Просмотр содержимого документа
«"Ұлтына ұран болған Ер Бауыржан" әдеби шара, 11 сынып»
Тақырыбы: «Ұлтына ұран болған Ер Бауыржан»
«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында
Мақсаты: халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын, қайсар қолбасшылық қасиеттері мен және жазушылық бейнесін жан жақты ашып көрсету. «Ұшқан ұя» шығармасын оқыған оқушыларды анықтап талдау және оларды марапаттау.
Көрнекілігі: Б. Момышұлының суреті, қанатты сөздері мен мақал – мәтелдері. «Өмірінің өзі дастан» атты кітап көрмесі, слайд.
Кітапханашы Құрметті ұстаздар және оқушылар «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Бауыржан Момышұлының өмірі мен «Ұшқан ұя» шығармасы бойынша өткізіліп отырған әдеби шараға қош келдіңіздер.
Ат ауыздығымен су ішіп, ер етегімен су кешкен заманда жауға қарсы шығып елін, жерін қорғаған айбарлы да айбынды, ер жүрек қаһарман батырларымыз қаншама десеңізші!... Осындай батыр болмысты, қайсар рухты биік тұлғалардың бірі Кеңес Одағының батыры халық қаһараны, аты аңызға айналған даңқты қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы.
Қазақтың жері Жетісу – береке ырыс қонған жер,
Жамбылдағы Жуалы – жарқырап бағы жанған жер.
Мыңбұлақ ауылы шығарған қайсар да батыл, батыр ер,
Бауыржан Момышұлының кіндік қаны тамған жер.
Бауыржан Момышұлының өмірбаяны ортаға 11 сынып оқушысы Газизова Маликаны шақырамыз.
Кітапханашы:
Бауыржан ата мен нағыз жазушымын ақынмын деп ешқашан айтпаған. Оның шығармаларының оқиғасы өз өмірінен алынған, басынан өткен дүниелер, өз көзімен көрген оқиғалары мен араласқан адамдарының бейнесін сол қалпында қағазға түсірген.
Жырламай тұра аламын қалай мұны
Жеріме жолатпаған мұң қайғыны
Қаһарман, жазушы, ақын дана азамат,
Бауыржан Момышұлы – ел айбыны.
Бауыржан Момышұлының «Жүрекпен жырлап толғайын» атты кітабында мақал – мәтелдері, қанатты сөздері, аудармалары, жыр, терме, толғаулары жазылған.
Ендеше өлеңдерін мәнерлеп оқу үшін ортаға оқушыларды шақырамыз.
1. Саяжан «Серігім»
2. Гульназ «Туған ел»
3. Альберт «Туған жер»
4. Ернар «Ана тілін ардақта»
Кітапханашы: Бауыржан Момышұлының «Ұшқын ұя» шығармасын оқыған оқушыларды ортаға шақырамыз. Әр бір оқушыға конверттер таратылады. Оқушылар ретімен ашып берілген сұрақтарға жауап береді. Осылай шығарманы толық оқыған оқушыларды анықтаймыз. Және оқушылардан шығарманы неше күнде оқып бітіргені туралы сұраймыз.
«Үзіліспен оқу» әдісі. Енді отырған көрермендерге «Ұшқан ұя» әңгімесінен қысқа-қысқа үзінділер береміз оларды оқып, өз ойларын әрмен қарай жалғастырып айтады.
Кітапханашы: Мақал сөздің мәйегі демекші Библио бешбармақ әдісі арқылыәр оқырман ыдыстағы тәттілерден алады, тәттіде стикермен қыстырулы тұрған Б. Момышұлының Отан, туған жер тақырыбында жартылай жазылған мақал – мәтелдерін оқып, жалғасын тауып айтады.
Кітапханашы: «Өмірінің өзі дастан» атты кітап көрмесіне шолу.
Қорытынды: Мәтіннен қазақ халқының қандай салт- дәстүрлерін байқадыңыздар? Мәтіндегі «бата беру жөні» туралы қариялар сөзінен не ұқтыңыздар?
«Ұшқан ұя» шығармасын ең бірінші болып оқыған 11а сынып оқушысы Кулушова Асылай марапатқа ұсынылады.