kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұстаз - ұлы тұлға

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың ұстаз атаулыға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,еңбектерін бағалап,сыйлап,қадірлеу сезімдерін ояту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұстаз - ұлы тұлға»

«Ұстазым,ұлағатым,үлгі-өнегем!»


Мақсаты:Оқушылардың ұстаз атаулыға деген сүйіспеншіліктерін арттыру,еңбектерін бағалап,сыйлап,қадірлеу сезімдерін ояту.


Көрнекілігі: шар,гүл,қанатты сөздер,тақырып жазылып,күй ойналып,плакат ілініп тұрады.


1-жүргізуші-Арайлым:Армысыздар,ардақты ұстаздар!Бүгін-мұғалімдер күні.

Баршамыздың сауатымызды ашып,білім нәрімен сусындатып,өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар,мерекелеріңіз құтты болсын!


2-жүргізуші-Болат:Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,егін салып,мал бағып,терін төккен шаруа да,көкті шарлаған ғарышкер де,бәрі-бәрі ұстаздан білім үйреніп,тәлім алған.

Ұлағатты ұстаздар!Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.


1-жүргізуші:Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей.

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен,дирижер боп күлімдей.


2-жүргізуші:Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп


1-жүргізуші:Ұстазым-екінші анам аялаған

Біздерден бар білімін аямаған

Оқысын,білім алып үйренсін деп,

Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.


2-жүргізуші:Ендеше аяулы ұстаздар, «Бейнеттің де зейнеті бар!»дейді ғой қазақ аталарымыз.Бүгін бәрін ұмытып,шәкірттеріңіздің алғысы мен құттықтауларын қабыл алыңыздар!


Ән: «Сарыжайлау» Орындайтын:Аяулым.


1-жүргізуші:Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген,көрген,естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі,мейлінше шешен,өнер-білімге құштар,аса қанағатшыл және ар-намысын ардақтайтын,жақындарына да,жат адамдарына әділ,жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп,қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл ержүрек жандар.

2-жүргізуші:Ұлағатты ұстаз-ең алдымен,шәкірттеріне өмірді,білімді үйретуші .Ұстаз шәкірттерінің жан саулығын,тән саулығын,оның адамдық асыл қасиеттерінің жақсара беруін қадағалап,қамқорлық жасап отырады.Келесі кезекте сынып оқушыларының сіздерге арналған жыр жолдарын қабыл алыңыздар.


1-оқушы:Ұстаз сөзі-күн нұрына пара-пар,

Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар

Ізгілік пен мейірімге толы ол

Шуақ болып жүректерге таралар.


2-оқушы:Мұғалім-әділ де турашыл,жоғары мәдениетті,салмақты,әдепті,кішіпейіл мәңгілік нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.


3-оқушы:Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға,

Тарап демде кетеді шаршауың да.

Бал-бұл жанған балғын жүз,жәудір көздер,

Тұрғаныңда солардың қоршауында.


4-оқушы:Қиындық та кезіксін,көп асу да,

Қанша терің төгіліп жол ашуға,

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!


5-оқушы:Ұстаз-жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген,көрген,естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі,мейлінше шешен,өнер-білімге құштар,аса қанағатшыл,жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,жақындарына да,жат адамдарына да әділ,жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,ержүрек жандар.


6-оқушы:Тілеуменен сәбидің шат күлгенін,

Көкіректің сәулесін жақтың небір

Қайран ұстаз бір кезде қара шашқа,

Қаласың –ау сезбей де ақ кіргенін.


2-жүргізуші:Басса бұрыс,жол сілтеп қате дейсің,

Әр балаға сен ана,әкедейсің,

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап,мәпелейсің.

Келесі кезекті бишілерге береміз.


Би: «Шетел биі»


2-жүргізуші:Құтты болсын,ұстаздарым,мерекең,

Артсын сенің абыройың,берекең.

Осы күні ұлы тойды тойлайық,

Қуанышты,ұзақ болсын мерекең!


1-жүргізуші:Ұстаз-әке,өйткені ол шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды.Ұстаз-ана,ол шәкіртін туған анасындай баурап,өмір өрнектерін,тұрмыс-тіршілік мехнаттарын,қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп,баулудан жалықпайды.Ұстаз-жолдас.Ол әрқашан да шәкіртімен бірге көпшілікпен араласып жүреді,қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді.Ұстаз-дос,ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап,қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді,Жан сала жақсылық жасайды-дей отырып сыныбымыздың үздік оқушысы-Мырзахметов Дарханның ұстаздарға арналған жыр-арнауын қабыл алыңыздар.


Арнау: «Ұстаздарға.»


2-жүргізуші:Ұстаз!Ұстаз!

Ардақты да құдіретті бұл есім

Үнемі сен жүрегімнің түпкірінде жүресің,

Тұлғаң сенің тұрады менің көз алдымда әрқашан,

Қасиетті әр сөзіңнен өз жаныма нәр қосам.


Хор: «Ұстазым»


1-жүргізуші:Ұстаз!Ұстаз!

Сен көрсеттің білім жолын іздеген,

Жүріп кеттім мен де алға

Сен көрсеткен ізбенен.


2-жүргізуші:Кешімізді қорытындылай келе,білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға дегім келеді.Себебі ұлттың болашағы-ұрпағында болса,ұрпақтың тәрбиесі-ұстаз қолында.

Алтын бесік-отбасы,

Алтын ұя-мектеп!

Бұл екуі де алтындай қастерлі,неліктен?Өйткені,отбасы адамды дүниеге әкеліп,қалыптастырып,дамытып,жетілдірсе,мектеп ақылы мен білімі адамзаттық құндылықтармен толысқан,жан-жақты жетілген,өз бетімен өмір сүруге бейім,толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады.Ал мектептегі басты тұлға-ұстаз!


1-жүргізуші:Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,

Тілектермен нығайсын мерекеңіз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осыменен аяқталды мерекеміз!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ұстаз - ұлы тұлға

Автор: Бекбулатова Шынар Жанбаевна

Дата: 03.11.2016

Номер свидетельства: 354843

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Тақырыбы: Ұстаз - ұлы тұлға"
    ["seo_title"] => string(24) "takyryby_ustaz_uly_tulga"
    ["file_id"] => string(6) "480382"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1539277782"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "«Ұстаз – ұлы есім» атты концерттік бағдарлама"
    ["seo_title"] => string(47) "u_staz_u_ly_iesim_atty_kontsierttik_bag_darlama"
    ["file_id"] => string(6) "399440"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489312128"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Тәрбие сағаты "Ұстаз-ұлы есім("
    ["seo_title"] => string(28) "t_rbie_sagaty_ustaz_uly_esim"
    ["file_id"] => string(6) "483548"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1541393509"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Ұстаз- ұлы есім!"
    ["seo_title"] => string(14) "ustaz_uly_esim"
    ["file_id"] => string(6) "484045"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1541584001"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "«?стаз –?лы  есім»"
    ["seo_title"] => string(13) "ustazulyiesim"
    ["file_id"] => string(6) "287624"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454510268"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства