kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?ркем с?зді? шебері (?деби кеш)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:        К?ркем  с?зді?  шебері                     03.04.14ж.                                  

 А.?лімбетов  атында?ы  жалпы  орта  мектеп  кітапханасында  Б.Майлинні?  туыл?анына  120 жыл  толуына орай « К?ркем с?зді?  шебері » атты  ?деби  кеш  ?ткізілді.                                                                 

Ма?саты:  О?ырмандарды ?аза?  ?дебиетіні?  ірі  т?л?асы  Бейімбет  Майлинні?  ?мірі  мен  шы?армашылы?ын  таныстыра  отырып, білімдерін  ке?ейту, шы?армаларымен  толы?  таныстыру.Жазушыны?  жанр  шеберлігінде  жеткен  жетістіктерін  таныту, шы?армаларын  о?ыта  отырып  іздендіру. Шы?армаларын  о?у  ар?ылы  жас  ?рпа?ты ?з хал?ыны?  тарихын,  тегін, салт-д?ст?рін, ата-анасын, тілін  ??рметтеуге т?рбиелеу.                                                                                                                     

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?ркем с?зді? шебері (?деби кеш) »

Әдеби кеш

Тақырыбы: Көркем сөздің шебері 03.04.14ж. А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектеп кітапханасында Б.Майлиннің туылғанына 120 жыл толуына орай « Көркем сөздің шебері » атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарды қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, шығармаларымен толық таныстыру.Жазушының жанр шеберлігінде жеткен жетістіктерін таныту, шығармаларын оқыта отырып іздендіру. Шығармаларын оқу арқылы жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін , салт-дәстүрін, ата-анасын, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекілігі; « Қара сөздің шебері» атты кітап көрмесі, Ұлы тұлғалардың, ақын-жазушылардың жылы лебізді естеліктері./ слайд арқылы/,бейне жазбалар, интерактивті тақта, слайдтар.

Кітапханашы: «Қазақ әңгімесі»дегенде алдымен Б. Майлиннің есімі тілге оралады. Бұл қаламгер әңгімені сан жағынан да, сапа жағынан да жазушыларымыздың бәрінен көп жазды, келістіріп жазды.» -дейді Темірғали Нұртазин ағамыз. Ендеше жоспарымызбен таныс болайық.

Жоспар Кіріспе 1. Б.Майлиннің өмір жолы. 2. «Қара сөздің шебері» көрмемен таныстыру. 3. Видео «Б.Майлиннің туылған күні» Негізгі бөлім 1.Б.Майлиннің шығармалары мен өлеңдері 2. «Шұғаның белгісі» повесінен үзінді 3.Б.Майлиннің «Қарынға» сатиралық шығармасы /бейне жазба/ 4.Б.Майлин «Күлпаш» әңгімесінен сахналық қойылым. /мұғалімдер/ 5.Видео «Зұлмат жылдар» Қорытынды Замандастар айтқан пікірлер









Кітапханашы. Қайырлы күн, қадірлі қонақтар,ұстаздар,оқырман қауым! Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру,ақын-жазушылардың шығармаларымен кеңінен таныстыру мақсатында білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп кітапханаларында 10.03 -10.04.14ж. аралығында кітап айлығы өтуде. Біздің бүгінгі кешіміз отыз жетінші жылдың қанды қырғынына ұшыраған, есіл ерлерімізді - Үш бәйтерек... Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров сынды халқымыздың біртуар ұлдарын еске аламыз. Олар ұлтының, елінің жарқын болашағынан үміт артқан, сол ұлы мақсат жолында талмай еңбек еткен арыстар еді. Міне солардың бірі қазақтың көрнекті жазушысы қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 120 жылдық мерейтойына арналады. Кешімізді ары қарай жүргізу үшін Сейдахмет пен Қазыбекті шақырамын. Сейдахмет: Қайырлы күн , құрметті ұстаздар мен оқырмандар. Президентіміз Н. Назарбаев; «Құдай қазаққа қырын қарамаған ; пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, асты-үстін толтырып кен берген, мейірбан,ақкөңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген »- деген сөзі бар. Осы ерлердің бірі мен бірегейі болып қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, көркем сөз зергері, теңдесі жоқ көркем шығармалардың авторы Б. Майлинді айтамыз. Қазыбек: Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург Б.Майлин – сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын. Замандастары. «Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді», - деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай. Ол - өз ұлтының, қазақ халқының рәмізі бола білген арыс. Бүгін біз сіз туралы тебіреніп, толғанып, біздерге қалдырған қасиетті мұраңыз жайлы сыр шертпекпіз. Қазір сіздердің назарларыңызға «Таңшолпан»бағдарламасында көрсетілген бейне жазбадан үзіндіні ұсынамыз.

1-оқушы; Бейімбет /Бимағанбет/ Жармағанбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай обылысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде /қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин атындағы ауылда/ туған. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байды сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді. Жетіге жеткен соң, өзі де сол байдың қозысын бағып, кейін атының делбесін ұстайды. Жоқшылықтың ащы





дәмін ерте татқан жас бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, оның;

Өмірімде көргенім - күңдік, құлдық, Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұңдық?- деген сырын жанымен ұғады. Әжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері болса керек ,Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып, өлеңге әуестенеді.

2-оқушы; Б.Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды.Содан соң есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген татар мұғалімнен дәріс алады. Одан әрі іргелес көрші ауылдағы басқа бір Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесіне түсіп, екі жыл /1910-1912/ оқиды. /«Шұғаның белгісіндегі» бас кейіпкердің учитель болуы және Әбдірахман атануы тегін емес-ті./ 1913-1914 жылдарда Майлин Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, одан кейін Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияда оқиды. Сол жылдары медресе шәкірттерінің әдеби үйірмесіне қатысып, өзі секілді талапкер жастармен бірге «Садақ» атты қолжазба журнал шығарысады. 3-оқушы; «Садақтың» әрі редакторы,әрі белсенді авторы болған Бейімбет осы журналдың 1914 жылғы үш санында өзінің тырнақалды прозалық туындысы «Шұғаның белгісін» жариялайды. Бұл «Ғалия» шәкірттері мен ұстаздарының арасында авторының атын шығарып, талантын танытқан тамаша шығарма болатын. Б.Майлиннің медресеге сабақ беретін белгілі татар жазушылары Мәжит Ғафуримен, Ғалымжан Ибрагимовпен шығармашылық байланысы, медреседе өзімен бірге оқитын башқұрт ақыны Сайфи Құдаш пен Мағжан Жұмабаев та осы медреседе қатарлас оқыған. Осы жылдары орыс тілін үйреніп, орыстың классикалық әдебиетімен танысады. Бірақ ол денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмайды. Емделу жағдайымен Троицкіге барады./1915ж./ онда «Айқап» журналына өлеңдер бастырып, журналдың шығарушылары;Мұқамеджан Сералинмен, өте дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровпен жүздеседі. 4-оқушы; 1916 жылы еліне келіп, 1919 жылға дейін қаламгерлік қызметімен қатар ауыл жастарына ұстаздық етеді. Өмірі мен өнерін біржола Қазаннан кейінгі жаңа заманға бағыштаған Бейімбет Майлин 1919-1921 жылдары ауылдағы Кеңес жұмысына араласады. 1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, «Ауыл» деген жаңа газет шығарысады. Көптеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі «Раушан-коммунист» хикаяты осы газет бетінде жарық көреді. 1925 жылы Өлкелік өкіметтің арнайы шақыруымен республиканың сол





кездегі астанасы Қызылордаға келіп, қайтадан баспасөз және баспа орындарында әр алуан қызметтер атқарады. 5-оқушы; 1934-1937жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып істейді. Ерен талант, біртоға мінезді ерінбейтін еңбекқор жазушы 1937 жылғы 6 қазанда Б.Майлинге «халық жауы» деген жалған айып тағылып, жазықсыз қамауға алынды. 1938 жылдың 26 ақпанында, осы айыппен ату жазасына кесілді. Қаламдас, түйдей құрдас-достары С.Сейфуллин, І. Жансүгіровтермен бірге тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.

Кітапханашы; Жазудан жалықпайтын майталман суреткердің туған елінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі өмірін, ондағы өзгрістер мен олардың терең себептерін жетік білетін сұңғыла талант иесінің қаламынан туған өлең , поэмалары, соның ішінде,әсіресе төңкерістен кейінгі қазақ кедейінің типтік бейнесін табиғи сомдаған «Мырқымбай» топтамасы,қысқа да қызықты әңгімелері, әйгілі «Шұғаның белгісі», «Раушан- коммунист» хикаяттары, «Азамат Азаматыч» романы, «Талтаңбайдың тәртібі», «Майдан», «Неке қияр» т.б. драмалары- бәрі жиналып келіп, ауыл өмірінің біртұтас көркем күнделігі, ғажайып суреттің шежіресі іспетті. 1933-1936 жылдары жарық көрген төрт томдық шығармалар жинағын қоса алғанда, көзі тірісінде Б.Майлиннің елу шақты жеке кітабы шыққан. Бұл жағынан кезінде оған теңдес басқа қазақ қаламгері болған емес. Көрме: «Қара сөздің шебері» атты көрмеден Б.Майлин жайында толық мәлімет ала аласыздар.

Сейдахмет: Б.Майлин, қазақ қаламгерлерінің көпшілігі сияқты,жазуды ақындықтан бастаған. Б.Майлиннің қазақ поэзиясындағы орны, үлесі, шеберлігі, мінсіз көркемдігінде емес. Оның өзіне ғана тән өзгешелігінде. Атап айтқанда, жырлаған тақырыбы мен сомдаған бейнелерінде. Қазыбек: Бейімбет сол замандағы қазақ ауылының тұрмысын,ауыл адамдарының мінез- құлқын қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған ауқымда, терең білгірлікпен және шыншылдықпен жан-жақты суреттейді. Ендеше кезекті өлеңдеріне берейік. 1.Жағалбайлы Әсем ; Хан күйеуі . 2.Индира; Ұлы топтың алдында. 3.Хажым Мұсабек; Кедейге. 4.Мәлік Жанна; Қарындастың хаты . 5.Ақжарқын; Біздің келін. 6.Айтуар Аружан; Бүгін.





7.Араш Қазыбек; Мырқымбай . 8.Индира; Шоңмұрынның қыздары. 9..Хажым Мұсабек Ыбыраймыз,Ыбыраймын. Сейдахмет: Ән. «Бірлігіміз жарасқан» орындайтын Мұрат Назерке. Сейдахмет: Қазақ әдебиетінде әңгіме жанрын дамытып,жаңа қырынан көтерген жазушылардың алдыңғы легі Б.Майлиннен басталады. Б.Майлин әңгімелерінің тақырыбы- ауыл өмірі. Қазыбек: ХХ ғасырдың бас кезіндегі аласапыран заманды (маусым жарлығы,патшаның құлап, кеңестің орнауы, ақ пен қызыл соғысы,байларды тәркілеу,колхоздастыру,ұжымдастырут.б.) қазақтың қабылдауы, түсінуі,халыққа жат әдет-ғұрыпты күшпен таңу, оның нәтижесі жазушының әңгімелерінде нақты суреттелген. Жазушының әңгімелерін тұтастай жинақтаса, сол кезеңдегі қазақ кедейінің жан-жақты бейнесі ашылады. Жанна; Б.Майлин «Шұғаның белгісін» жазып, қыз теңдігі, бостандығы тақырыбын туынды еткен. Кедейден шыққан Әбдірахман деген мұғалім жігіт Есімбек деген байдың Шұға деген сұлу қызына ғашық болады. Жігітті қыз да сүйеді. Бұл әрине байларға ұнамайды. Олар жала жауып Әбдірахманды айдатып жібереді. Бұған күйзелген Шұға айықпас дертке ұшырайды. Қызының халіне қиналған Есімбек болысқа айтып, Әбдірахманды амалсыз босаттырады. Әбдірахман сүйікті Шұғасын көруге асығып келсе,қайран ару бұл дүниемен біржола қоштасқан екен, оның өзіне жазып қалдырған хатын оқып, көз жасы көл болады.

Біржан: Әбдірахман: «...Сіз бір айсыз нұрландырған аспанды, Буландырған,уландырған жас жанды. Біз бір ғаріп паналаған саяңда Жас жүректе мықты жара басталды! Кірді нұрың, отты жақты ішіме, Көтерем деп сене алмаймын күшіме. Бірінші зар шықты тілден мұңданып, Бұдан бұрын айтылмаған кісіге. Жас жүректің жалқынды деп тілегі, Жарамдысын сізден қалап тіледі. Әзіріне үміт қаптың тауындай, Жазмыс түрін жауап қайтса біледі. Минут, сағат, күндік, айлық қол емес, Тілейтінім, жүдейтінім ол емес. Көрсе қызар, антын бұзар қылжақпас, Тұрлауы жоқ әсіре қызыл мен емес.





Бір көргенде сиқырланып ақыл-ой, Бал сөзінде қалды ынтам бір қанбай. Қырық бүктеліп келсе хатың тұмардай, Жылы жүзбен көңілді жай қылардай. «Болад»деген жалғыз ауыз сөз тапсам, Көңіліме сақтар едім құрандай...»

Жанна: Шұға: «...Әуре боп неге біткен ажар-көрік, Ішіңе от түсірдің қалқам көріп. Гүдену жас өмірде мақсұт боп ед, Серттесіп ,қол алысып, уәде беріп. Жолыңа құрбан қып ем жан мен тәнді, Дариға, айтылған серт болмай қалды. Көре алмай ақтық минут дидарыңды, Арманда жан тапсырған мен бір зарлы!.. Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың, Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын. Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз, Астында ақ туының пайғамбардың!..»

Сейдахмет: Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің хас шебері. Әңгіме жанрын ерекше әрлеп, классикалық биікке көтерген қаламгер қолтаңбасының ғасырдан ғасырға жалғасып отырғаны да осы көркемдік шеберлігінің жемісі. Ендігі кезекті әңгімелеріне берейік. 1. Кедей теңдігі. Аружан. 2. Баянсыз бақ. Индира. 3. Даудың басы Дайрабай. Ақжарқын. 4. Айт күні. Перизат. 5. Раушан коммунист. Әсем. Қазыбек: «Қарынға» сықақты өлеңін интерактивті тақтадан тамашалаңыздар. /интерактивті тақтадан көреді/ Сейдахмет: «Күлпаш» әңгімесі /1922/ автордың өмір өрнегін өз болмысымен бере білген, әсіресе ел басына түскен ашаршылықтың шындығын шынайы көрсеткен өлмес шығармаларының бірі. Әңгіме адам жанының қатпарлы сырын ашудағы көркемдік әдістерінің орын табуымен айшықталады. Тірі жанның тірлігі, аштық алдындағы дәрменсіздік, ұлы мен күйеуінің аштықтан аман қалуы үшін Күлпаштың ойда жоқ әрекетке баруы. Жазушы мұның бәріне оқырманды иландырады, осы бір шиыршық атқан сәтті жетеге жететіндей дәрежеге көтереді. Сананы билеген тұрмыс тауқыметі Күлпашты күйеуі мен баласын тастап,басқа біреуге ерге шығады. «Күлпаш» әңгімесінен қойылым. Мұғалімдер сахналандырады. Видео «Зұлмат жылдар» интерактивті тақтадан қойылып тұрады.







Қазыбек: Замандастар айтқан пікірлер. /слайд/

Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар,адам бейнесі, қарым-қатынастары әрдайым нанымды болып шығады,және бұл шығармалардың түр үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады. Мұхтар Әуезов.

«Шұғамыз» -театрдың үлкен бір ойыны. Бұл-драма күйінде үлкен шығарманың бірі. Бұл-бір дәуірдегі бай мен бұқараның тұлғасын көрсетеді. Ілияс Жансүгіров.

«Қазақ әңгімесі» дегенде алдымен Бейімбет Майлиннің есімі тілге оралды. Бұл қаламгер әңгімені сан жағынан да, сапа жағынан да жазушыларымыздың бәрінен көп жазды, келістіріп жазды.

Темірғали Нұртазин.

Кітапханашы: «Өзі өлсе де сөзі өлмейтін» сирек талант иесінің шығармалары келешек ұрпақтың жүрегінде мақтанышпен мәңгі сақтала бермек деп кешімізді аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
К?ркем с?зді? шебері (?деби кеш)

Автор: Чукманова Аманкуль Мирзалиевна

Дата: 09.03.2015

Номер свидетельства: 183589


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства