kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Классный час «А?пыз, сары, ?арамыз,доспыз біра? б?ріміз»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Классный час приурочен к празднику 1 мая - Дню единства народов Казахстана

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Классный час «А?пыз, сары, ?арамыз,доспыз біра? б?ріміз»»



















«Ақпыз, сары, қарамыз,доспыз бірақ бәріміз»

/сынып сағаты/























Дайындаған: Жұмабекова Айжан Орынқұлқызы





Тақырыбы: «Ақпыз, сары, қарамыз,доспыз бірақ бәріміз».

Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиеленеді.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Кіріспе
Қызығушылықты ояту
-Балалар, мамыр айындағы алғашқы мереке қалай аталады?
-Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі.
-Олай болса, бірлікке, татулыққа бізде ұмтылайық.
Сіздермен бірге мына тренингті жүргізейік.
Дөңгелене шеңбер болып, қол ұстасып тұра қалайық. Бірімізге-біріміз «Мен сенімен дос боламын» – деп күлімсірейік.  Орнымызға отырайық.
   І. Қызығушылықты   ояту
-Бірлігі жарасқан, ынтымақты халық болуымыз үшін бізге не қажет деп ойлайсыздар?
-Отан
-Достық
-Бейбітшілік
Олай болса, балалар «Отан», «Достық», «Бейбітшілік» болып топқа бөлінеміз.
Топтастыру
Әр топ өз атын көз алдына елестете отырып, топтастырып қағазға түсіреміз.

                    ІІ. Мағынаны   тану

Тәрбиеші: Әрбір адам үшін дүниедегі ең қасиетті де киелі ұғым – Отан. Шынында да солай. Константин Паустовскийдің өз сөзінде: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтынындай, еш уақытта Отансыз өмір сүре алмайды». Осы айтқандай адамның барлық тіршілік-тынысы өз Отанымен тікелей байланысты әрі сабақтас.
-Иә, бүгін біз үшін Отаннан артық ұлы ұғым жоқ. Елімізде мекендейтін барлық халық өкілдері ынтымақ пен достық туын жоғары ұстап келеді.
Бейбітшілік – біздің басты ұранымыз әлемде бейбітшілікті сақтау адамның ең бірінші құқығы, өмір сүру құқығын сақтау деген сөз.
-Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Ырыс алды-ынтымақ, достық түбі-береке, мереке дейді.
-Иә, бізің туған жеріміз Қазақстан кең байтақ. Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады.-Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көкшіл туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстанның ынтымақ бірлігі үшін біз шаттанамыз.-Әрбір халықтың бай мәдениеті бар. Ертегілер, аңыздар, салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Әртүрлі халықтар  әртүрлі ертегі айтады.Әртүрлі бесік жырын жырлайды. Дегенмен, бақыт, әділдік, бейбітшілік жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктіреді.-Еліміздің барлық жерінде қазақтар, орыстар, өзбектер, ұйғырлар, корейлер, татарлар, украйндар, шешендер, дұнғандар және басқа көптеген ұлттардың адамдары тату-тәтті өмір сүріп еңбек етеді. Бұл халықтар түріне, нәсіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді.-Қазақстан елінің көк байрағын әлем чемпионатында желбіреген Ольга Шешигина қазақ тілін ана тіліндей жетік меңгергендей Қазақстанның халық жазушысы Герольд Бергер, айтыс ақын Надежда Лушникованы мақтан тұтамыз.-Иә, кіндік қаны тамған жерінің қадірін түсініп, жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрін мойындап келген, қазақстандық бауырларымыз бүгінде қазақ тілін қазқа халқынан кем білмейді.

-Кең пейілді қазақ халқының дархан даласын жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отанымыз» дейді.

-Мұндай мақтаныш сезіммен айтылған жалынды сөз жанымызды жадыратады.

-Жер шарында өмір сүретін халықтар алты құрлыққа бөлінген. Елдер тыныштықпен, бейбітшілікпен өмір сүргісі келеді. Нәсілдікке бөлінбейді.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Достық тату өмірге

Дүние жүзі сенеді.

Соғыс өртін өшіре

Бейбітшілік жеңеді.

 «Рас екен мақалдар»

1. Досыңа өтірік айтпа,

Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

2. Мал көтерер өлімді,

Дос көтерер көңілді.

3. Ағаш тамырымен,

Адам досымен мықты.

4. Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.

5. Достың ескісі, киімнің жаңасы жақсы.

6. Жаңа дос жаныңда жүрсе,

Ескі дос есіңде жүрсін.

7. Ескі дос келгенде,

Жаңа достың көзінен жас шығады.

8. Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

9. Досыңмен дос болғанша шаттан,

Дұшпаныңмен дос болғанна сақтан.

10. Асы көптің – тәні семіреді,

Досы көптің – жаны семіреді.

11. Досың мың болса да аз,

Дұшпаның біреу болса да көп.

12. Дос құшағы жаз.

13. Жаман туғаның болғанша

Жаман дос қосып айтар.

14. Жақсы дос ашып айтар,

Жаман дос қосып айтар.

Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен достық қарым-қатынасы.

Достық – өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы.

Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да басқа игілікке түгел ие бола тұрса да дос-жарансыз өмірді қаламақ емес.

Бәрі:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

  ІІІ. Ой толғау. Қортынды:

«Бейбітшілік» туралы сурет салу.

«Достық» туралы шығарма жазу.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Классный час «А?пыз, сары, ?арамыз,доспыз біра? б?ріміз»

Автор: Жумабекова Айжан Орынкуловна

Дата: 18.05.2016

Номер свидетельства: 328147


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства