Просмотр содержимого документа
«"Шо?ан У?лиханов-?лы ?алым" та?ырыбында?ы ашы? саба? жоспары»
Тақырып: Шоқан Уәлиханов- ұлы ғалым.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ш. Уәлиханов өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерін толықтыру, қосымша жаңа мәліметтер беру.
2.Дамытушылық: есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамытып,тыңдай білу және оймен бөлісуәрекеттерін ұштастыру,мәтін арқылы сөз қорын байытып,ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: адамгершілікке,өз елін сүюге, қазақстандық патриот сезімін оқушылардың бойына сіңірту.
Сабақтың көрнекілігі мен құралдары: Ш. Уәлихановтың портреті,тірек сызбалар, кітап көрмесі.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,кезекшілермен әңгімелесу,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
I. Сабақтың тақырыбына қызығушылығын туғызу – побуждение.
* Ұжымдық жұмыс: оқушылардың Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру арқылы жаңа мәліметтер беру.
«Инсерт» стратегиясы.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1 топ – Ш. Уәлиханов кім? Ол қайда туған? Оның қандай шығармалары бар? «Ыстықкөл сапарының күнделіктері» Сұраққа «ассоциация» стратегиясы бойынша жауап беріңдер.
2 топ – «Қашқарияға сапар» мәтінді бөлшектерге бөліп, әр бөлшекке сәйкес 3-4 сұрақтан құрастырыңдар.
3 топ – «Сот реформасы туралы жазбалар» еңбегін оқу. Не туралы айтылады?
III. Оқушылардың ой-пікірлерін білу – рефлексия
* Бағалау. Сарапшылар тобына сөз беру.
* Үйге тапсырма: 71 бет, 1-4 сұрақтар
ХІХ ғасыр әдебиеті
Шоқан Уәлиханов
«Өзіңіздің европаша толық білімді бірінші
қазақ екендігіңізді есіңізге түсіріңіз. Оған қоса
тағдыр Сізге кең пейіл мен ақ жүрек беріп,
Сізді тамаша адам етіп жаратты».
Ф.М.Достоевскийдің Ш.Уәлихановқа жазған хатынан
Шоқан Уәлиханов – қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклорымен этнографиясын зерттеуші, тұңғыш ағартушы ғалым.
Біздің қаламызда Шоқан Уәлиханов пен орыстың ұлы жазушысы Федор Достоевскийдің достығы басталған. Осы достықтық куәсі ретінде қаламыздың орталығында Шоқан мен Ф.М. Достоевскийге арналып ескерткіш орнатылған.
+Шоқанның өмірі мен шығармашылығы жайлы кестені толықтыр:
Қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған
Әкесі
Уәлихан
1847-1853 жылдар
«Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді... оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей-ақ сурет сала білетін.
... Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, «Еуропаға ашқан терезе» сықылды болды»
Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралап, қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы жайында материалдар жинайды.
Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысып, қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, географиясы, ауыз әдебиеті жайлы мәліметтер жинайды.
1857 жылы
Қашқарияға саяхаты. Сол өлкенің жаратылысы, тарихы, этнографиясы жайлы деректер жинайды.