kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тәуелсіздік жетістіктері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ Тәуелсіздіктің жеткен жетістіктеріне арналады. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, осы уақытқа дейінгі елдің тарихы мен жеткен жетістігі баяндалады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздік жетістіктері"»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері» ашық тәрбие сағаты

Мақсаты:  Қазақстан Республикасының жеткен  жетістіктері  туралы  оқушылардың білгендерін  ортаға салу.  Оқушыларды  туған жерін, елін, Отанын сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1-Жүргізуші:-Егеменді Қазақтан!

Ән ұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім сағынарым.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны.

(ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны орындалады.)

2-Жүргізуші: -Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

-Бізге қандай мейрам жақындап қалды?

-Ендеше Тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер?

1-Жүргізуші : Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

2-Жүргізуші : Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

1-Жүргізуші : Иә, бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Қазақстан елінің осындай дәрежеге жету үшін шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық. Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.

Желтоқсан жайлы Видео

Мұғалім: Өздерің естіп отырғандай қаншама қазақтың қаны төгілді.  Міне осындай тәуелсіз , азат өмір сүру үшін қаншама қиындықтар көрді.

Ал, сендер балалар желтоқсан оқиғасына арналған  қандай өлеңдерді білесіңдер?

Мадияр:

Желтоқсан –әйгілі күн ,

Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін,

Ерлерім  ерлік үшін атой салып ,

Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.

Желтоқсан-тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары,

Қалар мәңгі есімде қазағымның

Ақбота

Желтоқсан –қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған,

Тәңірімде желтоқсан шуақты күн.

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн,

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.

Еркіндік, егеменді елдігімді ,

Еміріне аңсады саналы ұғым.

1 - жүргізуші: Осындай бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық , Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді . Осындай сан ғасырлық тарихында қаншама бейнет көрсе де халқымыз ешқашанда мойымаған. Тәуелсіздік таңы атып , еліміздің қанаты жайылды , төбемізде туымыз желбіреп , өз Елтаңбамыз төрімізден орын алды. Тұңғыш өз Отанымыздың Елбасы сайланды. Ордабасы- Астана бой көтерді.

2 – жүргізуші:   Ең алғаш Тәуелсіздікті алған жылы елімізде мына тал секілді жер қойнауынан басқа  Тәуелсіздікті білдіретін ешқандай нышанымызда, заңымызда жоқ еді. Ата-бабамыздың сан ғасырлық  арманына қол жеткізген тәуелсіздік таңын 29 жылда қандай өзгерістер болғанын айта отырып , 1991-2020 жылдар аралығын    таразыласақ.

1991 жылы 29 тамызда ҚР президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.

   1991 жылы  2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

   1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.

10 желтоқсанда Қазақстан Советтік Социалистік Мемлекеті Қазақстан Республикасы болып ауыстырылды.

 16 желтоқсанда  ҚР Президенті «ҚР мемлекетінің тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.

 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Конституция қабылданды. 2015 жылы, яғни бір жылдан кейін Конституциямызға 20 жыл толады. Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды мерзім. Конституция кітабы 9 бөлімнен, оның ішінде 98 баптан  тұрады.

 1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланды.

1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанға бір жыл толды. Осы жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.БҰҰ мүше болып кірді.

1993 жылы 15 қарашада «Ұлттық валюта күні» деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

1994 жылы қазақ ғарышкері Т.Мұсабаев «СоюзТМ-6» ғарыш кемесімен көкке самғады.

1995 жылы 30тамызда ҚР –ның «Ата заңы» қабылданды.

1996 жылы 20 қаңтарда ҚР- ның Парламентінің 1- сессиясы болып өтті.

1997 жылы « Қуғын-сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

1998 жылы 6- мамыр Астана күні. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. ҚР ның Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.

2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.

2001 жыл XXI ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында Тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.

2002 жыл «Денсаулық жылы» деп аталды.

2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды .Осы жылдары біршама іс-шаралар жасалды .

2004 жылы « Қазақстан-Ресей» жылы болып , көптеген шаралар өткізілді .

2005 жылы Ресейде Абай жылы аталып өтті.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин жылы Қазақстанда өтті.

2007 жылы Дінмұхамет Қонаев жылы болып жарияланды

2008 жылы Қазақстанда Украина жылы болды

2009 жылы Ана мен бала жылы болып жарияланды

2010 жылы жас жеткіншектердің даму жылы болып жарияланды

2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы тойланды

2012 жылы 2050 страгетиясы қабылданды

2015 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толды

2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы тойланды

2017 жылы ЭКСПО көрмесі өтті

2019 жылы Қ.Тоқаев Президент болып сайланды

2020 жылы Тәуелсіздіктің 29 жылдығы онлайн атап өтілді





1 - жүргізуші: Міне балалар талымыз бастапқыдай емес  жайқалып шыға келді . Бұл тал секілді біздің елімізде көркейіп , сұлуланып , дамып келе жатыр.

2 - жүргізуші: Оқушылардың Тәуелсіздікке арналған көркем сөз жырларын тамашалаңыздар! (ортада кезектесіп тақпақ айтады, музыка ойналып тұрады.)

Нұрзат: Отан деген отбасынан басталар

Отбасыма от салмасын басқалар

Отан деген қасиетті, киелі

Отан десем оянады асқақ ар!

Гүлмарал: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі

Басқалардың тимесінші кесірі

Елдің көшін өрге бастап барады

Нұрағаңмен егіз болар есімі

Диас : Қазақстан-Тәуелсіздік бесігі

Бесігімде тербеледі дос үні

Ұлттардың ұйып тұрған ұясы

Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

Олжас: Тігілген соң Ақ Орда – шаңырағың

Тұғырыңа қонуда сан қыраның

Отан деген оранып от құшаққа

Кәусарыңа шөліңді қандырамын

Наргиз: Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О тәңірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр

Тәуелсіздік
1. Ғалиябану
Тәуелсіздік - бабалардың ұраны,
2. Жанат
Тәуелсіздік - еркіндіктің жыр - әні.
3. Диас
Тәуелсіздік - халқымыздың байлығы
4. Алуа
Тәуелсіздік - Қазақстан айбыны.
5. Динара
Тәуелсіздік - елдігім, еркіндігім
6. Али
Тәуелсіздік - аспанымызда жарқыра,
Қырандай болып қалықташы әрқашан!



1 - жүргізуші:  Тәуелсіздік мейрамына  тілектеріңді  немесе өз ойларыңды мына қол сүреттіне жазып тақтаға магнитпен жабыстырамыз.



2 - жүргізуші:  - Сабағымызды аяқтай отыра сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты –

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға:

Алаштың атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
"Тәуелсіздік жетістіктері"

Автор: Жанелова Алтынай Елемесқызы

Дата: 19.11.2021

Номер свидетельства: 591955

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) ""Тәуелсіздік жетістіктері""
    ["seo_title"] => string(27) "t_uelsizdik_zhetistikteri_9"
    ["file_id"] => string(6) "591366"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1636910972"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) ""30 жылдағы жетістіктер. Тәуелсіздік жетістіктері""
    ["seo_title"] => string(50) "30_zhyldagy_zhetistikter_t_uelsizdik_zhetistikteri"
    ["file_id"] => string(6) "587428"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1632480161"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(106) "Ашық тәрбие сағатының тақырыбы"Тәуелсіздік жетістіктері""
    ["seo_title"] => string(59) "ashyk_t_rbie_sagatynyn_takyryby_t_uelsizdik_zhetistikteri_1"
    ["file_id"] => string(6) "589952"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1635474662"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) ""Тәуелсіздік- жетістіктері""
    ["seo_title"] => string(25) "t_uelsizdik_zhetistikteri"
    ["file_id"] => string(6) "587233"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1632305730"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:«Тәуелсіздік жетістіктері»"
    ["seo_title"] => string(57) "ashyk_t_rbie_sagatynyn_takyryby_t_uelsizdik_zhetistikteri"
    ["file_id"] => string(6) "589941"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1635447299"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства