kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салт д?ст?рлі ел-т??ыры мы?ты ел

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л ашы? т?рбие саба?ымда ?біш Кекілбаевті? "К?й" повесіндегі салт-д?ст?рлер туралы ке?інен т?сінік берілген.?азіргі кездегі д?ст?рлер мен ?дет-??рыптарды салыстырды?.Ата-бабаларымызды? д?ст?рлерді ?стану ар?ылы ?рпа?ты т?рбиелегендігіне то?талды?.Саба?ымны? ма?саты:о?ушыларды ?лтжандылы??а,салт-д?ст?рлерді ??рметтеуге т?рбиелеу.Жазушыны? ?мірі мен шы?армаларына шолу жасау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салт д?ст?рлі ел-т??ыры мы?ты ел»

Салт-дәстүрлі ел – тұғыры берік ел

(Ә.Кекілбаевтың «Күй»повесі бойынша ашық тәрбие сағаты)

Қобланова Айткүл

Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Сабақтың мақсаты: Әбіш Кекілбайұлының қаламгерлігі және «Күй» повесіндегі салт-дәстүрлерді оқушыларға таныстыру. Жас жеткіншектер бойына халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихаттау, оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке,құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, сурет-шежіре, интерактивті тақта, слайд.

Жырламау оны маған секілді айып,

Сөз - егін, кең кеудеге егілді лайық.

Маңғыстау - сен бір уыс топырағым,

Бір шөкім бұлт боп ұшқан Кекілбаев

(Р.Аяпбергенов)

- Халқымыз өз ұрпақтарына ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым-тыйыммен берген.

Осынау кең байтақ, ғажайып қыр-сыры көп, тылсымы мол, 362 әулие мекен еткен киелі Маңғыстаудың топырағында талай жезтаңдай әншілер, күміс көмей жыршылар, қос ішекті шешен сөйлеткен күйшілер, қара қылды қақ жарған би-шешендер дүниеге келген. Белгілі жазушы М. Жолдасбеков: «Мен бес кемеңгерді көрдім: Дінмұхаммед Қонаев, Қаныш Сәтпаев, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, құдай көздеріне көрсетіп, орталарында тірі жүрген бесінші әулие - Әбіш Кекілбаев. Бұл, шындығында, кемеңгер Әбішпен замандас болғанымды өзіме мақтаныш санаймын. Расында да солай, қатар жүрген кісіні ол пәленше ғой деп бағалай бермейміз. Заңында бағалаған жөн. Әбіш сондай бағаланатын азамат.... Маңғыстауда ежелден 362 әулие бар еді, 363 әулие Әбіш Кекілбаев шығар», -деп бекерге айтпаса керек.

- Оқушылар Ә.Кекілбаев туралы не білеміз? Оның қандай шығармаларын оқыдыңдар?












Ә.Кекілбаевтің қай шығармасы болмасын кейінгі өскелең ұрпаққа өзінің туған жерінің тарихын, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын құрметтеуге шақырады. Жазушы шығармалары әдебиетіміздің мерейін тасытып, әдебиет әлемінің биігінен орын алады.

- Оқушылар салт-дәстүр дегеніміз не? Салт-дәстүр туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

«Ұлттық дәстүр дегеніміз сол ұлттың қалыптасу жолындағы бүкіл өмір тәжірибесінен сан ғасырлар бойы тірнектеп жинап, тіршілік тезінен өткізіп, бір жүйеге келтірген өмір сүру заңдылығы; қатал тірліктің қағидаларынан қорытып, уақыттың өзі бекітіп берген конституциясы» (Қ.Салғараұлы)

(салт-дәстүр туралы кеңінен түсінік беріледі)

  • Оқушылар повесть дегеніміз не?

«Күй» повесі ежелгі тайпалар арасындағы талас-тартыс, араздық туралы, қатыгездік пен надандық жайлаған замандағы кейбір ұсқынсыз әдет-ғұрыптар туралы жазылған шығарма. Зеңгір аспан астын мекендеген қазақ даласы мен түрікмен құмында екі бауырлас жұрт өзара сыйыса алмай, ұғыса алмай тауқыметті бастан кешірген. Әбіш Кекілбайұлы бұл шығармасын 28 жасында жазған. Повестің тақырыбы – отанды қорғау, ел бірлігі.

Оқушыларға повесть жайлы, «Күй» шығармасының кейіпкерлері мен сюжеттік желісі жөнінде мағлұмат беріледі.

«Күй»повесіндегі салт-дәстүрлер:










Топтық тапсырма

Мәтін (парақшалар арқылы тарату, балалар теріп жазады.)

1. Повестегі салт-дәстүрлерді мәтін арқылы мазмұнын жазу

2. Қазіргі замандағы дәстүрмен салыстыру.

(Абылдың күйін тыңдату)

Повестегі

салт-дәстүрлер


Қазіргі заманмен салыстыру


Бітім салты



Құдайы



Жоқтау



Дұға оқу(құран оқу)



Тұлдау



Ант,серт,уәде



Кек алу



Сүйінші



Құн
















Бекіту











Оқушылар Абыл күйшінің «Дүниеғапыл» күйін Қали Жантілеуовтің орындауында тыңдадыңдар. Ә.Кекілбаев бұл повесті Абыл күйші аруағына арнаған. Абыл Тарақұлы (1820 - 1892) Оймауыт-Желтау мекенінде өмірге келген. Күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы. Бір дерек бойынша 1800-1872 жылдарда, екінші деректе 1820-1892 жылдар аралығында өмір сүрген күйші. Қалай болғанда да, 72 жыл өмір сүріп, өз жерінде қайтыс болған. Абылдың «Абыл», «Ақжелең» (А. нұсқасы), «Нар ату», «Ақсақ құлан», «Кеңес», «Аранжанның шалқымасы» аталатын күйлері сақталған.

Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы - бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мұра. Бұл мұралар әдет-ғұрпымен , салт-дәстүрімен қымбат. Біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз. Өз салтын, дәстүрін, әдет-ғұрпын білмейтіндерді бұрынғы кезде дүбәра мәңгүрт деп атап, оларға сый-құрмет көрсетпеген. Сондықтан өткен тарихымызды біліп, салт-дәстүрімізді үйрену әрқайсымыздың парызымыз. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін,еліне адал қызмет ететін, тілінің, ата дәстүрінің жанашыры болатындығына сенеміз.

Сабақты қорытындылау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Салт д?ст?рлі ел-т??ыры мы?ты ел

Автор: ?обланова Айтг?л Назарбаевна

Дата: 23.02.2016

Номер свидетельства: 297664


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства