kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Әл-Фараби - ұлы ғұлама"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатында оқушыларға Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік бере отырып, ғұламаның жан-жақты білімі бар ерекше тұлға болғандығын түсініп, даналығымен таныстық.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Әл-Фараби - ұлы ғұлама"»

5 мектеп-лицей






Тақырыбы: «Әл-Фараби-ұлы ғұлама»

(білім күніне арналған ашық тәрбие сағаты)





Өткізген: Жанелова А.Е

Класс:8в




















2020-2021 оқу жылы




Сабақтың тақырыбы: Әл-Фарабидің даналығы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік бере отырып, ғұламаның жан-жақты білімі бар ерекше тұлға болғандығын түсініп, даналығымен танысу.

Дамытушылық: Даналықтарынан үзінді келтіре отырып, мән-мағанасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеп,өз өмірлеріне пайдалану.

Тәрбиелік: Халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен аса ірі тұлға Әбу Насыр әл-Фараби даналығынан нәр ағызып, оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Көрнектілік: слайдтар, нақыл сөздер, кітаптар көрмесі, Әбу Насыр әл-Фарабидің портреті.

Сабақтың барысы: Оқушыларды 3 топқа бөлу (Әл-Фарабидің даналық сөздері арқылы ) Топтардың аттары: Тәрбие, Білім, Өнер

1слайд. Әл-Фарабидің өмірбаянын көрсету.

Балалар «Даналық» сөзін қалай түсінесіңдер?

3 топқа тапсырма беру (5 минут)

(тапсырма берілгенде ғалымның даналық сөздерінен үзінді қойып қою)

1- топқа: постер қорғау


Әл-Фараби-психолог.

Біріншіден, әл-Фараби антикалық заман мен исламды өзара жақындастыра синтез жасап, жаңа бір мәдениеттің өркендеуіне жол ашты. Екіншіден әл-Фараби грек ойшылдарының асыл мұрасын жаңғыртты. Сөйтіп шығыста үлкен қозғалыс жаңа бағыттар бастады.


Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазған. Фарабидің өлең құрылысын зерттеуге арналған «Өлең және ұйқас туралы сөз», «Өлең ырғағы туралы» т.б еңбектері бар.

Әдебиет саласы бойынша Фарабидін бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Олардың бірі – « Өлең өнері» деп аталады.Бұл еңбек негізінен араб поэзиясының теориялық мәселеріне арналған. Екіншісі- «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат»деп аталатын еңбегі .Мұнда Фараби грек поэзиясының жанырларына ,терминдеріне талдау жасаған.

Әл-Фараби -философ.

  • Әл  – Фараби  өлеңдерінің  негізгі тақырыбы - өмірдің мән – мағынасы туралы толғау , оқу мен білімді мадақтау , адамгершілікке шақыру.

Әл-Фарабидің лирика жанрында жазған өлеңдерінің бірі: «Қашықтасың туған жер»

  • Фарабидің философиялық еңбектері:

  • “Ақылдың мәні туралы тарихтан”, “Данышпандықтың інжу маржаны”, “Ғылымдардың шығуы”,

  • “Философияны оқу үшін алдымен не білу керек”, “Аристотель еңбектеріне түсіндірме”

Әл-Фараби -ғалым

  • Әл-Фараби - ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Ол

  • музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді,

  • математикада үлкен жаңалықтар ашты,

  • астрономия жайлы кесек еңбектер қалдырды,

  • физика ғылымын жаңа идеялармен байытты,

  • медицина, химия, минерология, жаратылыстану ғылымдары бойынша еңбектер жазды.

Әл-Фараби - математик

  • Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика. Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.

  • Математиканы архитектура, жер өлшеу, астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін көрсеткен.

Әл-Фараби және медицина

«Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұлда басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес», - деп адам ағзасы мүшелерінің қызметінде айқындап берген.

  • Медицина саласында Бағдат дәрігерлері оны өздерінің басшысы деп санаса, кейін медицинаның атасы атанған Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) өзін оның шәкіртімін деп есептеген. Әл-Фараби: «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. Медицина бойынша жазған ең күрделі шығармасының бірі: "Медицина каноны"

Фараби танушылар

  • Әл-Фарабиді Қазақстанда тұңғыш зерттеген-Ақжан Машани, Ағын Қасымжанов.

  • Әл-Фараби- бүкіл түркі дүниесінің ғұламасы. Әл-Фарабиді қазақ елімен қауыштыруға көп еңбек сіңірген Ақжан Машани.Ақжан Машани- Әл-Фараби дің зиратына елімізден тұңғыш барған адам.,1968 жыл.

  • Ағын Қасымжанов шетелдерде әл-Фарабидің рухани мұрасы жөнінде баяндамалар жасап,кітап шығарған. Ол кісінің жетекшілігімен Философия және құқық институты жанынан 1975жылы әл-Фараби мұрасын зерттеу орталығы құрылды.

  • Сол жылы А.Қасымжановтың Б.Ғафуровпен бірлесіп жазған «Әл-Фараби – мәдениет тарихында» деген монографиясы Мәскеуде жарық көрді.Бұл еңбек қоғамда үлкен серпіліс тудырды.

  • Жалпы Әл-Фарабидің қазақ жұртына оралуы, танылуы 1970 жылдан басталады. 1993 жылы А.Қасымжанов ұйытқысы бойынша С.М.Киров атындағы университетке Әл-Фараби есімі берілді және сонда Әл-Фараби туралы орталық берілді.

  • Әл-Фараби «Бақытқа жол сілтеу» деген трактатында этика-эстетика мәселелеріне талдау жасай келіп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірімділік жайындағы білім категориясының ғылыим негіздерін ашып көрсетті. Этика жақсылық пен жамандықты ажыратуға түсінуге мүмкіндік беретін ғылым екендігін дәлелдеді. Әл-Фарабидің гуманистік идеясының басты шарты- адам бойындағы білім, мейірімділік, сұлулық өзара табиғи бірлікте тұтастықта өмір сүру керек деп білді.

  • Бақыт туралы. Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып соған ұмытылуы керек. Содан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы керек.

  • Бақыт-өз басын үшін көксейтін игілік.Бақыттың ар жағында адамның қолы жете алмайтын бұдан артық нәрсе жоқ. Бақытқа жеткізетін еркін әрекет – тамаша әрекет.Мұны туғызатын әдет-ғұрып – қайрымдылы.Қайрымдылық дегеніміз – оның өзі белгілеген , бірақ бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық.

  • ...Бақыттың мәні – парасаттылықта ,әркімнің өз алдында игілікті мақсат қоя білуінде...адамның өз мінез -құлқын , іс - әрекетін ерікті түрде өзгертіп , игілікке бағыштап отыруында .

Әл-Фараби және музыка «Музыка туралы трактат» кітабынан зерттеулері

Әл-Фарабидің өзі жасаған аспабы


Араб музыкасын жалпы тарихын жазған белгілі ғалым Г.Фармер: «Барлық ғылымдар саласында әл-Фараби- Екінші ұстаз». Ал музыка саласын алатын болсақ әл-Фараби бас король болып табылады. Басқаша айтқанда музыка саласында әл-Фарабиге үлгі боларлық, бірінші ұстаз боларлық адам болмаған»- дейді.

Қорыта айтқанда әл-Фарабидің «Музыка туралы үлкен кітабы» - музыка өнері қақында толық білім беретін қайнар көз. Оқырман бұл кітаптан музыкалық өнердің тәжірибесі және теориясы туралы пайдалы білімдерді табады.

Фараби музыканың емдік қасиетін,жағымды әсерін жан –жақты дәлелдеді , сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты.Ол музыка теориясын жазып қана қойған жоқ, ол музыкалық аспаптарды да қолдан жасап,сол аспаптарда керемет ойнай да білген Ойлап тапқан аспаптарынын бірі «канун»Қазақ домбырасының атасы –ұлы бабамыз әл-Фараби.


«Музыканың ұлы кітабы» — əл-Фарабиді əлемге танытқан, музыка теориясына арналған шығармаларының бірі

Əл-Фараби музыка саласында да іргелі еңбектер жазып қалдырған. «Музыканың ұлы кітабы» деп аталатын еңбегі жарық көрген соң-ақ, оны дүние жүзінің барша ғалымдары Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп таныған..

Ғұлама бұл еңбекте математикалық тəсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге əкелген. Қазір музыкада жеті нота болса, əл-Фарабидің еңбегінде нота саны — . Сол бес нотаны əлі күнге дейін ешкім тапқан жоқ.

Трактат негізгі төрт бөлімнен тұрады. А. Көбесовтің жіктеуінше, олар мыналар: а) «Музыка өнеріне кіріспе»; ə) «Музыка өнерінің теориялық негіздері»; б) «Музыкалық аспаптар»; в) Музыка композициясы .

Əл-Фараби «канун» деген музыкалық аспап ойлап тапқан. Цитраға ұқсас құрал да шығарған. Оған интервал бөлімдерін өлшеп, əуендердің кемел түрін анықтайтын кескіндері бар сызғыш қойған.

Ойшыл ғалым музыканың тек теориясын зерттеп қана қоймаған. Ол сондай-ақ тəжірибе жүзінде де қолданып, көптеген аспаптарда тамаша ойнаған. Оның шебер орындаушылығы жөнінде Шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар бар.

Үндістанда жүрген бір күні əл-Фараби Патша əскерінің киімінін киіп алып, жай адам ретінде Үндістандағы ең атақты адам Патша Суффиудиннің үлкен соты өтетін бөлмеге кіреді. Патша өзінің бөлмесінен қарапайым адамды көріп таң қалып, ол не істеп жүрген адам деп білгісі келеді.

Арабтар Фарабидің музыкалық шығармаларын осы уақытқа дейін пайдалануда. Сондықтан да араб музыкасының жалпы тарихын жазған белгілі ғалым Г. Фармер: «Барлық ғылымдар саласында əл-Фараби – «Екінші ұстаз». Ал музыка саласын алатын болсақ, əл-Фараби бір өзі ғана бас король болып табылады. Басқаша айтқанда, музыка саласында əл-Фарабиге үлгі боларлық, бірінші ұстаз боларлық адам болмаған» - деген екен.

Қорыта айтқанда, əл-Фарабидің «Музыканың ұлы кітабы» — музыка өнері хақында толық білім беретін қайнар көз. Оқырман бұл кітаптан музыкалық өнердің тəжірибесі жəне теориясы туралы пайдалы білімдерді табады.

Әр топтан оқушылар әл-Фарабидің өлеңдерін оқиды:

Қашықтасың туған жер- қалың елім

Небір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен , қанатым талды менің,

Шаңғыт жолға сарылып қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар.
О, жаратқан, көп неткен ақымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.

Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке куллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түнереді.

Кайтейін мен көкжиек кеңдгімді.
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,
Соны медет етеді болашағым.

Бір шөлмекте көк сия толып турса,
Екіншіде - шарап бар жайы мәлім.
Даналыкты сиямен толықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.(Дильназ)

Бауырын қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алулап,
Пенделіктен бол аулақ.
Жататын ләйім жаңғырып,
Бұл ғұмыр емес мәңгілік.
Бей-опа мына заманда,
Бақыл боп кетер адамда.

Жұрт кілең күнін көп қызық,
Жіберер зая өткізіп.

Қағаздың түсіп бетіне,

Сызықтай бейне тартылған.

Тап болып, жігер сарқылған

Кездейсоқ өмір өтіне

Қайыспай тұрса нар тұлғаң

Сонда да беріп кетеміз,

Жүректің отын молында.

Арманды аңсап өтеміз,

Біз ұлы мұрат жолында.(Динара)


Тамылжып бал тыныштық айналамнан

Тылсым түнге құшағын жайған далам.
Мен жатырмын ұйқысыз жапа жалғыз
Жанымды ой жарығы аймалаған.

Аққан жұлдыз құласа кейде егер,
Сенің нұрлы бейнең болып кеудеме енер.
Әлде қайда ғайыптан ынтазар ғып,
Өмірме бір ғажап сәуле берер.

Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең,

Сезініп мен деміңді гүл атқанмен,

Оның өзі бір ақ сәт... содан кейін,

Мұңды әуенді жалғаймын бірақ та мен...( Диас)

Мұғалімнің сөзі:  «Халықтардың бәрі бақытқа үмытылып, біріне-бірі көмектесіп отырса ,бүкіл жер жүзі ізгі болар еді »,- дегендей осы асыл мұраларды, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып,рухани-адамгершілік тәрбиесін қоғамның барлық саласына енгізген сайын егеменді еліміздің ертеңі айқын,болашағы жарқын болары сөзсіз.

Әл-Фарабидің мұрасын, әл-Фараби туралы білетініміз аз. Әл-Фараби әлем халықтарын біріктіретін тұлға.

Ойшылдың көп жазбалары мына кітапханаларда сақталған:

1. Иран Ислам Республикасында бірнеше кітапханаларында

2. Туркия Республикасында

3. Ауғанстанда

4. Үнді мен Пәкістан мемлекеттерінде

5. АҚШ - та

6. Швеция мемлекетінде

7. Ұлыбритания мемлекетінде

8. Италияда

9. Германияда

10. Финляндияда

11.Мысыр Араб Республикада

12.Солт. Африкада

13. Нигерияда

14. Болгарияда

15. Францияда

16. Чехословекияда т.б




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Әл-Фараби - ұлы ғұлама"

Автор: Жанелова Алтынай Елемесқызы

Дата: 10.10.2020

Номер свидетельства: 559547


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства