Просмотр содержимого документа
«Ғ. Қараштың педагогикаға қосқан үлесі(зеттеу жұмысы)»
Баяндама тақырыбы: Ғ.Қараштың «Педагогика» атты мақаласындағы тәрбие туралы тағылымдары.
Жоспар:
«Мұғалім» журналына жарияланған мақалалары
«Ішкі Ордалықтағы төрт жылдық бастауыш мектеп программасы»
«Жазу»
«Синтаксис»
Ғұмар Қараштың «Мұғалім» журналына жарияланған екі мақаласы бар. Соның бірі «Педагогика». Ол мақаласы «ерікті тәрбие ететін үш жолдың екеуі қысқаша айтылып өтті. Енді үшіншісі туралы сөз болып отыр.Ол үшінші жол дегеніміз- үйрену жолы» деп басталады.
Ғ.Қараш тәрбие туралы
Әрине, тұрмыстың жұмбағын һәм тұрмыстың мақсатын тауып шешу, бұл түбінде тек білімнің еншісі болып шықпайды,түптің түбінде оларды шешетін білім,ақыл емес, жақсы тәрбие деп өзінің Әл-Фарабидің көзқарасын қолдайтындығын білдіреді. Солай да болса Ғұмар Қараш педагог ретінде білімнің орнының жоғарылығын атап көрсетеді. білім ерікке дұрыс жолды көрсетеді,бұл арқылы ерік өзінің жаратылысына сәйкесетін нәрселерді таңдап алады деп белгілі бір білім саласына қабілеттің орнының ерекше екендігі туралы жазады.
Ғ.Қараш ақыл-ой тәрбиесі туралы
Баланың ақылының бірте – бірте өсетіндігін, осы мезгілде баланың пікіріне жолбасшылық ету керектігін, бірақ бұл – тәрбиенің басты бір жұмбағы екендігін айтады. Ғұмар Қараштың бұл пікірі қазіргі ғылыми педагогикадағы ақыл – ой тәрбиесі туралы ғылыми білімдермен ұштасып жатыр. Тәрбиенің басты бір жұмбағы деуі баланың ақыл-ой жұмысына басшылық етудің қиындығын ескерткені. Дұрыс мінезге әдеттену деген – үгітті тыңдау, жә болмаса, мінездің он ережесін жаттаумен шектелмейді деп тек сөз арқылы тәрбиелеудің жеткіліксіздігін айтады. Оның әдетті тудырып, дұрыс тәрбие етпейтіндігін жазған. Бұл жерде дұрыс жолымен мінезді үйрету үшін баланың жаңа өсіп келе жатқан ойшылдығына, еркіне белгілі шекте жолбасшылық ету керек деген дұрыс тұжырым жасайды.
Ғ.Қараш мінез, мінездің ішкі себептері туралы
Ғұмар атамыз адам баласының істерінің, мінездерінің түрліше болуының себептерін ашуға шақырады. «Түпкі себептеріне тереңнен түсініп, хабардар болып тұру, тура жолды табуға, адамшылықтың жетілуіне, мінездің тазалығына ұлы себеп» –деп ғылыми пікір қалдырған. Жаңылыс жолға кірген залалды мінезге даулы еріктің, ұятсыздықтың қанша әсері болса, адам қылығының себебіне түсінбеу, пікірдің тайыздығы бұ да сонша әсер береді – деп терең тұжырым жасаған. Бұл ғұламаның педагогика классиктерінің еңбектерін пайдалана отырып, қазақ болмысына икемдеп айтқан ғылыми пікірі деп есептейміз.
Ғ.Қараштың жастарды теріс мінезден сақтандыруы туралы
Адам істейтін жұмысын аудара қарап, көз жұмып істегендіктен, көбінесе өзіне, ия басқаларға зиян етеді. Айталық, адамда жастық күші бар, мұны ойламай, жеңілдікпен орынсыз жұмсаудан адам кейде өзінің саулығын жояды, кейде бүтін өмірін жоюға душар болады. Көп кісі бұны баста елемейді де, кішкене ғана жұбаныш деп ойлайды,егер жүйрік дәрігердің бұл турадағы баяндамаларын тереңнен түсінсе, бұл істің түбі адамның өмірін картаға қоятынын біліп кірісер еді. Міне, басқа жұмыстар турасында да ойсыздық-пікірсіздіктің ойнайтын ролі аз емес. Бұл қазіргі қоғамдағы кейбір теріс ағымның жетегінде жүріп, шалыс басқан жастардың құлағына алтын сырға іспеттес. Тіпті жастарды тәрбиелеуге дәрігерлерді кеңірек қатыстыру туралы тың пікір айтқан.
Өсектеу, сын тағу туралы
Ақын, педагог өсектің шығу тегіне сипаттама береді және осы жаман әдеттен баланы сақтандырудың кейбір жолдарын ұсынады. Бұл туралы «Педагогика» еңбегінде «Баста жаман ойменен емес, жеңілдікке беріліп,біреудің көңілсіз жағын айта салады, ол біреуден біреуге беріліп, өсіп, жалғаса-жалғаса ажарсыз түске кіретінін елемейді. Мұндай істерден әдетте туатын нәтижелерді балаға көрсету, әрине, тәрбиеші әр уақыт ауыздықтай алмаса да, ерте бастан баланың жинақты,әдепті болуына себеп болады» –деп тәрбиешілерді баланың сөзге үйір болмауын қадағалауын, оған жол бермеуін ескертеді.
Ғ.Қараш ұят туралы
Екінші жұмбақ-ұяттың пайда болуы. Мінез туралы дұрыс жолға қойылған үйрену өмір тұрмысының қиындығы туралы тура пікірді меншіктеуге әсер етеді. Бұл үйрену адам баласына шын бақыт мақсатын береді, басы, тұрмысы хақында белгілі бағытта берік сенім орнатады,ол арқасында адамның өз тұрмысының мақсаты шектелетін, сезілетін халге келеді.
Отбасы тәрбиесі
«Бір үйлі жанға түрлі- түрлі міндет артылады: әкенің жұмысы, міндеті бір түрлі, баланың міндеті тағы бір түрлі, шешенің міндеті үшінші түрлі. Осылар өз міндеттерін кемшіліксіз жеріне келтіріп тұрса, отбасының тұрмысы тәртіпті болмақ –деп отбасы татулығының бала тәрбиесіндегі аса зор маңызын атап көрсетеді
Ғ.Қараш тәрбиедегі үйрену әдісі туралы
Үйрену арқылы адам тұрмыстың зердеге қойған нәрселерін таңдап, ақиқатқа сәйкескенін алуға қолы жетеді. Аяғында адамға қайсы істі істеу тиіс, қайсы істі істеу тиіс емес екенін айырып, әрбір жұмысыңды сынап,бақылап тұратын бір күш, бір хал пайда қылады. Мұны «Ұят» деп атайды. Бұл үйрену, үйрету жолы кімнің тарапынан істеледі? Деп сұрақ қояды да оған Ақынның өзі «Шүбә жоқ, бұл жолды басқарушылар - ата-аналар, мұғалімдер»- дейді. Баста көздеріне көрсетіп, бұдан соң мүмкін болуынша басқа да жолдарменен реттеледі. Көріп отырғанымыздай бала тәрбиесінде бірінші орынға ата-аналарды, үлгі – өнеге әдісін қояды.
Ғ.Қараш тәрбиедегі үйрену, жазалау, түсіндіру әдісі туралы
Үйрену ретін көрсетеді: баста бірте-бірте ашық баяндап кеңейтіп, баланың ақылына сіңетін, қызықтыратын, тыятын, түзететін сөздер. Үгіт кезінде
ұрсу, жекіруге болмайтыныдын ескертеді. Бала жаза тартып болысымен оны дұрыс мінезге үгіттеуден сақтануға шақырып, оның тиімсіздігін ескертеді. керек. Баланың жазадан кейін көңіл –күйі болмай тұрғанда оны жақсы мінезге үгіттеу жақсы сөзге жиіркенуден басқа ештеңе бермейді деп жазады. Баланың ашу толқыны басылған соң, тыныш уақытта ол уақиғаға қайта оралып, оған ақыл айтуға болады деп баланы жазалау шарттары тақырыбын да көтерген.
Ғ.Қараш тәрбиеде сананы қалыптастыру әдісі туралы
Баланың қателігін бетіне баса бермей, қоршаған төңірегіндегі бір уақиғаға тіреп айту әсерлірек болуы мүмкін. Баланы неғұрлым өзінің балалық намысына тиместей тәрбиелесе, соғұрлым жұғымдырақ келеді. Үйретуде бірде көрсетіп, бірде жаттай түсіндіріп, баланың ақыл шегінің өсу шамасына қарай тұрмыстағы істерінде бала мінезін тексеріп отырудың тиімділігі туралы жазады. Сөйтіп Ғ.Қараш бұл жерде баланың санасын қалыптастыру әдістерімен қатар, мінез - құлық тәжірибесін қалыптастыру, ынталандыру әдістерін кешенді қолданудың тиімділігін дәлелдеген.
Ғ.Қараш мамандықты дұрыс таңдау туралы
«Кей мезгілде адам пікірі көпке дейін бір ананы, бір мұнаны істеуге кірісіп жүрсе де, біріне де көңіл тоқтата алмайтындығын, ақырында бір жұмысқа тірелгенде көңілі жай тауып, « Менің іздеп жүргенім осы еді» дейтін шекке келеді. Ақылдың жолбасшылығымен өзін тексеру, жұмыста ашық көрсету ретімен болғанда ғана ақыл ерікті мұндай адасулардан құтқарады» – деп жастарға мамандықты дұрыс таңдаудың негізгі жолын көрсетеді.
«Абай» журналы,
№4, 1918 жылы Семей қаласы.
“ІШКІ ОРДАЛЫҚТАҒЫ ТӨРТ ЖЫЛДЫҚ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПРОГРАММАСЫ”
Қазақ тілі (бірінші жыл)
Балаларды оқуға беруден бастап балаларды қазақ тіліндегі кітаптармен бір – бірлеп таныстыру, әрбір дыбыстың әріптерінтерін жазуға һәм кітаптан қарап, оқуға үйрету. Бір буынды сөздердегі дыбыстарды айырту, соңына екі, үш һәм көп буынды сөздерді алып, буындарға бөлдіру, буындарды дыбыстарға айырту, соған баланы жаттықтыру, дыбыстардан сөздер жасату, соларды оқыту.
Дыбыстар мен әріптерді үйретіп болған соң мынадай нәрселер оқылуға тиіс: малдың аттары, жер түгінің аттары, үй саймандары, дене мүшелері, тамақ – сусындар, ойын , ойыншықтар, киімдер, ыдыс, аяқ – табақ, жер жүзінің аттары, үй ішіндегі адамдар.
Сан есімдерді өткен кезде қазақша күн, ай, жыл аттары. Кісі аттары, тәуліктің бөлімдері, жылдың бөлімдері, кішкене хикая, тәуірлер, қысқа һәм жеңіл өлеңдер, жеңіл жұмбақ һәм мақалдар.
Бастауыш мектептерде балаларды сөйлесуге әдеттендіру, иә өздерінің ойлаған ойларын, фактілерін айтқызуға тырысу, түрлі – түрлі нәрселер туралы сұрап, балаларды жауапқа үйрету тиіс.
Мысалы, көз алдыңдағы нәрселерді санату, сурет рәсімге қаратып сөйлету, баланың һәм үй ішіндегі адамдардың күндік істеген істері туралы сөйлестіріп, жауаптарын алу. Бір баланың сөзіндегі қатені басқа баладан түзеттіру секілді.
ЖАЗУ
Балалардың қол үйренісі үшін түрлі сөздер сыздыру. Оқыған дыбыстарының әріптерін дұрыстап, сұлулап жаза беруі. Бастап жалғыз харфтерді, соңыра баста, ортада, аяқта жазылатын һәм бір – біріне қосылатын реуштерін үйрету, соңыра айырым сөздерді, қысқа сөйлемдерді бастап көшіріп, соңыра емле жолымен жаздырту керек. Көз алдындағы нәрселердің аттарын айтқызып, буындарға, буындарды дыбыстарға айыртқан соң, балалардың өзіне жаттап жаздыру. Бірінші жылда бала өзінің оқыған әріптерін, сөз һәм сөйлемдерді көшіріп те, емле жолымен де дұрыстап жаза білуге тиіс. Сөйлемдерден сөз қате қойудың тиістілігін де айтуға болады.
САРФ (Синтаксис – Е.М.)
Сөйлеу мен сөйлемді айыру, сөз бен сөздің буынын айыру. Буын мен буындағы дыбыстарды айыру. Қазақ тіліндегі дыбыстар, оларға арналған харфтер туралы ереже, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғасына һәм мағынасына қарай таптарға бөлінуі.