Шараны? ма?саты: О?ушыларды к?к?ністерді? пайда болу тарихы, пайдасы мен ?олдануымен таныстыру, о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін, жауапкершілік сезімдерін ояту. Эстетикалы? т?рбие беру
Просмотр содержимого документа
««К?к?ністер шеруі»»
Шараның тақырыбы: «Көкөністер шеруі»
Шараның түрі: кеш, сайыс
Тәрбие бағыты: эстетикалық
Шараның мақсаты: Оқушыларды көкөністердің пайда болу тарихы, пайдасы мен қолдануымен таныстыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жауапкершілік сезімдерін ояту. Эстетикалық тәрбие беру
Жүру барысы:
1 – жүргізуші: Кеш жарық қымбатты ұстаздар, оқушылары! «Көкөністер шеруі» атты күзгі бал кешіне, қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар»
Берекелі, мерекелі, алтын күз құтты болсын!
1 – жүргізуші: Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық,
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық!
2 – жүргізуші: Ендеше, бүгінгі әсерлі де, қызықты кешіміздің жоспарымен таныстырып өтейік
1. Таныстыру
2. Көрініс немесе пародия
3. Сән үлгісі
4. Ән немесе би
5. Мүсін
1 – жүргізуші: Міне, керемет! Осы сайысымызда оқушыларымыздың өнерлеріне баға беретін әділ – қазы мүшелерін таңдап алайық!
2 – жүргізуші: Әділдікпен баға берер сайысқа
Әділдікпен қара қылды жаруға
Әділқазы алқаларын сайлайық
Жеңімпазды бүгін таңдап алуға - дей келе әділқазылар мүшесі:
1 – жүргізуші: Мектеп директоры
2 – жүргізуші: Ата – аналар комитетінің мүшесі
1 – жүргізуші: Мектебіміздің түлегі, мектеп кезінде өз өнерімен көрермендер мен ұстаздарының есінде қалған .........
2 – жүргізуші: Армысыздар, айналайын дана халқым,
Сақтаған ұлтымыздың барлық салтын,
Ата - баба шежіресін жіктеп,
Таныстыру – парызы әрбір жастың – дегендей ортаға 01,2,4 сынып оқушыларын шақырамыз!
1 – жүргізуші: сіздердің зор қошеметтеріңізбен ортаға 5,7,8 сынып оқушыларын шақырамыз!
2 – жүргізуші: Бүгінгі таныстыру да, күзгі бал мерекесі де бұлар үшін мектептегі соңғы күзгі бал кеші деп айтсақ та болады. Ортаға мектептің түлектері, ерке 3 арудан құралған 9- сыныптың оқушыларын шақырамыз.
1 – жүргізуші: Асыл тастан, өнер жастан.
Шығады деп дарынды
Халық айтса, қалып айтпас
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық
Тілекші боп көңілден.
Бұл бөлімімізде әрбір оқушы ұсынып отырған екі өнердің біреуін көрсетеді. Ал, ендеше ортаға 0,1,2,4 сынып оқушыларын шақырамыз
2 – жүргізуші: 5,7,8 сынып оқушылары не дайындап келді екен. Назарымыз соларда!
1 – жүргізуші: Алдарыңызда 9- сыныптың еркелері!
2 – жүргізуші: «Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек» - демекші келесі бөлім «Сән үлгісі». Күзгі сән үлгісімен алдарыңызда 01,2,4 сынып оқушылары.
1 – жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әрбір сынып әсем болар өз жанымен – дегендей ортада 5,7,8 сыныптың аруы мен бозбалалары
2 – жүргізуші: Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді 9-дың арулары
1 – жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ кемде - кем
2 – жүргізуші: Шуақ төгіп мерейлі көңілдерге,
Ұйытқы болсын тыңдаған қауымға,
Сынға түскен енді қазір,
Өнерлерін көрсетеді сіздерге. Келесі айналым «Ән немесе би». Ортада 0,1,2,4 сынып оқушылары.