О?ушыларды ?аза? елін, ?аза? тілін ?астерлеуге, ой-?рісін ке?ейтуге, шешендік ?нерді? ?ыр-сырын ??ына білуге т?рбиелеу. Со??ы жылдары ана тілімізді? мемлекеттік м?ртебеге ие болуы, халы?ты? педагогиканы? асыл ?азынасын пайдалану?а, ?дебиетімізді, салт-д?ст?рімізді жетілдіруге м?мкіндік ту?аны ?аза? елі ?шін зор ?уаныш.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ту?ан тілі? – ?ызыры?»
Хабан Еркегүл
Алматы облысы
Жамбыл ауданы
Ақсеңгір ауылындағы орта мектеп
Тақырыбы: «Туған тілің – қызырың» /тәрбие сағаты/
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой-өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр-сырын ұғына білуге тәрбиелеу.
Көрнекі –құралдар: ұрандар, мақал-мәтел жазылған плакаттар т.б.
Сабақтың барысы: Мұғалім:Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетімізді, салт-дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғаны қазақ елі үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата-бабадан келе жатқан ұлттық мұраларын, тұрмыс-салтын, үлгі-өнегесін жүзеге асыруымыз қажет.
Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол әр ұлттың тарихи көрініс белгісі, ұлттық ой-өрісті кеңейте түсуге зор мүмкіндік туғызады. Ата-бабаларымыздың қалдырған асыл мұраларын меңгерту, болашақ ұрпақ игілігіне меншіктеу, адамгершілікке, ата-анаға, айналасына жүрек сезімін оятып, ана тілін қастерлеуге үйретудің жүгі мектеп пен отбасына жүктелетіні аян. Сондықтан, ауыз әдебиетіміздің ғажайып үлгілері –мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, өлең-жырларды үйретудің басты жолдарының бірі – «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты тәрбие сағатымызды қабыл алыңыздар.
Алдымен кезекті ұлы Абай атамызға берейік!
оқушы:
Өнер алды – қызыл тіл
Ой толғаған сырлы тіл
Қалауын тауып қар жаққан
Тас тілетін алмас тіл,
Сөз жүйесін тапқан тіл,
Қоршаған оны отыз тіс,
Сарайын ашып, сырын біл!
оқушы:
Ұғым, түсінік өрген тіл,
Түйсік, саңылау түйген тіл,
Қырлып қисып түгелдей
Жүйе желісін тапқан тіл.
Сарап, дүзеп ашқан тіл,
Бүкпей құпия тапқан тіл,
Қисындай толғап қиянды,
Мезеуін мезет ұтқан тіл!
оқушы:
Көкіректен суырылған тіл,
Сыбыс,дыбыс жиған ті.
Буындай ұғым шығарып,
Үйлесті сөз құрған тіл.
Құрмалас сөйлем туған тіл,
Бітім ет қызыл тіл,
Ұйқылы жанды оятқан
Өнеге-өсиет шерткен тіл.
4 – оқушы:
Өнер өрнегін терген тіл,
Сөз ширатып өрген тіл,
Қырлап,сырлап,астарлап
Толқындай ой толғаған тіл,
Сөз тізілтіп тізген тіл,
Ес-сана кіріккен тіл,
Бұлбұлындай орманның
Сыңғырлатып сайраған тіл!
Мұғалім: Қазақ халқы тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер мен шешендер, ақындар мен жыраулар дау шешіп айтысқан кездерде ұйқастыра өлеңдетіп сөйлеген. Енді балаларды сондай шешендікке баулу үшін қазір «Ұйқасын айт» ойынын өткіземіз.
Мұғалім: Ана тілін білмеген адам........
Оқушы: Ештеңе сезбейтін надан.
Оқушы: Түк сезбес балаң........
Оқушы: Жақсылық күтпе одан.
Мұғалім: Жүйрік тілді ақын бол!
1 - Оқушы: Жақсылыққа жақын бол!
2 - Оқушы:Достарыңмен тату бол!
3 - Дұшпаныңа қату бол!
Мұғалім: Ақындардың бірі бол!
1-оқушы: Туған елдің ұлы бол!
2- оқушы: Туған жердің гүлі бол!
3-оқушы: Азамат бол, ірі бол!
Мұғалім: Енді мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш айтып тіліміз бен ойымызды жаттықтыруға талпынып көрейік. Кәне, кім қандай мақал-мәтел біледі? (Оқушылар кезектесіпшығып мақалдар айтады).
Оқу-білім азығы,
Білім -өнер қазығы
Өнер алды қызыл тіл.
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
Аз сөз-алтын, көп сөз-көмір.
Мұғалім: - Ал енді жұмбақ шешейік.
Үлкен үй, үлкен үйдің ішінде кіші үй, кіші үйдің ішінде балуан би. (ауыз, тіс, тіл).
Бес жанды бір жансызға мінгеседі, үстінен ақ тақырдың із кеседі.(саусақтар, қалам, қағаз, жазу).
Мұғалім: - Өте жақсы . Енді ән тыңдайық. «Ана тілін сүйемін» әні хормен айтылады.