kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"К?згі мереке" ертенгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

123456789hhhggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggggugbsdofvb7b78t5dfjkscxmcnvjffffffhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhhdjgggggggggggggggggggggggggggggggggggggg

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"К?згі мереке" ертенгілігі »

Күзгі мереке


Зал іші күз мезгіліне байланысты безендірілген. Балалар ідемі әуенмен кіріп келеді.

Жүргізуші: - Сары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштың селдіретіп.

Тойға бөлеп елімді күзім келді,

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Жүргізуші: -Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар. Бүгін біздер «Күз патшалығы»

Ертеңгілігімізді тойлағалы отырмыз.

Келді міне алтын күз.

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз – деп мерекемізді бастаймыз.

Айдар: Алтын сары, қызыл, көк

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Алихан: Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзыө-ау.

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау

Мөлдір: Аспанды сұрғылт бұлт

Жан-жақтан жабады.

Күн бірте суытып,

Жауын көп жауады.

С.Арайлым: Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой алақай, тамаша

Шашу шашты жапырақ.

Жансая: Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі.

Ән: «Жау-жау жаңбыр» сөзі: Ш.Сариев

Әні: К.Дүйсенов

Жүргізуші: -Жарайсыңдар!

Ал балалар, балалар!

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші,

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Құлығымды асырам

Таба алсаңдар шешімін.

Жүргізуші: -Қонағымды дәл ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиып-теріп болатын

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Балаалр: - Күз мезгілі

Жүргізуші: Дұрыс, жарайсыңдар! Ал күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?

(Балалар жауабы)

Жүргізуші: Өте жақсы! Ендеше ортаға қонағымыз Алтын күзді шақырамын!

(музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді)

Алтын күз: Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар!

Мен – Алтын күзбін!

Жайдары жарқын жүзбін!

Қонаққа келдім сендерге.

Сәбіз, картоп, тәтті алма!

Оған достым таң қалма

Жапырақ та сиқырлы

Ойын ойнар түр-түрлі!

Жүргізуші: Рахмет саған, алтын күз,

Қабыл алдық сыйды біз!

Отырыңыз жай біз!

Отырыңыз жайғасып.

Ал ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар,

Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.

Ойын: «Кім тез жапырақтарды жинайды»

Шарты (Ортаға үш түрлі жапырақты шашып қоямыз. Үш бала шығады, қолдарында

ыдыстар облады. Әр бала бір жапырақты таңдайды. Сол жапырақтың, қай жемістің

жапырағы екенін анықтау керек.)

Ойыннан соң

Алтын күз: Жарайсыңдар балалар! Тағы қандай өнерлеріңіз бар?

Жүргізуші: Күзде өздері пісетін,

Тамаққа келіп түсетін

Мақтанбақшы сендерге

Көкөністер сан түрлі.

Пияз: Асханадан шықпаймын

Жансерік Атым – жуа бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Қызанақ: Тал шыбығым бұралып

Айтуар Бақшаларда қызарып,

Тұрған ол мен –қызанақ

Күнге қарап үялып!

Сәбіз: Өсіретін бойыңды

Мөлдір Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз!

Қос картоп: Картоп біздің атамыз

Каусар Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз!

Алтын күз: Жарайсыңдар!

Жаңбыр келеді.

Жүргізуші: Алтын күзбіздің балалар сізге қолшатырмен би билеп бермекші.

Би: «Қолшатыр»

Жүргізуші: Өте жақсы биледіңдер!

Алтын күз: Рахмет балалар!

Жүргізуші: Алтын күз біздің қыздарымыздың аналары тіккен күздік киім үлгілерін

көрсетпекші. Солай-ғой қыздар?

Ендеше «Күз патшалығы 2013 жыл» топтамасын ортаға шаөырамыз. Қарсы алыңыздар!

Алтын күз: Керемет» Қандай әдемі!

Жүргізуші: Олай болса «Алтын күз» күзде тек көкөністер емес, жеміс-жидектер де піседі.

Сол жеміс – жидектердің тақпақтарын тыңдайық

Өрік: Көктемде ерте гүлдеймін

Арай Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде,

«Менен аулақ жүр» деймін.

Уылжыған өрікпін

Мен бау-баққа көрікпін!

Қара өрік: Қара деген атым бар,

Менен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жүруге,

Кейде менің хақым бар

Шие: Шиемін мен, шиемін,

Айдана Піскенше тон киемін.

Бала келсе қасыма,

Басымды мен иемін

Жүзім: Мен жүзіммін, жүзіммін,

Ділназ Моншақ болып түзілдім.

Сары күзде үзіліп,

Себетке кеп тізілдім.

Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын,

Бекарыс Күзде жинап алатын.

Балбыраған біреуін

Жесең тойып қалатын.

Алма: Нарттай қызыл алмам бар,

Бақдәулет Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем

Тілді балдай үйірем

Ән: «Күз келеді»

Жүргізуші: Қане тақпақтарымызды жалғастырамыз.

Нұрқанат: Қайтқан құсты көрдің бе?

Қаптай ұшқан әуелеп.

Күткен күзім келді ме?

Сыңсып бағым мәуелеп.

Сая: Ұшты талдан жапырақ,

Сары көбелек секілді,

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерде секірді.

Алпамыс: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Шапағат: Құстар қайтты ән салып,

Бұлт шарлады аспанды.

Қыс келеді жар салып

Күзгі суық басталды.

Б.Сая: Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел,жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Жүргізуші: Олай болса балалар жұмбақ жасырмақ ойнайық.қане кім жұмбақ біледі?

Руслан: Қабат-қабат тоны бар

Шешіндірсең жылатар (Жуа)

Ақылбек: Көк лағым көгінде жатып семірді. (Қарбыз)

Еркебұлан: Жер астында басы

Жер үстінде шашы (Сәбіз)

(Балалар жұмбақты айтып шешкенде, жапырақ астынан міне мен деп шығады)

Би: «Жеміс – жидек»

Жүргізуші: Олай болса балалар ойын ойнайық.

Ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырату»

Шарты (Екі бала ортаға шығады, қолындағы себетке бірі көкөніс, бірі жеміс жинайды)

Жүргізуші: Жарайсыңдар! Менің балаларым жан-жақты, орысша тақпақтар да біледі.Қанеки

Балалар орысша тақпақтарымызды айтайық.

Еркебұлан: Листопад, листопад

Листья желтые летят.

Руслан: Желтый клен, желтый бук,

Желтый в небе солнце круг.

Алихан: Желтый двор, желтый дом,

Вся земля желта кругом

Д.Арай: Желтизна, желтизна

Значит осень – не весна!

Акнур: Следом за летом

Осень идет.

Желтые песни

Ей ветер поет.

Алтын күз: Балалар жарайсыңдар, өте тамаша! Мен сендерге әкелген сыйлықтарымды

таратайын. Қош сау болыңдар!

Жүргізуші: Осымен бүгінгі «Күз патшалығы» аттты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау-

саламат болыңыздар!

Ата-анаға сөз


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"К?згі мереке" ертенгілігі

Автор: Жамуратова Салиха

Дата: 28.04.2015

Номер свидетельства: 206747


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства