V апта | 2 - күн | Мектептегі іс-тәжірибе |
Сабақ тақырыбы: | Табыс критерийлерінің бағалаудағы ролі |
Жалпы мақсат: | Оқу процесіндегі оқушы білімін бағалауда табыс критерийлерінің маңыздылығын түсіндіру |
Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 104-109 беттер Үлестірмелі материал |
Оқу нәтижесі: | 1) Табыс критерийі туралы түсінік қалыптасады 2) Табыс критерийлерін әр сабақта пайдалану қажеттілігінің оқу сапасына оң әсерін тигізетін түсінеді 3) Өз тәжірибелеріне жаңа өзгеріс енгізеді |
Түйінді идеялар: | Табыс критерийлері – оқу мақсатына жету құралы немесе күтілетін нәтижеге жету жолындағы баспалдақ |
Ресурстар | А 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам |
Сабақтың жоспары |
Кезеңдер | Коучтің іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Аудиторияда жағымды ахуал қалыптастыра отырып,топқа бөлу (психологиялық тренинг) 2-3 мин | «Пазл» әдісі Коуч ортаға ән шумақтары жазылған қағаз қиындыларын тастайды,сол арқылы топқа бөледі «Ән – көңілдің ажары» | Мұғалімдер алған қағаз қиындыларынан қандай да бір ән шумақтарын құрастыру арқылы топтасады және сол әнді кезекпен қосылып шырқайды |
Ынталандыру 1 мин | Коуч тарапынан шапалақ әдісі арқылы қатысушыларға қошемет көрсетіледі | |
Жаттығулар 1-жаттығу 3-4 мин | «Дейін-Кейін» кестесін тарату Кестенің «дейін» графасына «Табыс критерийі»туралы түсініктерін жаздырады | Мұғалімдер кестенің «дейін»графасына «Табыс критерийі»туралы түсініктерін жазады |
2-жаттығу 10 мин | 1.15 жастағы оқушыларға арналған ағылшын тілінен бір сауалнамада тең қанатты инеліктердің екі суретін көрсетіп, «олардың ең маңызды айырмашылықтары» болып табылатын белгілеріне ерекше назар аудара отырып «сипаттауды» сұраған тапсырмаға берілген оқушы жауаптарымен таныстыру 2.Коуч топтарға талқылау сұрақтарын тастайды 1)Осы оқушылардың жауабына қандай баға қояр едіңіздер? 2)Бұл бағаны қоюларыңыздың себебі неде? 3)Тапсырманы неге сүйеніп бағаладыңыздар? | Әр топ мүшелері өздеріне таратылған оқушы жауаптарымен танысады Әр топ өзара талқылайды және жауаптарын жариялайды |
Таныстырылым 3-4 мин | Табыс критерийі туралы түсінік береді | Табыс критерийі туралы түсінік қалыптасады |
3-жаттығу 10-15 мин | Коуч әр топқа флипчарт пен маркерлер таратып, әділ қазы ретінде «Күзгі балл»қатысушысының салатына табыс критерийларын құруын сұрайды | Постер әзірлеп,таныстырылым жасайды |
Бағалау 1-2 мин | «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» әдісін ұсынып,стикерге жаздырып постерге ілу | Стикерге екі жұлдыз,бір ұсынысын жазады |
Қорытынды Тұжырым 2-3 мин | «Дейін-Кейін» кестесінің «кейін» графасын толтырту | Коучинг барысында «Табыс критерийі»туралы қалыптасқан түсініктерін «кейін» графасына толтырады |
Кері байланыс (Рефлексия) 2-3 мин | «Бес саусақ» әдісін түсіндіреді Параққа өз қолдарының суретін түсіртіп,әр саусаққа жеке-жеке коучингтен алған әсерін,алақанға осы коучингтен түйіндеген ойын жаздырады | Параққа өз қолдарының суретін түсіріп,әр саусаққа жеке-жеке коучингтен алған әсерін,алақанға осы коучингтен түйіндеген ойын жазады |