kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жас?спірімдерді? ерте жынысты? ?атынас?а т?суі ж?не оны? жауапкершілігі мен зиянды жа?тары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

?рбір бойжеткен немесе бозбала?а жынысты? ?мірді тек жынысты? ?атынастарды?  ?ауіпсіз ж?не ?атерлі т?старын айырып, ?з іс-?рекетіне жауапкершілікті  сезінгенде ?ана бастау?а болады. ?ауіпсіз жынысты? ж?ріс-т?рыс – б?л, бірінші кезекте, жынысты? ?арым-?атынастан бас тарту, бір ?ана кісіге адалды? са?тау ж?не м?ше?апты ?олдану. Ал ?ауіпті ж?ріс-т?рыс – б?л м?ше?апты ?олданусыз жасал?ан жынысты? ?арым-?атынас, жынысты? серіктерді? к?п болуы ж?не жынысты? ?атынас барысында есірткі ж?не алкогольді ?олдану.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жас?спірімдерді? ерте жынысты? ?атынас?а т?суі ж?не оны? жауапкершілігі мен зиянды жа?тары»»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі

Ақмола облысының білім басқармасы

КММ "№6 Агротехникалық колледжі"







Сынып сағатының тақырыбы:

«Жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуі және оның жауапкершілігі мен зиянды жақтары»





Өткізген: сынып жетекшісі Сейтназаров М.Б.

Ө/о шеберлері Абилев Д.С.

Омаров С.С.















Астрахан-2016





Сабақтың тақырыбы: " Жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуі және оның жауапкершілігі мен зиянды жақтары ".

Сабақгың мақсаты:

Жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау.

1. Білмділік: ұрпақ тәрбиесіне байланысты ата-бабалар ілімдері туралы түсініктерін қалыптастыру.

2. Тәрбиелік: отбасын құру мен бала тәрбиесіне байланысты жауапкершіліктерін арттыру.

3. Дамытушылық: жүрек тәрбиесі мен ақыл тәрбиесінің мән-мағынасын ашып көрсету.

Сабақтың көрнекілігі:

1. Интерактивті тақта.

2. " Жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуі және оның жауапкершілігі мен зиянды жақтары " тақырыбына байланысты студенттерге арналған сауалнама.

3. " Жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуі және оның жауапкершілігі мен зиянды жақтары " тақырыпта түсірілген видеоролик.

4. Тақырыпқа байланысты презентация.

5. Тақырыптарға байланысты суреттер.

Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

II. Кіріспе.

- Қазіргі таңда жастарымыздың санасына отбасын құру және ұрпақ тәрбиесі туралы дұрыс пікірлерді сіңіру маңызды болып отыр, себебі адам баласының ұрық тазалығын сақтамауының кесірінен бүгінгі ұрпақ азып барады.

III. Жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуінің себептері неде? (дискуссия)

ІV. Жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуі және оның жауапкершілігі мен зиянды жақтары " тақырыбына байланысты студенттерге арналған сауалнама тарату. Оған дейін мен жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуі шығу тарихына тоқталып өтемін.

V. (1 слайд).

Әрбір бойжеткен немесе бозбалаға жыныстық өмірді тек жыныстық қатынастардың  қауіпсіз және қатерлі тұстарын айырып, өз іс-әрекетіне жауапкершілікті  сезінгенде ғана бастауға болады. Қауіпсіз жыныстық жүріс-тұрыс – бұл, бірінші кезекте, жыныстық қарым-қатынастан бас тарту, бір ғана кісіге адалдық сақтау және мүшеқапты қолдану. Ал қауіпті жүріс-тұрыс – бұл мүшеқапты қолданусыз жасалған жыныстық қарым-қатынас, жыныстық серіктердің көп болуы және жыныстық қатынас барысында есірткі және алкогольді қолдану.

    Соңғы уақыттарда жыныстық қатынасқа түсудің  жас мөлшері айтарлықтай «жасарды». Урбанизацияның күшеюі, жастардың жыныстық қатынасқа қатысты көзқарастарының  өзгеруі, материалдық қиындықтар сияқты жағдайлар отбасын құрмай тұрып, жыныстық қатынастарға түсуге әкеп соқтырады. Негізінде бұл мәселе жыныстық өмірді бастайтын екі адамнан да тең жауапкершілікті қажет етеді. Бірақ, бұл жердегі ең осал тарап қыз жақтан болатынын ұмытпау керек. Сәйкесінше, әйел затында «Жүктілікті қай уақытқа жоспарлаған дұрыс?», «Бала тууға дайынмын ба?» деген сұрақтарға жауабы алдын -ала дайын тұруы керек.

    Жыныстық  өмірге ерте ұрыну, контрацепция құралдары  мен әдістері жайлы хабарсыз болу сияқты жайттар күтілмеген жүктілік, жасанды түсіктер, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтырып алу сынды қайшылықтарға алып келеді.

    Жыныстық  өмірді қай уақытта бастауды шешу – әр адамның жеке басының шаруасы. Егер екі адам жыныстық қатынасқа  түсуді жоспарласа, алдын ала қорғаныс шаралары туралы ақылдасып алғаны абзал. ЖЖБИ мен күтілмеген жүктілікті болдырмаудың жолы – жыныстық қатынастардан бас тарту. 

VІ. (2 слайд).

Жыныстық  жетілу кезеңінде  ұл-қыздарға әсер ететін өзгерістер



бой өсіп, салмақ қосылып, бұлшық еттер дамиды

жыныс мүшелері өсіп, тұқым жаю қабілетіне ие болады

дауыс жуандайды

терідегі май бездер белсендірек істей бастағаны себепті бетке безеулер қаптап кетуі мүмкін

тер бездері дамиды

қолтық асты және қасаға түгі өсе бастайды

көңіл-күй жиі-жиі өзгеріп тұруы мүмкін

қарсы жынысқа тартатын күшті сезіле бастайды .

VІІ. (3 слайд).

Енді осы жыныстық қарым-қатынас дегеніміз не?  Сол жайында тоқтала кетсек.

Ең бірінші  - Үлгілі семья құру, өнегелі ұрпақ өсіру үшін халқымыз ерте кезден тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлген. Соның ішінде жастарды отау тігуге даярлау, жыныс тәрбиесіне байланысты көп әңгімелер айтылады. Бала негізі семьяда жыныстық тәрбиенің әліппесін үйренуге тиіс. Егер ата-ана жыныстық тәрбиеге көңіл бөлмесе, ол өзінің баласы алдында парызын толық өтеді деп есептеуге болмайды.

Мектепте жыныстық тәрбиені дұрыс алмаған баланың келешекте көретін қиыншылығы көп болмақ. Соның ішінде біз  10 сынып оқушыларының жыныстық қарым қатынас арқылы жұғатын  жұқпалы аурулар жайында  не білетінін  және қандай аурулар түрлерін біледі екен соған экскурсиясы жасалады.

VІІІ. (4 слайд).

1.     Мерез (сифилис) дегеніміз не?

2.     Трихономоз дегеніміз не?

3.     Гонорея (соз) – дегеніміз не?

4.     Спид дегеніміз не?

5.     Спидпен кімдер ауырады?

Осы аурулардың түрлеріне оқушылар кезек-кезек тоқталып мәлімет берді.

Енді осы аурулардың бірден бір қорғану жолы мүшеқап. Осы мүшеқап жайында бір оқушы ақпарат берді. Енді келесі кезекті тренинг ойынға берейік.

Бәрі столды айнала отырады, ортаға түрлі түсті фантиктер тасталды.

Әрбір ойыншы өзіне ұнаған фантикті таңдап алады.

Сіздер кешке келдіңіздер, көп биледіңіздер, достарыңыздың арасында көп қызықты тақырыпқа әңгіме құрдыңыздар, аздап шампан іштіңіздер, шарап тіпті арақ оңаша жерде сүйістіңіздер, кейбіреулеріңіз тіпті жыныстық қарым қатынасқа түстіңіздер.

IX. (5 слайд).

Кеш аяқталды, сіздер қайта кездескен кезде сіздердің жартыларыңыздың СПИД-ті жұқтырғандарыңызды білдіңіздер. Оқушылар фантиктерін ашады, олардың кейбіреулерінде, фантиктерінде қосу белгісі тұр. Ойынның шарты бойынша: олар СПИД-ті жұқтырғандар.

Екі шеңбер құрылады:

1.     Сыртқы жұқтырмағандар.   

2.     Ішкі СПИД-ті жұқтырғандар.

3.     Әрбір ойыншы бірінші шеңбер ойыншысы өзінің болған жайға пікірін айтады.

СПИД-ті жұқтырған адамға деген ойын, өзінің кейіннен осы адамға деген   көзқарасының қандай болатынын баяндайды.

Кейін екінші топ осы ауруға  шалдыққан адамның келешек өмірі жайлы өз пікірін, көзқарасын айтады: өмір өзгермейді, адам қоғамнан кейін  қалады, өз-өзінен қамалып қалады т.с.с

Видеороликті көрсету.

X. (6 слайд).

Бұл індет әсіресе жастар арасында жиі  таралатыны ерекше алаңдатады. Жас  балалар үшін де қауіп-қатер аз емес. Қазірдің өзінде әлемде миллиондаған балалар АҚТҚ жұқтырған. Африка құрлығының бірқатар елдерінде 15-49 жастағы азаматтардың 39%-ы осы дертке шалдыққан. Қазақстанда 01.04.2010 жылдың дейін 7906 АҚТҚ дертін жұқтырған, оның 498 ЖҚТБ-мен ауырған деп тіркелген. Дертті жұқтырғандардың 57%-ы 15-29 жастағылар. 01.04.2010 дейін дерт жұқтырған 728 жасөспірім тіркелген. Осыдан жасөспірімдер арасында алдын алу шараларын жүргізу қажеттігі туады. Олай болса, бұл індет туралы базалық білім беретін мамандар әрі сауатты, әрі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге дайындалған, оқыған, тәжірибелі азаматтар болуы тиіс. Себебі, бұл індеттің таралуы жастар мен жасөспірімдер арасында жиі кездесетін өрескіл мінез-құлықтың салдары болып табылады. Бұл көбінесе оларға ақпараттың, мінез-құлықтың қауіпсіз дағдыларының тапшылығынан болады. Беріліп отырған бағдарлама мен оның бөлімдерінің мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді өз білімдерін сабақтастыра білуге, мінез-құлық іс-әрекеттері мен қауіп-қатер арасындағы байланысты ұғынуға үйрету.

Қорытынды:

Міне, біздің жасөспірімдердің ерте жыныстық қатынасқа түсуі және оның жауапкершілігі мен зиянды жақтарын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды.

Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдерінің қатарына жетуіміз үшін, осындай жағдайларды болдырмауымыз үшін үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Н. Назарбаев "Қазақстан - 2030". Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Білім баспасы, 1998 жыл.

2. "Үлгілі елдің ұл-қыздары".

3. "Мен адаммын" жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуға арналған әдістемелік құрал. Алматы, 2000 ж.

4. «Алаш айнасы» газеті 11 маусым 2009 жыл. Қалдар Бек. Сұхбат. Совет-Хан Ғаббасов: «Үш жүзге бөліну қазаққа қашан да қасірет әкелері сөзсіз».

5. Совет-Хан Ғаббасов. «Ізгілік әліппесі», А.1991.

6. Совет-Хан Ғаббасов. Педагогика мен психология негіздері. Оқу құралы.- Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008.





























































Темекі шегудің алдын алуына байланысты студенттерге арналған сауалнама.



1. Жасыңыз нешеде?

2. Қандай жынысқа жатасыз?

А) ер

Б) әйел

3. Темекі шегіп көрдіңіз бе?

А) иә

Б) жоқ

4. Темекі шегуге сізді не итерді?

А) теледидарда жарнама

Б) құмарлық

В) достармен бірге серік болып

Г) көңілсіз жағдай

Д) ата-аналарым

5. Темекі шексеңіз қанша уақыт болды?

А) 1ай

Б) 6ай

В) 1 жыл

Г) 3жыл

Д) 3 жылдан көп

6. Темекі шегуді неше жаста бастадыңыз?

А) 7

Б)10

В) 15

Г) өз жауабыңыз







7. Бір күнде неше шылым шегесіз?

А) 5-тен кем

Б) 5-14

В) 20-дан кем



8. Темекі шексеңіз денсаулығыңыздың нашарлауын байқадыңыз ба?

А) иә

Б) жоқ

9. Темекіге қарсы қандай үгіттеу сізге ұнайды?

А) дәрігермен лекция

Б) теледидар, радио

В) оқытушылармен кеңес

Г) достармен кеңес

Д) басқа үгіттер

10. Сіздің темекі тастауыңызға не қажет?








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: Сейтназаров Марат Бакитбекович

Дата: 09.03.2016

Номер свидетельства: 303519


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства