kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы:«Г?л мереке, к?н мереке – 8 наурыз»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:«Г?л мереке, к?н мереке – 8 наурыз»

Ма?саты: Адамзат баласын жары? д?ниеге ?келіп, оны т?рбиелеп ?сіретін ана екенін т?сіндіру. Ана е?бегін еш н?рсемен ?лшеуге болмайтынын, т?н ?й?ысын т?рт б?ліп, баласын азамат етіп т?рбиелейтін, сонды?тан да барлы? ананы, болаша? ана болар ?ыздарды сыйлау?а, ??рметтеуге т?рбиелеу. ?ыздарды ?семдікке, іскерлікке баулу. ?зін к?пшілікті? алдында ?стай білуге, жасымай ?нерін к?рсете білуге т?рбиелеу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы:«Г?л мереке, к?н мереке – 8 наурыз» »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ




«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты




САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Бала Абай

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 2-сынып









Қабылдаған:Асқарова А.Т.

Орындаған: Капалбаева А.Д.









Шымкент 2014



Сабақтың тақырыбы: БАЛА АБАЙ. 

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен толығырақ таныстыру.

2. Мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру.

3. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге, ізденуге, творчестволық ойлануына ықпал ету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Абай өлеңдері арқылы балаларды жақсы қасиетерге тәрбилеу, әрқашан ұқыпты, алғыр, зерек болуға үйрету.

Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақтар қою, Венн диаграммасы, топпен жұмыс істеу әдістері.

Көрнекіліктер: Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтің портреттері, қосымша әр түрлі кітаптар, Абай туралы карточкалар, ватман қағаз, суреттер т.б. заттар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма: Ғ.Қайырбековтің “Алғашқы қоңырау” өлеңін мәнерлеп оқу және шығармаға сәйкес сурет салып келу тапсырылған. Екі, үш оқушыға мәнерлеп оқытамын, қосымша сұрақ-жауап алынады. Ы.Алтынсарин туралы т.б. сұрақтар. Сосын өздері салған суреттері бойынша әңгімелеп береді. Екі, үш оқушыдан сұрау, тақтаға немесе қабырғаға суреттерді түгел ілу.

Жаңа сабақ: М.Әуезовтің “Бала Абай” әңгімесін оқимыз деп түсіндіріп өтемін.

1. М.Әуезовтің “Абай жолы” романы туралы бірер сөз айтамын.

Қызығушылықты ояту. Ой қозғау. Мысалы: — Бала Абай деген кім деп ойлайсыздар? Екі минуттай ойлану, серіктесімен ой бөлісу.

2. Сұрақ-жауап. Диалог. Оның қандай өлеңдерін білеміз, т.б. талдау жұмысы. Енді бір бағанға жазу білетінімізді тізбектеп айтамыз, дәптерге жазамыз: Абай – ақын, композитор, суретші, аудармашы, реалист-шыншыл т.б. тізбектеп жазу. Ал енді, балалар, Абайдың балалық шағы туралы романнан үзінді берілген, соны оқып беремін. Әңгіменің ұнаған, ұнамағанын сұраймын.

2.Мағынаны тану кезеңі.

1.Мәнерлеп оқу (өзім).

  1. Сұрақ-жауап.

  2. Рольмен оқыту.

  3. Кейіпкерлерді табу.

Енді түртіп алу жүйесімен жұмыс істеу v + — ? осы (- +) белгілер бойынша сөздік жұмысы жүргізіледі.

Оқушы түсінбеген сөз, сөйлем, сөз тіркестерін сұрайды, бір-бірімен ой бөліседі.

Сергітусәті. Топпен жұмыс.

Әрбір негізгі сұраққа қосымша сұрақтар беру (3, 4, 5) арқылы түгел балалардың жұмыс істеуіне жағдай туғызамын.

І. Топтың сұрағы. Бала Абайға мінездеме беріңдер.

ІІ. Топтың сұрағы. Абайдың әжесі мен анасына мінездеме беріңдер.

ІІІ. Топтың сұрағы. Байкөкшеге мінездеме беріңдер.

ІV. Топтың сұрағы. Барласқа мінездеме беріңдер.

V. Топтың сұрағы. Барлас Абайға қандай бата берді?

VІ. Мәтіндегі нақыл сөздерді тап, дәптерлеріңе жаз.

Топпен жұмыс жүргізіліп, топ басшылары жауап береді.

3. Ой толғаныс кезеңі. Венн диаграммасын құрайық. Ек кейіпкерді алып, ортақ және ұқсамайтын үш қасиетін тауып жазу тапсырылады. Бұл жұппен жұмыс. Жұптасу арқылы ой бөлісу.





Сабақтықорыту: Венн диаграммасы.

Барлас

Байкөкше





 

  1. Ақын

  2. Қартаң

1. Екеуі де ер адам

  1. Жыршы

  2. Жастау

3. “Қобыланды батыр” жырын біледі

2. Екеуі де жыршы

3. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырын біледі





 

Венн диаграммасына жалпы ойды қорытып, тақтаға ватман қағазға жазып іліп қоямын. Жалпы таблицалар мен кітаптарға шолу. Сұрақтар қою. Абайдың нақыл сөз, мақал, афоризмдерін сұрап өту.

Үй жұмысы: Мәтінді мәнерлеп оқу. 5-6 тапсырма.

  1. Сөздік дәптермен жұмыс.

  2. Авторлық дәптерлеріне Абай мен Мұхтарға Венн диаграммасын құрып келу тапсырылады.

Бағалау кезеңі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Б.Т. Қабатай, С.Р. Рахметова «Ана тілі» оқулығы

  2. М.О.Әуезов «Абай жолы» романы.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы:«Г?л мереке, к?н мереке – 8 наурыз»

Автор: Капалбаева Алтынай Даулеталы?ызы

Дата: 12.02.2015

Номер свидетельства: 171856


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства