kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтыны? ?лы, ?лтжанды т?л?асы-Бауыржан Момыш?лы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"?лтыны? ?лы, ?лтжанды т?л?асы-Бауыржан Момыш?лы" атты т?рбие са?атта ?лы Отан Со?ысында ерлік к?рсеткен ?аза?ты? ?а?арман ?лы Бауыржан туралы толы? ма?л?мат берілді. Т?рбие са?ат ?ш б?лімнен т?рады. Бірінші Бауыржан ?міріне хронологиялы? шолу жасау; екінші б?лім "Ойнайы? та ойлайы?", ?шінші б?лімі ?дебиет кезе?і.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтыны? ?лы, ?лтжанды т?л?асы-Бауыржан Момыш?лы »


Оңтүстік қазақстан облысы

Шардара ауданы

Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі












Тақырыбы: Ұлтының ұлы, ұлтжанды тұлғасы- Бауыржан

Момышұлы







7 «А»-сынып



Сынып жетекшісі: Досханова М.















2014-2015 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: «Ұлтының ұлы, ұлтжанды тұлғасы- Бауыржан

Момышұлы»
Сабақтың мақсаты:
1. Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғап қалуда асқан қаһармандық көрсеткен, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлын әрдайым еске ала отырып, қадір тұту.
2. Оқушыларға батырдың өмір жолын, мәңгі өшпес ерлігін таныстыру .

3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, бауырмалдыққа, батырлыққа баули отырып тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, батырдың өмірін бейнелейтін слайдтар, бүктемелер, смайликтер.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

І бөлім. Өмірдерек - Хроникалық тәртіп бойынша «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін»
1.Бауыржан Момышұлы.

2.Балалық шағы .

3.Соғыс алдында

4.Москва үшін шайқас

5.Соғыстан кейінгі жылдар

6.Кубаға саяхаты

7.Шығармалары

8.Б.Момышұлының отбасы

9.Б.Момышұлының аты берілген нысандар

10.Марапаттары

ІІ бөлім. «Ойнайық та ойлайық» ойыны. Сынып оқушылар 2 топқа бөлініп сайысады.

І айналым
Шарты: Берілген сұрақтарға бірінші топ басшысы, ары қарай кезекпен «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауап «10» ұпай өз пайдасына алып келеді.
1. “Николай Редин” Б. Момышұлының шығармасы ма? Ия
2. Батыр туралы жазылған «Волоколамск тас жолы» атты кітаптың авторы қазақстандық жазушы Дмитрий Снегин? Жоқ, ресейлік жазушы Александр Бек
3. Бауыржанның ұлы Бақытжан 1941 жылы 3 қазанда дүниеге келген? Ия
4. “Халықтың жолымен жүрсең, ешқашан адаспайсың. Халықпен бірге болсаң, ешқашан жалғызсырамайсың” деген өсиетті Бауыржанға айтқан әкесі ме? Ия
5. Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың даңқты қолбасшы туралы кітабы «Ақиқат пен жалғандық» деп аталады? Жоқ, «Ақиқат пен аңыз»
6. Б. Момышұлы 1960 жылға дейін әскери академияда дәріс берді? Жоқ, 1956 жылға дейін (отставкаға шықты)
7. Б. Момышұлының анасының есімі Ұлжан ба? Жоқ, Рәзия
8. Баукең әрі инженер, психолог болған. Сонымен қатар шабандоз болған ба? Ия
9. Ол өз батальонын 109 рет шабуылға бастап, 4 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамын аман - есен әскерге қосады ма? Ия
10. Б. Момышұлының жары Бибіжамал Ержанқызы? Жоқ, Бибіжамал Мұханқызы
ІІ айналым
Шарты:
Берілген сұраққа дұрыс жауап берсеңіздер 50 ұпай аласыздар. Ойланып жауап беру 30 секундқа созылады. Қателессеңіздер кезек қарсыластарыңызға өтеді. Егерде дұрыс жауап табылмаса сіздерге 3 көмек оқимын. Әрбір пайдаланылған көмектен 10 ұпай шегеріледі.

№1. Баукеңнің әскерді басқару шеберлігі яғни қолбасшылық жасағаны әлемге аян. 
Сұрақ: «Б. Момышұлының соғыс тактикасы» деген оқу пәні қай елдің әскери оқу орындарында оқытылады және білімгерлер осы пәннен емтихан тапсырады?
1/ Әлемдегі ең төмен жер
2/ Жерорта теңізінің шығыс жағалауында орналасқан
3/ Жер аумағы Жуалы ауданынан 3 - ақ есе үлкен Азиядағы дамыған мемлекет, астанасы Тель - Авив қаласы
Жауабы: Израиль мемлекетінде
№2. Жерлесіміз Бауыржан Момышұлы батыр атамыз бала тәрбиесі туралы ХХ ғасырдың 70 - жылдары былай деп қынжылған екен: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді осы кездері қорқынышым көбейіп барады» деп. 
Сұрақ: Балалар тәрбиесі болашағы туралы батырдың 3 қорқынышы қандай еді?
1/ Бірінші қорқынышы жаңа туған сәбиге, оның анасына қатысты
2/ Екінші сәбилерді тәрбиелейтін әжелері туралы
3/ Үшінші қорқынышы балалардың қатыгездігі, оқуға қызығушылықтарының төмендігіне қатысты
Жауабы: 1. Балаларға бесік жырын айтатын келіндерімнің азайып бара жатқанынан қорқамын.
2. Немерелеріне ертегі айтып беретін әжелердің азайып бара жатқанынан қорқамын.
3. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Қолына кітап алмайды. Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр бола ма деп қорқамын.
№3. Б. Момышұлы соғыстан кейін басқа қызметтерге бармай, жазушылыққа бет бұрғаны бәрімізге белгілі. Оның өз себебі болды. Сұрақ: ол қандай себептер немесе себебі неде?
1/ Батырға өз дәрежесіндегі қызметтердің бұйырмауы
2/ Отставкаға кету туралы бұйрық
3/ Билік басындағылардың немесе жоғарыдағылардың қарсылығы
Жауабы: Б. Момышұлының бетің бар, жүзің бар демей, шындықты айтуы ақ жағалыларға ұнамаса керек. Соның бір дәйегі маршал Б. М. Гречко өзіне лайық бағасын алып, қызмет етуіне “Через мой труп” деп тікелей қарсылық көрсеткен. Сол себепті Б. Момышұлыға қызмет есіктері жабық болды.
№4. Батыр Бауыржан өзінің жанына адал достарын жинай білген.

Сұрақ: Б. Момышұлының ең жақсы көрген аяулы досы кім?
1/ Аса интернатында бірге оқыған
2/ Соғыста жанында жүріп серік болған
3/ Жұмбақ досына арнап «Досыма» өлеңін шығарған.
Жауабы: Құрманбек Сағындықов - журналист, аудармашы, қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты.
ІІІ айналым шарты:
4 сұраққа тірек - сөздер берілген. Сол сөздерге қарап ұпай сандарын тігесіздер. Сұрақты таңдаған команда сұраққа қателессеңіздер сол таңдаған ұпай сандарыңыз шегеріледі. Дұрыс жауап болмаса келесі қарсылас топ жауап береді. Егерде сіздер ұпай санын сақтап қаламыз десеңіздер жауап беруден бас тартуға болады.
№1 Намыссыздық
Байланыс құралы
Ұлт мүддесі
Халқымыздың әйгілі батыры өткен ғасырдың ортасында - ақ ұлтымыздың төбесіне үйірілген қара бұлтты көрегендікпен көріп, 1944 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы басшысына хат жолдаған.
Сұрақ: Баукең ұлтымыз үшін ХХІ ғасырдың басында да әлі шешімін таппаған қандай көкейкесті мәселені көрегендікпен, қынжыла көтереді? Жауабы: Қазақ тілі мәселесі
№2 Дәстүр
Қателік
Үлгі - өнеге
Б. Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова жас кезінде бір мезетте бірден 4 қателік жіберіп алғандығы туралы естеліктерінің бірінде жазады. Баукең қонақжай кісі болғнандығы елге аян. Сыйлы қонаққа бас тартылады. Жас келін Зейнеп басты алып кіреді. Сол кезде Бауыржан ата келініне жайлап жіберген қателіктерін түсіндіріп шығады. Сұрақ: З. Ахметованың жіберген қателіктері қандай еді және салт - дәстүр бойынрша ол амалдар нені білдіреді? Жауабы: Бірінші қателігі қойдың басы оңнан солға және төбесінен тұмсығына дейін пышақпен тілінеді – “төрт құбылаң түгел болсын” дегенді білдірсе керек; екіншіден бір құлағы кесіледі, ені қай құлағына салынса сол құлағы – “малдың бас жібі сияқты ені бөгде кісіге кетіп қалмасын”; тістері қағылады – болмаса дастархан басындағылар “үй иесі қонақтарына тісіп қайрап отыр, батырып отыр” деп ойлап қалуы мүмкін; соңғысы, басты алып кіргенде табаққа тұмсығын алдына қаратып қойып, дастарханға қоярда қонаққа желке жағын қаратады – сыйластықтың белгісі.
№3. Хат
Тәрбие
Ойын
Батыр соғыста жүріп ҚазССР - і Халық комиссарлары советінің председателі Оңдасынов Жолдасқа жазған хатында жауынгерлерді ерлікке, тапқырлыққа, шешендікке баулудың жолдарын көрсетеді. Сұрақ: Ол қандай жолдар? Жауабы: Баукең жауынгерлерді ерлікке, отансүйгіштікке, шешендікке тәрбиелеуде көкпар, аударыспақ, бәйге сияқты ат ойындарына үйрету, айтыс, мақал - мәтел, жыр айтқызу, асық, жамбы ату ойындарын үйрету, яғни салт - дәстүріміз негізінде тәрбиелеуге баса назар аударған.
№4. Шежіре
Сенім
Профессор
Баукең 1969 жылы 14 мамыр күні өз қолымен жазған шежіре мен әкесінің қолымен жазылған шежірені кімге сеніп табыстады? Жауабы? Мекемтас Мырзахметұлы – профессор, ҚР - сы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
IV айналым шарты:
Құрметті сайыскерлер сіздерге 4 тапсырма беріледі. Тапсырмада Б. Момышұлының нақыл сөздеріне байланысты анаграммалар берілген. Тапсырма ашылмас бұрын жасырын ұпай сандарын тігесіздер. Жауаптарыңыз бар болса парақшаға жазып алдыға қойсаңыздар жауаптарыңыз бар деп есептеймін. Қате болған жағдайда тіккен ұпайларыңыз шегеріледі.
№1 Білмей тұрып.... айтудан аулақ бол
ЛҚАЫ -- АҚЫЛ
ИБІКЛ -- БИЛІК
МААР -- АРАМ
ЖАҒЛАН – ЖАЛҒАН

ІІІ бөлім. Әдеби-музыкалық монтаж. Б.Момышұлының өлеңдерінен

1.«Туған жер», «Жазушыға», «Ескертпе», «Досыма» өлеңдері

2. Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, М.Раштың Б.Момышұлына арнаған өлеңдерін оқыды.

3. «Б.Момышұлының өз даусы» бейнежазба

Қатал болар мезгілде,
Шатырлаған жайдай бол,
Мейірім түсер мезгілде,
Ағарып атқан таңдай бол.
(З. Ахметова)
Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс - тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Б. Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Б. Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. Баукең – әлем халқының ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат.

Қорытынды.




Хаттама


Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта

мектебінде сынып жетекшілер жиналысы

болып өтті.



Күн тәртібінде:


1.Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өтілген ашық тәрбие сағатының қорытынды талдауы.



Тыңдалды:


Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Рүстемова 7 «А»-сынып жетекшісі М.Досханованың «Ұлтының ұлы, ұлтжанды тұлғасы- Бауыржан Момышұлы» тақырыбында өтілген ашық тәрбие сағатына талдау жасады.

Сынып жетекшісі М.Досханова тәрбие сағаттың 3 бөлімнен тұратынын, бірінші бөлімде оқушылар өз беттерімен ізденіп, Б.Момышұлының өмірдерегіне «Бала Бауыржаннан – батыр Бауыржанға дейін» шолу жасағанын, екінші бөлімде оқушылардың қаһарман батыр туралы мәліметті қаншалықты білетіндігін тексеру мақсатында ойын ұйымдастырғанын, үшінші бөлімде Б.Момышұлының өлеңдерін жатқа оқығанын және де батырға арналған арнау өлеңдер де жатқа оқылғанын, өз мақсатына жеткенін айтты.

ДТІЖО С.Рүстемова Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған ашық тәрбие сағатының өте жоғары деңгейде өтілгенін, оқушылар көптеген деректерді өз беттерімен ізденіп келгенін, өте белсенді түрде сабаққа қатысқанын, ашық тәрбие сағатының тәрбиелік, білімділік жағы тең дәрежеде өтілгенін, оқушылардың бойына Отансүйгіштік, патриоттық сезімді ұялата білгенін, Б.Момышұлы туралы бейнежазбадан оқушылар Жеңістің оңайлықпен келмегенін сезінгенін, сынып жетекшінің үлкен ізденісте болғанын айтып, сынып жетекші мен оқушыларға өз ризашылығын білдірді.




Жиналыс төрайымы: С.Рүстемова

Хатшы: М.Досханова




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
?лтыны? ?лы, ?лтжанды т?л?асы-Бауыржан Момыш?лы

Автор: Досханова Мейрамкул Сериковна

Дата: 19.05.2015

Номер свидетельства: 213375


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства