kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сынып сағаты "Буллинг"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сынып сағаты "Буллинг"»


ТӘРБИЕ САҒАТЫ

7 «А» сынып Өткізген: Жуматаева Б.Д.

Тақырыбы: «Буллинг»

Мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту;

Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;

Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Буллинг дегеніміз не?

Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

  1. Миға шабуыл (бейнеролик)

https://www.youtube.com/watch?v=l5OsvTnwLN4

(бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар)

Тәрбиеші: Бейнеролик не туралы?

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше?

Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жауаптарына дәлел келтіреді.

Балалар талқылайды.

(Слайд 1)

• Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол:

адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу

• оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру

сол жайында өсек тарату

• оны елемеу немесе жекелету

• ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою

• ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру

• қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту

Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.

Адамдар біреудің белгілі бір әлеуметтік тапқа жататындығын анықтағаннан кейін, сол адамға жаман көзбен қарау. Мысалы, біреулер «ауылдан келген» деп адамды жекелету.

• Адамның сырт келбетіне қатысты буллинг

Біреуді көпшілікке ұқсамағандығы үшін кемсіту, мысалы адамның шашы жирен болуы немесе қысқа бойлы болуы, я болмаса көзілдірік киіп жүруі үшін.

(Слайд 2)

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?

Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:

• уайымдау

• ұйқының бұзылуы

• тәбеттің болмауы

• өзі жайлы жаман ойлау

• өз-өзіне физикалық зақым келтіру

• өлім туралы ойлау

• сабақ үлгерімдерінің нашарлауы

• ауыру

• «маған ешкім көмектесе алмайды» деп ойлау

(Слайд 3)

Дінге қатысты буллинг

Біреуді дініне немесе нанымына байланысты қорлау немесе әдепсіздік таныту. Мысалы, киелі кітапты оқу, мешітке бару сияқты діни дәстүрлерді мазақ ету.

• Мүгедектерге қатысты буллинг

Адамды мүгедек болуына байланысты қорлау және оған тіл тигізу.

Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек?

• Батыл болуға үйрен

Батыл болу деген агрессия танытпай, өзіңді қорғай білу. Сен өз ойыңды дөрекі және ызалы сөздерсіз білдіруге үйрене аласың.

Кейде біреумен келіспеген жағдайда өзіңді шын мәнінде қалай сезінетініңді жеткізу қиын. Дегенмен сен батылдыққа үйрене аласың. Ол үшін айтқың келетін сөздерді қағазға жазып, ал уақыты келгенде айтып қал. Кезі жеткенде сенің батылдығыңның арқасында барлық қорлық пен қорқытулар тоқтайды.

• Құрбыңмен/досыңмен бөліс

Достарың сені оларға барлық оқиғаны ашып айтпасаң да, саған қолдау көрсете алады. Олар сені қолдап, көңіліңді көтере алады. Сонымен қатар, достарың жәбірлеушілер енді мазаңды алмас үшін оларға қалай жауап беру керектігін айта алады.

• Ересек адамдармен бөліс

Сен өз оқиғаңмен ата-анаңмен, өзіңнің қамқоршыңмен немесе сенімді ересек адамның біреуімен бөлісуіңе болады. Олар сені қолдап, мәселені шешуде ақыл-кеңес бере алады.

Мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.

Рефлексия. Сауланамаға жауап беру «Буллинг»










Сауалнама

Қымбатты дос! Бірнеше сұраққа жауап беруіңді сұраймыз. Сұраққа жауап бермес бұрын жауаптардың барлығын мұқият оқып шық. Таңдаған жауабыңды белгіле.
1.«Буллинг» туралы білесіңбе?
А)иә Б) жоқ
2.Сен біреудің басқа біреуге қорлық көрсетуінің куәсі болдыңба?
А)иә Б) жоқ В)Басқа
3.Егер куә болсаң қорлаудың қандай түрі орын алды?
А)Кемсіту
Б)Қорлау
В)Физикалық күш көрсету
Г)Қорлауды, мазақтауды, телефонға түсіру
Д)Кибербуллинг (интернет желісінде қорқыту, мазақтау, қорлау)
Е)Басқа
4.Сен өзің қорқытудың,қорлаудың қатысушысы болдыңба?
А)Иә,бақылаушы ретінде
Б)Иә,құрбан ретінде
В)Иә,агрессор ретінде (қорлауды ұйымдастырушы,бастаушы ретінде)
Г)Жоқ,қатысқан емеспін
5.Бір-біріне айдап салу,қорлау көбінесе қайда кездеседі?
А)Мектепте
Б)Аулада,көшеде
В)Әлеуметтік желіде,интернетте
Г)Басқа
6.Сен мұғалімдер тарапынан оқушыларды қорлау жағдайына куә болдыңба?
А)Иә,жиі Б)Иә,сирек И)Жоқ
7.Сен қорлық, жәбір көрген балаларға үлкендер қажетті көмек көрсетпейді деп санайсыңба?
А)иә
Б) жоқ
В)бұл туралы ойламаппын
8.Сен қалай ойлайсың, білім мекемесінде қорлау, жәбірлеуден аулақ болуға болама?
А)Иә,егер үлкендер дер кезінде байқаса
Б)Иә, егер жәбірленуші өзінің мінез-құлқын өзгертсе
В)Иә,егер агрессорды (бастаушыны) жазаласа
Г)Жоқ,ол мүмкін емес
9.Кім сенің ойыңша білім беру ұйымындағы қорлауды тоқтата алады?
А)Мектеп әкімшілігі
Б)педагогикалық ұжым
И)Ата-аналар
Г)Оқушылар

Д)Тәрбиеші




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Сынып сағаты "Буллинг"

Автор: Жуматаева Багира Дарошевна

Дата: 05.06.2025

Номер свидетельства: 671206


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства