртуар дарындарын д?ріптейтін жан- жа?ты дамы?ан жеке т?л?а ?алыптасуына жа?дай ту?ызу;

                       б) А?ын ?мірін ?лгі ете отырып, рухани ??ндылы?тарымызды ??рметтеуге т?рбиелеу, ?нерге с?йіспеншіліктерін ояту.

Т?рі   кездесу

К?рнекілігі : Интербелсенді та?та, ?бен Д?уренбековті?  м?расы, дизайнерлік бейнебаян, слайд, а?ын туралы ?анатты с?здер,  ?уенмен ?рлеу, топтар?а арнал?ан белгі н?с?алар.

?тілу барысы:  1.    Ашылуы. ?она?тарды таныстыру

                             2.    А?ын туралы бейнетаспа

                             3.   ?деби - монтаж б?лімі

                             4.    «Жетпіс бес жастамын»      

                             5.   А?ын ?ле?дерін м?нерлеп о?у

Ашылу салтанаты : фан- фар ойналады. Орта?а екі ж?ргізуші шы?ады.

     1-ж?ргізуші :Армысыздар,??рметті ?она?тар, ?стаздар, о?ушылар!

    2- Ж?ргізуші : «Бір к?н танысты??а, ?ыры? к?н с?лем » деген, біз осы ?ай жерде т?рмыз?

   

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ызы?пай байлы??а да, мансап?а да, ?мірден ?тсем деп ем ?н сап ?ана » атты (?бен Д?уренбеков )?деби кеш»

Тақырыбы «Қызықпай байлыққа да, мансапқа да,

Өмірден өтсем деп ем ән сап қана » атты

(Әбен Дәуренбеков )әдеби кеш

Мақсаты : а) Оқырмандарға Жетісудың жүйрік ақыны Әбен Дәуренбековтің өмірі мен шығармашылығын меңгерте отырып, ақынның бар өмірі, арман-мүддесі, азаматтық бейнесі оның шығармашылығында екенін естеліктер арқылы таныту;

ә) Өнерге айналған өмірді танып білудің өзіндік тұжырым - пікір жасау дағдыларын қалыптастыру арқылы сөз құдіретіне бас иетін , халқының біртуар дарындарын дәріптейтін жан- жақты дамыған жеке тұлға қалыптасуына жағдай туғызу;

б) Ақын өмірін үлгі ете отырып, рухани құндылықтарымызды құрметтеуге тәрбиелеу, өнерге сүйіспеншіліктерін ояту.

Түрі кездесу

Көрнекілігі : Интербелсенді тақта, Әбен Дәуренбековтің мұрасы , дизайнерлік бейнебаян , слайд, ақын туралы қанатты сөздер, әуенмен әрлеу, топтарға арналған белгі нұсқалар.

Өтілу барысы: 1. Ашылуы. Қонақтарды таныстыру

2. Ақын туралы бейнетаспа

3. Әдеби - монтаж бөлімі

4. «Жетпіс бес жастамын»

5. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу

Ашылу салтанаты : фан- фар ойналады. Ортаға екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші :Армысыздар,құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

2- Жүргізуші : «Бір күн таныстыққа, қырық күн сәлем » деген , біз осы қай жерде тұрмыз?

3-жүргізуші : «Мектеп- ғылым патшасы» емес пе, біз Жетісу өңірінің жампозы, айтыстың ақ берені, қуатты сөздің қыраны Бақтыбай ақын мектебінде тұрмыз. «Миуалы ағашқа барлығы да қарайды» дегендей, бұл қаламыздағы тұңғыш мектеп-лицейі ғой.

1- жүргізуші : «Оқу- білім бұлағы, білім- өмір шырағы».Ендеше, бұл оқу ордасын ертеңгі болашақ – бүгінгі бүлдіршіндердің құттыхана мешіті десек те болады.

2-жүргізуші : Біз осы мақал-мәтел сайысында тұрған жоқпыз ба?

3- жүргізуші : «Аталар сөзі ақылдың көзі» демей ме, қара қылды қақ жарған Әйтеке би,Төле би, Қазыбек билердің ұрпағы емеспіз бе?

1-жүргізуші : «Атадан қалған теберік, сақтау оны тым берік». Аталар жолын жалғастырушы ақтангер ақындарымыздың бірі Әбен атамыздың шығармашылығына орай өткелі отырған әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!.

2- жүргізуші: Кешіміздің беташарын «Бақтыбай ата мектебі» әнұранымен ашайық!



3- жүргізуші «Қызықпай байлыққа да, мансапқа да,Өмірден өтсем деп ем ән сап қана» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!

2- жүргізуші : Өз халқын мәңгілік сырласы, досы санаған жазиралы Жаркент жерінің тумасы, қанатты жыры жастың да, кәрінің де жанын жаулаған, ұлтының ұлы - Әбен Дәуренбековтің туғанына биыл 75 жыл. Осы бір атаулы күннің қарсаңында ақынның құнарлы жырларын сіздердің назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.


3-жүргізуші: Бүгінгі біздің киелі қара шаңырағымыздағы жыр кешінің қонақтарынмен таныстырайық!

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, облыстық тілдерді дамыту орталығының директоры Әміре Әрін мырза.


1-жүргізуші: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, «Жетісу» газетінің бас редакторы Жұматай Әміреев


2-жүргізуші: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, танымал айтыскер ақын, Айтақын Бұлғақов


3-жүргізуші: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, айтулы ақын, журналист Қуат Қайранбаев


1-жүргізуші: Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Ел-Назар» Республикалық журналының редакторы, ақын - Ерғазы Манап


2-жүргізуші: Ақынның тікелей ұрпағы жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Светлана Әбенқызына қонақта.


2-жүргізуші:Жыр кешінің алғашқы құттықтау сөзі мектебіміздің директоры Тұмбаев Нұртай Мүсірәліұлына беріледі.


Ән «Ассалаумағалейкүм, асыл халқым» Орындайтын 6-сынып оқушысы Ақжол ?


1-жүргізуші : Толағай табыспен жетпіс бестің қақпасын ашқан Әбен Дәуренбековтің жиырмаға жуық әдеби кітабы баспадан шығып , оқырман қолына тигені мәлім. «Құс тілінен тамған жыр», «Белжайлау» , «Мамыр айы», «Балконнан ұшқан көгершін», «Саяхат», «Айман-Шолпан» секілді көркем әдеби еңбектерін, жинағын оқырмандар жылы қабылдады, Республикамызға жақсы таныс туындылар.

2- Жүргізуші : Егде тартқан, ой қашқан кезім бүгін,

Тапшылыққа тауқымет төзімдімін.

Тыным бермес жүрекке қалам барда,

Қуаттымын ,сергекпін, сезімдімін.

- деп, ақын өзі жырлап өткендей , шығармашылық саладағы жемісті қызметі ескеріліп, жеріміздің даңқына даңқ қосқан ағамыз «Панфилов ауданының Құрметті азаматы» атағына ие болды. «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Алматы облыстық мәслихатының шешімімен «Алматы облысының Құрметті азаматы» атанған қаламгер. Ол Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

1-Жүргізуші: Халықтың нақыл сөзінен сусындаған, Аталар сөзімен өсіп - өнген .

Бабалар бұлағынан нәр алған, Даналар өсиетінен тәрбие алған,

Ұлылар тәліміне тағзым еткен, Жыр бесігінде тербелген ақынның қызы Светлана Әбенқызына біздің мектебімізде ұстаздық қызмет істейді.

3-жүргізуші: Әбен аға...Баладай пәк қалпында жүрек түкпірінде қалдаңыз. Қай тақырыпқа қалам тартса да, тіпті арнау өлеңдерінде де қасиетті поэзия затына қылдай қиянат жасамауға , қылаудай кір түсірмеуге талпынғаны анық.Көзі тірі болса биыл жетпістің бесеуіне келетін асыл аға хақында естелік айту үшін сөз кезегі Светлана Әбенқызына беріледі.



1-жүргізуші : Өмірі - өнерге, өнері - өлеңге айналған Әбен ата арманына өршілдікпен ұмтылған оптимист, оймақтай ойдан , түймедей түйін жасайтын ақынымыз көрермен көзайымына айналып, халқының бата - алғысына ие болып, жүректі тербеген, өмір өзеніне айналған өрнекті өлеңдері поэзия сүйер қауымға жақсы таныс. Иә, жүрген жерін жырға бөлеген ақындығының өзі, жұмбақ дүние десе де болады. Ендеше жыр- қазына сырын ұғуға ұмтылайық!

2-Жүргізуші: Табиғатынан суреткерлік қасиеті басым ақын бұл күндері өз талантын алыс-жақынға түгел танытқан беделді де еңбеккер жан еді.Әсемқоңыр әуенінен танбаған жетісулық көрнекті ақын Әбен Дәуренбековтің өмірі мен шығармашылығы хақында « Әбен ақын» атты бейнесуреттер назарларыңызға ұсынамыз.

( слайд көрсетіледі)



3-жүргізуші: Әбен Дәуренбековтің қасиетті қаламынан тамған жыр тамшыларын   көпшілік қауымға тарту етер сәтте келіп жеткен сияқты . Өмірін өлеңмен өрнектеген, поэзияны пір тұтқан ақын шығармаларына кезекті берсек қалай болар екен?


1-жүргізуші: Бақыт қонған байтақ өлке, бай дала,

Сыр толғайды, жыр толғайды айнала,- деп ақын ағамыздың өзі жырлап өткендей, туған жерін сөйлете жырлаған ақынның туған жер ,тіл мен діл жайлы потриоттық әндер топтамасын назарларыңызға ұсынбақпыз.


2- жүргізуші: Замандас та болғам жоқ Пушкинменен,

Бақталас та емеспін ешкіммен мен.

«Мыңмен жалғыз алысып» көргенім жоқ,

Баладаймын әлі де ес кірмеген.. – деп ақын өзі айтып кеткендей, көңілі баладай, пейілі даладай жанның жырларының оқу беташары ретінде барысында, ақын ата атындағы мектебімізде жырмен сусындап өскен Әбен ақын ұрпағы - жиен немересі Кенжебекова Мадинаны «Жеті атамның жері еді» өлеңімен қарсы алайық!

Бір топ оқушылар шығады. (Мектеп оқушылары патриоттық өлеңдерді оқиды)

Оқитындар: 1. «Қалқыған бір құс едім көгінде мен» Е.Серіков

2. «Жүрегі- жүзе жекжат, мыңға бауыр» М.Мелісов

3.«Тамшыбұлақ» Н.Бейсембаева

4. «Белжайжау» Д.Жексембаева

5. «Ана тілім» М.Нұркамал

6.«Қыс дейтұғын қылшылдаған қылыштан» Ә.Төлегенқызы




3-жүргізуші: Қара өлеңнің қара нары, қарапайым ғана тіршілік кешіп, өмірді өлеңмен өрнектеген Әбен ақын жайлы айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов: «Әдебиеттің ақтангері ,аузын ашса, жақұт жыр төгіліп, кісілігіне кір жұқтырмаған дара тұлғаның жарқын бейнесі , інжу- маржан жырлары оқырман жүрегіне мәңгі сақталып қалады.»-дейді. Біз ақын жырларын сағынамыз, сарғаямыз, жырларын оқып мауқымызды басамыз.

«Мерекең сенің » өлеңі оқылады Сүлеймен Аяжан

1-жүргізуші:Ақын ағамыздың көзі тірісінде «Көңілашар» бағдарламасында жанды дауысымен оқыған бейнетаспаны назарларыңызға ұсынамыз.

(Бейнетаспа көрсетіледі)

2-жүргізуші: Саусағыңды саусағым сипап еді, Мәдинә,

Саусақтарың не деген шипалы еді, Мәдинә!

Аңсау мен сағыныш, қимастық сезім пернелерінен төгілген махаббат туралы жырлары да кіршіксіз, айтарын аймалап, мәпелеп жеткізеді, шуақты күйге бөлейді

3-жүргізуші: Олай болса, кезекті махаббат топтамасында көркемсөз оқуға бір топ оқушылар ортаға шақырылады. Әбен ағаның достық, жастық шақ, махаббат тақырыбына байланысты өлең-жырларын қабыл алыңыздар!

(Мектеп оқушылары достық, жастық шақ, махаббат тақырыбына өлеңдерді оқиды)

Оқитындар:

«Мәдина» Елдос Қырықбай (Сахналанған көрініс)

2. «Соншама неге жаным сырғақтадың» А.Арыстанбекова

1. «Бұрылмай бұра тартар жол аяғы» Майра Қадылбек

5. «Мейірлене күн қарады күлімдеп» Дана Жампейісова

6. «Махаббат әнін көп айтып» Іңкар Айтхожина

3. «Көктем еді» Нұрмұхамбетова Аружан, Ғ.Айтқұлов (сахналанған)

4. «Болсаңда қаншалық қырсық адам» А.Камалбекова

(Мектеп оқушылары достық, жастық шақ, махаббат тақырыбына өлеңдерді оқиды)

2-жүргізуші: Ұмытқан жоқ азамат,

Ұмытпайды.

Бақытына басқаның құнықпайды

Ерте ме кеш сол жерге,

Өмір заңы

Өзін дағы мәңгілік құлыптайды


3-жүргізуші: Мен өмірді, өмір мені ұқпай ма,

Әлде даусым биіктерден шықпай ма?

Күшті еді ғой мендегі ұлы махаббат,

Оны білер бұл күндері жұрт қайда?


  1. жүргізуші: Қыздар! Сахнаға менсіз шығып, өмір жайлы Әбен ағамыздың өлеңдерін айтып тұрғандарыңа қарағанда өмір туралы өлеңдер топтамасына кезек беретін сияқтымыз ғой. Мүмкін... Терең жазылған кітаптарды оқып-тоқу да терең ойлануды керек етеді ғой. Ол үшін сол тұңғиыққа жүзуің , күш жұмсауың керек.Бір ғұлама адам «Үлкен әдебиеттсіз өркениетке жету жоқ» деген екен. Өлеңсіз үлкен сезім жоқ, сондықтан , өлеңнен қадір кеткен жоқ.

  2. жүргізуші: Ақсу жақта асқақтаған әнім-ау, мүмкін емес сені қазақ танымау,- деп қара өлеңнің қабырғасын сөге жырлаған еді. Сыңар аққу жалғыздықты іздеген көңілден туындаған жырларын қабыл алыңыздар!

  3. жүргізуші: Сахнаға дәл өздерің секілді өлең, өмір жайлы сыр шертетін ұл-қыздарымызды шақырайық.

(Сахнада «Өмір» туралы өлеңдер оқылады. )

«Өмір жайлы...» өлеңдер тобы


Оқитындар: 3.«Өмір -сабақ» А.Оразбайқызы

1. «Өмір-ай» Әбек Аружан , Шалабаева Диана

2. «Төгетін кейде жасымды» Кисметова Әнел

6.« Қызықпай байлыққа да, мансапқа да...» Ерназар Манап

4. « Құласа, құласын деп алдыңғы арба» А.Аманбаева

5. «Мен өмірді ,өмір мені ұқпай ма?» Д.Алпысбаев

7.«Дүние көз алдымда шыр айналып» А. Айтқазы


1- жүргізуші: Өлеңге есесі кетпеген, Әбен ағамыз :

Қалмапты ғой қалтамда қара бақыр,

Заман озып зуылдап бара жатыр.

Түкке тұрмас түбінде қу тіршілік,

Түбіңе бір жетеді қара да тұр,- деп жыр жазуына түрткі болған да сол өтпелі заман , түрлі сезімдер еді. Түршілік түйткіліне мойынсұнбаған жан жақсы өлеңдер жазды. Құйма құлақ жастары бар жерде жауһар жырларын оқиды да. Жырсүйер қауымның ілтипатына бөленеді.


2-жүргізуші: «Ақын- тағдыр» атты арнауында Ахмет Кендірбекұлы былай дейді:

Ойымды түсінбеңдер жансақ қана,

Жырымды жүгіртпеңдер сан саққа да.

... Жыртықты жамауменен кетті-ғұмыр,

Амал не, «өтсем деп ед ән сап қана»!

3-жүргізуші: Ақын Ислам-Ғали Үркімбайұлы аяулы ақын жайлы «... жазып кеттің» деген арнауында:

Ырғағынан жаңылмай ырым қыл да,

Әр сөзінің бағалап бірін мыңға .

Әруағына дұғаңды қайырған соң,

Ақыныңның ағайын, жырын тыңда! -деген екен.

1-жүргізуші: Ақынды құрмет тұтқан , аға ретінде сыйлап өткен ,шығармашылығына құрметпен қарайтын ақындардың арнау өлеңдерін тыңдасақ!


1. Әміре Әріннің «Әлемді сыйлап Мадина қызға» өлеңі

2. Ахмет Кендірбекұлы «Ақын -тағдыр» өлеңі

3. Ислам-Ғали Үркімбайұлы « ... жазып кеттің»


2-жүргізуші: Әбен аға сыр сандығы, жыр сандығын ашса ішінен жібек жырға ораған назы, қуанышы мен кейісі, сағынышы мен аңсар арманы, беймарал күйі мен беймаза көңілі, елге, жерге, анаға, жарға, балаға деген махаббаты, досқа пейілі, сәбиге мейірі, сезім иірімдері, көңіл толқыны, ұлы даланың ұлағаты, қазақы қасиет бәрі-бәрі сиқыршының түрлі-түсті жібек жіптеріндей тарамдала тарқатылады.



3-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова апайымыз ақындар туралы ой толғап отырып, «Қазақтың Әбен Дәуренбеков деген мықты ақыны» деп бағалаған екен. Ол кісінің ондаған өлеңіне көрнекті сазгерлер жазған әндерді Мақпал Жүнісова бастаған танымал әншілердің үлкен сахналарда тамылжыта орындап жүргені де біз үшін зор мақтаныш.

1-жүргізуші: Сәнін берсін Сәкеннің,

Әнін берсін Күләштің, туысқандар-ай, - деп айтылатын әйгілі әнді күнде естіп, тойларда ылғи айтып жүрсек те сөзі өз ағамыздікі екенін кейінірек біліп, таң-тамаша боламыз.

2-жүргізуші: Әбен атамыздың сөзіне жазылған «Ауылдағы той» атты әнін қабыл алыңыздар!



3-жүргізуші: Өзі кетсе де соңында ұрпағы айта жүретін ағамыздың өлместей мұрасы, өлең-жыры қалды.Ақын ағамыздың мәңгілік өшпейтін, жұлдыздай жарқырап тұратын екінші өмірі басталды. Көзі тірісінде-ақ бар болмысы аңызға айналған Әбен ағаның есімі бүгінгі ұрпақтың есінде мәңгі қалатынына біз де сенімдіміз.

1-жүргізуші: Таңнан басталып мөлдір тамшымен жалғасқан ақын поэзиясының жауһарлары біздің қолымызда. Әбен ақын дегенде бойын жасырып жүретін шын тұлпарлар елестейді. Ол кісі бес күнгі жазғандарын он күн ұрандататындардың қатарында емес еді. Содан да болар, Әбен аты поэзияның шын жанашырларының арасында танымал болғанымен, жалпыхалықтық деңгейге көтерілді дей алмаймыз. Рас, өлеңдеріне жазылған әндері ақынның есімін мәңгі асқақтатты.



2-жүргізуші: Су іштім бұлағыңнан сұр құлын боп,

Аңсамай жүрген соны бір күнім жоқ.

Туған ел, тұлғам биік болмаса да,

Төсіңде тұрсам болды бір гүлің боп.



3-жүргізуші: Өзіне деген талабы, жырға деген талғамы жоғары ақын өз биігінде қалықтап өтті. Талай саусақтың дөп баспаған бір пернесінің салдарынан, талай күйшінің таппай кеткен сиқырлы үнін Әбен поэзиясынан табуымыз , оның шынайы шеберлігінің белгісі болса керек.

1-жүргізуші: Құрметті жыр сүйер қауым! Не нәрсенің бастауы болатын сияқты, соңы да келіп жетеді. Біз бүгін есте қаларлықтай жыр кездесуіміздің аяғына келіп жеттік. Бірақ өмір мұнымен тоқтап қалмайды.Жер анамыздай мәңгілік дөңгелеп айнала береді, сол тірлікте алдан күтер қуаныштарымыз көп болсын!

2-Жүргізуші: Осы жерде отырған барша қауымға амандық-саулық тілейміз, қазақ деп аталатын ғажайып жұрттың кең жүрегіндей болып, молшылыққа толы мерейлі тірліктеріңіз гүлдене берсін!



3 -Жүргізуші: Бүгін, міне, ақын ата,

Орындалды арманың.

Ұрпақтарың биікке өрлеп ,

Шыңға ғылым самғады.

Қиындықтар мойытпасын,

Асуларды біздерді.

Әрқашан да ақын ата,

Әрқашан да қолдасын ! дей келе, Тақырыбы «Қызықпай байлыққа да, мансапқа да, Өмірден өтсем деп ем ән сап қана » атты Әбен Дәуренбековтің 75 жылдығына орай әдеби кешімізді аяқтамақпыз.

1-жүргізуші: Ат салысып, белсене қатысқан оқушыларға алғысымызды айтамыз. Уақыт бөліп, арнайы келіп отырған құрметтті қонақтармызға көп-көп рахмет. Келесі жыр кешінде кездескенше қош-сау болыңыздар! (Бірге айтылады.)















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Ботаева Мария Данабатшаевна

Дата: 20.11.2015

Номер свидетельства: 255838


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства