kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Т?л?аны? ерен келбеті»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Н?рс?лтан Назарбаев туралы м?лімет бере отырып, елбасыны? ж?ргізіп отыр?ан саясатыны? д?рысты?ын, елімізді? ерте?іне деген сенімді, елбасы?а деген ??рмет сезімдерін тере?дету, ?лемні? аса ірі мемлекеттері мойында?ан саяси са?ла?, дара т?л?а екендігін таныту. Отаншылды??а, ?лтты? патриотизмге т?рбиелеу. Саба?ты? т?рі: т?рбие са?аты К?рнекілігі: слайд, елбасыны? кітаптары, суреттер т.б.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Т?л?аны? ерен келбеті» »

Сабақтың тақырыбы: «Тұлғаның ерен келбеті»

Сыныбы: 8

Сабақтың мақсаты: Нұрсұлтан Назарбаев туралы мәлімет бере отырып, елбасының жүргізіп отырған саясатының дұрыстығын, еліміздің ертеңіне деген сенімді, елбасыға деген құрмет сезімдерін тереңдету, әлемнің аса ірі мемлекеттері мойындаған саяси саңлақ, дара тұлға екендігін таныту. Отаншылдыққа, Ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты

Көрнекілігі: слайд, елбасының кітаптары, суреттер т.б.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, сабаққа деген зейіндерін аударып, кезекшімен жұмыс жүргізу.

Сабақтың мақсатын оқушыларға мәлімдеу: Құрметті оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды саясаттың суырылған сара саңлағы, бүкіл әлем мойындаған дара тұлға, алғыр басшы, ҚР-ның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнаймыз. Сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады:

І. «Жолымыз нұрлы болғай» (мұғалімнің кіріспе сөзі)

ІІ. «Ел ертеңін ойлаған елбасы» (елбасының өмірімен, қызметімен, еңбек жолымен танысу)

ІІІ. «Елбасының жүрек жарды тебіреністері»

ІҮ. «Еңсесі биік елім бар» (ойын)

Ү. «Елбасы және Астана» (оқушы шығармашылығы)

ҮІ. Қорытындылау.

І. «Жолымыз нұрлы болғай» (мұғалімнің кіріспе сөзі). Бұл сабағымыздың кіріспесі ретінде жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Қомшабай Сүйеніштің мынадай тамаша пікірін айта кеткенді жөн көрдім: «Халқымыздың ғасырлар тереңіне тамыр тартқан тарихында салқар көршіміздің маңдайын түзеп, бағыт-бағдарын айқындайтын темірқазық шамшырағындай әйгілі үш сара жол болды. Ол – Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Абылайханның ақ жолы. Сол киелі ата-бабаларымыздың аруағы қолдап, жаңа ХХІ ғасыр Нұрсұлтанның нұрлы жолы болғай деп тілеймін. Инш Алла солай боларына сенемін де.

Мақтанышым – Көк байрағым, Ұраным,

Қырдағыны қалт жібермес Қыраным.

Сарқылмасын өзің ашқан бұлағың,

Жарқырасын өзің жаққан шырағың.

Елің үшін ұзақ ғұмыр сүре бер,

Құдайдан сол күні-түні сұрарым.»

ІІ. «Ел ертеңін ойлаған елбасы» (елбасының өмірімен, қызметімен, еңбек жолымен танысу)

Балалық шағы: Н.Ә. Назарбаев 1940 ж 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы, Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Қызмет жолы: 1960 ж Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты техникалық оқу орнын, 1976 ж Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

1960 ж Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 ж дейін осы жерде жұмыс істеді.

1969-1973 ж Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызмет атқарды.

1973-1977 жж Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

1977-1979 жж Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-хатшысы.

1979-1984 жж ҚазКП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жж Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

1990 ж ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

1991 ж 1-желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.

Отбасылық жағдайы: Жұбайы Сара Алпысқызы «Халықаралық Бөбек» балалар қайырымдылық қорын басқарды. Қызы Дариға – саясат ғылымының докторы. Динара – Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Әлия бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады.

Ғылыми атақтары: Экономика ғылымының докторы. ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғалымдар академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры, Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. «Нұр Отан» Халықтық–демократиялық партиясының, ОБСЕ-нің бас төрағасы.

ІІІ. «Елбасының жүрекжарды тебіреністері». Бұл бөлімде елбасының жан тебіренісі мен толғанысынан туған жүрекке жылы тиер ой орамдары, ел бірлігі, жер тұтастығы, ұлт болашағы туралы айтқан тамаша пікірлері ортаға салынады.(бақыт ағашына жүректен шыққан сөздерін орналастыру)

Мұғалім сөзі: «Жасыратыны жоқ, кейде мен іштей ойланамын, түн ұйқымды төрт бөліп ұйықтамай шығар түндерім де болады. Сондағы бар ойлайтыным-елімнің, жерімнің тағдыры, ертеңгі болашағы. Мұным кейбіреулерге жаттандылау болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл менің имандай шыным».

  1. «Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін», «Қандай қасіретке қабырғасы қайысса да қаймықпай төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының алдында мен бас иемін».

  2. «Менде қазақтың елдігін, ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсатта, арманда жоқ», «Осы елдің президенті ретінде дәйім көңілімнің төрінде тұратын-туған халқым».

  3. «Ел көшін бастау-маған сын, мені қостау-елге сын».

  4. «Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы ұшаң теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етейік», «Қасиетті қазақ жері-ата-бабаларымыздың даңқы тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер».

  5. «Тағдыр қазаққа қырын қарамаған: жер де берген, ел де берген, ер де берген»,

« Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ».

  1. «Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол-ұлтымыздың анасы», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін».

  2. «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары», «Жер бетіндегі жақсылық пен ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды».

  3. «Астана келбеті-ұлт келбеті», «Жаңа Астана-Тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны».

  4. «Ендігі жерде біз, бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз. Ендігі жерде бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол-жалпақ қазақ даласы».

ІҮ. «Еңсесі биік елім бар» (ойын).

  1. Н.Ә.Назарбаев кім? Ол қашан, қай жерде туды? (1940 ж 6-шілде, Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында)

  2. Н.Ә.Назарбаев алғашқы еңбек жолын қайда, қашан бастады? (1960 ж Теміртау қаласындағы металлургия тресінде жұмысшы болды)

  3. Н.Ә.Назарбаев қашан президент болып сайланды? (1991 ж 1-желтоқсан)

  4. Біздің еліміз қашан тәуелсіздігін алды? (1991 ж 16-желтоқсан)

  5. Астана қаласының тұсаукесері қашан болды? (1998 ж 10-маусым)

  6. Н.Ә.Назарбаевтің қандай жеке еңбектері бар? («Тарих толқынында», «Еуразия жүрегінде», «Ғасырлар тоғысында», «Сындарлы 10 жыл», «Тәуелсіздік белестері».

  7. ҚР-ның мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Ту, елтаңба, әнұран)

  8. Ту мен Елтаңбаға сипаттама бер? ( Туда қыран, қазақтың ою-өрнегі, күн. Елтаңбада шаңырақ, жұлдыз, қос пырақ, «Қазақстан» сөзі бар)

  9. Әнұран қашан қабылданды? (2006 ж 7-қаңтар)

  10. Әнұранның авторы? (Әні Шәмші Қалдаяқов; сөзі Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев)

  11. Қазақстанның Астанасы қай қала? (Астана)

Ү. «Елбасы және Астана» (оқушы шығармашылығы)

ҮІ. Қорытындылау.

Бүгінгі сабағымызды жүректен шыққан жақсы тілектермен аяқтайық. Жалау арқылы бір-бірімізге тілек жолдайық:

  1. Намысты бол!

  2. Сабырлы бол!

  3. Шыншыл бол!

  4. Ержүрек бол!

  5. Әділ бол!

  6. Сүйкімді бол!

  7. Салмақты бол!

  8. Сезімтал бол!

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Мұғалім сөзі: Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екендеріңді сезіндіңдерме? Тұлғамыздың ерен келбетімен таныс болдыңдар деп ойлаймын. Осымен елбасымызға арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.





«Д.Қонаев атындағы негізгі орта мектебі» КММ






Ашық тәрбие сағаты

8-сынып.
































Сынып жетекшісі: Советханова А.С









2014-2015 оқу жылы

  1. «Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін», «Қандай қасіретке қабырғасы қайысса да қаймықпай төзе білген, қажырлы да қайсар қазақ халқының алдында мен бас иемін».


  1. «Менде қазақтың елдігін, ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсатта, арманда жоқ», «Осы елдің президенті ретінде дәйім көңілімнің төрінде тұратын-туған халқым».




  1. «Ел көшін бастау-маған сын, мені қостау-елге сын».


  1. «Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы ұшаң теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екенімізді мақтан етейік», «Қасиетті қазақ жері-ата-бабаларымыздың даңқы тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер».




  1. «Тағдыр қазаққа қырын қарамаған: жер де берген, ел де берген, ер де берген»,

« Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ».


  1. «Ана тілі-бәріміздің анамыз, өйткені ол-ұлтымыздың анасы», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін».


  1. «Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары», «Жер бетіндегі жақсылық пен ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды».




  1. «Астана келбеті-ұлт келбеті», «Жаңа Астана-Тәуелсіз Қазақстан үшін жарқын келешектің нышаны».


  1. «Ендігі жерде біз, бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз. Ендігі жерде бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол-жалпақ қазақ даласы».




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
«Т?л?аны? ерен келбеті»

Автор: Советханова Айжан Советхан?ызы

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 201971


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства