kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?рбие са?аты. "Адамзатты? б?рін с?й бауырым деп..."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімдік ма?сат.      1. Толеранттылы? ??ымыны? м?нін тере? ашып, о?ушыларды? д?ниетанымын ке?ейту.

                                          2. С?здік ?орын байыта отырып, ауызша ж?не жазбаша байланыстырып с?йлеу тілін жетілдіру

                                          3. Мен Ш?к?рім идеяларыны? ?ндестігін ой елегінен ?ткізе отырып, к?ркем шы?армалар мазм?нын ме?герту.

Т?рбиелік ма?сат:    1. О?ушылар?а полим?дени білім мен полим?дени т?рбие беру ар?ылы м?дениеттанымды? ??зыреттілігіні? ?алыптасуына ы?пал ету.

                                          2. Рухани келісім, ?з хал?ыны? та?лымынамен ?лемні? м?дени к?пт?рлілігін игеруге, толеранттылы? идеяларына бейім болу?а т?рбиелеу.

Дамытушылы? ма?сат: 1. А?паратты ?здігінен игеру ж?не талдау, интерпретациялау білігін жетілдіру.

                                          2. О?ушыны? шы?армашылы? ?иялы мен ой - ?рісін, ??ымдар арасында?ы байланысты ай?ындай білу машы?ын, жалпыдан жал?ыны б?ліп ала білу ж?не со?ан с?йкес ой т?жырымдау ?абілетін дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?аты. "Адамзатты? б?рін с?й бауырым деп..."»

Сабақтың тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп ...

Білімдік мақсат. 1. Толеранттылық ұғымының мәнін терең ашып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

2. Сөздік қорын байыта отырып, ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру

3. Мен Шәкәрім идеяларының үндестігін ой елегінен өткізе отырып, көркем шығармалар мазмұнын меңгерту.

Тәрбиелік мақсат: 1. Оқушыларға полимәдени білім мен полимәдени тәрбие беру арқылы мәдениеттанымдық құзыреттілігінің қалыптасуына ықпал ету.

2. Рухани келісім, өз халқының тағлымынамен әлемнің мәдени көптүрлілігін игеруге, толеранттылық идеяларына бейім болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсат: 1. Ақпаратты өздігінен игеру және талдау, интерпретациялау білігін жетілдіру.

2. Оқушының шығармашылық қиялы мен ой - өрісін, ұғымдар арасындағы байланысты айқындай білу машығын, жалпыдан жалқыны бөліп ала білу және соған сәйкес ой тұжырымдау қабілетін дамыту.

Әдіс – тәсілдер: Ізденушілік, зерттеушілік, көрнекілік, сөздік, СТО стратегиялары.

Техникалық құралдар: Теледидар, бейнетаспа, магнитафон, үнтаспа

Әдеби материадар: Абай мен Шәкәрімнің өлеңдер жинағы

Көрнекі құралдар: Сызбанұсқалар, «Нағыз адам» моделін суреттеген тірек-сызба, кеспе қағаздар, Абай мен Шәкәрім портреттері

Оқыту формасы: Жеке, жұптық, үштік, төрттік, алтылық, ұжымдық


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Психологиялық тренинг.

Оқушылар өздеріне ұнаған түсті таңдап алады:

Қызыл - көтеріңкі көңіл-күй;

Көк – тыныштықты, қанағаттанушылықты, сенімділікті, шыншылдықты;

Жасыл - өзіндік бағасы жоғары, еркіндікті, мақсаттылықты, сенімділікті, өздеріне көңіл аударғанды ұнатады;

Сары – көңілділікті, ұстамдылықты және жеңілдікті білдіреді;

Қоңыр – психологиялық қолайсыздықты білдіреді.

ІІ. Сабақ тақырыбын хабарлау

Теледидардан атыс – шабыс, зомбылықтар секілді көріністер көрсетіледі. (2 мин )

  • Балалар, мына көріністер сендерге ұнаса – жасыл түсті карточканы ал ұнамаса – қызыл түсті («тоқтат » деген мағынада ) көтерулерің қажет,

  • Сендерге экрандағы көріністер қалай әсер етеді ? (жағымсыз ) осы қатігездік, соғыс, зорлық – зомбылықтың туындауы себебі неде деп ойлайсындар ? (оқушылар пікірі тыңдалады )

1 оқушы


Автор пікірі

Оқушы пікірі

Адам болам десеңіз :


Бес нәрсеге асық бол:


Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, - ойлап қой ! (Абай )




2 оқушы


Автор пікірі

Оқушы пікірі

Сен бала көр аққа жақ,


Болам десең адам.


Алланың пендесіне рақым мол.


Сен де өзіңдей адамға мейірімді бол.


Бір құдайың сабырлы, сен де шыда.


Бардан барды шығарсаң болады сол.



3. Үштікке бірігу.

«Әнгімені бірлесе жазу »

Бірнеше тақырыптар жазылған карточкалар болады, әр топ өзіне тақырып алады.

  1. топтпстыру арқылы тақырып бойынша қандай идеялар қамтылатынын жазады;

  2. Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін әңгіме жазуға кіріседі:

  1. оқушы – мәтінің кіріспе бөлімін ; 2- оқушы – негізгі бөлім; 3- оқушы – қорытынды бөлімін орындайды.

Тақырыптар: «Жер – ортақ үйіміз », «Дос жүрегіне қалай жол табуға болады ? », «Нағыз адам деп кімді айтамыз ? », «Менің идеяларым », «Қайырымдылық қажет пе ? », «Бейбітшілікті сақтауға менің қосар үлесім », «Егер барлық адамдар ... »

5. Төрттік – оқыту формасы.

«Қарама – қайшылықтар ». Топ ішінде ақылдасып, кестені толтыру.

«Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің салдары.

Адамзаттың бәрін «бауырым » деп сүймеудің салдары

- Бейбітшілік

- соғыс;

- рухани келісім

- араздық ;

- ұлттар достығы

- жанжал;

- татулық

- зорлық – зомбылық;

- толеранттылық

Террорлық акт

- мәдениет жетістіктерін бір – бірінен үйренуі ;

Жаулап алу

- мәдениеттер диологы

Басқыншылық

- жарастықты қарым – қатынас

Ушыққан шиеленіс

- гуманизм

- қатыгездік

- ізгілікті қоғам

- нәсілшілдік


- фашизм


- аз ұлтты, кіші ұлтты кемсіну.

  • Адамдардың бір – біріне мейірімінің жоқтығынан.

  • Нәсілге бөлінбеуден.

  • Бір ұлттық екінші ұлтқа үстем көз қараспен қарауы.

  • Пікірлеріңе мен қосыламын. Ал әлемде бейбітшілік пен рухани келісімді сақтап тұру үшін, өзге адамның қадір – қасиетке қол сүқпау үшін не істеу қажет ? (оқушылардан пікірлері сұралады ).

Бүгінгі сабақта біз осы сұрақтар төңірегінде ой қозғаймын.

Мұғалім тақтаға мынадай сызба іледі.

Сабақ құрылымы: Жеке – дара :

Жұптық:

Үштік:

Төрттік:

Алтылық:

Ұжымдық:


ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Жеке – дара жұмыс. «Мен қандаймын ? » атты лото арқылы ұйымдастырылады.

  • Балалар, адамзатты сүю үшін менің бойымда қандай қасиеттер болу керек?

Деген сұрақ төңірегінде ойланып көрейік. Әр балаға лото таратылады, онда адам бойында кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттер бейнеленген. Сенің бойында «бар » деп есептеген қасиеттің алдыңғы дөңгелекке қызыл нүкте қойып белгілейсің.

* Қамқорлық

* Қараниеттілік

* Мәдениеттілік

* Адамшылық

* Адамгершілік

* Рақымшылдық

* Залымдық

* Бауырмалдық

* Сабырлылық

* Еңбекқорлық

* Күншілдік

* Еркіншектік

* Рақым

* Талап

* Тасжүректік

* Мейірімділік

* Батылдық

* Талғампаздық

* Имандылық

* Қанағатшылдық

* Ізденімпаздық

* Ізгілік

* Қатыгездік



Міндеті: Өзін -өзі бағалау, рефлексияға бейімділігін дамыту.

  1. Тақтаға екі плакат ілінеді. Бірінде Абай суреті, ал екіншісіде Шәкәрім суреті. Оқушылардың жұп болып бірігеді де, Абай өлеңіне, ал екіншісі Шәкәрім идеясына талдау жасайды. Талдап, пікір жазап болған соң, жұптаса отырып бір – бірімен пікірлеседі, бір – біріне кестесіп сұрақ қояды.

6. «Алтылыққа бірігу ».

Музыка қосылады. Психологиялық тренинг. Қызыл түсті карточка алғандар – 1 топқа, жасыл түсті карточка алғандар -2 топқа, ал сары түсті таңдағандар -3 топқа бірігеді. Әр топқа тапсырмалар ұсынылады:

І – топ Бүгінгі сабақта ай тылған ой – тұжырымдарды қорыта келіп, эмблема ойлап тап.

ІІ –топ. «Тілі басқа, тілегі бір,

Түрі басқа, жүрегі бір » - деген идеаны ашатындай, жест, ым – ишара ойлап тап. Мысалы, сен нәсілі, ұлты басқа балалармен кездескенде, өзіңнің достық ниетіңде қалай білдірер едің?

ІІІ – топ. «Жүрегі ізгілікке толы тұлға » моделін ойлап шығар.

Үлгі:

Білімді


Жанашы


Нәзік

ақылды

Мейрімді


Көңілді Зиялы




иманды Тұрақты





ІV.Сабақты қорытындылау.

    1. Мұғалім тақтаға өзі дайындағап әкелген «Жүрегі ізгілікке толы тұлға » моделін іледі де, 3- топтық дайындалған моделімен салыстырылады. Соңында мұғалім тұлға бейнесінің жоғарғы жағына күн сәулесін тапсырады да, оның мағынасын түсіндіріп өтеді:

Балалар, жалпы адамзатты сүю арқылы біз бейбітшілікті соқты тұруға болатының білеміз. Әлемнің мәдени көптүрлілігін түсінуге және бағалауға тиіспіз. Ұлы Абай өзі өткен, ғасырда кейінгі ұрпаққа осыны аманат етіп қалдырған ғой. Алайда, әрбір адамның ең басты парызы – алдымен өз ұлтының этномәдени құбылыстарын игеру, өз халқының ұлттық ерекшеліктерін бойына күн сәулесін дей сіңіріп, ұлттық тағылымынан қуат алу. Жалпы азаматты сүю – ең алдымен өзінді, туған еліңді, Отаныңды сүюден басталады. Міне, осыны әркез есте ұстайық!

2. Ұжымдық жұмыс. Мұғалім екі сұрақ қояды, егер «иә » деп жауап берсе, орнынан түру; ал «жоқ » - десе, өз орнында отыра беру.

- «Толераинттылық » идеясының жер бетінде достық пен бейбітшілікті сақтауға ешқандай қатысы жоқ.

- Қазақстанда мекендейтін 100- ден астам ұлттар арасында жарасымды татулық пен рухани келісім орнаған.

Балалар орындарынан тұрады.

  • Сабақ аяқталады. Сау болындар!


































Сабақтың тақырыбы: Мейірімнен нәр алып...


Білімділік: 1. Адам бойындағы мейрімділік қасиеттің ішкі мән – мағынасын саналы ұғынып, мейірімділік ұғымына синонимдер іздестіру.

    1. Сөздік қорын байыта отырып, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін жетілдіру.

Тәрбиелік: 1. Адамгершілік қасиеттерге баули отырып Құндылық бағдар тәрбие беру; адамзатққа, табиғатқа, Отанға сүйіспеншілік сезімін арттыру.

2.Топпен, Ұжыммен жұмыс машықтандыра отырып, өз жолдасының жауабын тыңдай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық : Шығармашыл қиялын, ой -өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.

Сабақтың әдісі: Ізденушілік, сұрақ –жауап, зерттеушілік.

Сабақтың көрнекілігі: Магнитафон, үнтаспас, мәтіндер, кодоскоп, Абай суреті.

Сабақтың типі: Білімді тереңдету сабағы.

Оқыту формасы: Жеке – дара, топтық, ұжымдық.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру.

Музыка қосылады. Шарды бір –біріне беру.

Балалар, айналамызға қарайықшы. Күн сәулесін бойымызға сіңіре отырып, сол жылуды көршімізге берейікші. Жақсы сөз жанды жадыратады. Бойынды қуаныш сезімі билейді. Ендеше, өзгелерге де, жақсылық сыйлап көрейік. Өз көршіңе оның қандай жақсы қасиеттерінді бағалайтынынды айтуың керек. өз көршіңе оның қандай жақсы қасиеттеріңді бағалайтыныңды айтуың керек.

  • Сендер бір – біріңе мейрім сыйладыңдар. Енді өзіңіздің сезіміңізге көңіл аударыңыз. Жақсы сөз адамға әсері бар ма ?

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  • Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыз эпиграфын ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым –деп », деген қанатты сөзін алайық (Тақтаға Абай суретімен сөзі ілінеді )

Балалар осы сөздің мағынасын түсіндіріп көрейікші. (бірнеше балалардың өз ойларын сұрау )

Ендеше, бүгінгі сабақта біз адам бойындағы ең ізгі қасиет – мейірімділік туралы сөз қозғаймыз.

Сабақтың құрылымы:

  1. жеке –дара 5. алтылық

  2. жұптық 6. ұжымдық

  3. үштік

  4. төрттік









ІІІ Жаңа сабақ.


  1. Жеке –дара жұмыс. Міндет: оқушының рефлексиясын дамыту «Мен қандаймын ? » синонимдер лотосы.

Сендерге синонимдер лотосы берілген. Онда адам бойындағы қасиеттер жазылған. Егер қай қасиет сенің бойында бар болса, сол сөздің алдына қызыл нүктемен қоясын, ал бойында жоқ болса көк нүкте қоясың.





- қамқорлық - ақжүректілік



- қара ниет

- Жауыздық

- қайырымдылық - талапты


- рақым - - қатыгездік


- жанашырлық

- қайырымсыздық


- жан жылуы

  • - имандылық

- адамгершілік


- адамшылық

- рақымсыз


- мейірімсіздік

- зұлымдық

- бауырмалдылық

- ізгілік


- залымдылық


- мейірімділік



  • Мұғалім бір балаға тақтаға оқытады.

  • Балалар, назар аударайық: осы лотода мейірімділік сөзінің синонимдері берілген екен. (оқыту )

Ал антонимдерін де оқып жіберейік. Ендеше, балар, осы сөздерді есте ұстайық. (тақтаға плакат ілінеді )


Қайрымдылық

Қамқорлық

Бауырмалдылық



Мейірімділік адамгершілік

Имандылық

Адамгершілік












ІІ. Жұптық жұмысы. Магнитафоннан мейірімділікке байланысты мәнін оқылады. Мәтінді тыңдамастан бұрын, мұғалім оқушыларға мақсат қояды.Балалар енді жұптық жұмысын жасаймыз. Енді оқушы мына сызбаны толтыруларын керек. Ол үшін 1- оқушы тірек сөздерді жазып отырады, ал 2- оқушы туындаған сұрақтар ойланып отырады. Карточка мынадай болады.


1. Тірек – сөздер



2. Авторға сұрақ

3. Негізгі идея



4. Авторға қойған сұраққа жауап

Үштікке бірігу. «Бірлесіп өлең шығару » музыка қосып қойю.

Мысалы: Жылу төгер анамыз

Жаны ізгі баламыз

Мейірімнен нәр алып

Нағыз адам боламыз

4. Төрттік жұмыс. «Араласып кеткен оқиғалар » Әр топқа конвертке мәтіндер салынып беріледі. Мәтін төрт бөлініп,қиылған 4 оқушы 4 бөлімді алып, партаның үстіне жайып қойып, орындарын ретімен қояды. Сол бойынша 6 тізбектей оқыту. Ә топқа тек бір сұрақ қойылады. Мәтінде не нәрсе деген мейірімділік тұр.

1) ана, 2 кішкентай сәби, 3 жан- жануарға, 4 Отанға 5 т. б.

Мұғалімнің қорытындысы: сендер мейірімдік сөзінің аясы өте кең екен.

Мейірімділік қана апаттан құтқарады.

5) Алтылыққа бірігу. Оқушылар алты-алтыдан топтасып, плакатқа «Мейірімділік» тақырыбы бойынша эмблема жасайды немесе ойларын шығып айтады.

IV. Қорытынды

Ұжымдық 1. «Аяқталмаған сөйлем» (Балалар дәптерге тек әрі қарай жалғастырып, жауабын ғана жазып отырады).

  • Мейірімділік – бұл .............. адам бойындағы ең жағымды адамгершілік қасиет

  • Мейірімді сөздер ................. адам жанын қуанышқа бөлейді

  • Мейірімділік сезім ғана дүниені ............. қорғап тұр (соғыстан, құрып кетуден, апаттан т.б.)

























  • Абай атамыз айтқан бес асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат және ............. рақым яғни мейірімділік.

Мұғалімнің қорытуы: Балалар сабағымыздың басында ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»,- деген сөзімен бастаған едік. Енді сабақты да сол ұлы ақынның Сөзімен аяқтасақ деймін. Жер бетінде надандық адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар еріншектік, надандық және залымдық деген. Яғни мейірімділік сөзінің антонимі залымдылық екен. Асыл іс-рақым деп мейірімді болуға шақырған.

Ендеше сабағымызды жақсы тілектер айтып аяқтасақ деймін

  • Бақытты бол

  • Денсаулығың мықты болсын

  • Ел мақтанышы бол

  • Үлкен азамат бол

  • Жетістіктерге жете бер

  • Үнемі адал бол

  • Мақсаттарың орындалсын

  • Жүздеріңнен күлкі кетпесін

Үйге: «Мен мейірімділікті қалай түсінемін?» тақырыбы бойынша эссе жазу.

















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Т?рбие са?аты. "Адамзатты? б?рін с?й бауырым деп..."

Автор: Естайлакова Айдын Абусабитовна

Дата: 08.01.2016

Номер свидетельства: 273613


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства