kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Классный час "Арда?тайы? ананы!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Классный час приурочен к 8 марта - Международному женскому дню.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Классный час "Арда?тайы? ананы!"»

Ардақтайық ананы!

Мақсаты:

  1. Тәрбиеленушілерге аналар мейрамы туралы мағлұмат бере отырып, балалардың аналарға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.

  2. Аналарды қадірлеуге, еңбегін бағалай білуге, отбасы мүшелерін құрметтеп, ардақтауға тәрбиелеу.

Барысы:

Шаттық шеңбері ( ортада шаттық шеңберін жасайды). Сәлемдесу.

Тәрбиешінің сөзі.

1 - жүргізуші: Құрметті ардақты әжелер, асыл аналар, ару қыздар!

- Бүгін бізде ерекше күн!

- Бар әлемде көктемнің алғашқы шуағын шашып, адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына жылылық пен әсемдік сыйлайтын, көктем мерекесі - Аналар мерекесі.

2- жүргізуші: Дүниеде анадан ардақты, анадан қымбат, анадан аяулы жан жоқ. ана бізге өмір сыйлайды, мәпелеп өсіреді.

Көктем бәйшешегіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

1- жүргізуші: Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезінбейтін сезім болуы мүмкін емес, Аналарға арнап ән, өлең - жыр жазбаған ақын жоқ, шығар сірә?! Бүгінгі біздің де күмбірлеген күйіміз бен шарықтаған әніміз сіздерге арналады - Асыл аналар мен ару қыздар!

2 - жүргізуші: Бақытты ғой шынында

Анасымен балалар

Құтты болсын мереке

Аман болсын аналар! (бәрі)

1 - жүргізуші: Аналармен жарасады сәніміз

Әжелермен жадырайды жанымыз

Құтты болсын мерекеңіз

Құттықтаймыз бәріміз (бәрі)

  1. Ана - дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана - дейді жас сәби де жарқылдап

Ана - деген бәйтерегі өмірдің

Ана - деген алтын қазық, алтын бақ

  1. Ана - деген өмірімнің мөлдір кәусар бұлағы,

Ана - деген тіршіліктің шұғылалы шуағы

Ана - деген теңдесі жоқ ұлылық

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

  1. Кеудесінде даналықтың сөзі бар

Маңдайында жарқылдаған көзі бар

Қара көзді, қара шашты анашым

Балаңыздың ақ тілегін қабыл ал

Күнсің маған биікте жарқыраған

Шуақпын мен жаныңнан шашыраған

Ана атыңа, жаман сөз келтірмейтін

Атыңнан айналайын асыл анам!

  1. Тай - тайлап қала менен далаларым

Мерекең құтты болсын аналарым

Ару қыз, абзал ана мерекесін

Құттықтап жатыр міне балаларың

Ән.


5. Еркелесем күнім дейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін

Бәрінен де жақын маған

Айналайын асыл анам

6. Бәрінен де ақылды анам

Бәрінен де жақын маған

Күндей күліп жүре берші

Айналайын асыл анам

7. Ана деген не деген

Кең пейілді жан еді,

Алғыс алып анамнан

Бақыт тапқым келеді

8. Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсындай

Құлпырып өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай

9. Бойға қуат береді

Айналайын дегені

Мен анамнан үнемі

Соны естігім келеді

10. Ана - көркі көгімнің

Ана - нұры - жерімнің

Ана - бағы баланың

Мақтанышы елімнің

Құтты болсын ардақты ана

Асыл анам мерекең

Құтты болсын бүгінгі

Қуанышты мерекең

11. Ана біздің күніміз

Біз ананың гүліміз

Сәбилерді қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

12. Балам, балам, балам деп

Жүрген ылғи алаң боп

Бұл дүниеде анаға

Тең келетін адам жоқ

Анам, анам - анашым

Жаннан асқан данасың

Кім өзіңдей ұқтырар

Бұл дүниенің бағасын

13. Жүзімізге қарасаң

Біз бақытты баламыз

Бізге қымбат құшағың

Бізге қымбат анамыз

14. Күн сәулелі анашым

Әрқашанда панасың

Жанымда әркез боласың

Жүрегім боп соғасың

Күн мейірімі төгілген

Ана ғана ғаламда

Жақсы ананың шуағы

Мәңгі қалар санаңда

15. Ақылдысың данасың,

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым.

16. Ардақты анам, асыл анам, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды талай бөліп, үн қаттың

Әлпештедің, аяладың өсірдің

Кең құшағың саясындай гүл бақтың

Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Асыл сөзің жүрегімде жүр менің

Қандай бақыт ортамызда жүргенің

1 - жүргізуші: Бүгін біздің ортамызда аналарымыз бен бірге әжелеріміз де отыр, "Қариясы бар үйдің - қазынасы бар "-деп, халқымыз бекер айтпаған, олай болса әжелерімізді де құрметтейік достар.

  1. Әжеме ешкім жетпейді

Жанынан тастап кетпейді

Еркелетіп жалықпай

"Айналдым өсіп жет" дейді

Тәттісін маған сақтайды

Бес алсам мені мақтайды

Сабағымды оқытпай

Ешқашанда жатпайды

  1. Әжемізді сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әрқашанда ардақтап

Әдеппен бас иеміз

  1. Айналайын ақ әжем

Мақтан етем өзіңді

Ұмытпаймын ешқашан

Ақылмен айтқан сөзіңді

Менің әжем ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ешқашанда ауырмай

Аман - есен жүр әжем

  1. Әжем еркелетеді

Құлыншағым деп менің

Әжем болса қасымда

Қуанышым көп менің

  1. Тентек болсам ашынып

Жақсы іс қылсам асырып

Маған сақтап жүреді

Тәттісін де жасырып

Ол бар жерде бал жедім

Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін әндерін

Біздің үйде осындай

Әжетайым бар менің

  1. Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Біздің үйдің бәріне

Дүкеге өзі барады

Жеміс - жидек сатады

Жақсы оқып, бес алсам

Бір қуанып қалады.

Әже туралы ән

2 - жүргізуші: Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына ештеңе жетпейді, Дүниедегі жақсылықтың бәрі ананың ақ сүтінен жаралған.

2- жүргізуші : Сыйлар едім анаға

Гүл шыққан жоқ далада

Қолдан жасап берейін

Риза болшы балаңа!

1- жүргізуші: Мейірімі мол жан ана

Ер жетер әлі балғының

Әзірге сыйға арнаған

Ботаңның ана ал гүлін

- дегендей балаларыңыздың аналарына деген сыйлығын қабыл алыңыздар.

Сыйлықтарын тапсырады.

1 - жүргізуші: Қымбатты аналар, аяулы әжелер, ару қыздар! Бүгінгі аналар күніне арналған мерекелік кешіміз аяқталды. Әрқашанда көктем күніндей көңілді де, шуақты күндеріңіз көп болсын!

2 - жүргізуші: Күннің көзіндей мейірімді аналарымыз аман болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ән " Анашым "

Мақал - мәтелдер:

  1. Ана - үйдің берекесі,

Бала - үйдің мерекесі.

  1. Ана - тіршілік бастауы.

  2. Ана - асыл қазына

  3. Ана - мақтан, ана жыр,

Ана - бақыт, жанашыр.

  1. Ана - өмірдің шырағы,

Таусылмас бұлағы.

  1. Тіршіліктің тірегі - ана!




















Ақпарат

Наурыз айының 6 - күні 2 а сыныбында "Ардақтайық ананы" - тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.

Мақсаты:

  1. Тәрбиеленушілерге аналар мейрамы туралы мағлұмат бере отырып, балалардың аналарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

  2. Аналарды сыйлап құрметтей, ана еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.


6 марта во 2а классе прошел класнный час на тему "Ардақтайық ананы". Цель классного часа это дать воспитанникам информацию про праздник матерей и усилить их любовь к маме. Так же воспитать в них уважение к матерям и научить их ценить любовь и труд своих матерей.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Классный час "Арда?тайы? ананы!"

Автор: Тажикеева Бакытжамал Несипбаевна

Дата: 18.05.2016

Номер свидетельства: 328110


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства