kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока на тему "?рпа?- артта ?ал?ан із "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: о?ушы бойына ?лтты? ??ндылы?тарды сі?іре отырып, адамгершілікке, кішіпейілділікке, адалды??а, ?айырымдылы??а т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: пікірлесу

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап

Саба?ты? к?рнекілігі: презентация

Жоспар:

І. ?ла?аты хал?ымны? д?ст?рінде. («Бір шо? жиде» хикаятында к?рінетін салт-д?ст?р, ?дет-??рып, ырым-жорал?ылар).

    ІІ. Бір шо? жиде – бір атаны? ?рпа?ы (адами ??ндылы?тар, жолдасты?, а?айынны? бірлігі).

    ІІІ. А?аш тамырымен мы?ты,

          Адам ?рпа?ымен мы?ты.

  •  

Ж?рісі:

М??алімні? кіріспе с?зі:

   Т?рбие са?атымыз жергілікті жазушы, ?о?ам ?айраткері ?біш Кекілбаевты? «Бір шо? жиде» хикаяты негізінде ?ткізіледі. «Бір шо? жиде» шы?армасы ?аза? хал?ыны? ерлік тарихын, ту?ан ел мен ?скен жерді? ?адір-?асиетін д?ріптеп, ата-бабаны? ой-арманын жеткізетін, ?мірді? м?н-ма?ынасы т??ірегіндегі тол?аныстарды ал?а тартатын ?аламгерді? тамаша туындыларыны? бірі. Жиде а?ашы тамырын тере?ге жаятын, ?рі к?п жеміс беретін ?сімдік. Шы?армада ?рпа? жал?асты?ы, хал?ымызды? сан ?асырлар бойы жина?тал?ан салт-д?ст?рі, ?дет-??рпы, ырым-тыйымдары к?рініс табады. Сол себепті ?аламгер туындысы «Бір шо? жиде» деп атал?ан. Бізді? б?гінгі пікіралысуымыз осы шы?армада кездесетін салт-д?ст?р, ?дет-??рып, ырым-тыйымдар мен адами ??ндылы?тар т??ірегінде ?рбімек.

І. ?ла?аты хал?ымны? д?ст?рінде. («Бір шо? жиде» хикаятында к?рінетін салт-д?ст?р, ?дет-??рып, ырым-жорал?ылар)

С?ра?тар:

  1. Баланы ?ыр?ынан шы?ару кезінде ?андай жорал?ылар жасалады? М?ні неде?

(?ыр?ынан шы?па?ан баланы? еті мен с?йегі бірікпегенін білегінен ?стап бай?ау?а болады. Олай дейтініміз, ?ыры? к?нге дейін баланы «тіл тиеді», «с?? ?теді» деп тіл-к?зден са?та?ан, к?рсете бермеген, я?ни ана ?шін де, бала ?шін де ?ыры? к?н – ?ауіпті кезе?. ?ыр?ынан шы?па?ан б?пені к?руге ?лкендер де талпынба?ан. Сол сия?ты ?ыр?ынан шы?па?ан баланы? к?зі де бірт?рлі т?манданып, ?айда ?арап т?р?аны белгісіз болып т?рады. ?ыр?ынан шы?па?ан бала ?лі жерді? баласы болып есептелмейді. Баланы ?ыр?ынан шы?ар?ан со?-а? оны? екі к?зі жылтырап, жан-жа?ына к?з то?татып ?арай бастайды. Білегін ?ста?анда ет пен с?йегіні? біріге баста?аны бай?алады, я?ни с?биді ?ыр?ынан шы?ару –  ет пен с?йекті? біріккеніне жасалатын ??рмет.

?детте ?л баланы ?ыры? к?нге жеткізбей (37-39 к?нде), ?ыз баланы міндетті т?рде ?ыры? к?н толтырып барып, ?ыр?ынан шы?арады. Тіліміздегі «?йел ?ыры? шыра?ты» деген с?з де осы жаймен байланысты айтылса керек. ?алай бол?анда да, ?л мен ?ызды? дене бітімі екі т?рлі. ?йел мен ер адамны? к?ш-?уатында, жаратылысында, дене ??рылысында ?здеріне т?н ерекшеліктері бар, бір есептен ?ыз бала ?лдан ?ара?анда н?зік ?ой. ?л бала болмысынан т?зімді, ?айсар дегендей, сонды?тан ?л баланы ?ыры? к?нге жеткізбей шы?ара береді. Бала ?міріндегі кез келген ?уаныш тойларыны?  ?р?айсысыны? ізгі тілегі, ма?саты, танымды? ?лгісі бар. Бала мазасызданып жыла?анда, д?рыс ?йы?тама?анда  ?желеріміз «бала ?ыр?ын к?тіп ж?р» деп жатады. Шынында да, ??дайды? ??діретіне шек жо?, жа?а?ыдай мазасыз жыла??ы баланы барлы? ж?н-жорал?ысымен ?ыр?ынан шы?арса, жылауы то?тап, тынышталатын бол?ан. М?нда?ы та?ы бір ерекшелік, баланы ?ыр?ынан шы?ару?а арнап ша?ырылатындар – ?йел адамдар, осында?ы ж?н-жорал?ыларды ?йелдер ат?арады).

  1. Баланы? ?олына асы? жілікті ?статуды? м?нісі неде, астарында не жатыр?

(Біреуді? н?рестесін бауырына салу, я?ни бала асырап алу — ?аза?ты? ежелден келе жат?ан ??рпы. Бала асырап алу, негізінен, ?з кіндігінен ?рпа? болма?ан жа?дайда ж?зеге асырыл?ан. Сондыктан да ?з кіндігінен н?ресте болмаса немесе балалары ??таймай, шетіней берсе, ондай ша?ыра? жа?ын-жуы?тарыны? бірімен келісімге келіп, баласын бауырына салатын бол?ан. ?аза? салтына орай, бала асырап алушы, ?детте, той жасап, ер бала болса — асы?ты жілік, ?ыз бала асырап алатын болса — то?па? жілік ?стау ??рпын істеген. Баланы? ?олына жілік ?стату оларды? к?пшілік алдында?ы анты, у?десі іспетті бол?ан. Ж?рт аддында бала?а жілік ?стату ар?ылы екі жа? та бала алу, бала беру ісіне ризашылы?ын танытады)

  1. С?би шетіней берсе, д?ниеге келген н?рестені? т?руы ?шін ?андай ырымдар жасалады?

(?ыры? ?азанны? астынан ?ткізіп, ?ыры? ?йелді? емшегін емізіп, жа?а к?шіктеген ?ызыл итті? бауырына салады).

   ІІ. Бір шо? жиде – бір атаны? ?рпа?ы. (адами ??ндылы?тар, жолдасты?, а?айынны? бірлігі)

  1. Же?гесіні? ?з бауырынан шы??ан 30 к?ндік с?биін ?айынсі?лісі мен к?йеу баласыны? бауырына салуыны? ма?саты неде? Сендерді? к?з?арастары? ?андай?
  2. «?ке ?лсе де, ?ке?ді к?рген ?лмесін» деген на?ылды? шы?арма?а ?андай ?атысы бар?

Бізді? ?лтты? т?рбиемізде отбасы шешуші ма?ыз?а ие болды. Бір ша?ыра?ты? астында?ы ?лденеше буын ?кілдеріні? ?р?илы педагогикалы? парызы болды. Ана ?лы мен ?ызын мейірбанды??а, бауырмалды??а, ?дептілікке, ізеттілікке, ?й т?рмысына болысу?а баулыса, ?ке мен а?а батылды??а, шаруашылы??а, а?айын-жегжатпен жарасымды ?атынас?а, елжанды??а, табандылы? пен т?зімділікке баулыды. Ата мен ?же ата-баба шежіресіне, ?ткен замандар тарихына, бабалардан ?ал?ан д?ст?рлер мен рухани м?ра?а баулыды.

          ІІІ. А?аш тамырымен мы?ты,

          Адам ?рпа?ымен мы?ты.

  • Б?гінгі т?рбие са?атымыздан не білдік, нені санамыз?а т?йдік? Адам бойында ?андай жа?сы ?асиеттер болу керек деп ойлайсы?дар? (?а?аз?а ?асиеттерді жазып, а?аш?а ілу).

     Міне, осы ??нды ?асиеттерді, атадан бала?а мирас болып келе жат?ан салт-санамызды, ?дет-??рпымызды бойымыз?а сі?іріп ?ссек, тамырымыз тере?ге жайылып,  жапыра?ымыз жай?ал?ан мынадай м?уелі б?йтерекке айналарымыз с?зсіз.

      «А?аш тамырымен, адам ?рпа?ымен мы?ты» деп бабаларымыз айт?андай, сіздерді? ата-аналары?ны? артына ?алдырар жар?ын ізі болулары?а тілектеспін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока на тему "?рпа?- артта ?ал?ан із " »

Сабақтың тақырыбы: Ұрпақ – артта қалған із.

Сабақтың мақсаты: оқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, адамгершілікке, кішіпейілділікке, адалдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пікірлесу

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: презентация

Жоспар:

І. Ұлағаты халқымның дәстүрінде... («Бір шоқ жиде» хикаятында көрінетін салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-жоралғылар).

ІІ. Бір шоқ жиде – бір атаның ұрпағы (адами құндылықтар, жолдастық, ағайынның бірлігі).

ІІІ. Ағаш тамырымен мықты,

Адам ұрпағымен мықты.

Жүрісі:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Тәрбие сағатымыз жергілікті жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Бір шоқ жиде» хикаяты негізінде өткізіледі. «Бір шоқ жиде» шығармасы қазақ халқының ерлік тарихын, туған ел мен өскен жердің қадір-қасиетін дәріптеп, ата-бабаның ой-арманын жеткізетін, өмірдің мән-мағынасы төңірегіндегі толғаныстарды алға тартатын қаламгердің тамаша туындыларының бірі. Жиде ағашы тамырын тереңге жаятын, әрі көп жеміс беретін өсімдік. Шығармада ұрпақ жалғастығы, халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақталған салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырым-тыйымдары көрініс табады. Сол себепті қаламгер туындысы «Бір шоқ жиде» деп аталған. Біздің бүгінгі пікіралысуымыз осы шығармада кездесетін салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйымдар мен адами құндылықтар төңірегінде өрбімек.

І. Ұлағаты халқымның дәстүрінде... («Бір шоқ жиде» хикаятында көрінетін салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-жоралғылар)

Сұрақтар:

  1. Баланы қырқынан шығару кезінде қандай жоралғылар жасалады? Мәні неде?

(Қырқынан шықпаған баланың еті мен сүйегі бірікпегенін білегінен ұстап байқауға болады. Олай дейтініміз, қырық күнге дейін баланы «тіл тиеді», «сұқ өтеді» деп тіл-көзден сақтаған, көрсете бермеген, яғни ана үшін де, бала үшін де қырық күн – қауіпті кезең. Қырқынан шықпаған бөпені көруге үлкендер де талпынбаған. Сол сияқты қырқынан шықпаған баланың көзі де біртүрлі тұманданып, қайда қарап тұрғаны белгісіз болып тұрады. Қырқынан шықпаған бала әлі жердің баласы болып есептелмейді. Баланы қырқынан шығарған соң-ақ оның екі көзі жылтырап, жан-жағына көз тоқтатып қарай бастайды. Білегін ұстағанда ет пен сүйегінің біріге бастағаны байқалады, яғни сәбиді қырқынан шығару –  ет пен сүйектің біріккеніне жасалатын құрмет.

Әдетте ұл баланы қырық күнге жеткізбей (37-39 күнде), қыз баланы міндетті түрде қырық күн толтырып барып, қырқынан шығарады. Тіліміздегі «әйел қырық шырақты» деген сөз де осы жаймен байланысты айтылса керек. Қалай болғанда да, ұл мен қыздың дене бітімі екі түрлі. Әйел мен ер адамның күш-қуатында, жаратылысында, дене құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар, бір есептен қыз бала ұлдан қарағанда нәзік қой. Ұл бала болмысынан төзімді, қайсар дегендей, сондықтан ұл баланы қырық күнге жеткізбей шығара береді. Бала өміріндегі кез келген қуаныш тойларының  әрқайсысының ізгі тілегі, мақсаты, танымдық үлгісі бар. Бала мазасызданып жылағанда, дұрыс ұйықтамағанда  әжелеріміз «бала қырқын күтіп жүр» деп жатады. Шынында да, құдайдың құдіретіне шек жоқ, жаңағыдай мазасыз жылаңқы баланы барлық жөн-жоралғысымен қырқынан шығарса, жылауы тоқтап, тынышталатын болған. Мұндағы тағы бір ерекшелік, баланы қырқынан шығаруға арнап шақырылатындар – әйел адамдар, осындағы жөн-жоралғыларды әйелдер атқарады).



  1. Баланың қолына асық жілікті ұстатудың мәнісі неде, астарында не жатыр?

(Біреудің нәрестесін бауырына салу, яғни бала асырап алу — қазақтың ежелден келе жатқан ғұрпы. Бала асырап алу, негізінен, өз кіндігінен ұрпақ болмаған жағдайда жүзеге асырылған. Сондыктан да өз кіндігінен нәресте болмаса немесе балалары құтаймай, шетіней берсе, ондай шаңырақ жақын-жуықтарының бірімен келісімге келіп, баласын бауырына салатын болған. Қазақ салтына орай, бала асырап алушы, әдетте, той жасап, ер бала болса — асықты жілік, қыз бала асырап алатын болса — тоқпақ жілік ұстау ғұрпын істеген. Баланың қолына жілік ұстату олардың көпшілік алдындағы анты, уәдесі іспетті болған. Жұрт аддында балаға жілік ұстату арқылы екі жақ та бала алу, бала беру ісіне ризашылығын танытады)

  1. Сәби шетіней берсе, дүниеге келген нәрестенің тұруы үшін қандай ырымдар жасалады?

(қырық қазанның астынан өткізіп, қырық әйелдің емшегін емізіп, жаңа күшіктеген қызыл иттің бауырына салады).



ІІ. Бір шоқ жиде – бір атаның ұрпағы. (адами құндылықтар, жолдастық, ағайынның бірлігі)

  1. Жеңгесінің өз бауырынан шыққан 30 күндік сәбиін қайынсіңлісі мен күйеу баласының бауырына салуының мақсаты неде? Сендердің көзқарастарың қандай?

  2. «Әке өлсе де, әкеңді көрген өлмесін» деген нақылдың шығармаға қандай қатысы бар?



Біздің ұлттық тәрбиемізде отбасы шешуші маңызға ие болды. Бір шаңырақтың астындағы әлденеше буын өкілдерінің әрқилы педагогикалық парызы болды. Ана ұлы мен қызын мейірбандыққа, бауырмалдыққа, әдептілікке, ізеттілікке, үй тұрмысына болысуға баулыса, әке мен аға батылдыққа, шаруашылыққа, ағайын-жегжатпен жарасымды қатынасқа, елжандыққа, табандылық пен төзімділікке баулыды. Ата мен әже ата-баба шежіресіне, өткен замандар тарихына, бабалардан қалған дәстүрлер мен рухани мұраға баулыды.

ІІІ. Ағаш тамырымен мықты,

Адам ұрпағымен мықты.



  • Бүгінгі тәрбие сағатымыздан не білдік, нені санамызға түйдік? Адам бойында қандай жақсы қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар? (қағазға қасиеттерді жазып, ағашқа ілу).

Міне, осы құнды қасиеттерді, атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-санамызды, әдет-ғұрпымызды бойымызға сіңіріп өссек, тамырымыз тереңге жайылып, жапырағымыз жайқалған мынадай мәуелі бәйтерекке айналарымыз сөзсіз.

«Ағаш тамырымен, адам ұрпағымен мықты» деп бабаларымыз айтқандай, сіздердің ата-аналарыңның артына қалдырар жарқын ізі болуларыңа тілектеспін!















«Есет мектеп-балабақша кешені» КММ

Маңғыстаунама – 2014 сайысы











Ашық тәрбие сағаты



Тақырыбы:

Ұрпақ – артта қалған із





Өткізген: Дәмегүл Қайнарбаева































2014 жыл, қазан






































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Конспект урока на тему "?рпа?- артта ?ал?ан із "

Автор: Кайнарбаева Дамегул Собаловна

Дата: 30.03.2015

Номер свидетельства: 194186


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства