kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен жауапкершілік міндеттері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

            Мақсаты:

а) оқушыларға жолда жүруге қатысушылардың құқықтары, міндеттері және

жауапкершілігі  туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу, түгендеу

ә) сабаққа даярлық

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен жауапкершілік міндеттері»»



№4 орта мектеп

«Бекітемін» «Келісемін"

«Утверждаю» «Согласовано»

Директор Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

___________________________ ___________________________

«___» _______________ 2016ж. «______» ___________________ 2016 ж.

Тәрбие сағат. Тақырыбы : «Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен жауапкершілік міндеттері»





























Дайындаған: Нурлубаева Р.К.

11А сынып жетекшісі











Ерейментау қаласы







Мақсаты:

а) оқушыларға жолда жүруге қатысушылардың құқықтары, міндеттері және

жауапкершілігі  туралы түсінік беру;

ә) оқушылардың танымдық көзқарасын, зейінінің тұрақтылығын дамыту;

б) өмірге деген құштарлықтарын арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: суреттер, газет қиындылары, нақыл сөздер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу, түгендеу

ә) сабаққа даярлық

ІІ. Үй тапсырмасы

  1. Жас инспектор деп кімді айтуға болады?

  2. Мектептерде жас инспекторлар тобы қалай және не үшін құрылады?

  3. Жас инспекторлардың жұмысын кім ұйымдастырады?

  4. Жас инспекторлардың қандай міндеттерін білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ

а) Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ә) Жаңа сабақ материалын меңгерту

Мұғалім: — Енді, оқушылар, қаламдарыңды орнына қойып, кеуделеріңді, бастарыңды көтеріп түзу отырыңдар. Мен сендерге жолда жүруге қатысушылардың құқықтары, міндеттері және   жауапкершілігі  туралы айтамын. Зейін қоя қарап, тыңдай отырып, жаңа мағлұматтарды естеріңе сақтай отырыңдар. Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді.Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін ««Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен жауапкершілік міндеттері» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз. Ендеше,

қош келдіңіздер.
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген,
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Кешіміз басталсын сәлемменен!
Мұғалім: Бүгінгі шарамызға қатысатын топтарды таныстырайық. Қызыл түсті белгілері бар «Қызылдар», жасыл түсті белгісі бар топ «Жасылдар» және сары түстілер – «Сарылар» тобы. Әр топ өздерін таныстырады:
«Қызылдар» тобы:Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
«Сарылар» тобы: Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
«Жасылдар» тобы: Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба!
Жүргізуші: Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.
Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы – Бағдаршамды ортаға шақырамыз.
Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.

Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Бүгінгі айтар әңгімеміздің бәрі саған қатысты болмақ, сондықтан да бізбен бірге бол.
Бағдаршам: Мен сендерге қояр сұрағым бар. Сендерді тексерейін. Жауабын кім айтар екен?
Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға,
Көрдіңдер ғой ұмытқаны ережені, далаңдап.
Ал, кәнеки, үйренейік бәріміз де жүру тәртібін.
Ережені жақсы білер, жатқа білер кім мұны,
Кім айтады жол белгісі неше топтан тұрады?
Оқушылар жауап береді.

Бағдаршам: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мұдіріп, ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Жүргізуші: Жарайсың, Бағдаршам! Ал енді сұрақ қойып топ мүшелерін тексеріп көрейік.
Викториналық сұрақтар:

1. Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?
2. Жол таңбасы қандай екі түрге бөлінеді?
3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?
4. Бағдаршамдв сигналдар қалай орналасқан?
5. Жол белгілері қандай топқа бөлінеді?
6. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?
7. Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі?
8. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?
9. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?
10. Габариттік оттар қай кезде жанады? (фарлар)
11. Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын не үшін қосады?
12. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?

Дұрыс жауап берген топқа өздеріне сәйкес келетін түстен жетондар беріледі.
Жүргізуші: Жарайсыңдар. Жол ережесіне қатысты сұрақтарға ең көп жауап айтқан …. топ мүшелері. Құттықтаймыз! Ал енді ір топтың үй тапсырмасын тексерейік. Бағдаршам туралы деректер дайындау керек болатын, ендеше, тыңдалық.
«Қызылдар» тобы: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өнінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

«Сарылар » тобы: Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.
«Жасылдар» тобы: Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпсіңдер. Ал енді кезекті жол белгілеріне береміз. Әр топ өзінің түсіне қарай белгілерді таңдап, сол белгілер туралы айтып шығады.
Тақтада қызыл түспен «Ескерту белгілері», жасыл түспен «Тыйым салу белгілері» және сары түспен «Міндеттеу белгісі» деп жазылған сөздер ілінеді.
1-топ: Ескерту белгілері . Қолына айналасы қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті тең қабырғалы үшбұрыш ұстаған топ басшысы:

Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.
Аман-сау жүреді жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.
Үшбұрышты қызыл бояу – мен көрінсем абайла! Жол бойында қауіпті түс алдан шығар дегенді айтар ескерту белгісі.
Қалған топ мүшелері басқа ескерту белгілерін көрсетіп таныстырады.
2-топ: Тыйым салу белгісі. Қолына қызыл жолақпен көмкерілген сары түске боялған дөңгелек қалқаны бар топ басшысы:
Қызылмен боялған, шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты.
Дөп-дөңгелек қызыл шеңбер, мен көрінсем «Тоқта қане» деп жар салар тыйым салу белгісі.
Топ мүшелері тыйым салу белгілері туралы айтады, таныстырады.
3-топ: Міндеттеу белгісі. Қолында көк түсті дөңгелек қалқаны бар топ басшысы:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын айшықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, тартуымды міндетті орында!
Қалған топ мүшелері басқа белгілерді таныстырады.
Мұғалім: Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет бердіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер.
Бағдаршам: Мен сендерге ризамын. Бүгінгі жол ережесіне арналған шараға өте жақсы үлкен жауапкершілікпен дайындалғандарың көрініп тұр. Рахмет сендерге. Барлық белгілермен мына отырған балаларды таныстырып шықтыңдар. Енді бұл сынып оқушылары көшеде жол ережесін бұзбайды деп ойлаймын. Мен енді сендермен қоштасамын. Әлі талай сендерге қонаққа келіп тұрамын.Сау болыңдар, балалар!
Мұғалім: Сау бол, Бағдаршам. Ал, балалар, бізге де қоштасатын уақыт келді. Әр топ басшылары қорытынды сөздерін айтсын.
Оқушы: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Оқушы:Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол бәрімізге ортақ тәртіп.
Оқушы: Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре аласың
Сен өзіңді аман сақтап.
Барлығы: Жол тәртібін білейік
Аман есен жүрейік!
Мұғалім: Рахмет, балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер.Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді. Ал енді «Тоқта!», «Дайындал!» және «Жол ашық!» деген сөздерді байланыстырып әр топ өз жұмысын қорытындыласын.
«Қызылдар» тобы: Тоқта! Сен жолда жүру ережесін білесің бе? Бұл ережені білмесең, өміріңе қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан да үнемі есіңде сақтап жүр, жас дос!
«Сарылар» тобы: Жол ережесін білмейтін кішкене інілерің мен қарындастарыңа ақыл-кеңес беріп, оларға жол ережесін үйретуге дайындал. Бұл сенің міндетің.
«Жасылдар» тобы: Өміріңнің қай кезеңінде де жолдарың ашық болсын!

Интербелсенді тақтада жолда жүру ережелері қандай заң? Оның қолданыс ауқымы қандай?

Таңертең оқушы көшеге немесе  жолға шығады. Ол сөйтіп жаяу жүргінші атанады. Оған жолда жүру тәртібін кім ескертеді? Әрине, жолда жүру ережелері. Бұл ережелер – жол мен көшенің заңы болып табылады. Жол мен көшенің заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді.

ІҮ.Сабақты бекіту

  • Интербелсенді тақтада жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – қауіпсіздік кепілі болады.

Әрбір мектеп оқушысы ЖЖЕ қатысты сабақтарға мұқият көңіл бөлгені дұрыс. Үлгілі, тәртіпті оқушы жол және көше заңын бұзбауға тиіс.

  • Интербелсенді тақтада жол белгілерін бұзатын адамды қалай жазалауға болады?

Ол үшін кінәлі адамдарды қатыстыра отырып, оқиғаға байланысты хаттама толтыру қажет. Сол хаттамаға сай  шығынды өз еркімен төлемесе, онда сот арқылы өндіріп алуға болады.

  • Интербелсенді тақтада егер бұл орайда адам қаза тапса, ЖКО-ға кінәліге қандай жауапкершілік жүктейді.

Онда оның себептерін анықтап, кінәлі адам ҚР Қылмыстық кодексіне сай жазаға тартылады. Ол үші ол адамның жасаған қылмысы дәлелденуі тиіс.

Ү. Сабақты қорытындылау

  • Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – қауіпсіздік кепілі.

  • Жол белгілерін бұзатын адамды қалай жазалауға болады.

  • Егер бұл орайда адам қаза тапса, ЖКО-ға кінәліге қандай жауапкершілік жүктейді.

ҮІ.Бағалау

ҮІІ.Үй тапсырмасы:

  1. ЖЖЕ қандай заң болып есептеледі?

  2. Жауапкершілік ұғымын түсіндіре аласыңдар ма?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен жауапкершілік міндеттері»

Автор: Нурлубаева Райхан Калтаевна

Дата: 07.04.2017

Номер свидетельства: 407447

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(174) "2016-2017 оқу жылында 11А сынып оқушыларымен жартыжылдық бойынша атқарылған тәрбие жұмысының есебі"
    ["seo_title"] => string(80) "2016_2017_ok_u_zhylynda_11a_synyp_ok_ushylarymien_zhartyzhyldyk_boiynsha_atk_ary"
    ["file_id"] => string(6) "407445"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491553027"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства