Просмотр содержимого документа
«"Ұшқан ұя" Б.Момышұлы»
Тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя»
Мақсаты: Бауыржан Момышұлы туралы мәлімет беру, «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру және үзінді оқып, өз ойларын жалғастыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: Оқырманды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқырманның өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру;
Күтілетін нәтиже: Бір ел – бір кітап акциясы аясында жылдың үздік кітабы болып таңдалған Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесін оқып танысады, адамгершілік, ізгілік қасиеттері оқырман бойына ұялайды. Б. Момышұлының ерліктерін, қанатты сөздерін, мақал – мәтелдерін айта отырып, ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке тәрбие алады. Өз ойларын еркін жеткізеді.
Барысы:
Қызығушылықты ояту стратегиясы
Оқырмандар сіздер мына қоржынды көріп тұрсыздар, осы қоржынның ішінде белгілі бір кітап суреттерінің бөліктері берілген, қоржыннан суретті алып, бір-біріңізден екінші жартысын іздеп тауып аласыздар, қандай кітап екенін анықтап айтасыздар. Және сол аталған кітаптар бойынша үш топқа бөлінеміз. (Олар Б. Момышұлы «Ұшқан ұя», Б. Момышұлы туралы естеліктер, Б. Момышұлы «Жүрекпен жырлап толғайын» кітаптары).
Кітапханашы: Б. Момышұлының өмірбаянына шолу жасайды.
Мағынаны тану.
«Өрмекші диаграммасы» арқылы 1 топ Б. Момышұлын жан – жақты ашып көрсету.
Бауыржан
Момышұлы
«Хан жарлығы» стратегиясы. 2 топ Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін жазады, белгіленген уақыттан соң келесі кісіге береді, өзі басқа кісінің жазғанын оқып танысып әрмен қарай жалғай береді. Ең көп жазған қанатты сөздерді тауып, бір оқырман оқып береді.
1.
2.
3.
«Үзіліспен оқу» әдісі 3 топ «Ұшқан ұя» әңгімесінен қысқа-қысқа үзінділер беріледі оларды оқып, өз ойларын әрмен қарай өзінше өрбітеді.
Библио бешбармақ. Әр оқырман ыдыстағы тәттілерден алады, тәттіде стикермен қыстырулы тұрған Б. Момышұлының Отан, туған жер тақырыбында жартылай жазылған мақал – мәтелдерін оқып, жалғасын тауып айтады.
Ой толғау. Кері байланыс. Екі жұлдыз бір ұсыныс.( Стикерлерге жазып, тақтадағы плакатта жапсырады).
Қорытынды.«Ұшқан ұя» шығармасын ең бірінші болып оқыған 11а сынып оқушысы Кулушова Асылай мақтау қағазы және сыйлықпен марапатталады.