2. Ой – ?рістерін, сана, сезімдеріні?, тілдерін, шы?армашылы?тарын дамыту; 3. Адамгершілік пен биік м?дениеттілік ?асиеттерді бойына сі?ірген жан – жа?ты, рухани дамы?ан т?л?аны т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Салауатты ?мір салты жар?ын болаша?ты? кепілі ашы? саба?»
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд шоу, картон қағаз
Сабақ түрі: сайыс
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2. Ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; 3. Адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
І. Мұғалім сөзі:
Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі. Елбесымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» бағдарламасында көрсетілгендей салауатты өмір сүру және оны насихаттау бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Олай болса, құрметті оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі» деп алдық.
Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу. Өмір адамға берілетін ең қымбат дүние. Алайда адам оны өз қолымен бүлдіреді. Адам денсаулығына кері әсерін тигізетін ауруларға жол бермеу керек. Президент Н.Ә. Назарбаевтың ҚР-ның халқына жолдауында : «Біздің жас мемлекетіміз өседі және орнығып, нығаяды, онымен бірге біздің балаларымыз бен немерелеріміз де өсіп жетіледі. Олар өз ұрпағының жауапты және жігерлі өкілдері болады. Біз өз қоғамымыздағы құра отырып, біздің азаматтарымыздың өмір бойы дені сау болуы және оларды таза табиғи ортаның қоршап тұруы үшін кең өріс ала түсетін күш жігерлерді қолдану қажет.
Балалар біз салауатты өмір салтын сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ болып сайысып, өз ойларымызды ортаға саламыз.
ІІ. Әділ-қазылар алқасын сайлау.
Сайыстың барысы:
Топты таныстыру (10 ұпай )
Зиянды әдеттер туралы мәлімет. (10 ұпай)
Сұрақ-жауап (10 ұпай).
Тапқыр болсаң тауып көр (жұмбақ). (15ұпай)
Шығармашылық тапсырма:
Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
Шылым шегу - зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ағзаға өтіп, өкпеге қонады. Темекі мен оның түтінінде адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен бастап 200-дей химиялық заттар кездеседі. Бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, тісі бұзылады, терісінің қасиеті кемиді. Алкоголъ - адамды уландыратын зат. Ол әртүрлі химиялық қосылыстардан тұрады, егер оны көп мөлшерде пайдаланса, сол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшесіне, нерв жүйесіне, миға әсер етеді. Көп мөлшерде қолданса, адам өліп кетеді. СПИД қанның кұрамындағы иммунитетке жауап беретін түйіршіктерді өлтіреді, сол жерде көбейеді. СПИД-пен ауырған адам пневмония, менингит ауруларына шалдығады. Нашақор көп есінейді, көзінен жас ағады, терлейді, тәбеті төмендейді, денесі қалшылдап, ұйқысыздық басып, салмағын жоғалтады.
1. Шылым шегуден жылына 25 млн. адам өледі. 2. Әр шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады. 3. Шылым шегетіндердің 80%-ы өкпе ауруымен ауырады. 4. Қазақстанда 393 мың -ВИЧ-пен ,76 мың СПИД пен ауырады. 5. СПИД-пен ауыратындардың дені жастар. 6. Шектен тыс шай мен кофе ішу де - есірткінін бір түрі. 7. Қазақстанда темекі тартатындардың саны 5 миллион. 8. Қалаларда есірткінің құрбаны болған 7-8 жастағы балалар тіркелуде
Қорытынды бөлім: «Ойқозғау» 1. Қоғамда «Мемлекет қазынасына миллиондаған пайда түсіреді, зияндылардың денсаулыққа пайдасы бар» деген кереғар пікірлер бар? Соған дәлелдеме қандай? 2. Қазір арақ, темекі баспасөз бетінде, теледидарда жарнамадан түспейді? Оның орнына ауыл, қала көшелеріне не ілуге болады? Көзқарасың қандай: 3. Салауаттылық салтын болашақ өмірде қалай ұстанасың? Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.
VI Бекіту: Тренинг «Қолшатыр...» -Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ