Внеклассная работа "О?ушыны? кітаптан алар ?ибраты..."
Внеклассная работа "О?ушыны? кітаптан алар ?ибраты..."
Работаю в школе. Стаж библиотечной работы 28 лет. Хотелось бы расширить свои познания с помощью этого сайта. Очень понравились некоторые работы. Хотелось бы применить их на практике в своей библиотечной работе. Мне нравиться работать с презентациями, так как с их помощью можно больше привлечь внимание детей.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Внеклассная работа "О?ушыны? кітаптан алар ?ибраты..."»
Сабақтың тақырыбы:Оқушының кітаптан алар ғибраты...
Мақсаты:баланы терең ой мен саналы білімге жеткізуге кітаптың орнын түсіндіру,кітапты таңдау оны оқып баланың жүрегіне жеткізудегі сынып жетекшінің рөлі.Сынып жетекшімен бала арасындағы кітап жайлы көзқарастарын білу,қоғамға парасатты биік азамат тәрбиелеудегі кітатың орны туралы әңгімелесу.
Көрнекіліктер:
Дәйекті сөздер:1.Жақсы кітап –жан азығы.
2.Әрбір адамның жақсы досы-өмір досы кітап болуы тиіс.( М.Әуезов)
3. Кітабымды түптеймін, жыртылмасын,
Мұқабасын бүктеймін, қырқылмасын.
Таза болсын беттері,кірлемесін,
Көрген кісі кітабын кір демесін. (М.Әлімбаев)
Күтілетін нәтиже:
-Жаңаша көзқарас, ой-пікір қалыптастыру арқылы рухани тәрбие насихатталады.
- Қоғамдағы жағымсыз жайыттардың ұрпақ тәрбиесіне тигізер кері әсерлерін болдырмау жолдары, бос уақытты тиімді пайдалану, кітап оқу тағы басқа.
Формасы: дөңгелек үстел,пікірлесу,әңгімелесу.
Өтілу барысы:
І. Кіріспе:
Білімді сүйсең, кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып
Келгін,жас ұстаз,ізденейік қосыла,-дей отырып,бірге ізденіп бірге жұмыс жасайық демекпін.
Ұйымдастыру бөлімі:
1-кезең
а)мақал-мәтелдердің жалғасын табу
ә)мақал-мәтелдердің жалғасын үлестіру
Ата –бәйтерек,бала-жапырақ
2-кезең
А)Кітап жайлы қысқаша мәлімет,кітап дегеніміз не?
Ә)Абайдың қай кара сөзінде кітап туралы мәлімет айтылған?
2.Балаларыңыз қайсысын қалайды?.Кітап оқиды ма,әлде теледидар көруді ме?
3.Кітап не үшін керек?
4.Балаңыз үшін қандай басылымдарға жазылып жүрсіз?
5. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім?
6.Сіздің жанұялық кітапханаңызда ертегі мен әдеби кітаптар бар ма?
7. Сүйіп оқитын кітабыңызды атаңыз?
8. Адам атымен аталатын қандай шығармаларды білесіз?
9. Белгілі бір түспен аталатын қандай шығармалар бар?
10.Кітаптың атында белгілі бір сан аталатын балалар әдебиетінен шығарманы атаңыз?
4-кезең
Сынып жетекшілеріне арналған кеңес
Ерте балалық шақта кітаптар не үшін керек?
Бала мен ата-ана арасындағы қарым –қатынасты дамыту;
Тыңдай білуге дағдыландыру;
Кітап оқып үйрену кезінде баланы дайындау;
Ой-өрісі мен сезімталдығын дамыту;
Баланың көңіл күйін көтеру;
Бала мен бірге өлең айт, ойнап әңгімелесіңіздер;
Оқуға қажетті заттармен баланың айналасын қоршау;
Балаға кітапты күшпен оқытпаңыз;
Бейнені,суреттерді көру арқылы сөз өнерін, көркемдікті тану.
5- кезең
А) Тәрбие сағаттарында қанша рет кітап туралы сабақ өткіздіңіздер?Іс-шарасын алып келу,қорғау.
Ә)Кітапхананың сұрағы:
Ерте заманда Төле би 7 жылында ақсақалдар арасында суырып шығып өзінің төрелігін айтты. «Ақыл- жастан, асыл –тастан»деген нақыл сөз содан қалса керек деседі ата –бабаларымыз.Ал, қазіргі ұрапқ тек мектеп оқулығымен шектелгені ме, жоқ па?
Сіздер не дейсіздер?
6- кезең
Кітап туралы сөзжұмбақ
1.М.Әуезовтың кішкене бала мен бөрінің достығы туралы повесі?
2. Мемлекеттік гимн сазгерінің есімі?
3.Педагог сөзінің баламасы?
4. «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық білім-кітапта, ерінбей оқып көруге» өлеңінің авторы кім?
5. Кітаптардың атасы?
7-кезең
Жұмбақ шешу
Үндемес серік –ақылы берік
Ең,ең ең,ең!Деп аталады екен
Дүниеде ең биік тау?
Қабат,қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.
Енді сиқырлы заттардың иесін табайық,көмектесіңдер!
Өзі тамақ пісіретін қазан (Ұр тоқпақ, Піс қазаным піс)
Алдайтын шал (Алдаркөсе)
Бағалы сақа (Алтын сақа)
Ұшатын кілем (Маленький мук)
Көк есек,есік шапан (Қожанасыр)
Қорытынды сөз
Абайдың әжесі Зере «Қарағым, осының ақыл ішкен-жегенге мәз болып,мойыны былқылдап, ақылдан да өнерден де кенде болып жүргендер аз ба?Осы ала қағазыңнан айырылма»- деп кітапты көп оқуға үйреткен екен.
Олай болса, құрметті ұстаздар біріге отырып балаларымыздың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс жасайық. Кітаппен дос болайық, кітап оқырмандары көбейе берсін!