kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока самопознание на тему "Адалды? пен ?ділдік"

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Я учитель самопознание стаж работы 7лет, категория2, классный руководитель 5 класса

урок самопознание -это изучение личностью собственных психических и физических особенностей, осмысление самого себя. Оно начинается в младенчестве и продолжается всю жизнь.

я предлогая урок самопознание тема урока: Адалды? пен ?ділдік

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«конспект урока самопознание на тему "Адалды? пен ?ділдік"»

Кайсина Ляйля Кулумхановна, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Адалдық пен әділдік.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Адами қарым-қатынастағы адалдық пен әділдік туралы түсінік беру, олардың құндылық ретінде мәнін ашу.

Дамытушылық: Оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктерін дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:шаттық шеңбері, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, сергіту сәті, жаңа ақпарат, жағдаяттарды талдау, тапсырмалар,логикалық тапсырма, кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, флипчарттар, дәптерлер, карточкалар

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру,қазақ тілі, математика, әдебиет, биология

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

-оқушылармен амандасу

-оқушыларды түгендеу

- оқушыларды топқа бөлу (3 топ)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіріңдер.

  1. ...- түбі сары алтын.(1топ)

  2. Сабын кірді ашады,(2топ)

...- сырды ашады.

  1. ...-ойына жетер.(3топ)

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Шаттық шеңбері

Оқушылар мен мұғалім шеңберге жиналып. Сыныптағы бір оқушы немесе мұғалім оқулықта берілген «Білім мен өнерді сүй, сусында» атты өлеңді мәнерлеп оқиды. Әр оқушы адалдық пен әділдік туралы өз түсінігін қысқаша айтып шығады.

Қ.Нақысбеков

Білім мен өнерді сүй, сусында,

Деп айтсын ел: «Осындай ер тусын да!»

Арың-адал, әділ болсаң әрқашан

Дүниенің бар бақыты уысыңда...

Түспегені абзал ғой арға дақтың,

Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың.

Адал адам әрқашан- еңсесі тік,

Әділдікті ту еткін, қолғанатым.

Оқушылар өз ойларын айтып, сабақтың мақсатын анықтайды.

Әңгімелесу.

Сабақтың мақсатын ашу үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдарымен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгімелесу мысалдыр келтіру арқылы жүргізіледі.

  • Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?

  • Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме? Неліктен?

  • Адал болу оңай ма?

  • Адал болудың адам өміріндегі маңыздылығын мысал арқылы түсіндіріңдер?

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекеттерін дамытып, олардың адалдық пен әділдік туралы түсініктерін кеңейту мақсатында оқулықта берілген «Адал бала» атты мәтінді мұғалім интонациямен оқып береді. Мұғалім мәтіннің негізгі ойын табу үшін, оқушыларға сұрақтар қойады.

«Адал бала» моделін жасау.

Адал бала







Сергіту сәті. «Ауа райы»

Оқушылар шеңбер құрып тұрып, солға бұрылып бір-бірінің арқасына жаттығулар жасайды.

Бүгін ауылда күн ашық (бір-бірінің арқасын сипалау)

Көп облыстарда күн бұлт (қолды тас қылып сипалау)

Бір кезде жаңбыр жауап кетті. (саусақтармен тарсылдату)

Жаңбыр басылып, қайтадан күн ашылды (арқасын сипалау)

Бір мезетте қатты жел соқты (саусақтарымен арқаны укалау)

Қайтадан күн ашылды.

Оқушылар орындарына жайғасып отырып, сабақты ары қарай жаңа ақпаратпен жалғастырамыз.

Жаңа ақпарат

Жаңа ақпарат оқушылардың адалдық пен әділдік туралы өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға негіз болады.

Оқушылар жаңа ақпаратты оқып, ақпататтағы өзекті ойды нақтылай түседі.

Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады.

Адал болу кез келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.

  1. Адамдар қай кезде әділдікке қол жеткізеді ?

  2. Әділдік не үшін керек?

  3. Сендер өздеріңді әділмін деп санайсыңдар ма?

ІҮ. Сабақты бекіту

Оқушылар барлық берілген тапсырманы топпен бірігіп орындайды.

Тапсырма 1

Бейнекөрініспен жұмыс

Оқушылардың бір-біріне адал, әділ болу мақсатында «Бір-бірімізге жақсылық жасай білейік» бейнекөріністі көріп, оқушылар осыдан басты ойды тауып, жазады.

1.Адамдар не себепті бір-біріне көмек жасай білу керек?

2.Сендер өздерің кімдерге көмек көрсетесіңдер?

3.Қоршаған ортаға қандай көмек көрсетесіңдер?

4.Көмек көрсеткенде адалдық пен әділдік керек пе?

5. Бүгінгі сабақпен салыстырып, басты мақсатты табу.

Тапсырма 2

Жағдаяттарды талдау.

Оқушылар жағдаятты шешіп шығу жолдарын айтады.

1-жағдаят

Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп:

- Менің қалтамда апам «самса алып жерсің» деп берген ақша бар. Кеттік, кино көрейік,-деді.

Алмагүл:

-Үйден сұранып шыққан жоқпыз. Іздеп қалады ғой,-деп, іркіліп қалды.

-Ештеңе етпес, «мектепте болдық» деп айта саламыз...

*Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?

2-жағдаят

Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: «Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе, қарсы болмайды»-дейді. Досыма үйінде ата-анасы ұрыспауы үшін, мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек?

* Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

Тапсырма 3

Мақалдың жалғасын табыңдар

  1. ...- ардың ісі.

  2. Адалдық жүрген жерде, адамдық ...

  3. ...- бірі адалдық.

  4. Ойнап сөйлесең де,

... сөйле.

  1. Ұрлықтың түбі- ...

  2. Өзі тойса да, ... тоймайды.

  3. Көзіне қарама, ... қара.

Керекті сөздер: адалдық, сөзіне, көзі, жүреді, ойлап, асылдың, қорлық.

Тапсырма 4 «Адалдық пен әділдік» кестесін толтыру.

Синонимдік тәсіл

Антонимдік тәсіл





Тапсырма 5 Логикалық тапсырма.

  1. Атасы немесеріне 2 кітап беріді, бірінші кітапта ертегілер жазылған, ал екіші кітапта адамгершілікке тәрбилеу туралы жазылған. Атасы немересін қызықтыру үшін осы еік кітапты оқысаң 1000 сом ақша беремін дейді. Үш күн өткен соң бала екі кітапты оқығанын айтады да, атасынан 1000 сом ақшасын сұрайды.

Жауабы: атасы адамгершілік тәрбие беретін кітаптың ортасына 1000сом ақшаны салып қойған.

  1. Жандостың үйінің бақшасында кәрі бір ағаш бар. Әр жылы 25 сантиметр өседі. Жандос 8 жасар кезінде жерден 140 сантиметр биіктіктегі ағаштың діңіне ЖАНДОС деп есімін жазады. Жандос 12 жасқа толғанда бұл жазу қанша сантиметр өскен болады?

Жауабы: еш өспейді, өйткені ағаш діңі емес, бұтақтары өседі.

  1. Айдос есік алдына қар тазалауға шығады, қарды тазалау үшін оған 3 сағат қажет, қарды тазалай бастап еді, достары ойынауға келеді, 1 сағат өткен соң Айдос достарымен бірге ойнауға кетеді.

Жауабы: Айдосқа оның 2 досы көмектесті. Әр қайсысы 1 сағаттан жұмыс істеді.

Ү. Үй тапсырмасы.

Әңгіме немесе болған оқиға туралы жазып келу (адалдық пен әділдік туралы)

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

Оқушылар сабақты смайликтер бойынша қорытындылайды.

  • ( қуанышты) сабақ өте жақсы өтті, ....

  • (орташа көңілді) Сабақ орташа өтті, ...

  • (көңілсіз)Сабақ ұнамады, ...








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
конспект урока самопознание на тему "Адалды? пен ?ділдік"

Автор: КАЙСИНА ЛЯЙЛЯ КУЛУМХАНОВНА

Дата: 09.01.2016

Номер свидетельства: 274237


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства