kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алтын сақа / Ғ.Мүсірепов шығармашылығына арналған интелектуальдық сайыс / танымдық сайыс /

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алтын сақа / Ғ.Мүсірепов  шығармашылығына  арналған

                                                                  танымдық  сайыс /

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алтын сақа / Ғ.Мүсірепов шығармашылығына арналған интелектуальдық сайыс / танымдық сайыс /»

Сабақтың тақырыбы: Алтын сақа / Ғ.Мүсірепов шығармашылығына арналған

танымдық сайыс /

Сайыстың мақсаты: Ғ.Мүсіреповтың шығармашылығына тоқтала отырып, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру. «Ұлпан» романының тарихи мәнділігін таныта отырып, шығарманың негізгі идеясын,мазмұнын ашу.

Сайыстың көрнекіліктері: сандық,асықтар,конверттер,сайыстың аты жазылған асықтар,шарлар.

Сайыстың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Құрметті ұстаздар,оқушылар! Сайыс кешімізге қош келдіңіздер! Біздің бүгінгі сайысымыз Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романына арналады. Егер дайындалып келсеңіздер еш қиындығы болмайды деп ойлаймын. Ендеше,іске сәт!


Қазір мен орталарыңызға 4 сұрақ тастаймын.Сол сұрақтарға жауап берген оқушылар сайысымыздың қатысушылары болып есептеледі.


І кезең «Табалдырық»

1.Есеней айыбы ретінде Артықбай батырға қай атын берді?

-Мұзбел

2.Есенейдің Артықбай батырдың үйіне ат ізін салмағанына неше жыл болған еді?

- Есеней ішінен қияметтік қарыздар адамының үйіне ат ізін салмағанына 13 жыл өткенін есіне алды.

3.Артықбай батырдың көңілін көтеру үшін Кенжетай нені домбыра етіп,қандай жыр айтты?

-Бұл үйде домбыра да болмай шықты.Кенжетай қамшысын бүктеп, «домбыра етті де», «Сұлушаш» жырын айта жөнеледі.

4.Төрт қос жылқысын жайып жер қарап жүрген Есенейдің қасында төрт жолдасы бар еді.Олар кімдер?

1. Ең сенімді серігі-жамағайыны, «түрікпен» Мүсірептің інісі –Кенжетай.

2. Адай елінен - аңшы Мүсіреп.

3. Руы басқа болса да, Есенейдің қоныстасы Бекента батыр.

4. Есенейдің қосалқы атын жетелеп жүретін жас жігіт, «түрікпен» Мүсірептің інісі - Кенжетай.


ІІ кезең «Әудем жер»

1.Шынар қайнысы Кенжетайды қалай еркелетіп айтушы еді?

- Тайкенже

2.Түрікпен Мүсіреп 40-қа келгенше үйленбей жүргенде,Шынарға қалай кездесіп еді?

-Жауынға тап болған Шынар шешесі екеуі Мүсірептің туған ағасы Әсірептің үйіне құдайы қонақ болып келген кезде кездеседі.

3.-Жоқ,жоқ! Иесіз демедім бе? Бұл өңірде мен білмейтін жер бар ма,тәйірі! Қасқыры мен түлкісінің ен-таңбасына дейін білемін. Құдай біледі деп айтайын «Қаршығалыда»... қанша қасқыр,түлкі,күзен,қоян бар еді?

-3 000 қасқыр, 5 000 түлкі, 12 000 күзен, 7 000 қоян бар еді

4. –Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық айырма бар.Осыны ойладың ба? Есенейдің жауабы қандай болды?

- Ойладым ,жаным.Қырық жыл болса қайтейін? Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен болып қаларсың,оған дейін сен менің Есенейім бола тұр.Мен саған сұлу деп,жап - жас деп қызықтым ба,болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба,оны өзім де білмеймін. Әйтеуір,осы түннен бастап менің Есенейім сенсің?




ІІІ кезең «Қозыкөш»

1.Есеней Ұлпанға: «Мен сені бұдан былай Ақнарым дермін!» -дейді.

Сонда Ұлпан: Түйеге теңегенің бе?-дейді. Есеней не деп жауап берді?

Есенейдің жауабы: Аузыма құдай салған шығар, қазақтың нардан қасиетті , нардан күшті, нардан сұлу, нардан қадірлі несі бар! –деп жауап береді.

2.Түрікпен Мүсіреп Шынарға қосылғаннан кейін Ұлпандарға Тобыл қаласында жолығады. Тойды неге кейінге қалдырдыңдар дегенде «Жоқ жерден нәрестелі боп қалдық.Ұл-қыз екенін білгенім жоқ. Аяқтана алмай жатыр.Туғанына 12 күн болып қалды»-дейді.

Бұл сөздің түйінін Несібелі қалай түсіндірді?

-Ұлпан-ау,неғып түсінбедің? Түйесі боталаған ғой.Ботаны аяқтанғанша адам көзіне көрсетпей бағады деп түсіндірді.

3.Есенейге арыз айтып келген бала жігіттің «қыз екенін» «түрікпен» Мүсіреп қай қылығынан байқады.?

- «Міне,айыбым» дегенде көз құйрығымен Есенейді бір шарпып өтеді.Осы қылығынан Мүсіреп байқап қалады.


ІV кезең «Беласар»

1.Есенейлер Артықбай батырға сәлем бере барған кезде қандай оқиға болып еді?

-Жылқы қайыруға шыққан Ұлпанды алып қашуға келген Түлен саудагерлердің жігіттері Сәдірдің қолына түсіп,көгенделіп еді.

2. Артықбай батырға сәлем бере келген Есенейдің көзі Ұлпанға жиі-жиі қадала берді.Ұлпанның үстіне киген киімдерін суреттеп айтап бер.

-Басында күрең барқытпен тысталған қара елтірі бөрік, үстінде сол күрең барқытпен тысталған жеңі пұшпақ ішік,күрең барқыт шалбар,белінде күміс жапқан қапсырмалы былғары белдік.Аяғында биік өкшелі шонқайма етік.


V кезең «Жолайрық»

Ұлпан Есенейге мен арзанға түспейтін қызбын дегенде нені меңзеді?

Ұлпан мен Есеней арасындағы диалог қандай?

-Мені ешкім сатпайды да , мал да алмайды.Әке-шешемнің өз малын бағып алуға да шамасы жоқ.

-Сонда не болғаны?

-Не болғаны? Неғып түсінбейді екен! Мен тоқал қатын болып босағада отырар дей ме екен? Әлде мені бәйбішенің сарқытын күтіп, көзін сүзіп отыратын, күндікке көнер дей екен! Сіз мені қай үйге кіргізбексіз?

-Отау үйге кірем десең,отау үй бар.Үлкен үйге кірем десең,үлкен үй бар.Қалағаның болсын.

-Жоқ,маған оңаша отау-ойнақ үй керек емес.Мен үлкен үйге кіремін де, төрінде отырамын. Соған туысқандарыңыздың көзі үйренер ме екен?

-Бір-ақ күнде үйренеді.Есеней ордасының бәйбішесі сен боласың?

-Ол үйде отырған бәйбішеңіз бар емес пе?

-Жоқ,мен Өреліде тұрамын,ол кісі Сөреліде тұрады. Арамыз құдайға илансың? 7 жылдық жол.


VІ кезең «Алтын көмбе»

Есенейдің «Мен Өреліде тұрамын,ол Сөреліде тұрады.Арамыз 7 жылдық жол» деген жұмбағын Ұлпан қалай түсінеді?

-Өрелі ат деп бір алдыңғы аяғынан,бір арттық аяғынан шалыс шідерленген атты айтады.Бұл күнде естіп жүрген сөзі.Ондай ат бос та емес,түгел тұсаулы да емес.Есеней де өзін солай өрелі атқа теңеген.

Сөре деп жаугершілік заманда өлген адамдарды мекеніне апарып жерлегенше қалдыра тұратын жерді, жарым үй-жарым жаппаны айтады.

Ал жеті жылдық жол дегені,көріспегендеріне 7 жыл болғандығын айтқаны еді.



Көрермендерге қосымша сұрақтар:\


1.Жаугершілікпен,ұрлықтан қолға түскен адамдарды қорлаудың ең ауыр түрі қандай?

Жаугершілікпен,ұрлықтан қолға түскен адамдарды әуелі көгендеп алып,қорлау-қорлаудың ең ауыр түрі.


2.Ең алғаш Есеней мен Ұлпан қалай кездесіп еді?

Жер қарап жүрген Есеней мен оның жолдастарына Ұлпан үш ауыл кірме «Күрлеуіттің» арызын айтып келген кезде кездесті.


3.Екі ұлы бір күнде шешектеп қайтыс болғанда,Есеней құдайдың қарғысына ұшырады деп,еншісін бөліп алып,әдейі қай жерге бөлек кетіп еді?

-Кіркөйлек деген жерге


4. «Түрікпен» Мүсіреп сыбызғы жасап,күй шығаратын да өнері бар екенін білеміз. Ұлпанға жасаған сыбызғысынан қандай күйін тартып еді?

«Алғашқым»


5.Жайлауға тігілген Шынардың ақ отауына кірген жастар:

- Үйлері қап-қара,тесік-тесік қой! Қара күйе жеп қойған ба?

- Төрде отырған кісінің аяғы есігіне жетеді екен!

- Сандықтарының аяғы қисайып,ырбиып жетыр!

- Қатыны қандай салақ,байы олақ екен!-деп Шынардың отауын жамандай бастады.Бұл қандай ырым?

-Бұл жаңа отауға көз тиіп кетпесін дене ырымдар еді.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Еламанова Райхан Максотован

Дата: 06.04.2017

Номер свидетельства: 407191


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства