Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс І топ «Отан-отбасынан басталады» тақырыбына сурет салу ІІ топ «Отбасы- шағын бір мемлекет» отбасы шежіресін жасау Ойын "Жүрегім не дейді" немесе ғажайып сөздер Балалар қолдарын жүрегіне қойып, оның соғысын тыңдайды және өздері білетін Отбасы туралы өлең - тақпақ, мақал - мәтелдерді айтады.Мысалы: Менің жүрегім айтады: "Отан-отбасынан басталады". Қорытындылау: Сабақты бекіту: Менің отбасым өте... Мен өз құпиямды... Менің анам... Менің әкем... Менің арманым... Топпен ән айту (Әкешім-Анашым) Әкешім асқар тау анашымның Көрсетпей жүрсің ғой ойлап мұны Қуаншы әкешім ойланбашы Мен сенің әрі қарай жалғасыңмын Қайырмасы: Еңбегің сендердің зор ғой маған, Парызыңды өтеуші өзім болам. Әкешім анашым қажымаңдар, Әрі қарай сіздерге қамқор болам. Өсірдің құлатпай жерге мені, Қолтықтап жетелеп өрге мені. Ұйқыңды төрт бөлдің бір мен үшін, Жылатпай әлдилеп тербеп мені. Қайырмасы: Еңбегің сендердің зор ғой маған, Парызыңды өтеуші өзім болам. Әкешім анашым қажымаңдар, Әрі қарай сіздерге қамқор болам. Әкешім, анашым сіздер ғана, Сендерсің біз үшін әр кез пана. Сендерсіз не болмақ күнім менің, Тербеліп қалармын мың ойлана. Қайырмасы: Еңбегің сендердің зор ғой маған, Парызыңды өтеуші өзім болам. Әкешім анашым қажымаңдар, Әрі қарай сіздерге қамқор болам. |