kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Жасөспірімдердегі зиянды әдеттердің алдын алу»

Нажмите, чтобы узнать подробности

11111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111111

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Жасөспірімдердегі зиянды әдеттердің алдын алу»»




Тақырыбы: «Жасөспірімдердегі зиянды әдеттердің алдын алу»

Мақсаты: Жасөспірім оқушыларға қоғамға кері әсер ететін зиянды әдеттер туралы толық  мағлұматтар бере отырып, олардан бойын аулақтату. Санитарлық-гигиеналық талапқа сай таза жүруге, адамгершілікке  және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар, суреттер, нақыл сөздер.

Барысы

1. «Зиянды заттар»  видеофильм көрсетілімі. (тақырып мәнін ашу)

2. Оқушыларды топқа бөлу. Денсаулық және Салауат тобы

3. Кіріспе.  Елбасымыздың халыққа арнаған әрбір жолдауының ел болашағы үшін мәні зор. Соның ішінде денсаулық мәселесін айрықша назарға ұстап, «Қазақстан-2050» стратегиясында «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың кепілі» екендігін алға қойды. Елбасымыз «Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты жолдауында нұрлы жол – бұл әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы ауқымды қадам.

Өркениет жолындағы елдің ертеңі – халқының саулығына байланысты. Халықтың дені сау болып тұрса, мемлекеттің де қадамы нық, келешегі кемел болары сөзсіз. Нұрлы жолға бағыттайтын саламаттылық-саулық кепілі, ал саулық-табысты болашақ болмақ.

Елбасының: «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1-бағыт: «Темекі шегуді тоқтату»

2-бағыт: «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»

3-бағыт: «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

Бұлардың қай-қайсысы да адам өміріне зиян екені дәлелдеуді қажет етпейді. Біз осы зиянды заттар туралы тереңінен тоқталайық.

«Денсаулық» тобы

Темекінің шығу тарихы және темекімен күресу жолдары қандай?

Оқушы: Үндістер меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді ішке тартып, соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы француз әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі-дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылығын тудырған.

Оқушы: Темекі Европа мен Азиға ХV ғ келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы  қолданылатын дәрі ретінде пайдаланып жүрген. Ресейде темекі тарту – Петр І патшалық құрған кезден бастау алған.

Оқушы: Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2027 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жеткенде, оны сорған адамдардың аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл өңеш, ауыз, кеңірдек тыныс жолдарын және бауыр қатерлі ісігіне тап болуы мүмкін.

Оқушы: Темекімен күресу жолдары:

- Англияда темекі шеккендерді дарға асқан.

- І Петр темекіге салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен.

- Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.

Оқушы: ҚР – сының Білім беру және денсаулық сақтау министрлігі қолдауымен 2002 жылы «темекі шегудің алдын – алу және шекпеу» туралы заң қабылданды. Онда кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі өнімдерін сатуға тиым салынады делінген.











Видеофильм: «Темекі – теңдесіз жау»

Төмендегі статистикалық мәліметтерге көңіл аударыңыздар.

  1. Дүние жүзінде 1 млрд. адам темекі шегеді.

  2. Темекі зардабынан күніне 10 000 немесе 3,5 млн. адам қайтыс болады.

  3. Қазақстан бойынша 3,2 млн. яғни 33 пайыз адам темекі тартады.

  4. Темекі зардабынан жылына 25 000 адам қайтыс болады.

  5. Темекі түтінінің улылығы автомобиль шығаратын газдан 4 есе, тұрмыстық газдан 250 есе артық..

«Салауат» тобы

Арақтың зияны туралы

Оқушы: Маскүнемдік – алкогольдік ішімдік. Үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сініп кететін дерт. Ағзаның қызметін бұзып және тереңдей беретін кесел.

Оқушы: Соғыс уақытында наркоз болмаған кезде орнына спиртті пайдаланған.

Оқушы: Алкоголь ми қызметін бұзады. Алкоголь – ол наркотиктік у.

Оқушы: Алкогольдің елді қыратын қару екенін әлемді билегісі келген адамдардың бәрі білген. Мысалы: Гитлер 1942 жылы былай жазған: «Славяндардың санын азайту үшін ешқандай гигиена керек емес, тек қана арақ пен темекі».

Оқушы: Арақ- этильді спирт. Адамның барлық ішкі мүшелерін уландырып, істен шығарады. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді. Арамдық қылмысқа итермелейді. Арақ ішкен адамның балалары дүниеге келгеннен кейін ақыл- есі  кем, ұмытшақ ауруға тап келеді.

Видеофильм «Шөлмек шырмауы»

Мұғалім: Белгілі шығыс философы Абдуль Фарадж адамның ішу барысын 4 кезеңге, сол кезеңді төрт жануарға теңеген екен.  


1-ші кезеңін Павлин құсына теңеген. Себебі адамның жүрісі теңселіп, аяғын дұрыс баса алмайды. Павлин құсы сияқтанып кербезденеді.

2-ші кезеңін маймылға теңеген. Адам айналасындағылармен жас ерекшелігіне қарамастан қалжыңдасып, келеке-мазақ болады.

3-ші кезеңін арыстанға теңеген. Адамның бойын ішімдік жайлап алған соң, ол батылданып, өзін аң патшасындай қаһарлы сезінеді. Әркіммен бір төбелесе кетеді.

4-ші кезеңін шошқаға теңейді. Адам тепе-тендікті сақтай алмай, шалшық суға құлап, нағыз шошқа кейпіне түседі. Сондықтан «қасықтап жинаған абыройыңды, шөміштеп төкпе» демекші, болашақ өз-өзімізді күлкі етуден сақтап, с.ө.с қалыптастырайық.

Өлең оқу: «Денсаулықты сақтайық»

Денсаулық ол – шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

Денсаулық ол - күлуің
Көңіл – күйің жадырай,
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

Қара айнаға, көресің
Өзіңді – адам денесін.
Қол - аяғың, басың бар,
Бұған кеуде қосылар-
Құрылысың бұл сыртқы.
Көрінбейді жүрегің,
Өкпе, миың, бүйрегің-
Құрылысың бұл ішкі.

Сымбат - мүсін дегенің
Бітім – көркі денеңнің.
Сымбат – жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап:
Көтеріп сәл кеудені,
Иық жазып дұрыстап.
Түзу отыр, қисаймай,
Бүкіреймей, жантаймай.
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.

Видеофильм  «Есірткі – қоғам дерті»

Ой-қозғау.  Оқушылар

Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезмінің, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Бір шырмалған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп, біреу алдауға түсіп байқаусыз барады, енді біреу өзгелердің ықпалымен барады.

Шығатын жолы біреу ол – салауаттылық өмір сүру. Өз сеніміңе берік болу.

Мұғалім: Біздің елімізде 35 мың нашақорлар наркологиялық диспансерде тіркелуде. Алматыда «Нарконон» және «Ақниет» диспансерлік орталық жұмыс жасайды.

 Қазақстан Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша «Есірткі тұтынушылар есірткі заттарын заңсыз әзірлегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны, тартқаны үшін жауапкершілікке тартылады»

Елбасы жолдауында « ... есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз қоғам бола алмайды» делінген.

Топтық жұмыс:

«Денсаулық» тобы. «Денсаулық және салауатты өмір салты» мәні

 «Салауат» тобы. «Зиянды заттар зардабы»

Мұғалім: Ұлы ойшыл Сократқа кезінде ынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, атақ па, даңқ па?» - деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытқа кенелте алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ – деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулық келілі – салауаттылықта ,балалар.

Нурсултан салауатты өмір салтына өз көзқарасың қалай?

 Алибек, сен қазір жассың, әр нәрсеге қызығушылығың бар. Шыныңды  айтшы, насыбай дәмін алып көрдің бе?

Мұғалім: Насыбай құрамы: темекінің жапырағы, тауықтың қиы, әктің суы, қарағаштың шайы, сексеуілдің күлі,-бәрі улы заттар адам ағзасына әсер етеді.

Жасөспірімдер әуелі олар өздерін үлкен санап, мықты жігітпін деп ойлап, сөйтіп насыбай қолданады. Екеуі де никотинге тәуелді. Темекі өкпеге түссе, насыбай ауыз қуысы арқылы қан тамырларына түседі. Насыбай атқандардың 80 пайызы адамдардың ауыз қуысы, асқазанда қатерлі ісіктер пайда болады.

Шығармашылық тапсырма /мақал-мәтел жазу/

«Денсаулық»тобы

Денсаулық туралы мақал-мəтелдер.
1.Шынықсаң шымыр боларсың.
2.Адамның басты байлығы денсаулық.
3.Дана көптен шығады,
Дəрі шөптен шығады.
4.Бірінші байлық-денсаулық.
5.Ауырып ем іздегенге,
Ауырмайтын жол ізде.
6.Ауру батпандап кіреді,
Мысқылдап шығады.
7.Дерт көп, денсаулық біреу.
8.Демі бардың емі бар.
9.Ішің ауырса аузыңды тый,
Көзің ауырса қолыңды тый.
10.Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулықтың түбіне жетеді.

«Салауат» тобы



 Арақ түбі — дерт,
Ұшқын түбі — өрт.

1.Денсаулық – зор байлық.
2.Айналдырған ауру алмай қоймас.
3.Ауру атанды да шөктірер.
4.Жарлының байлығы – денінің саулығы.
5.Сәті түскен ауруға не болса, сол ем болады.

6.Тәні саудың жаны сау.

7.Әуелгі байлық — денсаулық
8.Екінші байлық — он саулық,
9.Үшінші байлық — ақжаулық.
11. Дені саудың – жаны сау.

 «Көпір моделі»  Салауатты өмір сүруге қалай қол жеткіземіз?

1. Зиянды заттарды тастау арқылы

2. Достардың үгіті арқылы

3. Өмірге құлшыныс арқылы

3. Қажырлық, төзімділік арқылы

4. Спортпен шұғылдану арқылы

 Қорытынды. Деніміз сау, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болып, зиянды заттардан бойымызды аулақ ұстап, салауатты өмір салтын қалыптастырайық.
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«Жасөспірімдердегі зиянды әдеттердің алдын алу»

Автор: Бегмуратова Шырын Ергалиевна

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419223


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства