kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока на тему Шәкәрім. «Қалқаман - Мамыр» поэмасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ тақырыбы: Шәкәрім. «Қалқаман - Мамыр» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақын өміріне қысқаша шолу, поэманың тақырыбы мен идеясын ұғындыру;  Поэманың композициялық сюжетін дамуын жанарлық сипатын, көркемдігін талдауды сұрақ - тапсырмалар ұсыну арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Ойын жүйелі хабарлай білуіне жіті көңіл бөлу;  салт - дәстүрімізді білуге, оған құрметпен қарауға, адалдыққа, достыққа берік болуға ұлтымыздың ұлы адамдарының еліне еткен еңбегін бағалай білуге, ақынның әндері өлеңдері арқылы өнерді түсінуге, сүйсінуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, талдау, кітаппен жұмыс, слайд.
Көрнекілігі:  интерактивті тақта,оқулық.   

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасы
Үй тапсыриасына орай сұрақтар
1. Ауыз әдебиетінен мол сусынды Абай кімдерден алды? (Ұлжан, Зере )
2. Абай Құнанбайұлының шын есімі кім? (Ибрахим)
3. Абай қай жылы дүниеге келді? (1845 жылы)
4. Құнанбай қандай адам болған? (Шешен, ақылға бай, қажы, болыс)
5. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бейшарасы. Қай өлеңнен үзінді? («Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»)
6.«Ызалы жүрек, долы қол, улы сия, ащы тіл» деген өлең жолдары қандай көркемдегіш тәсілмен берілген? (Эпитет)
7. Әбдірахман кім, оған арнаған өлеңі қалай аталады? (Ұлы, «Әбдірахман өлгенде»)
8. Абайдың неше қарасөзі бар? (45)
9. 17 - қарасөзінде «Ақыл, қайрат, жүрек» кімге келіп жүгінеді? (Ғылымға)

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту( «Құпия кілт»):

1. Абайдың туысы болып келетін ақын.
2. «Бес арысымыздың» бірі
3. «Адамдық борышың» өлеңінің авторы.

2. Шәкәрім өмірінің хронологиясы:
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1857 – 1931)
Шәкәрім – Абайдың немере інісі, өйткені әкесі Құдайберді – Абайдың ағасы.
7 жаста әкеден жетім қалды және осы жаста өлең жаза бастады.
1878 20 жасында өз елінде Ысқақтың орнына бір сайлау болыс болады.
1881 Болыстықты Абайдың ақылымен Оспанға өткізеді.

1905 - 1906 Меккеге қажылық сапар шегеді. Барған осы сапарын пайдаланып ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Ыстамбұл, Париж кітапханаларында жұмыс істейді. Жиналған материалдары негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабын жариялайды.

1909 - 1910 Ел ортасын тастап оңаша елсізге кетіп, Шыңғыстаудың қойнауындағы Шақпақ деген жерде өмір сүре бастайды. Шығармашылықпен айналысты.
1912 Семейде 1878 - 1904 ж. ж. жазған өлеңдері «Қазақ айнасы» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан.
1931 Жазықсыздан - жазықсыз атылды.
1958 2 қазанда СССР прокуратурасы Шәкәрімнің қылмысы жоқ деп ақтап шықты.
1959 «Қазақ әдебиеті» газетінде оның бірнеше өлеңі жарияланды.

«Топтастыру» стратегиясы.
Шәкәрім

Сазгер
Аудармашы
Қажы 
Ақын
Жазушы 
Ойшыл

Сергіту сәті. Ән: Шәкәрімнің әнімен айтылатын өлеңі  «Бұл ән бұрыңғы  әннен өзгерек» (интерактивті тақтадан әннен үзінді тыңдау)

«Қалқаман - Мамыр» поэмасы.
«Қалқаман – Мамыр» поэмасы 1882 жылы жазылған 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасында жарық көрген.
- Оқиғаның болған жері - Сыр өңірі 1722 ж. қазақтың «Ақтабан шұбырынды» қарсаңындағы қилы кезеңі суреттеледі.

Жанры – эпикалық - ғашықтық дастан.
Тақырыбы – екі жастың махаббат драмасына құрылуы.
Идеясы – қоғамның әділетсіздігіне, ел билеушілердің озбырлығына қарсылық.
Композициялық құрылымы:
Оқиғаның басталуы
: Туыстық байланыс
Оқиғаның байланысуы:
1. Мамырдың бой жетуі.
2. Қалқаман мен Мамырдың кездесуі.
3. Қос ғашықтың бірге қашуы.
Оқиғаның дамуы: Мәмбетай мен Көкенайдың баба сөзіне келіспеуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Мамырдың өлімі.
Шарықтау шегі: 1. Қалқаманға шығарылған үкім.
2. Қалқаманның елден кетуі.
Шешімі: Елдің күйзелісі. Қалқаман ұрпағы.
Оқулықпен жұмыс. 1. «Түсініктеме парағы».
Еркек - шора: еркек балаша киінген қыз. Бастаңғы: әке - шешесі үйде жоқта қыз - бозбала мал сойып, құрбыларын жинау. Оғат: оғаш, қателік. Халал: адал. Асық: ғашық. Шаһит болу: дін жолында қаза болу, «ақ өлім».
2. «Ізден, тап»
1. Мамырдың соңғы сөзі.
2. Әнет бабаның Қалқаманға шығарған үкімі.
3. Қалқаманның елімен қоштасу сөзі.
 Білімді бекіту. Блиц тест
1. Қазақтың Сыр бойында жүрген жылы?
А) 1722жылы В) 1737 жылы С) 1822 жылы
2. Әрі би, әрі молда, әрі ғұлама кім?
А) Көкенай В) Әнет баба С) Мәмбетей
3. Қалқаманның әкесі кім?
А) Мәмбетей В) Әнет баба С) Олжай
4. Ауыл үлкендерін жинап той жасаған хан?
А) Сәмеке В) Мәмбетей С) Көкенай
5. Мамыр Қалқаманға қашан, қай жерге келуді сұрады?
А) Жұма күні сайда В) Бүрсігүні, қалың қамыс С) Ауыл іргесінде
6. Мамыр қыз балаша киінгеніне неге өкінді?
А) Әкесі құда түсірмекші болды
В) Қалқаман алып қашбақшы болды
С) Барлық жауап дұрыс
7. Екі жастың қосылуына не бөгет болды?
А) Екі елдің арасының ар қашықтығы
В) Туыс, аталас болуы
С) Әнете бабаның сөзі
8. Қазақтың бастаушысы кім?
А) Мәмбетей В) Көкенай С) Саван Раптан
9. Елі Қалқаманды не себепті іздемеді?
А) Ашаршылық В) Қазақ - қалмақ соғысы С) Ұлы Отан соғысы
10. Қалқаманның ұрпағы қай жүздің ішінде жүр?
А) Орта жүз В) Кіші жүз С) Ұлы жүз.

 Үйге тапсырма:
1) Кейіпкермен сырласу хат; 2) Қалқаман мен Мамырдың алғашқы жұмбақтап айтқан жерін жаттау; 3) Шәкәрім шығармаларымен танысу

Бағалау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему Шәкәрім. «Қалқаман - Мамыр» поэмасы»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Конспект урока на тему Шәкәрім. «Қалқаман - Мамыр» поэмасы

Автор: Эстурганова Айша Шалкаровна

Дата: 19.03.2018

Номер свидетельства: 462598

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства