kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таби?атты ?ор?айы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Таби?атты ?ор?айы?                                                                         Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды? ?орша?ан орта?а деген махаббат ??нды- лы?тары жайлы т?сініктерін ке?ейту, шы?армашылы? ?абілеттерін, жа?сылы? жасай білу іскерліктерін, ойлау ?абілетін дамыту, ?з ойын еркін жеткізе білуге да?дыландыру, таби?атты ?ор?ау?а, елін, жерін с?юге, мейірімділікке, ізгілікке т?рбиелеу,экологиялы? т?рбие беру, Таби?ат-Ана?а с?йіспеншілікпен ?арау?а жетелеу, сендермен бірге ?орша?ан орта?а деген махаббат ??ндылы?тары жайлы т?сінігімізді ке?ейтеміз, таби?атты с?юді,?ор?ауды, таби?ат-Ана?а с?йіспеншілікпен ?арауды ?йренеміз. таби?атпен сырласамыз, оны т?сінуге тырысамыз. Біз б?гін, Таби?ат-Анадан мейірімділікті ?йренеміз!                                                                                                                                                                                                                                                                  К?рнекілігі: интерактивті та?та?а ?зірленген слайдтар, ?ле? шума?тары,  суреттер, тілек айту,пікірлесу, шы?армашылы? ж?мыстар                          Саба?ты? т?рі: саяхат шолу, ой тол?ау.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таби?атты ?ор?айы? »

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғайық Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құнды- лықтары жайлы түсініктерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! Көрнекілігі: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, өлең шумақтары, суреттер, тілек айту,пікірлесу, шығармашылық жұмыстар Сабақтың түрі: саяхат шолу, ой толғау.

Тәрбие сағатының құрылымы: 1.Тіршілік атаулының бар арманы –ауа 2.Тіршілік көзі –су 3. Табиғат байлығы – өсімдіктер 4.Орман сәні –құстар 5.Табиғаттың сұлу мүсіні –хайуанаттар а) «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу» ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе...» б) «Егер мен суретші болсам...» в) «Егер мен ақын болсам...» Сабақтың барысы: Мұғалім:Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен тере- зені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат –Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Табиғат –Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет! Бүгінгі тәр- бие сағатымыздың тақырыбы: «Табиғатты қорғайық» деп аталады. Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады? Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар, балықтар т.б. Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі. 1) Жансая: Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. Ал адамға ауа қымбат бәрінен, Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. 2)Тимур: Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне - өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама! Болмасын ауа ешкімнің арман мұңы, Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы. Ойлашы кімге керек боламыз біз, Жұтудан таза ауаны қалған күні. Мұғалім:Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ауаны ластамау әр- қайсымыздың борышымыз.Қазіргі кезде біздің мектеп оқушылары, сонымен қатар бізде табиғатты тазалығын сақтауға атсалысып, сенбілікке шығып жүрміз. Көрініс: Көшені ластаған әдепсіз жастар. Мұғалім: Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. 3) Гауһар:Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыра-тын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеу- сіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспи теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. Ойлау керек Арал жайын , ел жайын, Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын. Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын! Мұғалім: Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер. Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады. 4) Құралай: Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аяма- ған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республика- сының қаулысы). Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғау- дың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқан- дай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын. Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа, Айналсын құтты қоныс тұрағыңа . Жайқалсын өлкемізде саялы бақ , Бөленіп күннің нұрлы шуағына. Мұғалім:. Ән шашу «Табиғат» Уразбаева Айгерім Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не, балалар?(Құстар) Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. 5) Айгүл:Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен. Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген. • Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. • Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. • Қарға қарқылдаса – қар жауады. • Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді. • Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды. • Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді. • Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды. Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз. Мұғалім: ән «Бозторғай» Базарбаева Жансая Мұғалім: Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар) Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні хайуанатар» деп аталады. 6) Сұлушаш: Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. 7) Камила: Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы 2009 жылғы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы. Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін «Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып, түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін. Мұғалім: Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті. Ол бізге дем алсын деп ауа берді, ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Ойынның аты: «Мейірімді жүрек» деп аталады. Әр бала бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!..т.б. Ой-толғау А) Карима: «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу» (Бұл тапсырмалар оқушыларға алдын-ала берілген болатын). «Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген аңың да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының қаншалықты бақытты екенін білсең ғой. Мен кей кездері армандаймын, шіркін, ақын болғанымда ғой, сенің әрбір тасыңды да, топырағыңды да жырға қосар едім деп. Бірақ мен сенің сұлулығыңды жүрегімнің түкпірінде сақтаймын!» Мұғалім: Оқушылардың пікірі тыңдалып болған соң: балалар, сендер табиғаттың әдемілігін осылай жырласаңдар, Оралхан оны әнмен былайша өрнектепті. Кәне, бәріміз тыңдап көрейікші. Оралхан: Күн сәулесі төгілгені әдемі, Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі. Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі. Биік –биік шыңдарым да әдемі. Айдын көлде аққу қандай әдемі Сұңқар құстың самғағаны әдемі Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі. Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі. Сары түске боялған күзім қандай әдемі. Осылайша табиғатқа бір қарап Табиғатпен сырласуда әдемі. Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі! Мұғалім:« Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен шығармаларға кезек берейік: ә) Айгерім : Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы! Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тонғаныңда күн шуа- ғыммен жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаныңа сая болдым. Мөлдір, таза ауаммен дем алдың. Жер- ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты , әдемілікті сезіндің! Бірақ мен саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты? Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң , болашақ ұрпағың қалай күн көреді? «Судың да сұрауы бар» деп адамдар өздерің айтатын едіңдер ғой. Бүгін мен сендерге осындай сұрақ қоямын. Жауап беріп көріңдершідеуші еді табиғат. 2) Наурызбай:«Егер табиғатқа тіл бітсе, Семей табиғаты, оның бүгінгі хал-жағдайы туралы былай дер еді: Семей, өңірінің тұрғындары! Жайқалған орманым қайда? Оның ағаштарын есепсіз кестің. Соның салдарынан қалаңда азынаған жел соғатын болды. Аспанға құм ұшып жатыр. Ал оның денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білесің бе? Егер ұрпағыңның болашағын ойласаң , орманыңды қалпына келтір, адамзат!» Исламбек : «Егер табиғатқа тіл бітсе, ол Семей полигоны туралы былай деп айтар еді: Адамдар, сендер қандай қатыгездік жасағандарыңды білесіңдер ме? Сен менің ауамды ғана улаған жоқсың, ұрпағыңды мүгедек еттің. Осы жарылыстың салдарынан қаншама адам бүкіл өмірін жылаумен өткізіп келеді. «Кім кінәлі?» деген сұраққа олар, «маңдайыма жазылғаны осы» дейді». Бірақ бұған тек адамдар кінәлі, полигон –адам қолымен жасалған б) «Егер мен суретші болсам...» (Бұл бөлімде сыныптағы суретті жақсы салатын оқушылардың суреті көрмеге қойылып, сол туралы пікірлері тыңдалды)

Мұғалім: Күй «Нарағашы» Үргеншбаева Гауһар г) «Егер мен ақын болсам...» (Бұл бөлімде сыныптағы өлең шығаратын оқушылардың өлеңдері тыңдалды. Сонымен қатар басқа ақындардың табиғатқа арнаған өлеңдерін оқушылар тебірене оқыды) Өлең оқу Жансая, Құралай, Камила, Айгүл Мұғалім: «Табиғат менің -Жер анам» атты видео фильмді көріп, ол туралы оқушылардың пікірлері тыңдалды. Қорытынды: «Жүректен жүрекке» Оқушылар табиғатқа тілек айтады Гүлдей бер, Жер-Ана! Аспаның ашық болсын! Аспаныңды бұлт торламасын! Тоғайың аң мен құсқа толсын! Суың мөлдір, таза болсын! Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын! Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын! Күнің жарық болсын!т.б. Хормен : Табиғат сені сүйеміз, Басымызды иеміз!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Таби?атты ?ор?айы?

Автор: Коптилеуова Каным Жарылкаповна

Дата: 20.04.2015

Номер свидетельства: 203473


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства