kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты 1 сынып Та?ырыбы:?дептілік -?лемінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашы? т?рбие са?атыны? та?ырыбы: ?дептілік -?лемінде. Т?рбие са?атыны? ма?саты:о?ушыларды жаман ?деттен аула? болу?а,адамгершілікке баулып,мейірімділік пен ?айырымдылы? жасау?а т?рбиелеу. Мынадай б?лімдерден т?рады:?деби монтаж;ма?ал-м?телдер;с?ра?-жауап,ойын,Т?рбие ?леміне саяхат. О?ушылармен психологиялы? тренинг ?йымдастырып,топ?а б?лініп отырды. ?уелі ой ?оз?аудан бастап,адам бойында?ы жа?сы ?асиеттерді атап,шынайы ?мірден мысалдар келтіреді.?деби монтаж ?дептілікке байланысты та?па?тарын о?ып береді.О?ушылармен "Не істеуге болмайды?"," Не деу керек?","Не дер е??" деп аталатын с?ра?-жауап лездеме т?рде алынып ойын ойналды.Т?рбие ?леміне саяхатта ?р топ берілген тапсырма бойынша топпен ке?есіп сахналап береді.?орытындысында о?ушылар адам бойында?ы жа?сы мен жаман ?асиеттерді ажырата алады,біледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты 1 сынып Та?ырыбы:?дептілік -?лемінде»


Бекітемін:

Директордың тәрбие –ісі жөніндегі орынбасары: Л.М.Ирменова.

Сынып жетекшісі:Б.Б.Бекенова.

Сыныбы: 1«ә»

Өтетін күні:12.02.16.

Өтетін орны:221 кабинет

Уақыты:12.10 -12.55

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Әдептілік әлемінде »

Мақсаты:Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға,үлкенді сыйлауға,кішіге қамқор болуға үйрету;ата-анаға мейірімді, туған жерге,айналадағы заттарға ұқыпты қарауға,мектеп мүліктерін сындырмауға үйрету;оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Өнегелі сөздер,мақал-мәтел,презентациялар,видеоподкаст.

  • Әдеби монтаж.

  • Мақал-мәтелдер.

  • Сұрақ-жауап.

  • Ойын.

  • Тәрбие әлеміне саяхат.

1.Психологиялық дайындық.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.



Кіріспе сөз.

Топтасу

І топ: «Ұқыптылар»

ІІ топ: «Білімділер»

ІІІ топ: «Сабырлылар»

ІҮ топ: «Кішіпейілділер»

2.Ой қозғау

Видеопдкаст арқылы сыни ойланту

-Не көрдік?

- Қандай оқиғаға тап болдық?

-Адамдар қандай болады екен?

-Бұл қандай қасиет?

Адам бойында жақсы қасиеттер болады екен.Міне осындағы ақылдылықты,адалдықты,қарапайымдылықты,кішіпейілділікті,инабаттылықты,шыншылдықты ата –аналарымыз,ата-бабаларымыз және ұстаздарымыз үйретеді.Ең бірінші осындай жақсы қасиетерді ананың ақ сүтінен,бал тілінен бойымызға сіңіреміз.Балалар осы қасиеттерді үйреніп ,жаман мінез әдеттерден,ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысыңдар.



3.Әдеби монтаж


1-оқушы.

Әептілік дегенің-әрқашан да керегің

Әсемпаздық дегенің-әуре сарсаң әлегің

2-оқушы.

Ата-ананың тілегі-адам болып өскені,

Адамдықтың тірегі-адал болып өскені

3-оқушы.

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді!

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

4-оқушы.

Ұрыншақ бала жанында

Ұрыс пен керіс,айқай шу

Ұстамды бала маңынан

Ұнамды іс байқайсың.

5-оқушы.

Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдында

Шығарып мақтаймыз.

6-оқушы.

Кім үлкенді сыйласа

Кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болмақ өзі де

Үлкен болған кезінде.

7-оқушы.

Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні,

Сақтап көше тәртібін

Бағдаршамның ал тілін

Әдет қыл бұл ісіңді

Тазалап жүр тісіңді.


-Оқу құралдарына,киімдерімізге,мектеп мүліктеріне,ас атасына ұқыптылықпен қарауымыз керек.

-Сыйламаған жолдасын,сыйлай да алмас өз басын.

-Өнерлі бала-сүйкімді.

Жақсы бала сүйікті.

-Ақылды аңдап сөйлер,әр сөзін тыңдап сөйлер.

-Өнерлі адам өрге озар,

Өнерсіз адам жер соғар.

-Біліп тұрсаң да сұрап ал.

-Көп біл,аз сөйле.


«Не істеуге болмайды?»ойын.

Суретпен жұмыс.

Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

Кішкене баланы ренжітуге болмайды.

Құстарды атуға болмайды.

Қыз баланы ренжітуге болмайды.

Сабақтан кешігуге болмайды.

Сыныпта айғайлауға болмайды.

«Қазақтың ырымдары». «Аулақ бол жаман әдеттен»дей отыра өздерің үйде,мектепте,басқа жерде естіген қандай ырымдарды білесіңдер?

-Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

-Бүйіріңді таянба.

-Жалғыз ағашты кеспе.

-Үйді айналып жүрме

-Отты шашпа

-Күлді боспа.

-Үлкеннің алдын кеспе.

«Не деу керек?»

Топтық тапсырма хормен жауап беруі керек.

-Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Әдепті екен бұл дейміз!

-Кітап,дәптер қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз!

-Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Үлгілі екен бұл дейміз!

Келесі сұрақ:Не деу керек.

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді,

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

-Рахмет апа деу керек!

Балалар жүр көшеде

Естіледі шу,айқай

Сен де шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?

-«Кешіріңіз»деу керек.

Осы келген бетіңе,

Допты қудың жарыстың.

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың

Ұмыттың сен не деуді?

-«Сәлеметсіңбе»-деу керек.

Үй артында қоқысты

Жатқан көптеп үйілп,

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?

-«Көмектесейін»деу керек

«Кім дер ең?»өлеңді оқып,қимылмен бір оқушы көрсетеді,оның жауабын оқушылар жауап береді.(бір оқушы оқиды,үш оқушы қимылмен көрсетеді)

Кітап түбі қырқылған,

Күнделігі жыртылған,

Сабаққа да самарқау

Қандай бала бұл тұрған?(Салақ)

Бұрылатын қызға да

Ұрынатын ұлға да

Төбелеспей жүрмейтін

Қандай бала бұл тұрған?(Бұзық)

Сабақ айта білмеген

Шақырмасаң жүрмеген.

Кітап бетін ашпайтын

Баланы сен кім дер ең?(Жалқау)

Тәрбие әлеміне саяхат.

(Яғни мен сендерге бір тақырып берем.Сендер сол тақырыпбойынша жақсы әдеттер көрсетулерің керек.)

Топпен жұмыс:

1-топ:Сіз қонақтасыз!(үй иесі мен қонақ)

2-топ:Телефонмен сөйлесу(сөйлесу мәнері)

3-топ:Үлкенге көмек.

4-топ:Көлікте жүру тәртібі.

Қорытынды:

Бүгінгі сабағымызда адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білдік.Сендер адалдыққа,шыншылдыққа,кішіпейілділікке үйрендіңде.Міне,осындай жақсы мінез құлықтарды әрдайым естеріңде ұстап жүрсеңдер «нұр үстіне нұр жауар »еді.

















































1-оқушы.

Әептілік дегенің-әрқашан да керегің

Әсемпаздық дегенің-әуре сарсаң әлегің


2-оқушы.

Ата-ананың тілегі-адам болып өскені,

Адамдықтың тірегі-адал болып өскені


3-оқушы.

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді!

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп басың кетеді.


4-оқушы.

Ұрыншақ бала жанында

Ұрыс пен керіс,айқай шу

Ұстамды бала маңынан

Ұнамды іс байқайсың.


5-оқушы.

Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдында

Шығарып мақтаймыз.


6-оқушы.

Кім үлкенді сыйласа

Кім үлкенді тыңдаса

Сыйлы болмақ өзі де

Үлкен болған кезінде.


7-оқушы.

Сыйла үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні,

Сақтап көше тәртібін

Бағдаршамның ал тілін

Әдет қыл бұл ісіңді

Тазалап жүр тісіңді.




































Зере(мәнерлеп оқу)


Кітап түбі қырқылған,

Күнделігі жыртылған,

Сабаққа да самарқау

Қандай бала бұл тұрған?(Салақ)


Бұрылатын қызға да

Ұрынатын ұлға да

Төбелеспей жүрмейтін

Қандай бала бұл тұрған?(Бұзық)


Сабақ айта білмеген

Шақырмасаң жүрмеген.

Кітап бетін ашпайтын

Баланы сен кім дер ең?(Жалқау)



































Дильяра(мәнерлеп оқу)

«Не деу керек?»

-Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз?

Әдепті екен бұл дейміз!

-Кітап,дәптер қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз?

Ұқыпты екен бұл дейміз!

-Таудай биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз?

Үлгілі екен бұл дейміз!



Аруна(мәнерлеп оқу)

Келесі сұрақ:Не деу керек.

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді,

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

-Рахмет апа деу керек!

Балалар жүр көшеде

Естіледі шу,айқай

Сен де шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?

-«Кешіріңіз»деу керек.

Осы келген бетіңе,

Допты қудың жарыстың.

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың

Ұмыттың сен не деуді?

-«Сәлеметсіңбе»-деу керек.

Үй артында қоқысты

Жатқан көптеп үйіліп,

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?

-«Көмектесейін»деу керек.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Т?рбие са?аты 1 сынып Та?ырыбы:?дептілік -?лемінде

Автор: Бекенова Ботагоз Бахтыгалиевна

Дата: 03.04.2016

Номер свидетельства: 314298


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства