kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

???ы?ты? сауаттылы?-заман талабы-9А сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

???ы?ты? сауаттылы?-заман талабы-9А сынып

Саба?ты? ма?саты:

А) білімділік: о?ушыларды ?з ???ы?тары мен міндеттерін ж?зеге асыра білуге дайын болуы, айналасында?ы адамдарды? іс-?рекетіні? за??а с?йкестігін ?ада?алау ?абілетін ?алыптастыру.
?) дамытушылы?: о?ушыларды ???ы?ты, за?ды білуге, сыйлау?а, ??рметтеуге орындау?а да?дыландыру.
Б) т?рбиелік: о?ушыларды ???ы?ты? саналы??а, ?о?ам?а ?арсы келген о?аш к?ріністерді за? ар?ылы шешуге, ата-за??а деген с?йіспеншілік сезімін ?алыптастыру ар?ылы адамгершілігі мол, білімді, парасатты т?л?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«???ы?ты? сауаттылы?-заман талабы-9А сынып»

№45 бейімделген орта мектеп КММ. Өскемен қаласы

Дайындаған сынып жетекшісі:Ибраев Кайдар Кұдайбергенұлы

Сабақтың тақырыбы:

Құқықтық сауаттылық-заман талабы.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: оқушыларды өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуге дайын болуы, айналасындағы адамдардың іс-әрекетінің заңға сәйкестігін қадағалау қабілетін қалыптастыру.
Ә) дамытушылық: оқушыларды құқықты, заңды білуге, сыйлауға, құрметтеуге орындауға дағдыландыру.
Б) тәрбиелік: оқушыларды құқықтық саналыққа, қоғамға қарсы келген оғаш көріністерді заң арқылы шешуге, ата-заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, білімді, парасатты тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: талдау, пікірталас, сұрақ-жауап,
Сабақ көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Білім Заңы
Сабақ түрі: топпен жұмыс сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, құқық негіздері
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
Олар екі топқа бөлінеді. Сайыс он кезеңнен тұрады.
ІІ. Сайыстың барысы:
1. Топпен таныстыру
2. Білім сайысы
3. Жылдар сөйлейді
4. Ой сергіту
5. «Адасқан әріптер»

6. Конституцияңды білесің бе?

7. Жұмбақтар шешу сайысы

8. Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
9.Ой талқы (Берілген сұраққа әр топ ой тұжырымын білдіреді.)
10. Тығырықтан шығар жол қайсы? (Ситуациялық жағдайды шешу)

11. Қорытынды
Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп баян етілген . Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының мәдениеті.Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну – адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі.Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
Оқушы құқылы:
• мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім алуға;
• қосымша білім алуға;
• ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға, олимпиадаларға, көрме және жарыстарға қатысуға;
• мектепті басқаруға қатысуға.
Оқушылар міндетті:
• Қазақстан Республикасының заңын сыйлауға, ұстануға, ұлттық салт –дәстүрлерді құрметтеуге;
• Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға;
• Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға ұмтылу;
• Мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсету;
• Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып, кішілерге көмек көрсету;
• Мұғалімдерден алған тапсырманы белгілеген мерзімінде тапсыру;
• Себепсіз сабақтан қалмау;
• Өзімен қажетті оқулықтар мен оқуға арналған құрал саймандарды алып жүру;
• Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдық тапсырмаларды орындау;
• Мектеп атағын аудандық, қалалық, және республикалық іс-шараларда қорғау;
• Қоғамдық жерлерде өзін ұстау мәдениетін көтеруге, білім толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз жүргізу;
• Мектеп формасын сақтау;
• Мектеп және қоғамдық мүлікті дұрыс қолдану.
1 Бөлім. Топпен таныстыру.
Оқушылар сайысты өздерін таныстырудан бастайды. Бұл кезеңде оқушылар топтың аты мен топ мүшелерімен таныстырады.

  1. жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар! “Құқықтық сауаттылық-заман талабы атты сұрақ- жауап кешін ашық деп жариялаймыз.

  2. жүргізуші: Сұрақ- жауап кешінің негізгі мақсаты оқушыларды нағыз өз елінің азаматы болып өсуге, үлкен жауапкершілік иесі, ынталы, жігерлі,басқалардың құқығың құрметтейтін азаматтар болуға тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Бүгін біздің еліміз- бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемілекет. Әр мемілекеттің өз заңы болады. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы (21-маусым,1995жылы №2347) қаулысын жариялады. Елбасы “Заңды білу – заман талабы’’ екенің көрсетті.

2-жүргізуші: Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуынаң әділеттік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығаруымыз керек.

1- жүргізуші: Ондай болса біз қазір қандай құқықтарымыз бар екенін қарастырайық.

1-оқушы: 10- бап

Баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір- қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.

1. Әрбір баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір- қасиетіне жане жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар.

2. Мемілекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамассыз етеді, оны тәнін және жанын жәбірлеуден, адамдық қадір – қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден, баланы қылмыстық әрекеттерге және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, оның құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

3-оқушы: 9- бап Баланын даралық ерекшелікке және оны сақтауға құқығы. Әрбір бала туған сәттен бастап аты- жөні, ұлты және азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР- ның заң актілерінде көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқылы. Тегіне, нәсіліне, қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне, денсаулығына, ата- анасына қатысты өзге де мән – жайларға қарамастан барлық бала тең құқыққа ие.

4-оқушы: 11-бап

Әрбір бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар- ождан бостандығына, өзінің

қоғамдық белсенділігін дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға,

қоғамдық белсенділіктерге, сондай- ақ басқа да коммерциялық емес ұйым дарға және ҚР- ның зандарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

5-оқушы: 16- бап Әрбір бала еңбек, құқығына, қызымет және кәсіп түрлерін еркін тандауға құқығы бар. Балалар 14 жастан бастап ата- аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде денсаулығына, дене бітіміне, өсіп жетілуіне, психикалық жай- күйіне зиян келтірмеитін қоғамдық еңбекке қатысуға, мамандық алуға құқығы бар. Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды немесе еңбек жағдайы қауіпті жұмыстарға қабылдауға тыйым салынады.Жұмыс істеу оқу үдерісін бұзбауға тиіс. Өзін өркениетті қоғам деп санайтын кез- келген мемілекет адам мен азамат құқықтарының қорғалуын қамтамассыз етуге басты назар аударады. Осының ішіне баланың негізгі құқықтары кіреді.

6-оқушы: 52- бап 1. Он сегіз жасқа әмелетке) толмаған адам бала деп танылады.

2. Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата- анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.

Баланың өз ата- анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан- жақты өсіп жетілуіне, оның адамдық қадір- қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

7қушы: 53-бап Баланың ата- анасының екеуіменде, аталарымен, әжелерімен, аға- інілерімен және басқа да туыстарымен қарым- қатынас жасауға құқығы бар. Ата- анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата- анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпейді. Ата- анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым- қатынас жасауға құқығы бар. Ата- анасы әр мемілекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата- анасымен қарым- қатынас жасауға құқығы бар.

8-оқушы: 54-бап Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тындалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса ескерілуге міндетті.

2- жүргізуші: Осы айтылған баптарға сүйене отырып, келесі жағдайларды талқылайық.

Бірінші жағдай: 8- сынып оқушысы Әйгерімге үнемі өзінен екі жас үлкен Қайрат телефон соғып тұрады. Бір күні Әйгерім келесі бір телефон диалогында әпкесінің басқа бөлмеде екінші телефон тұтқасынан оның әнгімесін естіп тұрғаның біліп қояды. Әпкесіне ренжіп еді, ол «Сенің құпиянды әкем мен шешеме айтып қоямын» деп қорқытты. Әйгерім үшін оның құпия болғаны керек еді. Бірінші жағдайдағы Әйгерімнің әпкесінің іс- әрекеті дұрыс па?

1- жүргізуші: Екінші жағдай: Әкесіз өскен Алма кішкене кезінен күнделік жазып жүретін. Ол күнделігіне өзі ұнататын баламен сүйіскені туралы жазған еді. Кезекті қыдырудан келген Алма дәлізде қолында бұның күнделігі бар ашулы анасының күтіп тұрғанын көрді. Анасынан ол қатты қорқатын. Алманың анасының іс- әрекетіне көзқарастарың қандай? Осы екі жағдайды кім қорытындылайды.

2- жүргізуші: Үшінші жағдай: Химия сабағында есеп шығарудың орнына қағаз хат жазып отырған Дәулетті байқап қойған мұғалім хатын тартып алып, оны бүкіл сыныпқа оқып береді. Қатты қорланған ол мұғалімге жаман сөз айтып, сыныптан шығып кетеді. Мұғалім Дәулеттің бақылау жұмысына, 2 деген баға қояды. Мұғалімнің іс- әрекетіне, 2 деген бағаны қойғанына қалай қарайсындар?

1- жүргізуші: Осы жағдайды қане кім қорытындылайды?

2-жүргізуші: Құқық бұзудағы жазаға тарту түрлерімен танысайық.

  1. Қылмыстық жауапқа 16 жасқа толған адамдар тартылады.

  2. Ауыр қылмыс (адам өлтірген үшін) жасағандар 14 жастан тартылады.

  3. Қылмыс жасаған жасөспірімдер арнаулы мекемелерде жазасын өтейді.

2-жүргізуші: Әрбір Қазақстан оқушыларының міндеттеріне тоқталайық.

  1. Әрбір оқушы ҚР – ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға,

  2. Басқа адамның құқықтарын, ар- намысы мен қадір- қасиетін сақтауға,

  3. Табиғатты қорғауға,

  4. Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті.

2 бөлім. Білім сайысы. «Әділет »тобына қойылатын сұрақтар.
1.Конституция сөзінің аудармасы қандай?(Құрылым,өкілім)

2.ҚР-да мемлекет билігінің бірден-бір бастауы?(халық)

3.Республика заңы қай кезде күшіне енді?(Президент қол қойғаннан бастап)
4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды?(2 рет: 1993ж. 28қаңтар,1995ж,30тамыз.)
5. Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата?(Парламент)
6. Қасым ханның қасқа жолы неше тараудан тұрады?(5)
7. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды?(Демократиялық,зайырлы,құқықтық,әлеуметтік)
8. ҚР Конституциясы неше бөлімнен,неше баптан тұрады ?(9 бөлім,98 бап)
9. Құқық дегеніміз не?(Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын,жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі )

10. 16 желтоқсан қандай күн?(Тәуелсіздік күні)
«Ақиқат » тобына қойылатын сұрақтар
1. Еліміздің мемлекеттік тілі?(Қазақ тілі)
2. ҚР «Балалар құқықтары туралы заң »қай жылы күшіне енді? (2002ж,8 тамыз)
3. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енді? (1993ж,15 қараша)
4.Дүние жүзіндегі тұңғыш Конституция қай жылы пайда болды? (АҚШ-та 1787ж)

5. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды? (1948ж,10 желтоқсан)
6. ҚР-дағы «Бала құқықтары »туралы заң қанша тараудан тұрады? (9 бөлім,98 бап)
7. ҚР-ның мемлекет нышандары туралы заң қай жылы қабылданды? (1992ж,4 маусым)
8. «Жеті жарғыны»қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)
9.Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989ж,20 қарашада БҰҰ-ның бас Ассамблеясы қабылдады)

10.Қр-ның әнұраны қашан қабылданды? (2006ж,6 қаңтар)

3 бөлім. «Жылдар сөйлейді» Бұл бөлімде топ басшыларына сұрақ қойылады.
«Әділет» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.
1. ҚР Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
2. ҚР Білім туралы заңы қашан қабылданды?
3. Бала құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
4. ҚР Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды?
«Ақиқат» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.
1. Бала құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды?
2. Қазақстан үкіметі қай жылы ақша реформасын іске асырды?
3. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?
4. «Қазақстан-2030» Жолдауы қай жылы шықты?
4 бөлім. «Ой сергіту»
Шарты: Әр топқа құқық және білім туралы мақал-мәтелдер беріледі, соның жалғасын табу.
Әділет тобына
1. Білімді өлсе,
(Қағазда)аты қалар.
Ұста өлсе,
(Істеген) заты қалар.
2. Жеті жұрттың тілін біл,
(Жеті түрлі) білім біл.
3. Ақыл - тозбайтын тон,
(Білім)– таусылмайтын кен.
4. Білім гауһар - (Бағасы жоқ)
Надандық кесел - (Дауасы жоқ)
Ақиқат тобына
1. Ұрлық түбі...(қорлық)
2. Біреуге ор қазба...(өзің түсесің)
3. Заңның құрығы...(бәрінен ұзын)
4. Қолыңмен істегенді...(мойныңмен көтер)
5 бөлім «Адасқан әріптер»
Шарты: ретсіз орналасқан әріптерден термин, мағыналы сөз құрау
1. Конституция ---------уяцтсикионт
2. Инновация -------------- няоинвцф
3. Президент--------------- тпнрендзи
4. Декларация ----------- цяиралдкеа
5. Куәгер -------------------------- гркуеә
6. Білім ------------------------------ іблмі
7. Үкімет --------------------------- тіүкем
8. Республика ------------- серубплиак
9. Педагогика --------------- едпкагоги
10. Психология ---------- ясипсилогх
6 бөлім «Конституцияңды білесің бе?»

1. Мемлекет билігінің қайнар көзі? Халық (3 бап)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? (1992жылы)
3. ҚР- ның азаматы екінші, басқа елдің азаматтығын алуға құқықты ма? Жоқ (10 бап)
4. Өз дінім мен ұлтымды айыптауға құқығым барма? Ия (19 бап)
5. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға құқығы барма? Ия (23 бап)
6. Мемлекеттік бас құжат(Конституция)

7. Президент кәсіпкерлік қызметпен айналыса алама? Жоқ (43 бап)
8. ҚР – ның жоғары өкілетті органы? Парламент (49 бап)
9. Үкімет қызметтерін ұйымдастырушы кім? Премьер – Министр (67 бап)
10. ҚР-ның атқарушы билігін билігін жүзеге асырушы? Үкімет (64 бап)
11. Премьер – Министрдің орнынан түсуінен кейін ... өкілеттігі тоқтағанын білдіреді. Үкіметтің (70 бап)
12. ҚР нешінші Конституция пайдаланылады? Екінші
13. Заң құдайы? Фемида
14. ҚР – ның азаматы қашан болуға құқылысыз? Дүниеге келген кезде(12 бап)
15. ҚР – ның төл мейрамдарын атаңыз? - Конституция күні
- Республика күні
- Тәуелсіздік күні

7 бөлім «Жұмбақтар шешу сайысы»
Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,
Ондайлар Отаныма өте керек.
Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек

(Жеті жарғы)
Мерекең құтты болсын ұстаздарым,
Оқушы, келім – кетті бар достарым.
Тәуелсіздік заңының қабылданған,
Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.
(1991 жыл)
Еліме білім керек, ғылым керек,
Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,
Жазған екен болашаққа көзін тігіп.
(Қазақстан – 2030)
Жақсы ел шығарып заң игілікті,
Депутат заң шығарып билік қыпты.
Парламент палатасы нешеу екен,
Таба алсаң бұл жауапты игі екен.
(екі)

8 бөлім Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
1. Біреуге ор қазба....(өзің түсесің)
2. Заңның құрығы...(бәрінен ұзын)
3. Ұрлық түбі ...(қорлық)
4. Өтірікшінің құрығы. ...(бір – ақ тұтам)
5. Тура биде. ...(туған жоқ)
6. Туғанды биде. ...(иман жоқ)
7. Қолыңмен істегенді. ...(мойныңмен көтер)
8. Тек жүрсең. ...(тоқ жүресің)
9. Заңды сыйлаған. ...(еркін жүреді)
9 бөлім «Ой талқы» Берілген сұраққа әр топ ой-тұжырымдамасын білдіреді

1-топ: «Әділет»тобына:

Тақырып:Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

2-топ: «Ақиқат»тобына:

Тақырып:Жастар арасында қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

10 бөлім «Тығырықтан шығар жол қайсы?»(Ситуациялық жағдайды шешу)Көшедегі көрініс
Алмат: Мұхтар бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Мұхтар: Ия, ия, айтпақшы Әсеттер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген.
Саған хабарласқан жоқ па?
Алмат: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Мұхтар: Кеттік, жолшыбай Дамирге соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Алмат: Дамир біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Дамир: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Мұхтар: Ту, ата-анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Дамир: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Алмат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме?
Мұхтар: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
1. Құрметті ата – аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
Ата-ана қай жерден қате жіберіп отыр?
2. Учаскелік полиция инспекторына. ( Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап))
Бүгінгі кешіміздің қонағы мектеп инспекторы ағайымыз келіп отыр. Өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.
1. жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?
2. Қылмыстық кодекс дегеніміз не?
3. Қылмыстықтың белгілері қандай?
4. Кәмелетке толмағандарды қандай жағдайларда жауапқа тартылады?
5. Қалада жасөспірімдер арасында кездескен құқық бұзушылық жөнінде айта кетсеңіз.
6. Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
7. Мектеп оқушыларына қандай ақыл – кеңес бере едіңіз?
3.Мектеп психологы апайға мынадай сұрақтар қойсақ.
1. Мектеп жасындағы балалардың мінез – құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді?
2. Кәмелетке толмаған мектептегі «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз?
3. Ноғайбайев Сенімнің мінез-құлқын қалай бағалар едіңіз? Оның кейбір іс – әрекеттерінен ауытқушылық байқалмай ма?
4.Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары апайымызға бірер сауалдар қойсақ. Мектептің ішкі ережесі жөнінде түсінік бере кетсеңіз.
1. Оқушылар мектеп ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?
2. Мектеп ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданады, оны болдырмаудың жолдары қандай?
11 бөлім Қорытынды
Бүгінгі пікірталасымызға құқық қорғау қызметкері, мұғалімдер мен оқушылар бас қосуда. Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметтерге назар аудара отырып, прблемалық сұраққа жауап іздесек: Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?
Қысқа да тұжырымды ой – пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
(оқушылар да өз пікірлерін ортаға салады)

- «Бақытты өмір» - дегенді қалай түсінесіз
- Бақытты өмір сүру үшін не істеу керек?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
???ы?ты? сауаттылы?-заман талабы-9А сынып

Автор: Ибраев Кайдар Кудайбергенович

Дата: 24.03.2016

Номер свидетельства: 309361


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства