kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі саба?ында о?ушыларды? ??зыреттілігін ?алыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я, Ашабаева Айшагуль Нургалиевна учитель казахского языка и литературы ГКУ "средней школы №12 с дошкольным мини-центром". Классный руководитель 9 "?" класса. Достижения моих учеников  в городских олимпиадах и научных проектов "Дарын" по казахскому языку и литературы.  Изучаю турецкий язык. Люблю читать художественную литературу. В школе имеется драм.кружок "Жаркын болашак". Каждую субботу с учениками выезжаем в г. Алматы театр имени  М.Ауезова. В школе ставили спектакль "М??гілік бала бейне", "Абай", "?ыз Жибек", "Бес бойда??а бір той", "Екі ж?рек", "Екі ж?рек - 2" т.б. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі саба?ында о?ушыларды? ??зыреттілігін ?алыптастыру »



Қазақ тілі сабағында оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру

Қазіргі кезде ғылымның соңғы жетістіктерге жетуіне, ақпараттың мол болуына байланысты елімізде мектеп оқушылары үшін көптеген ғылыми шаралар ұйымдастырылуда. Олардың ғылыми еңбектері, мақалалары, зерттеу жұмыстары конференцияларда тыңдалып, өте озық ғылыми жұмыстар аудандық, қалалық, тіпті облыстық деңгейдегі ғылыми конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алуда. Сол жеңімпаздар «Алтын белгіге» де ұсынылып жатады. Орта мектептерде оқушылардың ғылыми дағдылары әр түрлі пәндер аясында, тіл, этномәдениет, жеке тұлғаларды зерттеу, өлкетану сол сияқты т.б. арқылы қалыптасады. Олардың ғылымды меңгеруі оқу бағдарламасын сапалы игеруге, жай көзбен қарағанда қарапайым және түсінікті көрінетін құбылыстар мен үрдістерді жаңаша қабылдауға үйретеді.

Мектеп қабырғасында шәкірттер игеруге тиіс маңызды шеберліктер:

  • ғылыми – шығармашылық қатынас, яғни пәнге және коммуникацияға қызығушылық таныту шеберлігі;

  • болжау шеберлігі;

  • берілген үлгіден ауытқи білу шеберлігі;

  • қиялдай білу шеберлігі;

Оқушылардың ғылыми зерттеу дағдысын қазақ тілі мен әдебиеті пәні арқылы қалыптастыруды талдап көрейік.

Мысал үшін, адамгершілікке тәрбиелеуде ақын-жазушылардың шығармашылығын кеңінен қолдану. Бұл материалдар оқушыларға адамдар, олардың әр түрлі психологиялық мінез-құлқы, экономика, мәдениет, қоғамдық-саяси өмір, тарихи кезең т.б. туралы кеңірек білуге мүмкіндік туғызады.

Мектеп аясындағы қазақ тілі мен әдебиет пәніне ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда қойылатын мақсаттар бойынша төмендегідей зерттеу жұмыстары анықталады:

  • оқушылардың ғылыми-іздену дағдысының тәрбиелік мүмкіндіктерін зерттеу.

  • оқушылардың танымдық ынталарын қалыптастыру мәселелері мен іс-тәжірибенің теорияда қарқынды даму мүмкіндіктерін зерттеу.

  • сынып оқушыларының танымдылық дағдысының қалыптасу деңгейін сипаттау және ғылыми-ізденушілік қызметтің байқалу ерекшелігі.

  • ғылыми-ізденушілік қызметтінің жоғары сынып оқушылардың танымдылық қызығушылығын қалыптастырудағы мәнін зерттеу.

  • зерттеу әдістерінің мазмұны іс-тәжірибе жүзінде мақұлдау және қалыптастыру, білім берудің қосымша түрі ретінде қабылдау.

Оқушылардың өзіндік-шығармашылық қызметін дұрыс бағытта және педагогика тұрғысынан негізді ұйымдастырса, ол шығармашылық тұлғаның қалыптасуы мен дамуының факторы болып табылады. Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарда ғалым-филологтармен, жазушы-ақындармен тығыз шығармашылық қалыптасуына айқын жағдайлар жасап, бірлескен іздену жұмыстарына қызығушылығын арттырады.

Оқушыларға жан-жақты білім беру, интеллектуалдық мүмкіндіктерін, жеке бас ерекшеліктерін дамыту үшін ұстаз оқыту үрдісінде білімді жан-жақтылау қағидасын басшылыққа алу керек. Яғни, мұғалім-озық ой мен шынайы тәжірибенің иесі. Оның негізгі мақсаты – оқушыларға сапалы білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін жүзеге асыру бағытында жеке тұлғаға шығармашылық орта туғызу.

Оқушыларға сапалы білім беретін мұғалімнің мақсаты төмендегідей болу тиіс: сабақта оқу үрдісінің озық тәжірибелерін, түрлі педагогикалық әдістерін пайдалану; жаңа педтехнологияны пайдаланудың соңғы нәтижелерін дамыту; оқушының шығармашылық жұмысына жол ашу; оқушы өзінің ғылыми таным әдістерін саралай отырып, диалектикалық ойлауын дамытуға жағдай туғызу болып табылады. Шығармашыл мұғалім іскерлігіне: оқу –тәрбие үрдісін оқушының диагностикалық зерттеу нәтижесінің негізінде құруы; оқу-тәрбие жоспарын икемді білуі; оқушыларды шығармашылық әрекетке ынталандыруы; оқушыларға ақыл-кеңес беруі; көмекші ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануы жатады. Оқытудағы шығармашылық әдісіне: оқушының бұрын байқалмаған, іске асыра алмаған мүмкіндігін ашу; оқушының өз бетінше жұмыс істеуге деген құлшынысын құрметтеу оқу жоспарын құруда оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескеру; үлгерімі төмен оқушылардың әлеуметтік мүмкіндіктерін ескеру; оқушылардың бос уақытта айналысатын істерін оқу-тәрбие үрдісімен ұштастыра білу.


Пайдаланылған әдебиет:

  1. Қазақ әдебиеті №2 2010 жыл

  2. Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл №2 2010 жыл

  3. Қазақ тілі әдістемелік нұсқау 2008 жыл. АОМКДИ










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
?аза? тілі саба?ында о?ушыларды? ??зыреттілігін ?алыптастыру

Автор: Ашабаева Айшагуль Нургалиевна

Дата: 28.01.2015

Номер свидетельства: 163092


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства