kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Кішкентай білгірлер" ойын бай?ауы

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??а?али Ма?атаев а?иы? а?ын

Д?кен негізгі мектебіні? бастауыш сынып м??алімі Мусина Г?лбану. 2015-2016 о?у жылы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Кішкентай білгірлер" ойын бай?ауы»

Сабақтың тақырыбы: «Кішкентай білгірлер» ойын - байқауы

Мақсаты:

1) оқушылардың білімдерін ойындар арқылы тексере отырып, толық жауап алуға, басқалармен санасып, ортақ шешімге келе білуге, өз беттерімен жаңаны қабылдауға үйрету;
2) оқушыларды топпен жұмыс жасауға дағдыландыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, әсемдік талғампаздылығын, өз ойын анық жеткізу, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту;
3) оқушыларды әдептілікке, бірлікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: ойын
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру: сәлемдесу, сабақтың мақсатын ашу, шарттарымен таныстыру, әділ қазылар алқасын сайлау.
2. Жарыс ұйымдастыру
3. Жеңімпазды анықтап, құттықтау.

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сізге құрметпен қол соғылады.
Ойынымыз 6 кезеңнен тұрады.
1 - кезең. « Бәйге». Ауызша сұрақтарға жауап беру.
2 - кезең « Өнерпаз болсаң». Патриоттық әндер минусовкасы беріледі. Қандай ән екенін табу және қосылып айту.
3 - кезең. «Қызықты ұяшық». 12 ұяшықтан таңдап алынған сұрақтарға жауап беру.
4 - кезең. «Сен білесің бе?» Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері мен ақын жазушылардың суреттері көрсетіледі атын және қай қалада орналасқанын тауып айту керек
5 - кезең. «Жанды сұрақтар». сұрақтар қойылады.
6 - кезең. « Жорға»

Ойынның шарты: Алғашқы 2 кезеңге 7 оқушы қатысады. 2 - кезеңнен кейін ұпай саны аз 2 оқушы ойыннан шығады. 3 - кезеңнен кейін ұпай саны аз 1 оқушыны шығарып саламыз. 4 - кезеңнен кейін 1 ойыншы ойыннан шығады. 5 - кезеңде 1 ойыншы ойыннан шығады, Соңғы кезеңнен екі оқушыдан жеңімпаз анықталады.
Сәт – сапар тілеп бәріңе,
Сайысты біздер басталық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып - деп біз ойынымызды бастаймыз.
I – кезең. « Бәйге». Ауызша сұрақтарға жауап беру. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай.
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қай кезде аталып өтеді?
( 1 - желтоқсан)
2. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім? (Ы.Алтынсарин)
3. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынұлы)
4. Өмірде болған адамның басынан өткен әңгімені не дейміз?
5. Қ. Р – ң тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 - желтоқсан)
6. Н. Ә. Назарбаев қашан, қай жерде дүниеге келді?( Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы 1940ж. 6 - шілде)
7. Ғарышта Абайдың қандай әнін, қай ғарышкер орындаған?
(Талғат Мұсабаев Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады)

8. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім қай жылы ұшты?(1991ж. 2 - қазанда Т. Әубәкіров)
9. Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады? ( Парламент)
10. Семей полигоны қай жылы жабылды? ( 1991ж. 29 - тамыз)
11. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге айналымға қашан келді? (1993ж. 15 - қараша)
12. «Мүйізі айдай иілген

Мұрынын көкке шүйірген» не? (сиыр)
13. Желдің күшін және бағытын анықтайтын құрал (желбағар)
14. «Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды» деген жолдарда жылдың қай мезгілі сипатталған? (Қыс)

15. Шығармадағы екі немесе бірнеше адамның өзара сөйлесуі қалай аталады. (Диалог)
16. Табиғаттағы өзгерістердің барлығы бір сөзбен қалай аталады (табиғат құбылыстары)

17. 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)
18. Қосу амалына кері амал (азайту)
19. Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы және оның мәні қалай аталады (үшбұрыштың периметрі)
20. Шанаға қосарланып жегілген үш ат 30 км жүріп өтті. Әр ат неше километр жүріп өтті. (30 км)
21. Мақсат ойлаған санына 26 қосқанда 70 шықты. Мақсат қандай сан ойлаған. (44)

II - кезең «Өнерпаз болсаң»
Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар.
«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар,
Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Екінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең – деп «Өнерпаз болсаң» деп келесі кезеңге көшейік.
Ойынның шарты: Патриоттық әндер минусовкасы беріледі қай ән екенін анықтап, қосыла айту керек.

Талапты бала талпынған құстай
Құмары қанбас аспанға ұшпай.
Талапты оқушыларымыздың 2 кезеңде жинаған ұпай сандарын есепші хабарлайды. Ұпай сандары аз 2 оқушы ойыннан шығады.
« Шын ер жеңсе тасымас, жеңілсе жасымас» демекші ойыннан шыққан оқушыларымызды шығарып саламыз.
III – кезең. « Қызықты ұяшықтар». Шарты: 12 ұяшықтан таңдап алған
сұрақтарға жауап беру.
Ғылым 10 20 30 40
Тұлға 10 20 30 40
Спорт 10 20 30 40
“Ғылым”
10. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика )
20. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология )
30. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )
“Тұлға”
10. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР - ның Халық Қаһарманы (Т. О. Әубәкіров )
20. Еліміздегі жетім балаларды қорғау үшін құрылған «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті (С. А. Назарбаева)
30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, (Қ. И. Сәтбаев )
«Спорт»
10. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )
20. Азиада - 2011дің нышаны ретінде қандай жануардың бейнесі таңдалды? ( ілбіс)
30. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион).

Ұпай саны аз 1 оқушы ойыннан шығады.
4 - кезең. «Сен білесің бе?» Экраннан Қазақстанның көрікті жерлері мен ақын жазушылардың суреттері көрсетіледі атын және қай қалада орналасқанын тауып айту керек. 10ұпай.
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.
Келесі кезекте ұпай сандары аз 1 оқушыны ойыннан шығарып саламыз.
5 - кезең. «Жанды сұрақтар». Ойынның шарты:экран арқылы сұрақтарын қояды. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпаймен бағаланады.
Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып - дей келе ойыннан тағы 1 оқушыны қошеметпен шығарып саламыз.
Осы кезеңнен кейін жеңімпаз оқушыны анықтаймыз.
VII - тур. Жорға. Басталады жорға деген сайысым,
Бұл сайыста озып шығар қайсысың?
Ойынның шарты: екі ойыншымызға да 15 сұрақтан беріледі. 1минут ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.



1 - Ойыншыға сұрақ.
1. Сиырдың пірі( Зеңгі баба)
2. Жылдан құр қалған жануар( түйе)
3. Бір заттың өлшемін кішірейтетін не?( масштаб)
4. ҚР - ң мемлекеттік тілі( қазақ тілі)
5. Басты байлық ( денсаулық)
6. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды адам( Президент)
7. Қара алтын( мұнай)
8. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасына байланысты дүниеге келген ән
( «Елім - ай»)
9. 12 ай( жыл)
10. « Кел балалар оқылық!» өлеңінің авторы( Ы. Алтынсарин)
11. Алтын киімді адам қай жерден табылды? ( Есік обасынан 1969ж)
12. Абайдың әжесі ( Зере)
13. 2008 жылы жазғы олимпиада өткен қала( Қытай)
14. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? ( Керей, Жәнібек)
15. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі( карта)
2 - ойыншыға сұрақ.
1. Түйенің пірі ( Ойсыл қара)
2. Жыл басы ( тышқан)
3. Жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ жұмсақ қабаты ( топырақ)
4. ҚР – ң ұлтаралық тілі ( орыс тілі)
5. Үкіметті кім басқарады? ( Премьер – министр)
6. Ақ алтын ( мақта)
7. Жеті күн( апта)
8. Шоқанның әжесі ( Айғаным)
9. Елбасы Н. Ә. Назарбаев басына шығып Қазақстанның туын тіккен
шың. ( Талғар шыңы)
10. 30 - тамыз қандай мереке ( Конституция күні)
11. Айтыскер адам ( ақын)
12. 16 - желтоқсан қандай күн ( Тәуелсіздік күні)
13. Баланы тәй – тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең ( тұсаукесер)
14. Менің атым Қожа повесінің авторы ( Б. Соқпақбаев)
15. Қазақстанның « Швейцариясы» аталатын қала ( Көкшетау)
Әділ – қазылар алқасына сөз кезегін беріп жеңімпаз оқушыны марапаттау.
Мақтанамын кең - байтақ елім үшін,
Құнарлы мол шырынды жерім үшін.
Әрқашан биік шыңнан көрінсін деп,
Тілеймін, о, туған жер, пейілім шың – деп тәуелсіз елімізге лайық еркін де шығармашыл, ізденгіш, білімді ұрпақ болып өсіңдер. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

















Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналам.

Алдым үзіп 5-еуін

Тағы да алдым 2-еуін

Алдым сонда нешеуін (7)



Жаңа ғана шалғында,

7 бұзау жүр еді,

Әлде шаршап қалды ма?

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Жүргенін айт айырып. (6)


Ауа температурасын немен өлшейді? (термометрмен)


Өсімдіктер қалай көбейеді? (тұқым, түйнек, тамырсабақ, мұртша)


Тырылдап көкте инелік,

Инелік емес, үй делік ()


Жәндіктер мен жануарлардың белгілі бір кезеңде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласын қалай атайды? (дернәсіл)


Жемін түнде аулайтын құс? (Жапалақ)


Сөз нелерден құралады. (дыбыстардан)


Тасымалдауға болмайтын сөздер. (Бір буынды сөздер. Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер)


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары (Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов)


а + 7 а- 3 а + 2 бұлар қандай өрнектер?



















Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналам.

Алдым үзіп 5-еуін

Тағы да алдым 2-еуін

Тағы да алдым 3-еуін

Алдым сонда нешеуін























































Жәндіктер мен жануарлардың белгілі бір кезеңде жұмыртқадан жарып шыққан, әлі есейіп өспеген баласын қалай атайды?















Жаңа ғана шалғында,

7 бұзау жүр еді,

Әлде шаршап қалды ма?

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Жүргенін айт айырып. (6)












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Кішкентай білгірлер" ойын бай?ауы

Автор: Мусина Г?лбану Елемес?ызы

Дата: 26.09.2016

Номер свидетельства: 346160


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства