kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасы-т?рбие мектебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

      

Отбасы-т?рбие мектебі

    Ма?саты: Бала т?рбиесіндегі отбасыны? алатын орны ерекше екенін т?сіндіру,Отанны? бір б?лшегі екендігін ??ындыру; хал?ымызды? т?лім-т?рбиесі ?кені? а?ылымен, ?негесімен, ананы? а? с?тімен даритынын о?ушы бойына сі?іру; отбасы м?шелеріні? арасында бауырмалды?, ?айырымдылы?, досты? ?арым-?атынасты ?алыптастыру, ?лкенді сыйлау?а, кішіге ?ам?орлы? жасау?а, сыпайы да инабатты болу?а т?рбиелеу,толерантты т?л?а ?алыптастыру

 К?рнекіліктер:Слайд, ой ?оз?ау тапсырмалары, тірек схема,интерактивтик та?та, косымша к?рнекілектер. бейнетаспа, на?ыл с?здер
 К?рнекі жазыл?ан с?здер:

     Отбасында адам бойында?ы асыл ?асиеттер жар?ырай к?рініп ?алыптасады.Отан?а деген ысты? сезім жа?ындарына, ту?ан-туыстарына деген с?йіспеншіліктен басталады.

                                                                                                               Ата тілін алма?ан ?лдан без,               

                                                                                             Ана тілін алма?ан ?ыздан без.

                                                                                 Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев.

?тілу барысы:

?йымдастыру.О?ушылар мен ата-аналар топтасып отыр?ызылады.

Кіріспе с?з.

     ??рметті ата-аналар, о?ушылар, «Отбасы - т?рбие мектебі» атты т?рбие са?атымызды  ашу?а р?хсат еті?іздер!

    Баланы жастан ба?паса?,

    Жаманды?тан ?а?паса?,

    ?адірден ж?рдай ?ас?а боп,

    Кешкен ?мір болса тек, - демекші баланы? ысты?-суы?ына к?ймейтін, жа?сылы?ына с?йсініп ?уанбайтын ата-ана жо? шы?ар.Отбасы- адамзатты?  алтын ?ясы .Адам баласы шыр етіп д?ние

 есігін аш?аннан бастап сол орта?а бейімделіп, ы?палына к?ніп ер жетеді.Б?гінгі ?л- ерте?гі ?ке, ол ?кеге ?арап ?седі.Б?гінгі ?ыз- ерте?гі ана, ол шешеге ?арап ?сіп бой  т?зейді.Бала?а білім , т?рбие беруде басты т?л?а ?стаз болса, оны жал?астырушы, демеуші ата-ана. Отбасында толерантты бала т?рбиелеу ?р ата-ана міндеті.Міне, б?гінгі саба?ымыз осы жайлы болма?.

                   «Бізді? ?лы даламыз мы?да?ан жыл бойы толерантты болып келді.

Б?л ретте мен толеранттылы?ты? бассызды? емес екендігін атап ?ткім келеді. Толеранттылы? б?л – бізді? ?о?амны? адамгершілік нормалары. Оларды біз ны?айтып, ?ор?ап , барлы? буындарды т?рбиелейтін боламыз», -     деп атап ?тті Мемлекет басшысы

                                                                                                     

Ма?саты: ?азіргі кездегі баланы? дамуына, жеке т?л?а болып ?алыптасуына, толеранттылы??а т?рбиелеуде ата-ана т?рбиесіні? ?діс-т?сілдерін жетілдіре отырып, ?арым-?атынас орнату.

    Толеранттылы? (лат. tolerantia — т?зімділік, к?нбістік) — бас?а ой?а, к?з?арас?а, наным-сенімге, іс-?рекетке, ?дет-??рып?а, сезім-к?йге, идеялар?а т?зімділік, ж?мса?ты? к?рсете

ілу ?асиеті. Толеранттылы? - адам ???ы?ы мен бостанды?ы, плюрализммен ?атар негізі демократиялы? принциптерді? бірі болып есептеледі. Толеранттылы? — ?о?амны? жалпы ж?не саяси м?дениетіні? де?гейіні? к?рсеткіші.

Толеранттылы? – б?л ?айырымдылы?.
Толеранттылы? – б?л аяушылы? таныту.
Толеранттылы? – б?л ??рметтей білу.
Толеранттылы? – б?л мейірімділік таныту
Толеранттылы? – б?л шыдамдылы?.
Толеранттылы? – б?л досты?
Б?л - келісім мен ынтыма?тасты??а апаратын жол

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы-т?рбие мектебі »

Отбасы-тәрбие мектебі

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру,Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындыру; халқымыздың тәлім-тәрбиесі әкенің ақылымен, өнегесімен, ананың ақ сүтімен даритынын оқушы бойына сіңіру; отбасы мүшелерінің арасында бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы да инабатты болуға тәрбиелеу,толерантты тұлға қалыптастыру

Көрнекіліктер:Слайд, ой қозғау тапсырмалары, тірек схема,интерактивтик тақта, косымша көрнекілектер. бейнетаспа, нақыл сөздер
Көрнекі жазылған сөздер:

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Ата тілін алмаған ұлдан без,

Ана тілін алмаған қыздан без.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Өтілу барысы:

Ұйымдастыру.Оқушылар мен ата-аналар топтасып отырғызылады.

Кіріспе сөз.

Құрметті ата-аналар, оқушылар, «Отбасы - тәрбие мектебі» атты тәрбие сағатымызды ашуға рұхсат етіңіздер!

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкен өмір болса тек, - демекші баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар.Отбасы- адамзаттың алтын ұясы .Адам баласы шыр етіп дүние

есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді.Бүгінгі ұл- ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз- ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп бой түзейді.Балаға білім , тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана. Отбасында толерантты бала тәрбиелеу әр ата-ана міндеті.Міне, бүгінгі сабағымыз осы жайлы болмақ.

«Біздің ұлы даламыз мыңдаған жыл бойы толерантты болып келді.

Бұл ретте мен толеранттылықтың бассыздық емес екендігін атап өткім келеді. Толеранттылық бұл – біздің қоғамның адамгершілік нормалары. Оларды біз нығайтып, қорғап , барлық буындарды тәрбиелейтін боламыз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, толеранттылыққа тәрбиелеуде ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете

ілу қасиеті. Толеранттылық - адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.

Толеранттылық – бұл қайырымдылық.
Толеранттылық – бұл аяушылық таныту.
Толеранттылық – бұл құрметтей білу.
Толеранттылық – бұл мейірімділік таныту
Толеранттылық – бұл шыдамдылық.
Толеранттылық – бұл достық
Бұл - келісім мен ынтымақтастыққа апаратын жол

Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік орта.

Бала тәрбиесі- слайд

Әке деген – биік шыңы адамның,

Әке деген – тірегі ғой ғаламның.

Әке деген – бойыңда аққан қаның да,

Шыққан тегің, ол негізің

Не десең де әке жолы бір бөлек,

Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.

Нағыз әке ақылгөй де асқақ жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Қамқорсың, әке, өмірде,

Қуатым сенсің көңілге.

Әлпештеп мені өсірдің,

Ұшармын ертең көгіңде.

Теңіздей шалқып жүремін,

Сүйенер сенсің тірегім.

Барсам да қайда, жан әке,

Өзіңмен бірге жүрегім.

Көпке өрлеп көңілің,

Нұрға толсын өмірің,

Бақытты бол, жан әке,

Ұзақ болсын ғұмырың.


Ақ жаулығың қымбат маған, анашым,

Тілегімсің, сүйенішім, панамсың.

Шапағатың сәуле болып төгілген,

Ақылы мол мейірімді данасың.

Өзгелерден мен үшін сен дарасың,

Береке отын шаңыраққа жағасың.

Ақ шашыңнын әр талынан белгілі,

Асыл ана сан ойлаған баласын.

Мейіріміңнен алтын сауле шашылған,

Жүрегіңнен жомарттық та табылған

Көкірегің аппақ қардай тап-таза

Парасаттты сен данышпан,асыл жан.

Өрнек тапқан өмір сыры жүзіңнен

Асыл,ізет,өнеге боп төгілген.

Ақ сүтіңді ақтағаным болар ед,

Оө орнымды таба білсем өмірден.

Әжемнің саясында ер жетіп мен,

Аялы ақ бесікте тербетілгем.

Әжемді ақ ниетті абзал жанды

Таппасын айналсам да жер бетінен.

Жүрегімде әжемнің әжімі бар,

Жүрегімде достардың әзілі бар,

Жүрегімде өмірдің қызығы бар,

Жүрегімде жанымның азығы бар,

Ер жетіп есйгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы

Иіскеп маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой әжелердің алақаны

О, ата-анам,

Таяышым, тірегім!

Бар бақытты бір басына тіледім,

Бізді жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!

Бейнетаспа «Бұл не?»


Ой қозғау

Ата-аналарға сұрақ

«Бала сіз үшін кім

І топ.Балаңыздың қандай жағымсыз, жат қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз?Теріс қылықтыры үшін қандай жаза қолданасыз?

ІІ топ. Балаңыздың қандай жақсы істері мен әрекеттерін басқаларға үлгі етер едіңіз?

Игі істерін қалай мадақтайсыз?

ІІІ топ. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,мектептің жауапкершілігі басым ба?

Оқушыларға сұрақ

«Ата-анаң сен үшін кім?»

І топ. Отбасы туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Мағанасын ашып беріңдер?

ІІ топ. Ата-анаңның қандай жағымсыз , жат қылықтарынан аулақ болғанын қалар едің?

ІІ топ. Ата-анаңның қандай жақсы істерін мақтан тұтасыңдар және басқаларға үлгі етер

едіңдер ?

Ата-аналар мен оқушылардың пікірлері топ ішінде талданып,талқыланып хабарланаады ?

Мұзафар Әлімбаевтың « Ата-ананың арманы « атты өлеңі оқылады.

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,

Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың осындай балалары

Тап осындай жаңғалақ шала ме екен?

Ойым емес, оллаһи біздікінң

Енжарлығы елде жоқ ала бөтен....

Туа сала тұлпардың жалын тартқан

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлап,

Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен ?!

Ел қатарлы еңбек етсе-ау,

Болмаса да топ жарған дара бөтен.

Мүше тістеп,мықтылар той жасаса,

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем ? ...

...Үміт пен күдіктің ортасында

Ата-ананың жүрегі талады екен !

Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдайтын , « Қайтсем де адам етем» деген

Ата-ананың арманы бітер ме екен...


Ендігі кезекте ортаға жұмбақ кейіпкерді шақырайық . Жұмбақ кейіпкер сөз кезегі өзіңізде .

Мен 11 жастамын . Мен өзімді мазалаған ойларымды сіздермен бөлісуге келіп отырмын. Менің ата-анам жұмыс басты адамдар,жұмыс істеп жүріп маған көңіл бөлуге , менімен әңгімелесуге де уақыттары жоқ . Мен үнемі жалғысырап жүремін . Сұраған ақшамды береді,барамын деген жерге жібереді . Маған ақшаның, байлықтың еш қажеті жоқ . Маған тек ата-ананың аялы алақаны, мені еркелетіп бауырына басқаны керек . Ал менің ата-анам маған еш көңіл бөлмейді , өйткені олар жұмыстан басқа ештеңе ойламайды . Мен мұнда ата-анамды жамандайын деп келгенім жоқ . Ата-анасына кім жамандық ойласын . Құрметті қауым, мен ата-анамның өзіме деген жылы сезімдерін қалай оята аламын ? Маған осы жағынан көмек берсеңіздер екен.


Ата-аналар бұл жағдайға не айтасыздар ?

«Баламның қарны тоқ , көйлегі көк болса болды , тәртібіне , оқуына қарайтын уақытым жоқ»

дейтін ата-аналарға көзқарастарыңыз қандай?

Оқушылар жұмбақ кейіпкердің орнында болсаңдар сендер не істер едіңдер?

Жұмбақ кейіпкерді шығарып салғаннан кейін әнге кезек берілді.

Келеі бөліміміз ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа арналған жағдайларға беріледі.

Ортаға оқушыларды шақырамыз. Оқушылар өздерінің басынан өткен әр түрлі жағдайларды баяндайды. Ата-аналардың сол сәттегі әрекеттері тыңдалады.

І –оқушы : Анашым мен бүгін сабаққа бармай –ақ қояйыншы , үйге берілген өлеңді жаттаған жоқпын,текке 2-лік алып қалармын . Апайға телефон соғып «Ауырып жатыр»-деп айта салыңызшы...


ІІ-оқушы : Әке, мен бүгін мектептің терезесін сыныдырып алдым ...


ІІІ- оқушы : Әке, мен бүгін жарысқа қатысып, мақтау қағаз алдым ...


ІУ – оқушы: Анашым , мен бүгін тарих сабағынан «2» алдым . Мұғалім сұрақтарына жауап бере алмадым.


У- оқушы : Әке, менің атымды линейкада атап ортаға шығарды , себебі кешігіп келгенімді кезекшілер жазып алыпты ...

УІ – оқушы : Анашым , мен бүгін құрбымды ренжітіп алдым, енді не істеймін ?

УІІ – оқушы : Әке , мен компьютер ойыны залына барып бүгін сабақтан кешегіп

қалдым ...

Ата-аналардан алдын ала алынған сауалнама қортындысын мектеп психологі хабарлайды.

Осы кезде оқушылар мен ата-аналар « Менің отбасым» атты тақырыпта эссе жазып , өлең шығарып, бақытты отбасының моделін жасайды.

Оқушылардың пікірлері тыңдалады.

Ал құрметті оқушылар,егер ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып бақытты өмір сүрсін десеңдер қандай болуларың керек ? ...

Ал ата-аналар, балаларыңыз елін, Отанын сүйетін азамат болып өсіп ,сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер !

























Келесі кезекте отбасы туралы мақал - мәтелдер мен қанатты сөздерге береміз.
1. Отан - отбасынан басталады.
2. Ата - ана отбасының бастапқы дәнекері, ең бастапқы алтын діңгегі.
3. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп жеңге болмас.
4. Отбасы – алтын ұяң.
5. Ата - анаңа не істесең, алдыңа сол келер.
6. Ана үйдегі бақ, әке отырған тақ.
7. Отбасы адамзатқа тәлім - тәрбие, үлгі өнеге беретін тәрбие ошағы.
8. Адам баласының ажары да, бақыты да – Отбасы
9. Әр отбасы мемлекеттің іргетасы.
10. Отбасы тәрбие бастауы.
11. Ата - ана – отбасының басты алтын діңгегі, бастапқы дәнекері.
12. Ата - ана тіршіліктің қайнар, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы.
13. Әр ата - ана өз баласының сүйікті досы, жақыны, жанашыры мақтанышы.


Бала бойындағы жат қылықтардың,, жағымсыз қасиеттердің пайда болуын

ата - ана көбіне мектеп тәрбиесіне аудару салуы мүмкін. Жоқ, онда ата - ана қателеседі. Өйткені, біріншіден, бала тәрбиесі ана құрсағынан жатқанда басталады. Екіншіден жаңа туғаннан мектеп жасына дейін балалардың көбісі үйде тәрбиеленеді. Үшіншіден бала мектептен гөрі, үйде уақытты көп өткізеді. Сондықтан, бала тәрбиесіне бірден - бір жауапты ата - ана. Бала тәрбиелі, еңбекқор, инабатты болып өссін деген ата - анаға мынандай кеңестер ұсынылады:
1. Бала алдында, отбасындағы өзара қарым – қатынаста, мәдениетті, сыпайлық сақтау керек.
2, Ата – ана баланың жора - жолдастарының қандай екенін, олармен қарым - қатынастарын қадағалауы керек.
3. Баланың оқу - тәрбиесіне үнемі назар аударып, олармен пікірлесіп, әңгімелесіп отыру да ерекше тәсілдердің бірі.
4. Баланы еңбекқорлыққа тәрбиелеуде, үйдегі шаруалардың да маңызы зор. Ендеше баланы үй шаруашылығына араластыра отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеңіз!
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: балам жақсы, тәрбиелі болып өссін деген ата - ана отбасындағы тәрбиеге қатты назар аударуы тиіс деп ойлаймын









«Көпбейінді №3 мектеп -гимназиясы»КММ










Тәрбие сағаты:


«Отбасы – тәрбие мектебі»


6 «А» сыныбы



Сынып жетекші : Кусаинова Ж.А.
























2014-2015 оқу жылы

Өскемен қаласы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Отбасы-т?рбие мектебі

Автор: КУСАИНОВА ЖАНАТ АЙМУХАМБЕТОВНА

Дата: 21.01.2015

Номер свидетельства: 159224


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства