kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ТЕМЕКІНІ? АДАМ А?ЗАСЫНА ЗИЯНЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

ТЕМЕКІНІ? АДАМ А?ЗАСЫНА ЗИЯНЫ

Т?рбие са?атыны?  ма?саты:

1.О?ушыларды? бойында зиянды ?деттерге, атап айт?анда, алкоголь ішімдіктеріне, наша?орлы??а, темекі тарту?а деген жиіркенішті ??ым ?алыптастыру.

2. Маск?немдікті?, наша?орлы?ты? зардаптары. Маск?нем ата-аналардан ту?ан балалар ?мытша?, ала??асар, хал?ымыз?а пайдасыз болып ?мірге келетінін жете т?сіндіру.

3. Темекіні? зиянына ?ылыми д?лелденген деректер бойынша на?ты фактілер мен т?рлі т?сті диафильмдер ар?ылы к?з жеткізу.

Т?рбие са?атыны? барысы:

I.   ?йымдастыру. Кіріспе.

II.    Темекіні? шы?у тарихы

III.     Жас ?спірімдерді?, адамдарды? темекі тартуыны? себептері.

I?.. Темекіден болатын аурулар.

V. Темекіні тастау?а бола ма? (дискуссия)

?І. Темекі тартуды? спорт?а ?андай ?сері бар? (спорт маманы).

VII. ?орытынды.

І-ж?ргізуші. Кіріспе.

- ?азіргі кезде елімізде темекі шегу ж?не о?ан ?арсы к?рес ж?ргізу негізгі м?селені? біріне айналды. Темекіге ?уес?ойлы?, ?сіресе, жас?спірімдерді? арасында ?атты етек алып отыр.

П-ж?ргізуші. Елімізді? Президенті Н.?. Назарбаев барлы? ?аза?станды?тар?а жолда?ан " ?аза?стан -2030" ба?дарламасында халы?ты? салауатты ?мір с?руіне ?ол жеткізу ?шін негізгі 3 ба?ытта к?рес ж?ргізу керек деп атап к?рсетті. Олар:

1   - ба?ыт. "Темекі шегуді то?тату";

2   - ба?ыт. "Наша?орлы??а, наркобизнеске ?арсы к?рес";

3   -ба?ыт. "Маск?немдік пен ара??а ?арсы к?рес".

 Ба?дарламада былай делінген:

"Алкоголь мен темекіні? адам ?міріне зиянды екені д?лелдеуді ?ажет етпейді". Халы?аралы? т?жірибе б?л салада мемлекеттік саясатты ж?ргізуді? алкоголь мен темекіге салы? салудан бастап, бірнеше саба?ын ?сынып отыр. Біз б?л м?селеде байыпты саясат ж?ргізуіміз керек".

С?ра?тар:

1.    Темекі тарту ?ай ?асырда, ?ай жылы басталды?

2.    Темекі тарту туралы кітап   к?п дегенмен, темекі туралы е? ал?аш?ы кітапты айтса?ыз?

3.    Адамдарды? темекі тартуыны? жалпы себептері неде?

4.    К?рініске байланысты с?ра?тар.

5.    Д?рігер никотин деген с?з туралы айтты, никотин деген с?з ?айдан шы??ан?

6.    Темекіден болатын ауруларды атап к?рсеті?іздер!

Зиянды ?деттерге, алкаголь ішімдіктеріне ?йір болу, наша?орлы?, темекі тарту жатады.

?ділін айтса?, б?ларды? ?айсысы болса да ?ай?ылы жа?дай?а со?тыратын ??марлы? кесел. Маск?нем ата-аналардан ту?ан балалар ?мытша? ала??асар, хал?ымыз?а пайдасыз болып ?мірге келеді. Ішімдік, наша?орлы?, темекі адам организміне ?те ?ауіпті. Біра? біз б?гінгі ша?ын уа?ытымызда б?л м?селелерді бірден ?амти алмаймыз. Сонды?тан б?гінгі к?німізді? та?ырыбын "Темекіні? адам а?засына зияны" деген та?ырып?а арнаса?.

??рметті балалар, темекіге байланысты с?раулары?ызды ?р т?рлі маман иелеріне ауызша, жазбаша тапсырулары?ыз?а болады. О?ан дейін мен темекіні? шы?у тарихына то?талайын.

С?ра?. Темекі тарту ?ай ?асырда, ?ай жылы басталды?

Жауап. Темекі тарту Х? ?асырда 1496 жылы басталды. Ал?аш темекі д?рі ретінде Испанияда бастады.

С?ра?. Темекі тарту туралы кітап к?п дегенімен, темекі туралы е? ал?аш?ы кітапты айтса?ыз.

-Темекі тарту ?деті жайлы е? ал?аш?ы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка т?р?ындарыны? адамгершілігі мен ?дет ??рыптары деп аталады. Онда ?ыс?аша былай делінген. "Расанолла" аралында т?ратын халы?ты? тым зиянды ?дет-??рыптары, олар ?асиеті жа?ынан ме?діуана?а ??сас ш?пті жандыр?анда шы??ан т?тінді танаулары ар?ылы ішіне тартып мас болады. Онысы "тобоко" деп аталады.

С?ра?.  Темекіден болатын ауруларды атап к?рсеті?іздер.

Ж?ргізуші. Б?л с?ра??а болаша? д?рігерлер жауап береді. Сіздер темекі тартудан болатын ауруларды т?сіндірсе?із.

- Стенокардия - темекі тартуды? к?п тара?ан ?асіреттеріні? бірі. Темекі тартудан болатын стенокардия ауруына шалдык?андарды? кеудесі ?ысылып ?лсірейді. Б?л ауру?а шалды??андарды? ?мір ?ыс?арады. М?ндай ауру?а шалды?кан адамны? ?мірі ?ыс?а болады.

- Эндартерит - темекі тартудан болатын ауру. Т?менгі ?ан тамырларыны? біресе ке?ейіп, біресе тартылуы осы?ан байланысты. Б?л ауру кезінде адамны? жаны ?атты ?иналып, адам ж?ріп келе жатып еріксіз то?тап, отыру?а м?жб?р болады. С?л то?тап отырса ауруы басылады. 50-70 м ж?рген со? ?айта ауырады. М?ндай ауру?а шалды?кан адамдарды? ?ан тамырларынын ке?ею ?абілеті жетіспейді.

- ??р?ак гонгрена - темекі тартудан болатын ауруды? жал?асы. Б?л ауру кезінде ж?рек бір калыпты ?ан айналымын ?амтамасыз ете алмайды. Ая?ты? башпайлары суланып, к?гере бастайды, осыдан ая? жансызданады, оны кесуге тура келеді.

-  Ісік   аурулары   никотин уыны? тамырлар?а ?атты ?сер етуінен болады. Темекі т?тініні? шамадан тыс ?сер етуінен ас?азан, ащы ішек ісік ауруына ?сер етеді. Темекі тартушылар арасында ?кпе рагы, к?мей рагы ?те жиі кездеседі. Мына к?ріп отыр?андары?ыз таза ас?азан, ал мынау к?бінесе темекі никотинінен болатын жара т?скен ас?азан, осы жара біртіндеп ?л?аяды. Б?л ауру темекі тартатын адамдарда к?п кездеседі.

Ж?ргізуші. Енді темекі тартуды? спорт?а ?андай ?сері бар екен, б?л с?ра??а спорт маманы жауап береді.

Спорт маманы. - Темекі тартатын жас спортта ?лкен табыс?а жете алмайды. Никотин бойда?ы ?ажыр-?айрат пен б?лшы? етті? шира?ты?ын, ?оз?алыс с?йкестігін, шапшанды?ты, т?зімділікті т?мендетеді. Сонды?тан темекі тарту ж?зумен, бокспен, ж?гірушіге, конькимен, ша??ымен ш??ылданушылар?а зиянын тигізеді.

?орытынды. - Міне, балалар бізді? темекіні? зиянын білуімізге арнал?ан уа?ытымыз таяу ?алды, ?здерінде бай?ап отыр?ан боларсындар, темекі тарту?а ?уестенген мектеп жасында?ы балаларды? о?у ?лгерімі т?мен, ала??асар болады. Темекідегі улы зат никотин нерв ж?йесінін реттілігін б?зады. Сонды?тан да темекіге ?уестенген мектеп жасында?ы балалар саба??а к??іл б?лмейді. Улы газ баланы? ж?мыс, ?абілетін т?мендетеді. Темекіні тастап кету адамны? ?зіне байланысты.

Б?л ?аза? хал?ы ?шін ?лкен ?асірет болып отыр. Сонды?тан ?азір Егемендік алып, ?з алдымыз?а ша?ыра? тігіп, дамы?ан елдер Испан, Американ, А?ылшын елдеріні? ?атарына жетуіміз ?шін темекімен ?здіксіз к?рес ж?ргізуіміз керек.

Міне, балалар ?р адамны? м?нді де, с?нді ?мір с?ру ?шін денсаулы?ты? ?сері ?шан те?із екен. Т?лім т?рбие жолында ?ажет болса ?зіп берер ш?ірттеріме тілерім тол?ын?а сал?ан ара?, темекі, наша?орлы?тан жас жандары?ызды аулы? ?ста?ыздар. Салауатты ?мір салтын жандары?ыз?а жан серік еті?іздер.

Келіп ?атыс?андары?ыз?а к?п-к?п рахмет. Сау болы?ыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ТЕМЕКІНІ? АДАМ А?ЗАСЫНА ЗИЯНЫ»

ТЕМЕКІНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ

Тәрбие сағатының мақсаты:

1.Оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

2. Маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру.

3. Темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.



Тәрбие сағатының барысы:

I. Ұйымдастыру. Кіріспе.

II. Темекінің шығу тарихы

III. Жас өспірімдердің, адамдардың темекі тартуының себептері.

IҮ. . Темекіден болатын аурулар.

V. Темекіні тастауға бола ма? (дискуссия)

ҮІ. Темекі тартудың спортқа қандай әсері бар? (спорт маманы).

VII. Қорытынды.



І-жүргізуші. Кіріспе.



- Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналды. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында қатты етек алып отыр.



П-жүргізуші. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған " Қазақстан -2030" бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағытта күрес жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:



1 - бағыт. "Темекі шегуді тоқтату";

2 - бағыт. "Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес";

3 -бағыт. "Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес".

Бағдарламада былай делінген:

"Алкоголь мен темекінің адам өміріне зиянды екені дәлелдеуді қажет етпейді". Халықаралық тәжірибе бұл салада мемлекеттік саясатты жүргізудің алкоголь мен темекіге салық салудан бастап, бірнеше сабағын ұсынып отыр. Біз бұл мәселеде байыпты саясат жүргізуіміз керек".

Сұрақтар:

1. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

2. Темекі тарту туралы кітап көп дегенмен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз?

3. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде?

4. Көрініске байланысты сұрақтар.

5. Дәрігер никотин деген сөз туралы айтты, никотин деген сөз қайдан шыққан?

6. Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер!

Зиянды әдеттерге, алкаголь ішімдіктеріне үйір болу, нашақорлық, темекі тарту жатады.

Әділін айтсақ, бұлардың қайсысы болса да қайғылы жағдайға соқтыратын құмарлық кесел. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келеді. Ішімдік, нашақорлық, темекі адам организміне өте қауіпті. Бірақ біз бүгінгі шағын уақытымызда бүл мәселелерді бірден қамти алмаймыз. Сондықтан бүгінгі күніміздің тақырыбын "Темекінің адам ағзасына зияны" деген тақырыпқа арнасақ.

Құрметті балалар, темекіге байланысты сұрауларыңызды әр түрлі маман иелеріне ауызша, жазбаша тапсыруларыңызға болады. Оған дейін мен темекінің шығу тарихына тоқталайын.

Сұрақ. Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы басталды?

Жауап. Темекі тарту ХҮ ғасырда 1496 жылы басталды. Алғаш темекі дәрі ретінде Испанияда бастады.

Сұрақ. Темекі тарту туралы кітап көп дегенімен, темекі туралы ең алғашқы кітапты айтсаңыз.

-Темекі тарту әдеті жайлы ең алғашқы кітапты Эрпандесу де Овьеда жазды. Ол Америка тұрғындарының адамгершілігі мен әдет ғұрыптары деп аталады. Онда қысқаша былай делінген. "Расанолла" аралында тұратын халықтың тым зиянды әдет-ғұрыптары, олар қасиеті жағынан меңдіуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танаулары арқылы ішіне тартып мас болады. Онысы "тобоко" деп аталады.

Сұрақ. Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер.

Жүргізуші. Бұл сұраққа болашақ дәрігерлер жауап береді. Сіздер темекі тартудан болатын ауруларды түсіндірсеңіз.

- Стенокардия - темекі тартудың көп тараған қасіреттерінің бірі. Темекі тартудан болатын стенокардия ауруына шалдыкқандардың кеудесі қысылып әлсірейді. Бұл ауруға шалдыққандардың өмір қысқарады. Мұндай ауруға шалдықкан адамның өмірі қысқа болады.

- Эндартерит - темекі тартудан болатын ауру. Төменгі қан тамырларының біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 м жүрген соң қайта ауырады. Мүндай ауруға шалдықкан адамдардың қан тамырларынын кеңею қабілеті жетіспейді.

- Құрғак гонгрена - темекі тартудан болатын аурудың жалғасы. Бүл ауру кезінде жүрек бір калыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге тура келеді.

- Ісік аурулары никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді. Темекі тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі. Мына көріп отырғандарыңыз таза асқазан, ал мынау көбінесе темекі никотинінен болатын жара түскен асқазан, осы жара біртіндеп үлғаяды. Бұл ауру темекі тартатын адамдарда көп кездеседі.

Жүргізуші. Енді темекі тартудың спортқа қандай әсері бар екен, бұл сүраққа спорт маманы жауап береді.

Спорт маманы. - Темекі тартатын жас спортта үлкен табысқа жете алмайды. Никотин бойдағы қажыр-қайрат пен бұлшық еттің ширақтығын, қозғалыс сәйкестігін, шапшандықты, төзімділікті төмендетеді. Сондықтан темекі тарту жүзумен, бокспен, жүгірушіге, конькимен, шаңғымен шұғылданушыларға зиянын тигізеді.



Қорытынды. - Міне, балалар біздің темекінің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин нерв жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді. Темекіні тастап кету адамның өзіне байланысты.

Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Испан, Американ, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.

Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен. Тәлім тәрбие жолында қажет болса үзіп берер шәірттеріме тілерім толқынға салған арақ, темекі, нашақорлықтан жас жандарыңызды аулық ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға жан серік етіңіздер.



Келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.















Батыс Қазақстан индустриалды колледжі







«КЕЛІСІЛДІ»: «БЕКІТЕМІН»: Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Директордың ОТЖ орынбасары Карсакова З.И._____________ Шакирова С.К ____________ «___»_____________20__ж. Күні: 25.02.2014





Ашық тәрбие сағатының дайындамасы:

тақырыбы: «ТЕМЕКІНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ»











Өткізген: 52к топ жетекшісі

Кабдыгалиева А.К









Орал, 2014















































































Жүргізуші. Адамдардың темекі тартуының жалпы себептері неде.



-Адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің темекі тартуының себептері мыналарға байланысты:



а) топқа еліктеу, яғни, темекі тартпайтын жас қыз немесе бала топқа қосылу үшін солардың ыңғайына көніп, жаман өдетін бойына сіңіргісі келеді;



б) жеке ұнатқан адамына еліктеу бұл жерде темекі тартпайтын жас қыз немесе бала ұнатқан адамының жаман қасиеттерін бағаламауынан темекі тартуды өзі де бастауы мүмкін;



в) ересек болуға тырысу;



г) өмірдегінін бәрін байқап көруге тырысу;



д) ата-аналардың дұрыс тәрбие бермеуі мектеп жасындағы жасөспірімдердің көпшілігі темекінің зиянын білмегендігінен тартады.



Көрініс (Бала столда сабақ оқып отырады, әкесі келеді).



Әкесі: Ә-ә-ә, балам қалай сабақ оқып отырсың ба?



Дұр-ы-ы-ы-с Қалай сабағың жақсы ма?



Бала: Жақсы ғой папа, бірақ сені мұгалім мектепке келсін деді.



Әкесі: Немене? Тағы бір нәрсе бүлдірдің бе? Кәне әкелші күнделігіңді (күнделікті алып оқиды) балаңыздың тәртібі нашар, мектепке келіп кетіңіз. Сынып жетекшісі



- Әй, сенде бір жағымсыз иіс бар ғой, темекінің иісі шығады ғой.

Бала: Жо-қ папа, өзіңнен шығып тұрған шығар. Өзің тартқан шығарсың.

Әкесі: Көп сөзді қой, кәне тұр былай, (қалтасын ақтарып темекі, сіріңке шығарады).

Міне кере-е-е-мет. Сен енді темекі тарта бастағансың ба?

Бала: Жо-о-оқ папа, мамам салып қойған шығар.

Әкесі: Мен саған салғанды, тартқанды көрсетейін (белбеумен ұра бастайды).

Бала: Ұрмашы папа, ұрмашы ой-ой!

Мамасы: жүгіріп келеді. Әй-әй не болып қалды (баласын арашалап қорғап қушақтай бастайды).

Әкесі: Андағы ақмақтан сұра, не істеп жүргенін, енді темекі тартуды бастаған.

Шешесі: Балам-ау не дейді. Қашан тарттың, кім үйретіп жүр?

Бала: Көршінің баласы тартып жүр ғой, сол жақсы деген соң, сендер жұмысқа кеткенде тартып көргем.

Шешесі: Ә-ә-ә күнім сол, тартып көрген екен ғой (басынан сипайды).

Бала: Мама, алғаш аузым мен танауымды ашытты, түтінін будақтата шығардым.

Шешесі: Күнім сол, будақтата шығарады.

Бала: сөйтіп тағы сордым, сол кезде басым айналып кетті, түрімді көрейін деп айнаға қарай бергенімде, аяғым тәлтіректей бөлме іші шыр көбелек айналып кетті.

Шешесі: Әбден қиналған екен ғой шырағым.

Бала: Аяғымды әбден басып айнаға қарасам өзімді өзім танымай қалдым. Мама, көзім қасқырдың көзіндей алайып кетіпті.

Әкесі (балаға тағы ұмтылып): Сонда неге өле қалмаган екенсің.

Шешесі: Қой, қой деймін (Баласын қорғайды).

Бала: Мама, сосын әрең дегенде диванға отырдым. Жүрегім айнып, құсқым келеді, тұла бойым әлсіреп, демім бітіп, тұншығып кеттім.

Әкесі: Енді неғып тартып жүрсің.

Бала: Мама сосын диванға құлап ұйықтап қалыппын.

Әкесі: көрдің бе, мұның істеп жүргенін (тағы да ұра бастайды, енді неғып тартасың).

Бала (шешесіне қарап): Мама папам да тартады, тартса не болады. Қазір менің бұрынғыдай құсқым келмейді, басым айналмайды, көршінің баласы екеуміз күнде тартып жүрміз. Қазір мен одан да жақсы тартамын.

Әкесі: Ойбай-ой мектебіне, сыныбына, жетекішсіне не дейміз.

Шешесі: Тартпайды дей сал.



Жүргізуші: өздеріңіз көріп отырған сахналық көрінісінен темекі тартудың басты себептері, еліктеу, ересек болуға тырысу, өмірдегінің бәрін байқап көруге тырысу, әке-шешенің дұрыс тәрбие бермеуі, ең бастысы жаңағы Ерболдың темекінің зиянын білмеуінен екеніне көзіміз жетті. Ендеше, осыған байланысты мынандай сұрақ түсті.



Ербол темекіні алғаш тартқанда өте ауыр жағдайда болды, бұл ненің өсері? Бұл сұрақ дәрігерге арналыпты.



Дәрігер. - Ерболдың алғашқы күйі темекі тартудың бірінші фазасы деп аталады. Ербол алғаш тартқанда темекінің улы заты никотинімен уланады. Никотиннің темекіде болатын түсі сары сұйық зат. Суға және майға тез ериді, теріге тез сіңеді. Оны ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктерді өлтіруге пайдаланады. Никотин нерв жүйесінің жансызданып қалуына әсер етеді. Никотин адамға өте қауіпті. Онымен уланғанда көз қарауытып, тамыр қысымы күшейеді, құсады, бұл кезең темекі тартудың бірінші фазасы.

Сұрақ . Әкесі келген кезде Ербол сіз айтқандай емес, ешнәрсе болмағандай айтады, ал соның алдында ғана темекі тартқан, тіпті қазір менің бұрынғыдай басым ауырмайды, құсқым келмейді деді ғой, осының себебі туралы не айтар едіңіз.

Дәрігер. Ол кезең темекі тартудың екінші фазасы. Ерболдың организмі никотинге біршама дағдыланды, біртіндеп оған деген құштарлықты арттырады, тартқысы келіп тұратыны содан.

Жүргізуші. Сізге көп рахмет, сұрауларыңыз бар ма?

Сұрақ Дәрігер никотин деген сөз туралы айтты, никотин деген сөз қайдан шыққан?

Тарихшы, ғалым. - Бұл сұрақка мен жауап берейін. Португалияның Париждегі елшісі Жак Никаның есіміне байланысты. 1560 жылы әйел патша Екатерина Медичидің басының сақинасы ұстағанда Жак Ника дәрі ретінде әкеліп берген. Міне, темекі осы кезден бастап алғаш емдік шөп ретінде пайдаланылған.

Жүргізуші: -Сізге рахмет, біз темекі тартудың себептерін, шығу тарихы жөнінде біраз мәліметгер алдық, енді біздің пресс-конференцияға қатысушыларымыз жасөспірімдердің көбі темекінің адам ағзасына зияны жөнінде көп біле бермеңді. Сондықтан құрметгі маман иелері енді темекінің зияны неде, осыған токталайық

Дәрігер. Бұл сұракқа темекі тартудьщ 3-ші кезеңі жатады, бұл кезенде темекі тартушы адам рахаттанғандай болады. Бірақ, темекі тартушы адам оньщ зардаптарын ұғына бастайды. Бұл кезеңде темекіге құныққан адам, темекі тартып алмаса ешнәрсе шеше алмайды, бөлме көк түгінге тольш, отырған жері темекі қалдықтары мен күлге үйіліп калады, жиі-жиі жөтеледі, кеудесі сырылдайды, аузы ойылады.

N1 диафильм. - Мына көріп отырғандарыңыз темекі тартпайтын, никотинмен уланбаған адамның таза өкпесі, ал мынау темекінің никотинімен уланған адамның өкпесі. Мұнда адамның өкпесі темекі ысынан әбден уланған. Осылай біртіңдеп рак ауруына шалдығуы мүмкін.

N2 диафильм. - Ал мына көріп отырғандарыңыз, темекі тартпайтын адамның тыныс жолы мен темекі шегетін адамның тыныс жолы. Темекі шегетін әбден үйренген адамның жөтелуі, кеудесінің сырылдап тұруы осыған байланысты.



N3 диафилъм. - Ал мынада темекі тартушыларда көп кездесетін ракка айланьш, әбден ісіген өкпе көрсетілген.

Сұрақ. Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіңіздер.

Жүргізуші. Бұл сұраққа болашақ дәрігерлер жауап береді. Сіздер темекі тартудан болатын ауруларды түсіндірсеңіз.

- Стенокардия - темекі тартудың көп тараған қасіреттерінің бірі. Темекі тартудан болатын стенокардия ауруына шалдыкқандардың кеудесі қысылып әлсірейді. Бұл ауруға шалдыққандардың өмір қысқарады. Мұндай ауруға шалдықкан адамның өмірі қысқа болады.

- Эндартерит - темекі тартудан болатын ауру. Төменгі қан тамырларының біресе кеңейіп, біресе тартылуы осыған байланысты. Бұл ауру кезінде адамның жаны қатты қиналып, адам жүріп келе жатып еріксіз тоқтап, отыруға мәжбүр болады. Сәл тоқтап отырса ауруы басылады. 50-70 м жүрген соң қайта ауырады. Мүндай ауруға шалдықкан адамдардың қан тамырларынын кеңею қабілеті жетіспейді.

- Құрғак гонгрена - темекі тартудан болатын аурудың жалғасы. Бүл ауру кезінде жүрек бір калыпты қан айналымын қамтамасыз ете алмайды. Аяқтың башпайлары суланып, көгере бастайды, осыдан аяқ жансызданады, оны кесуге тура келеді.

- Ісік аурулары никотин уының тамырларға қатты әсер етуінен болады. Темекі түтінінің шамадан тыс әсер етуінен асқазан, ащы ішек ісік ауруына әсер етеді. Темекі тартушылар арасында өкпе рагы, көмей рагы өте жиі кездеседі. Мына көріп отырғандарыңыз таза асқазан, ал мынау көбінесе темекі никотинінен болатын жара түскен асқазан, осы жара біртіндеп үлғаяды. Бұл ауру темекі тартатын адамдарда көп кездеседі.



Ал мына көріп отырғандарыңыз темекі тартушыларда көп кездесетін, ракқа айналып, әбден ісетін өкпе көрсетілген. Мынау темекі ысы мен никотиннен болған ерін рагы. Ал мынау сау адамның көмейі. Мына көріп отырғаныңыз темекіден ракқа айналып шіри бастаған көмей.

Жүргізуші. -Бүгінгі пресс-конференция тақырыбына сай газетте былай деп жазылыпты.

Темекі тартатындардың 25 процентінің көңіл күйі төмен, 30 процентінің тыныс алуы қиындайды, 10 процентінің үйқысы қашады, дәрі-дәрмекке әуес болады.

- Сұрақ. - Темекі тартумен күрес туралы не айтар едіңіздер?

Тарихшы, ғалым. -Европа ХҮІІ ғасырда темекі тартумен күрес жүргізуді бастады.



Мысалы, Англияда темекі тартқаны үшін айыпталады, тұзақ салып, көшелерде дарға асты. Темекі тартуды тоқтату мақсатында адамдар арасында үрей туғызу үшін, аузында темекісі бар кесіп алған бастарды алаңға, жұртшылықтың көз алдында іліп қойды. 1860 жылы Францияда темекі тартушылармен қызу күрес жүргізілді. XIII Людовик темекіні сатуға тыйым салды, орыс патшасы 1634 жылы темекі тартушыларга өлім жазасын қолданды, түрмеге қамап, алыс жерлерге жер аударды.

Тілші. Бұған қосымша біздің ғасырымызда темекімен қалай күрес жүргізгені жөнінде мынандай факт бар.

1974 жылы Бүкіл дүниежүзін денсаулық сақтау үйымы темекі тартумен күрестің түтас бір жүйесін жасады. Онда мынандай шарттарға келісіпті.



1) Темекі түтініндей заттарды қораптарға көрсетіп жазу.



2) Кәмелетке толмағандарға темекі бүйымдарын сатуға тыйым салу.



3) Қоғамдық жүмыс орындарда темекі шегуге тыйым салу.



4) Темекі тартудың зияндылығын түсіндіру.



5) Темекі егілетін аймақтардың көлемін азайту.



Жүргізуші. Темекі тартатын жас пен тарпайтын жас арасында қандай айырмашылық бар?



Жауап. Темекі шегетін жас пен тартпайтын жас арасында айырмашылық өте зор. Темекі тартатың жас адамның кеуде клеткасының көлемі, өкпесінің, жетілуі темекі тартпайтын жас адамнан 25% артта қалған. Олар жиі суыққа ауырады. Өкпесінде сырыл болады. Осы айтылғандардың бәрі темекі тартудың басталғанына 2-ақ жыл болған адамдарда кездеседі.



Сұрақ: Темекіні тастауға бола ма?



Жауап: Болады, ең бастысы, ол адамның жеке басына байланысты. Темекі тартуды тастағандар алғаш қолайсыз жағдайды бастан кешіреді. Ашушаң болып, көңіл күйі төмендеп, темекіге әуестеніп түруы мүмкін. Әйтсе де, біраздан соң олардың жағдайы жақсарады. Темекі тартуды тастағандар оны мүлде үмытуы керек, ойына алмай тартатындардан аулақ болуы керек.



Сұрақ. Жастар темекі тартпауы үшін не істеу керек?



Жауап. Баланың бойында темекіге деген жиіркенішті ояту керек. Темекі тартатындар ересек, дербес, қажырлы адамдар емес, керісінше олардың ерік жігері мен өзін-өзі ұстауы толық жетілмеген адамдар екенін білу. Олардың көбі темекінің зиянын біледі, бірақ оны қоюға ерік жігері жетіспейді. Темекі тарту адам баласының үлкен кемшілігі.



Жүргізуші. Енді темекі тартудың спортқа қандай әсері бар екен, бұл сүраққа спорт маманы жауап береді.



Спорт маманы. - Темекі тартатын жас спортта үлкен табысқа жете алмайды. Никотин бойдағы қажыр-қайрат пен бұлшық еттің ширақтығын, қозғалыс сәйкестігін, шапшандықты, төзімділікті төмендетеді. Сондықтан темекі тарту жүзумен, бокспен, жүгірушіге, конькимен, шаңғымен шұғылданушыларға зиянын тигізеді.



Қорытынды. - Міне, балалар біздің темекінің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, темекі тартуға әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады. Темекідегі улы зат никотин нерв жүйесінін реттілігін бұзады. Сондықтан да темекіге әуестенген мектеп жасындағы балалар сабаққа көңіл бөлмейді. Улы газ баланың жұмыс, қабілетін төмендетеді. Темекіні тастап кету адамның өзіне байланысты.

Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Испан, Американ, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.





Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Н. Назарбаев "Қазақстан - 2030". Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Білім баспасы, 1998 жыл.



2. "Үлгілі елдің ұл-қыздары".



3. "Мен адаммын" жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуға арналған



















«Зиянды заттардың зардабы» тәрбие сағаты

Қосқан Автор

20.01.14 14:28



Сабақтың тақырыбы: «Зиянды заттардың зардабы»



Мақсаты:



а) білімділігі: Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды, әр –түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру.



ә) тәрбиілігі: Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.



б) дамытушылығы: Қоғамдық ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы мен өмірлік уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық екенін ұғындыру.



Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру «темекінің», «нашақорлықтың», «ішімдіктің» адам өміріне зиянды әсері тақырыптарына сурет салу, жұмыстарын тапсыру.



Әдісі: Ой-бөліс.



Көрнекілігі: Қажетті әдебиеттер, буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған суреттері.



Сабақ барысы:



І Ұйымдастыру кезеңі.



Кіріспе сөз.



Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылар! Бүгінгі біздің Көздіғара орта жалпы білім беретін мектептің қара шаңырағында бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырған темекі, арақ, есірткі ауруларына қарсы ұйымдастырылған «Зиянды заттарды зардабы» атты «Кеш қалмаңыз» бағдарламамызға қош келдіңіздер!



Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту.



Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.



Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ?



ІІ бөлім. Таныстыру.



Келесі бөлімінде «Кеш қалмаңыз» бағдарламасына ой-бөліскелі келіп отырған ауыл фельдшері Роза Алпамысқызына сұрақ қойғым келеді. Елімізде нашақорлықтың жылдан-жылға етек алып бара жатқаны ешкімге де жасырын емес.



Роза Алпамысқызының ұстанымы: «Ауырмаңдар, ауырсаңдар тіркелуден қорықпаңдар».



- «Анашаның» зияны туралы айтып берсеңіз және болашақта мұндай індетке мойынсынбауға қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?



- Сұрағыңыз орынды. Анашаның Қазақстанда және басқа елдерге таралғаны баршамызға мәлім. Анашаның тарихы – бұдан 15 жыл бұрын адам баласы анашаны білген. ХХ-ХХІ ғасырда қатерлі, улы өсімдіктерді аузына салып шайнап көрген, темекі түрінде тартқан. Анашаны қолданған адам мидағы есте сақтау қабілеті тежеледі, соның салдарынан адамның тез көріксізденуі. Ағзаның дамуы тоқталады. Ешқашан, нашаға, шылымға, ішімдікке әуес болмаңдар.



- Сауалыңызға рахмет.



Кешіміздің келесі қонағы – мектебіміздің 10 сынып оқушысы Жұмағалиев Әзілхан.



- Әзілханның ұстанымы: «Шылым-шекпеймін, жамандарға ермеймін».



- Әзілхан сен қазір жассың, әр нәрсеге қызығушылығың бар, шыныңды айтшы, шылымның дәмін алып көрдің бе?



- Жоқ.



Кешіміздің келесі қонағы мектептің биология пәні мұғалімі Зоя Мақсотқызын ортаға шақырамыз.



Зоя Мақсотқызының ұстанымы: «Болашақтың қамы үшін аулақ бол жастар кеселден».



- Темекінің толып жатқан зияны ішімдіктің ағзаға, жүйке-жүйесіне көптеген зиянды жақтарын біле тұра жасөспірімдердің алкоголь мен темекіге әуестігі өте жоғары. Себебі бізде балалар бір-біріне еліктеушілігі, бір-бірінен қалыспаушылық салдарынан болып отыр. Оның зияны өте көп. Тыныс жолдарын улап, өкпе аурулары, қатерлі ісік аурулары, нерв ауруларына көптеп шалынады. Темекі түтінінде қорғасын мен никотин өте көп.



- Жауабыңызға рахмет.



Мұғалім: Арақ ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге дейін созылады екен.Этиль спирті сырада 5-7%6 шарапта 15-20%, ликер мен коньякта 40-50%-ға дейін, арақ пен вискиде 60-70% бар екен. Ал этил аса зиянды химиялық қоспа.



Осы тақырыпты аша түсу үшін мектептің әлеуметтік педагогы Жақсыкелді Қаденұлын ойбөліске шақырамыз.



Жақсыкелді Қаденұлының ұстанымы: «Маскүнем барын сатып ішеді, болмаса арын сатып ішеді».



- Темекі, есірткі, алкогольдің зардаптары туралы нақты мысалы келтіріңіз?



- Арақ ішу үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі. Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде балаларына жүз грамм жүзім шарабын беріп, сонда балалары көңілденіп, көп сөйлеп, тез қимылдаған, біраз уақыттан кейін керісінше олар шаршап, ұйқы басып, жазулары бұзылып, есептен көп қате жіберген. Бала кезінде адам ағзасын алкоголь тез уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге айналдырған.



- Рахмет



- Нашақор адамның өмірі қысқа болады. Нашақорлардың ең төменгі жасы 9-да екен. Жастар арасында наша пайдалану туралы мектеп оқушыларын сөзге тартып көрелік. Ол үшін мектептің 10 сынып оқушыларының бірі Гүлдерайымды ортаға шақырамыз.



Гүлдерайымның ұстанымы: «Кітап, журнал, газет оқимын, ән айтып, би билеймін, уақытты бос өткізбеймін».



- Гүлдерайым, өзіңнің қаладағы дос-жарандарыңмен, құрдастарынмен бір кеште отырсың делік. Саған жан досың нашаны шегіп көруге ұсыныс жасады.Сіздің әрекетіңіз қалай болмақ?



- Жоқ мен ондай әрекеттерден бойымды аулақ ұстаймын.



- Ежелгі Мысырда арақты құлдар ғана ішкен екен. Кешіміздің келесі қонағы – құқық пәні мұғалімі Нұрлан Мақсотұлы.



Нұрлан Мақсотұлының ұстанымы: «Салауатты мақсатым өмір сүру, өмірдің мағынасын аша білу».



Арақ пен темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратыннын біле тұра неге адамдар арақ ішіп темекіні неге шегеді деп ойлайсыз?



- Темекі түтіні адам ағзасына зиян. Оны мынандай мысалдармен дәлелдеуге болады. Дүниежүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100м жүгінгеннен кейін тамырдың соғуы 120-130 болса, шегетіндерде 180 болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруынан 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80%-ы өкпе ауруына шалдығады.



- Байырғы Қытай императорларға маскүнемдікке басұрғандарды өлім жазасына кескен екен.



- Ежелгі римде 30-ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған екен.



- Ресейде І Петр тұсында арақ ішкен адамдардың мойына 17 фунт келетін медаль тағып қойған.



Адам үнемі шылым тартуға әуес болады. Осы тақырып турасында ойбөліскелі келген Байырхан ағамызды ортаға шақырамыз.



Ұстанымы: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен».



Сұрақ: - Неше жасыңыздан бастап темекі шектіңіз, болашақта темекіні қоя аласыз ба?



Жауап: Мен жас кезімде қызығушылықпен темекіге әуестенгеніме 35 жыл болды. Темекіден пайда көрмедім. Зиянын, зардабын тартып келемін. Сондықтан балаларға айтатыным бұл кеселден аулақ болыңыздар.



Мұғалім: Сіздер ішімдіктің, шылым шегудің, нашақорлықтың адамның жеке басыңа денсаулығына зияны бар екенін барлығыңызда білесіздер. Олай болса мына көрініске назар аударайық.(көрініс).



Осы орайда айта керерлік жайт шылым шеккеннен кейін 2-3 минутта никотин қан арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасаушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидын белсенділігін төмендетеді.Себебі никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректенген заттар мен оттегінін келуін азайтады. Әсіресе шылым шегуден жасөспірімдердің жүйке-жүйесін тез бұзады.Никотин өсімдіктен алынатын у. Таза күйінде никотин түссіз, жағымсыз, иісі және дәмі бар майлы сұйықтық. Суда, спиртте, эфирде тез ериді, адамға бір тамшы никотин берсе саспай қатады екен. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесі 1 литр шамасында смола жинайды екен.



ІІІ бөлім. Ой-бөліс.



Қазіргі кезде шетел сериалдарын қарап отырсақ, үстелдің үстінде тамаққа қоса шарапта тұрады. Сондай-ақ адамда жылыну үшін де арақ ішіп жатады. Сонда алкоголь тамаққа тәбетті ашып, асқазан қорытуына өз септігін тигізе ме, әлде жылуына да септігі бар ма?



Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымы бұзу үшін бір дана темекі жетіп жатыр. Бүкіл дүниежүзінде 1 млрд адам темекі тартады. Темекі зардабынан күнінен 10 мың немесе жылына 3,5 млн адам қайтыс болады. Қазақстан Республикасында 3,2 млн, яғни 33% адам темекі тартады. Соңғы 3-4 жылда темекі тартқандар саны 7,8% төмендеген.



Ішімдік адам өмірін 10-15 жылға қысқартады.



Бүгінгі таңда Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлардың саны – 40505, тіркелгені қаншама. Олардың 1927 кәмелетке толмағандар болса, 4420 әйелдер.



ІV бөлім Қорытынды.



Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі заттар тәркіленеді, оны өздеріңізде көгілдір экраннан көріп жүрсіздер.



Ішімдікке, темекі тартуға, нашақорлыққа әуестенушілер осы зиянды заттардың адам өміріне, қаншалықты қауіп төңдіретінін біле ме? Аты жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік, нашақорлық екенін түсінген болар деп ойлаймын. Құрметті қонақтар қорытынды пікірлеріңізді тыңдайық.



Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен. Тәлім тәрбие жолында қажет болса үзіп берер шәірттеріме тілерім толқынға салған арақ, темекі, нашақорлықтан жас жандарыңызды аулық ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға жан серік етіңіздер.



Уақытыңызды бос әуреге жұмсап, өмірдің қызығын көріп өз еншіңізді алудан...



«Кеш қалмаңыз».





Келіп қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ТЕМЕКІНІ? АДАМ А?ЗАСЫНА ЗИЯНЫ

Автор: Кабдыгалиева Айымгуль

Дата: 24.03.2016

Номер свидетельства: 309469


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства