kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Салауатты ?мір-к?тері?кі к??іл-т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:  білімділік – жас ?рпа??а  адам  денсаулы?ыны?  ?ымбаттылы?ын,  ?мір с?ру ?шін  ?ажеттілігі, ба?алы байлы? екенін  т?сіндіру.

  Т?рбиелік – денесін шы?дау?а, шымыр да шапша?,  ??ыпты да жина?ы, тал?ампаз да ?а?атшыл, таза  да  ?демі болу?а т?рбиелеу.                                                                         

Дамытушылы? – сын т?р?ысынан ойлау, шы?армашылы?  ?абілетін  дамыту, с?йлеу шеберліктерін  жетілдіру.                                                                                    

К?рнекілік: на?ыл с?здер жазыл?ан  плакаттар, суреттер, карточкалар, тірек  сызба.                                                                                                                                                                                                   Барысы.

 Кіріспе с?з.        Б?гінгі   « Салауатты  ?мір – к?тері?кі к??іл »  атты  т?рбие  са?атымызды  бастаймыз.                                                                     

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Салауатты ?мір-к?тері?кі к??іл-т?рбие са?аты»

Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл

Мақсаты: білімділік – жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігі, бағалы байлық екенін түсіндіру.

Тәрбиелік – денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық – сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Көрнекілік: нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, карточкалар , тірек сызба. Барысы.

Кіріспе сөз. Бүгінгі « Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл » атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

I Ұйымдастыру

Оқушылар шеңберге тұрады.

Психологиялық тренинг. Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен.

Амандасып алайық.

Бір жадырап қалайық.

Даярлық жұмыстары

а) Балалар қалай ойлайсыңдар адамның көңілді болуға неге байланысты?

Жауап: Дені сау адамның көңілі шат.

Ол бақытты Денсаулық – Зор байлық .

Денсаулық болса, бәрі болады.

ә)Балалар деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?

-Ең бірінші спортпен дос болу керек.

Балалар, таңертеңгілік уақытта жаттығулар жасау керек екен



Аулада жүгірсек те зияны жоқ.Спорт туралы тағы да кім айтады?

Мұғалім: Олай болса. деніміз сау.құрыш білекті. Алып жүректі. қайсар да қайратты,ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? (сызба көрсетіледі.сызбадағы қажеттіліктерді оқушыларға оқыту арқылы әрбір топ һз ойларын ортаға салады).

Денсаулық

Мұғалім:Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады.Сондықтан үш топқа бөлініп отырайық

1 –топ « Шымыр »

2-топ « Денсаулық »

3-топ « Сымбат »

Денсаулық дегеніміз - жанның ,тәннің,рухани ішкі дүниенің үйлесімділігі,бір-біріне мейірімділігі.

«Денсаулық-зор байлық» деген халық мақалы бар.

Денсаулық-табиғи заңдылық,ауру-кездейсоқтық. Сондықтан да ауырғаннан гөрі денсаулықты сақтап, аурудың алдын алған жеңіл.

Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарымыз дайын болса, сайысымызды бастайық!

Сайысымыз бес бөлімнен тұрады.

I –бөлім «Таныстыру»

Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.

«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң, шымыр боларсың»

«Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық-ел байлығы»

«Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу өз қолыңда»





II-бөлім

Денсаулық тақырыбындағы мақал-мәтелдер айтып жарысу.

1-оқущы: Сұрап алған аурудың емі табылмас.

2-оқушы: Көзің ауырса- қолыңды тый. Ішің ауырса -ауызыңды тый.

3-оқушы: Бірінші байлық-денсаулық,

Екінші байлық-ақ жаулық.

Үшінші байлық-он саулық.

4-оқушы: Тазалық-саулық негізі,

Саулық-байлық негізі.

5-оқушы: Жан ауырса-тән азабы,

Қайғы басса-жан азады.

6-оқушы: Жалқаулық-жаман ауру.

III-бөлім

Карточкамен жұмыс

1-карточка

«Денсаулық» себетіне өзіне пайдалы, дәрумендері мол жеміс –жидек,көкөністердің суретін жина, түсіндір.

2-карточка

Қандай ұлттық спорттық ойындарды білесің. Ойынның бір түріне тоқтал.

3-карточка

Денсаулыққа пайдалы күн тәртібін құр.

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)

IV-бөлім «Жарнама»





(1 –топ айранды жарнамалайды.)

1-оқущы: Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайцдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт- табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.

(2–топ құртты жарнамалайды.)

2-оқущы: Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады.« Орбит» сатып алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.

(3–топ сабынды жарнамалайды.)

3-оқущы: Бұл-«Тазалық» деген сабын. Семей қаласында шығарылады.Бұл сабын денедегі әртүрлі микробтарды жояды. Бетті,қолды шаңнан тазартады.

V-бөлім «Салауатты өмір салты»

Мұғалім: Балалар,бұл бөлімнің мақсаты сендердің салауаттану пәнінен алған білім-білік, дағдыларыңды сұрақ арқылы байқау болып табылады.

Сұрақтар

«Шымыр» тобына

Құрт ауруының сақтанудың жолдары қандай?

1-оқущы: Одан сақтанудың жолдары:

-біреудің аузындағы сағызын шайнамау;

-әр адамның жеке орамалы,сабыны,тіс щеткасы болу керек

-үнемі тазалықты сақтауымыз керек және т,б

«Денсаулық» тобына

Темекі тартудың адамға зияны қандай?

2-оқущы: Темекі адам денсаулығына зиянды болып табылады.

Оның құрамында никотин бар. Біз темекіні тартсақ, барлық ағзамызды бұзамыз.



Тем екіден жүрек, өкпе тамақ аурулары пайда болады.

Темекі ауаны, қоршаған ортаны ластайды.

«Сымбат» тобына

Иісқорлық деген не ?

(бензин.керосин,иіс сулар,дәрілер,сыр,желім,әуесқойлығы шамадан зиянды заттар)

Мұғалім: Осымен сайысымыз аяқталды, деніміз сау болу үшін салауатты өмір салтын ұстанайық.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Салауатты ?мір-к?тері?кі к??іл-т?рбие са?аты

Автор: Темрешева Эльмира Тайыр?ызы

Дата: 23.02.2016

Номер свидетельства: 297589


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства