Саба?ты?ма?саты: Наурыз туралы т?сінік беру,?лтты? салт-д?ст?рмен таныстыру.Хал?ымызды? салтын ?дет- ??рпын ??рметтеуге,?нерлі,?негелі азамат болу?а,бірлікке,достты??а т?рбиелеу.
К?рнекілігі: Сынып ішін мерекеге сай безендіру. ?лтты? киім киген о?ушылар.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты. "??тты болсын ?з-Наурыз"»
Cабақтыңтақырыбы: « Әз, Наурыз » мерекесі.
Сабақтыңмақсаты: Наурыз туралы түсінік беру,ұлттық салт-дәстүрмен таныстыру.Халқымыздың салтын әдет- ғұрпын құрметтеуге,өнерлі,өнегелі азамат болуға,бірлікке,досттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сынып ішін мерекеге сай безендіру. Ұлттық киім киген оқушылар.
Сабақ барысы:
1-жүргізуші : Армысыздар ағайын!
Наурыз тойын жұп жазбай,
Қошеметпен қарсы алайық!
Достыққа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық.
Қазақтың бір салты деп,
Тойға шашу шашайық!
Шашу шашылады.
2-жүргізуші: Уа,халайық, халайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың,
Жыр шашуын шашайық.
« Наурыз » ән орындалады.
1-жүргізуші: Наурыз келсе, барлығы жасарады.
Жасарады, табиғат жасалады,
Алпыс төлдің анасы ақ жүрекпен
Аластасын пәледен босағаны.
Алас! Алас!
Әже : Алас! Алас! Еліміздің елдігін тойдырған келетіндерден
Ерімнің ерлігін жойғысы келетіндерден Алас!
Соғыстан, табиғат апатынан барша жамандықтан Алас!
1-жүргізуші: Аластаса әжеміз босағаны
Бар жаманның көңілден босағаны
Жеті шырақ жаңа өмір жаршысындай
Лаулап жанып Қыдырды тосады әлі.
Қыдыр ата кіреді.
2-жүргізуші: Той әкелген ғаламға
Қыдыр атам аман ба?
Бас иеді барша жұрт
Өзіңдей дана адамға.
Қыдырата: -Ау, аман ба, жарандар!
Алтын таңға қараңдар
Ерте жайнап атты таң
Естіліп тұр шаттық ән
Жұрағатым қуанып
Рақатын тапты жан
Келе жатыр жылымыз
Мейрамдайық мұны біз
Жас балаша нұрланып
Жадырасын күніміз
Күннің жаңа нұры бар
Мұның ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрам бұл
Би билейік тұрыңдар. Би«Қыздартобы.»
Әдеби монтаж
1-оқушы: Көктем жетті көл – көсір шуақ құрып,
Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Мұз пердесін ақпанның лақтырып.
2-оқушы: Наурыз қайта оралды,аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та,ақы да біз.
Үй- дастархан, думанымыз - сахнамыз,
Ұлы мейрам - Наурыз шақырамыз!
3-оқушы: Ашық болсын қос қабақ,
Тас атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
4- оқушы: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта тағы бар.
Ішілетін, жейтіннің,
Бұл көжеде бәрі бар.
5-оқушы: Наурызда күлімдеп,
Күн нұры төгілді.
Өзгеше бүгін леп,
Желпінтер көңілді.
6-оқушы: Әбігер жұрт неге
Деп бекер таңдан ба.
Қайнатып құрт көже,
Той қамын қамдауда.
7- оқушы: Өніп еккен дәніміз,
Бүршік жарды бағымыз.
Сәскеде - жаз,
Түнде - қыс,
Секілді екен наурыз!
8- оқушы: Төлдеп жатыр малымыз,
Қазан толы сары уыз.
Сүті көп те,
Көмірі аз
Болады ғой наурыз!
9-оқушы: Жайдарымыз бәріміз,
Дастарханда дәміміз.
Көжесі көп, қыры көк,
Қандай жақсы наурыз!
Ән «Зеңгір көктем» (домбыра)
10-оқушы: Жаңа жылдай - халықтық
Мерекеміз бар біздің.
Кім ұқтырар қанық қып
Мән- мазмұнын Наурыздың!
Ұлттықойындар
Оқушы: Ей, балалар, балалар,
Енді маған қараңдар!
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық
« Арқан тартысу»
«Білектесу»
Қарама қарсы отырған екі ұл бала оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ өолтығына тығып алады. Білегі жығылған палуан жеңіледі.
«Соқыр теке»
Ойнаушылар айнала шеңбер құрып тұрады да, ортасынан екі адамды бөліп шығарады, біреуінің көзін байлайды. Байлап болғаннан кейін көз байлаушы адам түрте салып қашады. « Соқыр теке» көзін байлаған адамлы қуады.Қашушы да, қуушы да шеңберден шықпайды.Егер « Соқыр теке» ешкімді ұстай алмаса, шаршағанша қуа береді. Ал ұстаса, онда сол адам «Соқыр теке» міндетін атқарады. Осылайша ойын жалғаса береді.
4. Салт – дәстүр.
1. «Бесік жыры»
«Әлди –ай!»
Болсын маған көмегің,
Тынышталғын, бөбегім.
Жан жануар баласы
Паналайды даласын.
Әлди- әлди,әлди- ай!
Құлдыраған құлыншақ,
Қара лақ та ұрыншақ
Үнсіз қалды, әнеки,
2 «Шілдехана»
- Дамир, ертең біздің үйге көп қонаұтар келеді.Шілдехана жасаймыз.
- Шілдехана деген не?
- Шілдехана жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Қонақтар ән салып, домбыра тартып, өлең айтады. Шілдехаға шақырумен де,шақырусыз да келе береді. Бұл той өмірге адам келгеннің, оған қуанудың бір белгісі.
- Қонақтар мені де құттықтай ма?
- Әрине құттықтайды.
-Сонда мен не деймін?
- «Рахмет дейсің».
3. «Азан шақыру»
Атасы бөпенің құлағына: «Мейірімді бол, денің сау болсын, еліміздің қуанышы бол!»,-дейді де, үш рет: «Сенің аты - Жанар!» деп қайталайды.
4. «Тұсау кесу»
Сәби еңбектеуден өткен соң қаз қаз басады, тәй тәй жүре бастайды.Сол кезеңде сәби жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін деген тілекпен тұсауын ала жіппен кеседі. Мұның мәні мынада: халқымыз баланы тәрбиелегенде ұрлыққа, зорлыққа жаман іске, бұзақылыққа әуестенбе деп, дұрыс жолға салады. «Біреудің ала жібін аттама!» деп үлкендер айтады. Сол кезде «Тұсау кесер» жыры айтылады.