kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект на воспитательному уроку на теме "Кітап – рухани қазына."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кітап – рухани қазына

Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекілігі: Оқу-білім туралы айтылған сөздер жазылған плакаттар. Балалар ақын-жазушыларының суреттері.

Барысы:

І-бөлім

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін, - деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.

Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған-тоқағаның көп болса, жеңбетін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.

1-оқушы: Кітап заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, ертегі, әңгімелерімен сыр шертіскен кітап біздің ең жақын ақылшымыз.

Мұғалім: Балалар, ортамызға кітапты шақырайық.

Кітап: Балалар, мен білім көзі – кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштардан қағаз шығарады. Содан соң авторлар жазады, суретші ағайлар сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды жазып шығарады.

Мұғалім: Кітап, ендеше сен бүгін бізде қонақта болып балалардың өнерін тамашалап қайт.

Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит

Оқысаң кітап сырын ашып терең.

Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті және өнерлі болу керек. Ол үшін терең білім, ғылыми жаңалықтар, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітаппен тынымсыз еңбек етеді.

1-оқушы:

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

Орманшының аялы,

Алақаны өсірген.

Сонау ағаш саялы

Қағаз үшін кесілген

2-оқушы:

Ағаш кесіп қанша адам,

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған

Ағаш тиеп үнемі.

Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы.

Сол ағашты тасыған

Білер ме екен көп адам.

3-оқушы:

Заводтарда күн-түні,

Қағаз жасап бағалы.

Қанша адам кім үшін

Маңдай тері тамады.

Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

4-оқушы:

Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қанша уақыт отырды.

Әріп теру үшін де

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде

Айлап тыным көрмеді.

5-оқушы:

Оқулықты мектебің,

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау еш бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

Оқулығың құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.

6-оқушы:

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Мұғалім: Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол енді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады.        

      Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап- біздің рухани жан азығымыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект на воспитательному уроку на теме "Кітап – рухани қазына."»

Кітап – рухани қазына


Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекілігі: Оқу-білім туралы айтылған сөздер жазылған плакаттар. Балалар ақын-жазушыларының суреттері.

Барысы:

І-бөлім

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін, - деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.

Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған-тоқағаның көп болса, жеңбетін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.

1-оқушы: Кітап заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, ертегі, әңгімелерімен сыр шертіскен кітап біздің ең жақын ақылшымыз.

Мұғалім: Балалар, ортамызға кітапты шақырайық.

Кітап: Балалар, мен білім көзі – кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштардан қағаз шығарады. Содан соң авторлар жазады, суретші ағайлар сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды жазып шығарады.

Мұғалім: Кітап, ендеше сен бүгін бізде қонақта болып балалардың өнерін тамашалап қайт.

Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,

Асыл ой қазынасы, өмір көркі.

Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит

Оқысаң кітап сырын ашып терең.

Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті және өнерлі болу керек. Ол үшін терең білім, ғылыми жаңалықтар, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітаппен тынымсыз еңбек етеді.

1-оқушы:

Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

Орманшының аялы,

Алақаны өсірген.

Сонау ағаш саялы

Қағаз үшін кесілген




2-оқушы:

Ағаш кесіп қанша адам,

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған

Ағаш тиеп үнемі.

Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы.

Сол ағашты тасыған

Білер ме екен көп адам.


3-оқушы:

Заводтарда күн-түні,

Қағаз жасап бағалы.

Қанша адам кім үшін

Маңдай тері тамады.

Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.


4-оқушы:

Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қанша уақыт отырды.

Әріп теру үшін де

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде

Айлап тыным көрмеді.


5-оқушы:

Оқулықты мектебің,

Берер саған теп-тегін.

Білмейсің-ау еш бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

Оқулығың құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым.


6-оқушы:

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.


Мұғалім: Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол енді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады.

Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап- біздің рухани жан азығымыз.



1


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Конспект на воспитательному уроку на теме "Кітап – рухани қазына."

Автор: Салметова Гулчехра Абдиганиевна

Дата: 09.10.2017

Номер свидетельства: 431479


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства