| Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Бүгінгі тәрбие сағатын «Терроризм – қоғамға төнген қауіп» деп аталатын тақырыппен бастаймыз. Бұл тәрбие сағатында біз бейбіт өмірдің қадірін түсініп, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігінің маңызын ой елегінен өткіземіз. Кіріспе өлең жолдары Жаса, елім, жаса нұрлы тірлікпен, Береке құт бірге келсін бірлікпен. Тыныштықты ту еткен Қазақстан, Өркендей бер үшінші мыңжылдықпен. Бейбіт болсын әр таңымыз, ашық аспан – Жерімізде достық мәңгі жасасын! Осымен бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді. Психологиялық ахуал Оқушылардың пікірі тыңдалады | Компьютер |
| Сабақ басы (13 мин) | Терроризм деген не? Терроризм – бұл адамдарға, қоғамға немесе мемлекетке қауіп төндіретін заңсыз, қауіпті әрекеттер. Террористердің мақсаты – қорқыту, үрей туғызу. Терроризм – адам өміріне, елдің тыныштығына үлкен зиян келтіретін жаман әрекет. Терроризмнің қоғамға тигізетін зияны Адамдардың өміріне қауіп төндіреді.Елдің тыныштығын бұзады.Қорқыныш сезімін туғызады.Мемлекеттің дамуына, халықтың амандығына кедергі келтіреді Балалар нені білуі керек? (Қауіпсіздік ережелері) Күдікті заттарды ұстамау (қорап, сөмке, бөтен пакет т.б.) – бірден мұғалімге немесе үлкендерге айту. Бөгде адамнан күмәнді ұсыныс болса, онымен бірге бармау, сөйлеспеу. Жарылыс қаупі, өрт немесе қауіп сезілсе, дереу үлкендерге хабарлау, қауіпсіз жерге шығу. 112 нөмірін білу – кез келген төтенше жағдайда хабарласуға болатын номер. Балаларға тек үлкендердің рұқсатымен қолдану керектігін түсіндіру. Көпшілік жерде тәртіп сақтау: – итерісуге болмайды, – мұғалімнің, ата-ананың айтқанын тыңдау. Интернеттегі қауіпсіздік – Бөгде адамдармен хат жазысуға, жеке мәліметті беруге болмайды. | | суреттер |
| Ортасы (20 мин) | Ендеше бірнеше сұраққа жауап беріп көрейік: – Балалар, «қауіпсіздік» деген сөзді қалай түсінесіңдер? – Қандай жағдайлар бізге қауіп төндіруі мүмкін? – Терроризм деген не екенін білесіңдер ме? – Терроризмнің қарсы күші – достық, татулық, бірлік. “Татулық – елдің тұтқасы, Бірлік – жақсының ұстасы.” II. Пікірталас сұрақтары: 1. Терроризм дегенді қалай түсінесің? 2. Терроризм неліктен қоғам үшін қауіпті деп ойлайсың? 3. Бейбітшілік пен тыныштық адам өмірінде қандай рөл атқарады? 4. Қауіпті немесе күдікті жағдайды байқасаң, сенің іс-әрекетің қандай болу керек? 5. Неліктен қауіпсіздік ережелерін білу маңызды? | -сұрақтарға жауап береді Пікірталас сұрақтарына 2 топ жауап береді | |
| Соңы | -Балалар, сендер отан туралы жан – жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер. Енді «Бейбітшілік» туралы мақал-мәтел айтайық. Бейбіт елде – береке бар. Тыныштық – ең үлкен ырыс. Елге тыныштық орнаса – ырыс та молаяды. Жердің көркі – елмен, елдің көркі – бейбіт өмірмен. Татулық болса – тау қозғайды. - Міне, балалар, өміріміздің жалғасы,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар. Құрметті оқушылар! Бүгін біз терроризмнің қоғамға қаншалықты зиянды, қауіпті құбылыс екенін, ал қауіпсіздік ережелерін сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Тыныштық – ең үлкен байлық, бейбітшілік – ең қымбат қазына. Еліміздің амандығы, халқымыздың тыныштығы — әрқайсысымыздың сақтығымызға, қырағылығымызға байланысты. Осылайша, елімізде терроризмге орын жоқ, ал бейбітшілік пен татулық әр жүректе орныға берсін! Тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Аман болыңдар, балалар! | Рефлексия жасайды. Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі | презентация |