kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?зен ж?не к?л" 4 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

пнгпнангпшгр?шгш+,п5р2г8,6но5пг98.ан6п.9/,8гн65.896нго5г89ан6ор86нго5рг.89н5г8но5рпнг8р65пгн8а6п5рнг98о6р52г698нпро53г98нпр5е/9н8рп65не89р5п689ен6р5п2ег89о5п29е8нл65щл5длюбь5юбь5зщшгнеуерр2п56/8а52*еу8+9кпв56асм-е+ык9п 65ач32,и56ее9г8н6п5т2и8шгл5о2шш.,??і?,енгекукенолнеуе,нг?ш,??і?і??,гнн??уевнгадплепавфвыавпролрпаыфвапрорпаывапррпаывапрорпавыфвапррпавыапролдорпавыапролрпавыапролорпавапролоипмрщшгнеангнпргшщзлшрополритооллоло8965328653298653298653265326531265312865326532
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?зен ж?не к?л" 4 класс»

Тақырыбы: Адамдыққа қалыптастыру адамдықтың белгісі.

Мақсаты: мектеп, ұстаз, отбасы әрекеті арқылы оқушылардың бойына адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру негізінде оқушылардың ортамен қарым-қатынасын құру қабілетін, өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын дамыту.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жасөспірімдердің бойына адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру жолдары» деп аталып отыр. Руханилықтың өлшемі-адамгершілік, мәні-өмір сүру, шегі-табиғи қажеттілік, яғни адамдық қалыпқа жету деген сөз. Ал адамгершілік сөзіне тілдік талдау жасап көретін болсақ : «адамгершілік »- екі құрамды сөз.

«Адам» — негізгі түбір , бөлшектенбейді.

1-жүргізуші:

Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады десек те, отбасы-ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі институттардың бірі. Баланың өмірге құштарлығының оянуы, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып дамуы қоршаған ортасына, қоғамға, ата-анаға , олардың іс-әрекеті мен тәрбиесіне байланысты екені сөзсіз.

Адамдық борышың,

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта,оны біл.

Өміріңді сарп қыл өлгеніңше ,

Жоба тап, жол көрсет

Келешек қамы үшін, — деп Шәкәрім дана жырлағандай бүгінгі таңда ұстаздар қауымы алдына үлкен жауапкершілік, азаматтық міндет жүктеліп отырғанын бәрімізде білеміз. Ұстаз- ол шәкіртін білім нәрімен сусындатып қана қоймай, алдында отырған әр жеткіншектің бойына адамгершіліктің дәнін сеуіп, жемісін көруді мақсұт ететін диханшы іспетті жан. Әсіресе өз бойына рухани адамгершіліктің қасиетін сіңіре білген сынып жетекшілердің шәкірт бойында осы рухани құндылықты ұштастыра білулері- үлкен өнер.

Мұғалім:

Ал өзім үлгі ететін ұлы ғұламалардың адамгершілік туралы айтқан ойлары- ол адамгершілік академиясы. Сондықтан ұрпақты ұлылар үлгісінде тәрбиелеу адамгершілікке бастайтын жол деп ойлаймын.

Сан жылғы іс- тәжірибемде шәкірттерімді тәрбиелеу ісінде осы адамгершіліктің қарапайым қағидаларынан күрделі академиясына дейін көтерілуді мақсат етіп келемін.Нәтижесі де жаман емес сияқты.Менің алдымнан түлеп ұшқан түлектерім қазір өздерін жақсы қасиеттерімен көрсетіп жүр.

Дәл қазіргі таңда менің сыныбымды келеңсіз бір жағдай болып тұр.Менің осы тақырыпқа келу себебім де осыдан туындады.

Сыныптағы кейбір оқушылардың болашағы мені қатты алаңдатады.Бір қарағанда сабағы да,тәртібіде тамаша сияқты болғанмен оның бойынан адамгершілікке жатпайтын қасиеттерді көргенде ұлы ұстаз Әбунасыр әл Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деген сөзі ойыма еріксіз орала береді.

«Адамгершілік-асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатқанын мен кеш ұғындым. Мен үшін отқа да, суға да түсетін аяулы анамды, ақылшы ұстазымды ренжіткенімді қалай ғана ұмытайын. Иә, сонда менің бойымда титтей де болса адамгершіліктің нәрі болмағаны ма? Менің сонда қатігез болғаным ба? Жоқ, сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайтын сияқты мен де өмірден сәл ауытқып бара жатқан болармын. Оны түзетуге болады деп ойлаймын.Оған әрине анамның мейірімді сөздері мен ұстаздың өнегелі ақылы көмек етері сөзсіз. Мен өзімнің болашақта адами қасиеті мол азамат болатыныма сендіре аламын , себебі әр адам өз бағының бағбаны демекші әрбір адамның қандай болмағы , болашақ тағдыры өз қолында . Сондықтан енді мен тек Абай дана нұсқаған бес асыл істің кейіпкері болсам деймін.Менің түйгенім Адмагершілік деген асыл қасиет көп болса ғана жер бетінде ешбір қатігездік болмас сірә .

Ұстаз ойы :

  • Тұңғиық тереңіне батып , қандай ойдың құшағында отырсын, шәкіртім Арман?

Балалықпен талай тентектік жасадың . Жас-өспірімдік шақта аумалы-төкпелі мінезіңмен талай қателіктерге ұрындың. Өмірде қателеспейтін адам болмайды.Оның қателігін көруге емес , түзеуге ұмтыл дегендей мен де саған тәлім-тәрбиемді беріп, адамгершіліктің ақ жолын ұғындыруға тырысамын. Сенің де өзге шәкірттерім сияқты алда келе жатқан үлкен «өмір баспалдағынан» адаспай орын табуыңды тілеймін.

Жүргізуші: Иә, ұстаздар, біз бүгін Арманды ар алдында айыптау арқылы дамгершіліктің ақиқат жолына жөн сілтегендей болдық.

Енді гі өмір Арманның өз қолында.Арман енді өзін-өзі тәрбиелеу тиіс. Оның жолын біз имандылық па деп ойладық. Имандылық –бүкіл адамгершіліктің жиынтығы.

Қорытынды.

Мұғалім: Иә, адамның көргенді, әдепті болмағы үш тұғырға байланысты.

Олар: ата-ана, ұстазы және өскен ортасы.Абай атамыз айтқандай «Адамның адамшылығы жақсы ата-ана,жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».Расында да адамгершілікті ол бір күнде-ақ немесе біраз уақытта пайда болатын нәрсе емес, ол күнделікті көруден ,көре жүріп үйренуден пайда болатын қасиет. Сонымен , бүгінгі сабағымызды кейіпкерлеріміздің бірауыз түйінді сөздерімен қорытындыласақ. Тәрбиенің әр бағыты адамгершіліктен басталады.

Әр сабағымның түп қазығы –адамгершілік.

Адамдық көзі-кітапта. Адамгершілік-асыл қасиет.

































Тәрбие сабағының тақырыбы:      

Тәрбие сабағының  мақсаты :       

 

 

 

 

Сабақтың әдісі:

Сабақтың тегі:

Сабақтың түрі:

Сабақтың көрнекілігі:

 

 

 1.Ұйымдастыру       кезеңі

2. Кіріспе бөлім.

                                                                                                       

 

    Бес  нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

1. Оқушыларға Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі адамның жақсы  және жаман қасиеттерінің мағанасын түсіндіру

2.  Оқушылардың ой - өрісі мен зейінін, дағдысы, мен іскерлігін дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау.

тәрбие сағаты

Модульдік оқыту арқылы,  « Бақытты сәт» ойыны

Абайдың суреті, сабақ құрылымының кестесі,

« Бақытты сәт» ойынының өтілу түрі, таудың суреті.

 

Тәрбие сағатының өтілу барысы

(Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу).

 

Тәрбие сағатының тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

 (Сабақтың құрылымы) Адамгершілік тәрбиесі  

Модуль құрылымы

Сағат саны

Модульдің мазмұны

Уақыты

Ескертпе

 

Кіріспе

 1- сабақ

1. Модульге кіру.

2. Ақыл жастан,

    Өнер тастан.     

5 мин.

25 мин

 

Әңгіме сұхбат

 

 

Сөйлесу бөлімі

2 - сабақ

Адамгершілік – асыл қасиет

 

30 мин.

Дөңгелек үстел

 

3 -сабақ

1.  Бес нәрседен қашық бол,

     Бес нәрсеге асық бол.

2. Өзін - өзі бағалау әдістемесі

 

30мин

 

Ойын

”Бақытты сәт“






Ойынның тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

(Әр топтан бір оқушыдан шығып жеребе алу арқылы топтың атын таңдау және оны қорғау) 

1-топ. Талап. Бұл ұғым –махаббаттан шығады. Ғылым –білімге махаббаттан дарымақ . Ұлы Абай атамыз «Қашан да бір бала ғылым , білімді махаббатпен  көксерлік болса , сонда ғана оның аты адам болады» деген .

2-топ. Қанағат. Инабат сипаттарының ішінде ерекше мәнге ие «қанағат» атты қасиеттің  қалыптасуына жүректің де, ақылдың да қатынасы бар. Адам бойындағы бұл сипат жүрек пен ақылдың үндесе жетілуінен ғана нәр алады , тіпті адам мінезіндегі қасиетті жүрек пен ақылдың өзіне шапағатын тигізеді .Абай атамыздың 43 қара сөзінде «әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса жарамайды , өлшеуін білмек –үлкен керек іс» деген. Барға қанағаттану керек екен .

(Тақырыппен таныстыру және тақырып бойынша сұрақ қою)

2. Мұғалім:  Осы тақырыптағы сөзді қайдан естідіңдер, әлде кімнің сөзі екенін білесіңдер ме?

Оқушы:       Ақын Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айтылға бұл өлеңде ақын адам баласын ғылымға , өнерге , білімге тәрбиеге шақырады.

3. Негізгі бөлім         (5 геймнен тұрады) I Гейім. Көсемдікке ұмтылу. Плакаттағы жұмысты орындау.

             І топ. Талап.    ІІ топ. Қанағат. II Гейм. «Шешендер жарысы»

1-топ. Талап. Жағымды , жағымсыз мінезді адамдарға арнап 1 шумақ өлең жазады.

2-топ. Қанағат.  Жағымды, жағымсыз мінезді адамдарға арнап ой толғау жазады.

Ән: (Болайықшы осындай:)

Орындайтындар: Айгерім, Гүлназ

  ІІІ Гейм  «Бой сергіту»

Көрініс:  «Қисық ағаш»

  ІҮ Гейм. « Мың бір мақал» ойыны(ір топтан 5 мақал айтып жарысады)

Мысалы: І топ.   Әдепті бала арлы бала ....... ІІ топ.  Жақсы сөз ....

Екі топ осылай адамның жағымды жағымсыз қасиеттері туралы мақал- мәтелден жарысады (Әр топ үш мақал – мәтелден) 3. Қорытынды бөлім.

  Ү. Гейм. Өзін - өзі бағалау әдістемесі. а. Адам бойындағы психологиялық сезім түрлерін оқып беру.

Сезім түрлері: (Әр оқушы өзі туралы жазылған сезім түрлерін бояу түстеріне байланысты тақтадағы тауға апарып орналастырады) осыған байланысты оқушылардың  бойындағы  мінез-құлықтарын біінеді.

  Адам бойындағы сезім түрлері

Холериктерде    - тез пайда болатын және өте күшті

                              сезімдер. Көңіл – күйі өте күшті жігерлі болады.

  Сангвиниктерде - тез пайда    болатын, бірақ әлсіз сезімдер.

                                Өзін қызықтыратын жағдайларда

                                сангвиник белсенділік білдіреді де, басқа уақытта

                                көңілсіз, енжар болады.

Меланхоликтерде  -баяу пайда  болатын, өте күшті сезімдер.

                                 Меланхоликтің көңіл – күй сезінушілігі өте жоғары:

                                 Кез келген жағдайда қатты қобалжиды, ренішке бейім.

                                 қобалжиды, ренішке бейім. Өте күшті көңіл күй үстінде  болады.

Флегматиктерде   Баяу пайда  болатын әлсіз сезімдер

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Абайдың 38 қара сөзі туралы түсінік бере отырып сабақты аяқтау.


күні:25.04.15.

Сабақ тақырыбы:Экологиялық конверенция

Сабақ мақсаты:

а) білімділік: Материктегі ірі өзендер мен көлдердің қайда барып құятындығы, ұзақ уақыт бойына қатып жататын және жаңбыр суымен қоректенетін өзендерді түсіндіру.
Оларды картадан көрсете білу.
ә) тәрбиелік: білім бере отырып патриоттық тәрбиеге, адамгершілікке баулу, жолдастық қарым - қатынасты бағалауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: ізденімпаздыққа, пәнге деген қызығушылығын ояту, алған білімдерін өз бетінше пайдалана білуге дағдыландыру.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма.
6. Бағалау.
1. Ұйымдастыру 1 мин.
Құрал - жабдықтарын тексеру. Оқушыларды түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
География әлеміне саяхат.( 3 - слайд )
1. ауыл - « География ауылының заңдылықтары»
(5 - слайд )
Бұл ауылда оқушылар география пәнінен Республика аумағын адам тіршілігі үшін қолайлы қандай аудандарға бөлуге болатындығы туралы біліп жүру.
2. ауыл - «Тапқырлар ауылы» ( 6 - слайд )
3. ауыл - « Білімді тексеру» ( 7 - слайд )
Үйге тапсырма: Семей полигоны.
Қазақтың шексіз Сарыарқасында тарихтың небір сырларын бүгіп жатқан орындар аз емес. Солардың бірі - әйгілі Шыңғыс өңірі. Ол Семейдің оңтүстік - батысына қарай екі жүз шақырымдай жерде орналасқан.
1949 жылы бұрынғы Кеңес Одағының басшылары Шыңғыс тауының солтүстік - батысындағы Дегелең жотасының түбіне атом бомбасын сынау полигонын орналастыру туралы шешім қабылдады.
Семей полигонында 456 жарылыс болды.Зияны
● Көзге көрінбейтін радиациялық сәулелер таралады.
● Өсімдік, жануарларға зиян.
● Адамдар қанын бұзады, әртүрлі ауруларға ұшырайды.
● Қатерлі ісік, іштен өлі туу, мүгедек болып туу, жүйке аурулар
Жұмбақтар
● Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем.
● Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
● Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.
● Жылт - жылт еткен,
Жылғадан өткен.
Үйге тапсырма: қайталау

№48 орта мектеп

класс сағаты



8 «а» класс







«Экологиялық конверенция»









Өткізген: Абдрахманова.Ж













2014-2015































































Тәрбие сағатының тақырыбы: Өз дініңе берік бол!

1. Білімділік мақсаты:
Оқушылардың инабаттылық түсініктерін кеңейте түсу, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы жаңалықтармен танысу.
2. Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың мұсылман діні және теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
3. Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды халқымыздың ұмыт болған салт - дәстүрлерін жалғастырып құрметтеуге, инабаттылыққа, имандылыққа адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, дәлдікке ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
Түрі: Сұхбат - кездесу сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мешіт салынған суреттер, нақыл сөздер, үнтаспа, құран және «Ислам тағылымдары» кітаптар, теріс бағыттағы діни бірлестіктер туралы деректер.

Мұғалім: Халқымыз жан - жақты адамды « сегіз қырлы бір сырлы»,- дейді. Адамның сегіз қырының бірі - оның ақылы, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болады, жаман мен жақсыны айыра біледі.
Міне, сол себепті біз «Имандылық - инабаттылық айнасы» деген тақырыпта өз ойларымызды ортаға салмақпыз.

Жүргізуші: Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып,, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті.
Қазіргі кезде ата - анасын қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп, жүрген алаяқтар, маскүнем, ұрылардың көбеюі біздің ұлттық тәрбиемізге сын.(Слайд)
Сондықтан, мектепте имандылық тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерін сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет - ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенеміз.
Осы орайда қасиетті өткізілгелі отырған «Имандылық – инабаттылық айнасы» атты ашық тәрбие сағатымыздың қонағы, біздің сұрақтарымызға жауап бергелі келіп отырған Орталық мешіттің имамы Мерғали Жүніспекұлы орталарыңызда.

Жүргізуші: Сонымен қатар, бүгінгі тақырыбымызға сай өз оқушыларымыз мұсылман діні туралы қандай ұғымдары біледі екен, соған кезек берелік.
І. 1 - оқушы: Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп те атайды.
2 - оқушы: Ислам дінін ұстанатын адамдарды мұсылман деп атайды.
3 - оқушы: Мұсылман дінін ұстанатындардың негізгі қасиетті күні - жұма.
4 - оқушы: Ораза ұстаған адам өзін - өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан - өтірік, өсек айту, дау - жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді.
5 - оқушы: Мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт. Мешіт - өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер.
6 - оқушы: Мұсылман дінінің қасиетті кітабы - Құран. Құранның сөзі құдайдың сөзі.
7 - оқушы: Ораза айында әр отбасы жан басына белгіленген мөлшерде пітір - садақа береді. Бұл осы Рамазан айына аман - есен жеткеніміз үшін берілетін құдайы садақа. Мұнда мұсылман қауымы дүние - қоңыздықтан аулақ болуға үйренеді. Адамдарды тату өмір сүруге баулиды. Пітір садақаны ауру - сырқаулы, жетім, мүсәпір адамдарға беруге болады.
9 - оқушы: Аллаға сенудің пендеге берері көп. Тіршілікте таза болып, дұрыс, түзу жол табу – иман мен жақсы істердің нәтижесі. Иман - адам бойында қанағат, қайсарлық пен сабырлық, ұстамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Ислам дінін тұтынатын мұсылманның бес парызы бар. Сендер, балалар, атап бере аласыңдар ма?
1. Құдай бірлігі Мұхаммед пайғамбар қасиетін мойындау
2. Намаз оқу
3. Ораза ұстау
4. Садақа беру
5. Қажылыққа бару.
10 - оқушы: Шариғат бойынша адам қылмыс жасамауы, маман сөз өтірік айтпауы керек. «Менде ғана болсын» деген өзімшілдік, біреуге қиянат, зорлық жасау діннен безген, діннен қорықпағандардың ісі, ондай адам күнәхар болып есептелінеді.
Би «Халал»

ІІ. Имандылық деген не? Пікірталас.
Пікірталасты бастамас бұрын мына бейнесюжетке көңіл аударуларыңызды сұраймын.
«Өмірде болған»бейнефильмінен үзінді көрсету.

ІІІ. Абайла адасу! «Абайла, дін саудагерлері!» тақырыбында теріс бағыттағы діни ағымдардың іс - әрекеттері мен мақсат - мүдделеріне тоқталып оқушы пікірлерін білу.
Өзге елден келген теріс жолды насихаттаушылар елімізде көбеюде. Ұлтымыздың салт - дәстүріне қарама - қайшы пікірлер айтылады. Ислам дінін жамылып ислам құндылықтарын жоққа шығарып шет елден келген секта, миссионерлері өздерінің қара ойларын іске асыруда. Олардың саны өкінішке қарай көбеюде. Олар жастар мен мектеп жасындағы балаларды теріс бағытқа тәрбиелеуде. Исламдағы теріс діни ағымдардың кесірінен қасиетті Ислам дінінің қазіргі заманда экстремизм, террор діні саналуы қынжылтады.
Исламдағы ұғымдар туралы оқушылардың айтқан пікірлері:

«Салафиттер» немесе салафилер ұйымы 7 шелпек пісіруге, бейіт басына баруға, ата - баба басында құран бағыштауға қарсы. Атырау қаласында кең тараған. «Салафи» сөзі Құранның бірнеше жерінде кездеседі. Негізінен «алдыңғы өткендер», «бұрынғылар» деген мағынаны береді. Ал қазіргі заманның салафилерінің іс - әрекеттері Құран аяттарын өз беттерінше өзгертіп алған.

«Такфиршілер» ұйымы. Олар өздерін таза мұсылмандар санап, өзгелерді кәпірге есептейді екен. Египетте бастау алған бұл ағым өзге мұсылмандармен араласпайды, мешітке бармайды. Мұсылмандар арасында жік салушы. Мемлекеттің саяси бағытын қабылдамайды. Олар дін ақиқатын білуге талпынбайды. Ағым мұсылмандар арасында іріткі салып, олардың бірлік - ынтымағын бұзуға тырысады. Дау - жанжал туғызу арқылы мемлекеттің саяси - экономикалық бағдарламасының нығаюына кері ықпал жасайды.






Тақырыбы: Ата заң

Мақсаты: Ата Заңның  бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты  құжатын құрметтеуге үйрету.     Жүргізуші: Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты  ғаламшарды мекен еткен  әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық  тілдердегі мойындалған  атауы-Конституция.

    Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан  өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың  жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.  Қастерлі  құндылығымыздың қағидаттарын  бұлжытпай  орындаудың  нәтижесінде  біз қысқа мерзімде  мызғымас мемлекетімізді   орнатып,  Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз  бен тұтастығымыздың кепілі ретінде  біздің бірлігімізді  бекемдеп, елдегі тұрақтылық  пен  татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі  халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа   Конституция қабылдау арқылы Қазақстан  жаңа дәуірге қадам басты. Осы мерейлі  межеге биыл 16 жыл толып отыр.

    «Ата Заңым» қуатым, сенім, мақсат, мұратым!

                    «Ата Заңымыз –айдынымыз,

                        Әскеріміз-айбынымыз»

    Конституция күніне орай көптеген шаралар ұйымдастырылды. Соның ішіндегі басты оқиға Қазақстан Республикасының Президенті,  Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қатысуымен  «Қазақ  елі» монументі  жанындағы алаңда өткен  Конституцияның 16- жылдығына арналған әскери шеру болды. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Елбасы  қазақ тарихында Ата Заңның  алатын орны, оның қазіргі мемлекетіміздің  дамуына қосып келе жатқан үлесі, Конституцияның  тарихи мән-маңызы туралы айта келіп,  елімізде Тәуелсіздігімізді  жариялаған кезден бері атқарылып жатқан жұмыстар  мен  алдағы мақсат-міндеттерге  кеңінен тоқталып өтті. Осы ретте Конституцияның 16 жылдығы аталып жатқан күннің мемлекетіміз  үшін мерейлі меже, айрықша  маңызды күн болып саналатыны,  Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың  бұлжымас бағдары екені, ол еліміздің алтын арқауы,  толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатыны атап көрсетілді.

«Конститутция-біздің асқақ абыройымыз»

Конститутция –кемел келешектің кепілі.

  Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер –ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз!

Біздің Негізгі заң –бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.

Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.

Әрбір қазақстандықтың  Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конститутция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы-осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.

Сұрақ беріледі.

1.Тәуелсіз алғаннан кейін Қазақстанның тұңғыш Конститутциясы қай жылы қабылданды?

                    ( 28-қаңтар 1993 жыл ﴿

2.Қазан төңкерісінен кейін Кеңестер құрамындағы алғашқы Конститутция қай жылы қабылданды?

                   ( 1924 жылы ﴿

3.Уақыт үдерісіне сәйкес Ата заңымызға қай жылы түзетулер еңгізілді?

                     (1998 және 2007 жылдары ﴿

4.Конститутцияға 2010 жылы қандай толықтырулар еңгізілді ?

( Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа заң жүзінде «Елбасы» деген атақ бекітілді.﴿

5.Қазақстан Республикасы Конститутциялық Кеңестің төрағасы кім?               ( Игорь Рог ﴿

6.1996 жылы  «Фемида» заңгерлер одағы құрылды. Осы одаққа қанша мемлекеттің заңгерлері кіреді?

                   ( 12 мемлекет ﴿

7. «Фемида» сыйлығы биылғы жылы кімге берілді?

  (Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ﴿

8. Елімізде қанша этнос пен діни қауымдастық бар?

                   ( 140 этнос  пен 46 діни қауымдастық бар﴿

Қорытынды

Мұғалім: Биыл Конститутцияға 16 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы  түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.

                         Ата заңың-мерейің,

                         Мәртебең мен беделің.                          Ата заңмен өркендеп, өсіп, өрлей берейін»

Тақырыбы: Арал тағдыры

Табиғат тағдыры – адам тағдыры
Мақсаты: білімділік – оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру; дамытушылық – туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;
тәрбиелік – табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, глобус, суреттер, бейнетаспа.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес.
Бүгінгі көрсетілер жұмысымыз да табиғатты қорғауды жетілдіру мақсатында болып отыр.
1 – жүргізуші: Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы.
2 – жүргізуші: Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.1 – оқушы : Жер ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, жер ана жетілдірді,
Осыны өзім өмірге негіз етем.
2 – оқушы: Жаратылыс жан ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағымен асырап,
Сәулесін құйған санаға.
Көрініс көрсету.1 – жүргізуші: Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Адамзат баласының көз алдында таусылып, құрып бара жатқан Арал, Балқаш, Семей, Чернобыль қасіреті т.б. Соның бәрі адам қолымен салынған таңбалар. Алпысыншы жылдары кемерінен аса шалқыған қайран теңіз қазір құрдымға айналды. Арал тұрғындары арасында ауру-сырқау, өлім-жітім көбейді.
2 – жүргізуші: Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен немкеттілік те табиғатты бүлдіреді екен. Саяхатқа шыққанда немесе демалып отырған жерге қалдыра салатын әр түрлі қалдықтар суды ластайды. Сөйтіп, табиғатты бүлдіретін өзіміз екенбіз.Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы бұл экологиялық мәселе.
1 – жүргізуші: Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
2 – жүргізуші: Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз.
3 – оқушы: Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
4 – оқушы: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысың
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың.
5 – оқушы: Табиғат тынысы кең, тілі бай
Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы-ай.
Бұлбұл болып сайрап кетсе, ал бірде
Адамдарша сөйлейді екен, күнім-ай!
6 – оқушы: Табиғат та әке болып еңіреп,
Табиғат та ана болып жылаған.
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен,
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.
1 – жүргізуші: Табиғат - әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Бүкіл адам табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын - дегендей кезекті биге береміз.
7 – оқушы: Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік, бір-бір ағаш егейік
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз Таза ауа үшін терімізді төгейік.
8 – оқушы: Табиғаттың тынысы кең, тілі бай,
Ауасының шәрбатын-ай, тұнығы-ай


ХХІ ғасыр көшбасшысы.
Мақсаты: А) Оқушылардың спорт туралы білімін теория жүзінде байқау.
Ә) Ойлау қабілетін жетілдіру.
Б) Салауатты өмір салтын насихаттау.
Барысы: І. Бәйге. Викториналық сұрақтар.
ІІ. Көкпар. Пирамидадағы сұрақтарды таңдау.
ІІІ. Жорға. 30 сек. ішінде сұрақтарға жауап беру. І тур. Бәйге:
1. Олимпиада ойындарының авторы кім? (П. Кубертен)
2. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының тұмар белгісінде қандай жануар бейнеленді? (Аю)
3. Қазақтан шыққан тұңғыш гимнасшы қыз кім? (Әлия Юсупова)
4. Ми жұмысына арналған қазақтың ұлттық спорт түрін атаңыз? (тоғызқұмалақ)
5. 2003 жылы Қазақстандағы ең үздік спортшы, гимнасшы қазақ жігіті кім? (Е. Ерімбетов)
6. Хоккей ойыны қай мемлекетте пайда болды? (Канада)
7. Ең алғашқы Олимпиада ойындары қай елде және қай жылы өтті? (1896. Афины. Греция)
8. Шахмат ойынында қанша түрлі фигура болады? (пешка, слон, ат, ладья, ферзь, король)
9. Бильярд ойынында шарды ұратын таяқ қалай аталады? (Кии)
10. Сидней Олимпиадасында алтын медальға қол жеткізген жерлестерімізді атаңыз? (Ыбырайымов, Саттарханов, Шишигина) ІІ тур. Көкпар
Спорт ойындары
30 ұпай.
Футболдан ең алғашқы әлем чемпионаты қай жылы, қай елде өткізілді. Чемпион болған мемлекетті атаңыз? (1930 Уругвай. Чемпион Уругвай)
20 ұпай. 1. Афина Олимпиадасында футболдан жеңімпаз атанған қай елдің
құрамасы? (Аргентина)
2. Баскетбол ойынында «Дриблинг» термині қандай ұғым береді? (допты еденге ұрып алып жүру)
10 ұпай. 1. Волейбол сөзі қандай ұғым береді? (волей - ұшу, бол - доп)
2. ФИФА тұжырымы бойынша 2004 жылдың ең үздік футболшысы кім? (Роналдинью)
3. Баскетбол ойынының авторы кім? (Джеймс Нейсмит) Жекпе - жек
30 ұпай. Бокстан Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы, кубалық боксшылар кімдер? (Теофило Стивенсон, Феликс Савон) 20 ұпай. 1. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері, Қазақтың бір туар боксшысы кім? (Серік Қонақбаев)
2. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек рим күресінен алтыннан алқа таққан қазақ азаматы кім? (Жақсылық Үшкемпіров) 10 ұпай. 1. «Балқаш Барысы» атанған қазақстандық боксшы кім? (В. Жиров)
2. Афины Олимпиадасының чемпионы, «Баркер» кубогінің иегері
Бақтияр Артаевтың жаттықтырушысы кім? (Нұрлан Ақүрпеков)
3. Бекзат Саттарханов Сиднейдегі жеңісін кімге арнады? (Түркістан қаласының 1500 жылдығына)
Түрлі - түрлі30 ұпай.
Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше тас, неше отау, неше қазан болады? (162 тас, 18 отау, 2 қазан)
20 ұпай 1. Мұздағы би қалай аталады? (мәнерлеп сырғалау)
2. Бокстың негізін қалаушы, бокстың әкесі саналатын ағылшындық қайраткердің есімін атаңыз? (Джон Джек Браутон)
10 ұпай. 1. Шахмат ойынының үш бөлігін атаңыз? (Дебют, Миттельшпиль, Эндшпиль)
2. Афины Олимпиадасында Қазақстан командалық есепке нешінші орынға табан тіреді? (40 - шы)
3. ФИФА ұжымының президенті кім? (Иозеф Блаттер) Жеңіл атлетика.
30 ұпай. Кедергімен жүгіру жарысындағы кедергінің биіктігі неше см.?
(ерлер - 106 см. әйелдер - 84 см.) 20 ұпай
1. Сидней Олимпиадасында Ольга Шишигина қандай қашықтыққа жүгіруде алтын медальға қол жеткізді? (100 м)
2. Қазақстандық онсайысшы, Афины Олимпиадасының қола жүлдегері кім? (Дмитрий Карпов)
10 ұпай 1. Жүру мен жүгірудің қандай айырмашылығы бар? (жүгіруде ұшу формасы сәтті болады)
2. Спринтер – қандай спортшы? (қысқа қашықтыққа жүгіруші)
3. Жүгіру жарыстарының ең алыс қашықтарын атаңыз?
( 3000, 5000, 10000, 20000 м.) ІІІ тур Жорға
1. Бокс алаңы қалай аталады? (ринг)
2. Доп пішіні қандай? (дөңгелек)
3. Футболшы Диего Армандо фамилиясы? (Марадонна)
4. Мұзда сырғанайтын аяқ киім? (коньки)
5. Медаль металдарын атаңыз? (алтын, күміс, қола)
6. Қажымұқанның фамилиясы? (Мұңайтпасов)
7. Футболда бір тайм уақыты? (45 мин.)
8. Ренат Дасаев кім? (қақпашы)
9. Маикл Джордан қандай спорт түрінің жұлдызы? (баскетбол)
10. Дзюдо кілемі қалай аталады?( Сайыстың жеңімпаздарын атап, дипломдармен марапатталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?зен ж?не к?л" 4 класс

Автор: ?алманова Жадыра

Дата: 21.01.2016

Номер свидетельства: 280193


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства